Қазақстанның қазіргі заман тарихы кезеңделуі




Презентация қосу
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
кезеңделуі

Орындаған:
Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы ХҮІІ-ХІХ
ғасырларды қамтыды. Бұл аралықта қазақ халқының
жауынгерлік рухы ауыр сынға тап болды. Біздің жерімізге
басып кірген жоңғарлармен соғыс басталды. 1723-1727
жылдардағы "ақтабан шүбырындыдан" қазақ халқы қайта
еңсе көтерді. Ұлтты қорғаушылар қатарына Бөгенбай
батыр, Қабанбай батыр, Наурызбай батыр және солар
сияқты үлттың жауынгерлік рухын көтерген жарқын
түлғалы ерлер келіп қосылды.
Келесі, кезең - XX ғасыр. ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда Қазақ
хандығы құлағаннан кейін қазақтардың арыңды рухы бұрқ
етіп сыртқа шығудың әртүрлі жолдарын қарастырды.
Төрелер мен қожалардың билігі қожырады, олардың
үңірейіп бос түрған орындарына ешкім отырған жоқ. Ресей
патшалығы да әлсіреді. Сол кезде қазақтарда оз
мемлекетін қүру үміті тағы да ояна бастайды.
Алашорданың көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет
Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және басқалар болды.
Қалай болғанда да, Алашорданың игілікті ісі өте қайғылы
аяқталды. Қазақтың оқыған жас өкілдерінің осынау ыстық
жігері, ұлттық рухы сол кезде қалыптасқан жағдайлардың
себебінен өмірде іс жүзіне аса алмады.
Сөйтіп, 1917 жылдан 1920 жылға қазақтың ұлттық рухы
ауыр езгінің астына түсті. Қазақстан -КСРО-ның құрамына
кірді.
XVIII-ХІХ ғасырдағы дәстүрлі институттар тарихын тануда
Ш.Ш.Уәлиханов, С.Бабажанов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев еңбектерінің
орны ерекше. Ш.Уәлиханов арғын Малайсарының ХVІІІ ғасырда Жоңғар
билеушілерінің тарапынан тархандық алғандығын және оның
берілуінің себебін тұтқындағы Абылай сұлтанды босату мақсатындағы
елшілік келіссөздердің нәтижесімен байланыстырады.

ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары, қазақ қоғамының
қоғамдық-саяси құрылымы, әлеуметтік жүйесі, шаруашылық жайы
Н.Г.Аполлова, С.Е.Толыбеков, С.З.Зиманов, В.Я.Басин, Т.Ж.Шойынбаев,
А.Н.Нүсіпбеков, Г.И.Семенюк, Н.Е.Бекмаханова, А.Сабырханов,
Р.Б.Сүлейменов, В.А.Моисеев еңбектерінде көрініс тапты. Н.Г.Аполлова
XVIII ғасырдағы қазақ тархандары Шақшақ Жәнібек пен Тама Есеттің
қоғамдық ортадағы беделдері ханнан кем болған жоқ деген баға бере
отырып, олардың қазақ-орыс қатынастарына байланысты қоғамдық-
саяси қызметтерінен мол мәліметтер береді.
Мәселен, В.Я.Басин зерттеуінде
«протектор», «бодан» тарихи терминдеріне
Қазақстанның Ресейге қосылуына
байланысты мысалында талдау жасап,
Ресейге қосылған жылдардан бастап
«бодан» болды деген саяси ұстанымның
қате пікір екендігін дәлелдесе, С.З.Зиманов
қазақ қоғамындағы әлеуметтік жүйені
зерделеп, өз пікірлерін ашық білдірді.
Н.Е.Бекмаханова 1773-1775 жылдардағы
Е.Пугачев бастаған орыс шаруаларының
соғысына қатысқан Дәуітбай тархан
бастаған қазақ жасақтарының соғыс
қимылдары және атығай Құлсары тархан
жөнінде деректік мәліметтер келтіреді. Ал
Р.Б.Сүлейменов, В.А.Моисеев зерттеулері
арғын Малайсарының жоңғарлар тарапынан
тархандық алғанын сұлтан Абылайдың
тұтқында болған кезіндегі қалмақ
бағытындағы елшілік қатынастар
нәтижесінде берілгенін қуаттайды.
Қазақстан тарихының XYIII – XIX ғ.басындағы
қазақ деректері. А.Байтұрсынұлы тарих
ғылымының пәніне; Тарихты қазақша ұлы дерек
деуге, әуезе табына жатқанмен, айғақша әуезе
деуге болады. Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы-
тарих, - деп анықтама береді. Тарихтың атқарар
қызметі мен алға қояр міндеті хақында ол;
Тарихтың қызметі- бүтін адам баласының, бүтін
бір жұрттың, иә бір топтың өткен өмірін болған
күйінде айнытпай айту.

«Тарихшылырдың мақсаты,-дейді Ахаң,-
уақиғаның уақытын ғана көрсету, яки не түрде
болған тысқы сиқын ғана көрсету емес, ол
уақиғаның болуына нендей нәрселер, нендей
уақиғалар себеп болғанын көрсетіп, ішкі
мәнісімен де таныстыру». А.Байтұрсынұлы
әуезелерді алты тарауға бөледі:
1) шежіре, 2) заман хат, 3) өмірбаян, 4)
мінездеме, 5) тарих, 6) тарихи әңгіме.
А.Байтұрсынұлының рухани мұрасында ұлттық төл тарихымыздың ең
күрделі мәселелері, оның ішінде ұлт-азаттық күресінің бастауы, мән-
мағынасы, түпкі мақсаты, өрлеу кезеңдері халықтың тарихи арнасында
жан-жақты зерделенген, сонымен бірге, қазақ халқының отандық
атамекенінің қалыптасуы, осы жер шебінің бұзылмауы үшін жан пида
күресі қазақ мемлекеттігінің іргетасының қалануы, құрылымдық нығаю
барысы, ішкі және сыртқы саясат өрісі, қазақ қауымының әлеуметтік
құрылымы, жер, шаруашылық, рухани болмыс салалары ғылыми негізде
ауқымды да терең қаралған. Жоғарыда ықшамдай тұжырымдаған және
біз бұл жылы сөз етпеген Ақан еңбектеріне арқау болған тақырыптар, сөз,
жоқ ұлттық төл тарихымыздың да күрделі мәселелері.

Ахаңның: «Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, Ойлайтындар мен емес бір
күнгісін, Жұрт ұқпаса-ұқпасын, жабықпаймын, Ел бүгіншілік, менікі,
ертеңгі үшін»,-деген зор сеніміне, асқақ арманынан, қазақ елінің
тәуелсіздігіне бүгінгі ұрпақ біз жетіп отырмыз. Ендеше алдағы мақсат-ұлы
бабамыздың асыл мұрасын зерттеуге, зерделеуге жасампаздықпен
жұмылу болмақ.
Орыс және шетелдік
тарихнама XYIII – XIX ғ. басы.
Қазақ қоғамын басқарудың
дәстүрлі институттары тарихы қай
кезеңде де зерттеушілердің
назарын өзіне аударған.
Дегенмен, олар тиянақты
зерттелді, бар материалдар
жинақталды деу қиын. XVIII-ХІХ
ғасырлардағы қазақ тарихына
қатысты деректер қазақ
даласының тарихына көңіл
аударған алғашқы
зерттеушілердің назарына түскен.
Бұған П.И.Рычков, И.И.Неплюев,
И.Г.Андреев, Е.К.Мейендорф,
А.И.Левшин, В.В.Вельяминов-
Зернов, И.Ф.Бларамберг еңбектері
Кеңестік үкімет билігі орныққаннан кейінгі 1920-1940 жылдар
аралығында қазақ тарихына XVIII ғасыр мен ХІХ ғасырдың 60 жылдарына
дейін өмір сүрген қазақ батыр билерінің саяси-қоғамдық қызметтері
туралы жаңа деректер айналысқа түсе бастады. Бұл бағытта А.Ф.Рязанов,
А.П.Чулошников, М.Тынышбаев, С.Асфендияров еңбектерін атап өтемі.
А.Ф.Рязанов еңбегінде Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысын
зерттеуде тарихи тұлғалар қызметіне қатысты мәліметтерді мұрағат
деректерімен толықтырды. Дегенмен, автор А.И.Добросмыслов,
А.И.Левшин пікірлерін қайталап, Сырым батырды қазақтың дәстүрлі
хандық басқару институтына қарсы хандық билікті жоюдағы реформатор
етіп көрсетпекші болды.
Кеңестік кезеңде Е.Б.Бекмаханов,
М.П.Вяткин зерттеулері де жарық көрді
Тіленші Бөкенбайұлы тархан қатысқан ұлт-
азаттық қозғалыс туралы бастап қалам
тартқанымен, кейіннен ол туралы
зерттеулер көп уақыт бойы іркіліп қалды.
Еңбекте қазақ қоғамындағы сұлтандар
институты жүйесінің түпкілікті өзгеріске
ұшырағандығының себеп-салдары
көрсетілді. Е.Б.Бекмаханов патша үкіметінің
қазақ билік жүйесін жою барысындағы
саясатын, ішкі қарым-қатынасты
шиеленістірудің айла-амалдарын дәл
анықтады.

Ал, М.Вяткин ХVІІІ ғасырдағы Қазақстанның
қоғамдық-саяси дамуына айрықша мән
берді. Соның ішінде ол Сырым тархан
бастаған ұлт-азаттық қозғалысты мұрағат
деректері негізінде зерттеп, азаттық үшін
күрескен батырдың тарихын жаңа белеске
Қорытынды. Шыныңда да, Ахаң ескерткенде, өмірдің өзі
дәлелдегендей, марксистік-лениндік пролитарлық
интернационализм қазақ халқын ұлттық әлеуметтік,
рухани желіден ағытып, қарама-қарсы екі тапқа бөлді,
оның ең зиялы да жасампаз ұлт жанды бөлігін таптық
идеологиямен санасы уланған екінші таптың табанымен
таптады, көзін жойды. Ағайынды, бауырды өзара
қантөгіске итермелеген пролетарлық интернационализм
қазақ халқының ұлт-азаттық күресіне зор жастандық
жасады, ұлттық рухани дүниеге кінәттар түсірді, қазақ
жастарының санасына мәңгүрттік уын құйды. Сөйтіп,
ұлтжандылықты ұлтшылдық деп, ұлттық мемлекеттік
тәуелсіздікті сепаратизм деп ұлттық тарихи сананы
тәлкекке салды.
Назарларыңызға рақмет!

Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Қазақстан территориясындағы палеолит ескерткіштері
Медициналық қызметтің кұрылымы
Қазақ философиясының өкілдері
Қазақ тілі Ғаламдық тақырыптардағы Оқушылар Қазіргі заманның жаһандық мәселелері
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ-ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
Тарих факульте
Жаңа экономикалық саясаттың белгілері
Қала мәдениетінің дамуы
Қазақстандағы әлеуметтік бағдарламалар
Пәндер