Рухани жаңғыру: ұлттық бірегейлік, білім және латын әліпбиіне көшу


Slide 1

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Тақырыбы : «Рухани Жаңғыру»

Slide 2

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қажет уақытта қажет жерде шыққан мақала деп санаймын. Бұл - қарапайым мақала ғана емес, қазақ халқының рухани құндылықтарын қалыпқа түсіру, түгендеу, саралау, заман талабын ескере отырып тура жолға қою және дамытуға арналған бағдарламалық құжат деуге толық негіз бар. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудың» біз барынша мән беріп, берік байлам етіп алуға тиісті тұстарына қысқаша тоқталып өтсек.

Slide 3

Біріншіден, «ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды». Бұны мақала авторы «Ұлттық бірегейлікті сақтау» тарауында айтып отыр. Рухани жаңғыру ұлттық кодты сақтаумен бірге ұлттық бірегейлікті сақтауды да талап етеді. Елбасы айтқандай, ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, жалпы ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс.

Slide 4

Екіншіден, елбасының ла­тын әліпбиіне 2025 жылдан бастап көшіп, оған дейін әдістемелік дайындық жұмыстары­ның жасалатыны туралы. Бүгінде бүкіл әлем латын әліпбиінде сөйлейді. Сондықтан бұл да өзекті мәселелердің бірі.

Slide 5

Үшіншіден, білім. Білім болғанда да ұлттық рухани құндылыққа негізделген білім. Елбасының Қазақстанның үшінші жаңғыруына байланысты келелі ойларын қолдай келе, оны жүзеге асырудың бір жолы бәсекеге қабілеттілікте дер едім. Бәсекеге қабілетті болу үшін білімді болумен қатар, дұрыс тәрбие алу керек. «Тәрбиесіз берілген бі­лім - адамзаттың хас жауы» деп әл - Фараби бабамыз айтқандай біз тәрбие мен білімді қатар жүргізуіміз қажет.

Slide 6

Сонымен қатар мақалада айтылған туған жер, туған ел бағдарламасымен бірге қазақ жерінің тарихи-туристік белдеулерін түзу, заманауи қазақ қоғамының қалыптасуына үнсіз үлес қосып жүрген 100 азаматтың есімін анықтау, қазақ зиялылары мен олардың шығармаларын шет елдерде насихаттау деген ойларын да құптаймыз.

Slide 7 Slide 8

Қорытындылай келе айтарымыз, елбасы Нұрсұлтан Назарбевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы тәуелсіз еліміздің даму бағыты өрілген өзекті мақала екені даусыз.

Slide 9

Назарларыңызға Рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Мәңгілік Ел және Рухани жаңғыру: ұлттық бірегейлік пен білімнің стратегиялық рөлі
Философия және рухани жаңғыру: ұлттық код, білім және эволюциялық даму
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру және ұлттық сананы жаңғырту стратегиясы
Ұлттық код пен рухани жаңғыру: тіл, жер және дәстүрлерді сақтау
Рухани жаңғыру: ХХІ ғасырдағы ұлттық сананы жаңғырту және негізгі жобалар
Рухани жаңғыру және ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру
Ұлттық бірегейлікті сақтау және жаңғырту: Қазақстандағы рухани жаңғыру мен мемлекеттік стратегия
Рухани жаңғыру және ұлттық сана: Қазақстанның мәдени коды мен бәсекелік әлеуеті
Рухани жаңғыру: ұлттық кодты сақтау және эволюциялық даму
Мәңгілік Ел және Рухани жаңғыру: Қазақстанның жаңа философиясы мен ұлттық сананың модернизациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz