Қазақ философиясының ерекшелік сипаты


Slide 1

Қазақ философиясы

Орындаған: Азилхан Расул

Slide 2

Қазақ философиясының ерекшелік сипаты:

Тәңірге, аруаққа сыйыну, тәубелік ой-сана;

Философиялық ой ерекше формада - әдеби шығармада, өлең-жырларды, нақыл сөздер мен қара сөздерде, айтыс өнерінде көрініс тапты;

Батыс философиясындағы жүйеліліктен гөрі, жеке ойшылдардың дүниеуи көзқарастары құныдылыққа ие;

Адам, мораль, эстетика, әдептілік тақырыптары басым.

Slide 3

Қазақ философиясы тарихы көне дүниеден басталады.

Біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген Заратуштра, Анахарс, Ишпақайлардан, Әл Фараби, Яссауи, Абай, Мағжанға дейін күректей үш мың жыл жатыр. Қазақ сөз түсінер, сөз ұғар, бір ауыз сөзгге тоқтаған адамды өте жоғары бағалаған. «Аталы сөзге арсыз ғана таласады» - деген. Ұлт дүниетанымын тілі, мәдениеті, рухани мұрасы, діни нанымы т. б. арқылы білдіреді. Философия пәні ойлау болса, ұлттық дүниетанымды бейнелейтін ойлау формалары ұлттық философия болмақ.

Slide 4

Көне қазақ философиясында аты белгілі ойшылдар:

Заратуштра -осында үш мың жыл бұрынғы азиялық ұлы даладағы тұңғыш пайғамбардың бірі.

Анахарс, грекше - Анахарсис - Скиф жұртынан шыққан дана, тапқыр, шешен. Татымсыз көп достан, тартымды бір дос артық деген сөзі бар.

Анахарс ескерткішіне: “Тіліңе, құлқына, тәніне ие бол!” деп жазылған. Адам бойындағы бақ пен сорға бірдей себепші не? -деген сұраққа ол: “Тіл” деп жауап берген.

Slide 5

Ортағасырлық түркі кезеңі философиясының ерекшеліктері:

Фетишизм, тотемизм, анимизм, шаманизм элементтері;

Жоғары құдай Тәңірі - көк идеясы;

Ислам дінінің өзге діндерді ығыстырып шығара бастауы;

Қазақилық түркі мәдениетінің қалыптасуы

Қазақ халқы мен оның тілі қалыптасуының этникалық -генетикалық және этникалық-лингвистикалық процестерінің дамуы;

Қазақ эпос-жырларындағы философиялық толғаулар;

Авторы мәлім поэзияның, шығармалардың ең ертедегі үлгілерінің пайда бола бастауы.

Slide 6

Қазақтардың ең алғашқы дүниеге көзқарасы мифологиялық, космоцентрлік, яғни, адам мен ғарыштың біртұтастығы идеясы болды. Оларда Ғарыш пен Жердің Ғайыптан пайда болғаны туралы, Күннің, Айдың және басқа да аспан шырақтарының қайдан шыққаны туралы айтылған.

Ерте қазақи түркілер арасында әртүрлі діндер таралған, олардың ішінде ең әйгілері - отқа табыну, жануарларға табыну, өсімдіктерге табыну. Егіншіліктің пірі -Дихан ата, желдің пірі -Жалаңаш ата, жылқы пірі -Қамбар ата, қойға-Шопан ата, түйеге -Ойсылқара.

Slide 7

Қыдыр ата алуан түрлі игілік, молшылық, байлық, бақыт әкелуші. Жоғары құдай Тәңірі көк идеясы көптеген түрлі халықтардың, с. і. қазақтардың ата -бабаларының да дүниеге көзқарасында пайда болған. Бұл көзқарастың негізі Көкке Тәңірі және Жер-Суға сыйыну болды. Тоныкөк ескерткішінде: «Көк, Ұмай, қасиетті Жер -Су, міне, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек!» - деп жазылған. Тағы бір жерінде: «Жоғарыда зеңгір көк, төменде қара жер жаралғанда, олардың екеуінің арасында адам баласы пайда болған. Адам баласына менің ата-бабаларым үстемдік құрған!»

Slide 8

VIII ғ. Қазақтар ислам дінін қабылдады. Ислам Қазақстанда христиан дінін де, будда дінін де, зороастра дінін де, жергілікті діндерді де біртіндеп ығыстырып шығара бастады. Сөйтіп, қазақтар политеизмнен монотеизмге өтті. Сонымен бірге қазақ халқы мен оның тілі қалыптасуының этникалық-генетикалық этникалық-лингвистикалық процесінің қалыптасуының да маңызы зор болды. Қазақ эпикалық -жырлары «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Сайын», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» және т. б. философиялық ой кешулер шыңдала бастады.

Slide 9

Түркі кезең философиясының өкілдері:

Қорқыт, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни,

Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет

Игүнеки, Сүлеймен Бақырғани, Майқы би

Төбейұлы, Мөңке би Төлеұлы, Едіге би

Құтлық-Қабанұлы, Бәйдібек би Қарашаұлы .

Slide 10

Қорқыт - қазақтар айтып, қастер тұтып келген Қорқыттың да оғыздардың «Деде Қорқыт» кітабы деп аталатын дастанның да түбір бір. Қорқыт аңыздары сонау VII-VIII ғасырлар тұңғиығына бастайтын, кәделі шындықтардың көзін ашатын жәдігер. «Қорқыт айтқан» делінетін кейбір сөздер:

Өшкен жанбайды, өлген тірілмейді;

Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды;

Тәккәпарлықты тәңірім сүймес;

Қара есек басына жүген кигізсең де тұлпар болмас;

Slide 11

Жүсіп Баласағұни - «Құтадұғұ білік» поэмасының авторы. «Құтты білім» - заманындағы ресми әдеби тіл - араб тілінде емес, түркі халықтарының тіліндегі бірінші энциклопедиялық еңбек болып табылады. Баласағұнның өмірге деген көзқарасының үш қайнар көзін атауға болады - философиялы, шамандық және исламдық.

Махмұт Қашқари атақты «Диуани лұғат ат-түрік» деген кітабын 1072-1074 жылдары Бағдат қаласында жазып бітірген. Бұл кітап түркітану әлемінің энциклопедиясы.

Slide 12

Қожа Ахмет Яссауи (1094-1167) «жахрия» (экстаз) немесе «Яссауия» деп аталатын сопылық -мистикалық ағымның негізін қалады.

«Диуани Хикмет» («Даналық кітабы») - 149 хикметтен тұратын кітабы Қожа Ахметтің соңында қалған бірден-бір мұра. Бұл кітапта негізінен төрт нәрсеге көңіл бөлінеді:

шариғат- ислам дінінің заңдары мен ғұрыптары

тарикат- сопылық идеясы, жүретін жолы

хакикат- Құдаймен бірігу, оған шексіз жақындау

мағрифат- дін жолын танып, оқып білу

Шариғатсыз, тарикатсыз, мағрифатсыз хакикат болмайды.

Slide 13

Ахмет Игунеки (ХIIғ. ) «Ақиқат сыйы»(«Хибат-ул-хакайк») деген дидактикалық поэма жазған.

Сүлеймен Бақырғани (1104-1186) еңбектері: «бақырған кітабы», «Хазірет Мәриям кітабы», «Ақыр заман кітабы».

Майқы би Төбейұлы (1105-1225(?) ж. ж. ) халық аңызында қазақ руларын үш жүзге топтап, 40 рудың таңбасын жартасқа қащатқан.

Мөңке би Төбеұлы (1205-1259 ж. ж. ) - Шыңғысханның Керөлеңдегі ордасында қаған би болып сайланған.

Едіге би Құтлық-Қабанұлы (1354-1419) Маңғыт әулетінен шыққан, Қаратаудың теріскей бетіндегі Құмкент қаласында туған. Ол Алтын Орда жерінің билеген, шешен болған.

Бәйдібек би Қарашаұлы (1356-1419) қазақтың атақты биі, әрі хан болған батыр. Бәйдібек би «бұлақ көрсең көзін аш, құдық көрсең шегенде, оның басына тал ек» - дейді екен.

Slide 14

XV-XVIII ғ. ғ. қазақ философиясының ерекшелігі:

ақын -жыраулар философиясы;

би -шешендер философиясы;

Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетіндегі философиялық ойлар;

Қазақ ақындық шығармашылығының үш кезеңі:

Жыраулық кезең (XV-XVIII ғ. бірінші жартысы) ;

Ақын шығармашылық кезеңі (XVIII-XIX ғ. басы) ;

Ақын өлеңші, айтыс өнері кезеңі (XIX-XX ғ. басы) .

Slide 15

ХV-XVIII ғғ. Қазақ философиясының өкілдері:

Асан Қайғы Сәбитұлы,

Қазтуған жырау

Сүйіншіұлы,

Шалкиіз Тіленшіұлы,

Доспанбет жырау,

Жиембет жырау

Бортоғашұлы,

Ақтамберді жырау,

Заһир ад-дин Мұхаммед

Бабыр,

Мұхаммед Қайдар Дулати,

Қадырғали Жалаири,

Төле би Әлібекұлы,

Қаздауысты Қазыбек би Келдібекұлы,

Әйтеке би Бәйбекұлы,

Бұқар жырау

Қалқаманұлы,

Шал ақын - Тілеуке

Құлекеұлы.

Slide 16

Асан қайғы Сәбитұлы- қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған «дала философы». Ел қамын жеп қайғы -қасірет кешкен Асан атына кейін «қайғы» сөзі қойылып аңыздалып кеткен. Оның ойынша жер үстінде, адамзат түіршілігінде көруі мүмкін ұжмақ бар, оның аты-«Жер ұйық».

Қадырғали би Қосымұлы Жалаири - қазақ ғұлама ғалымы, биі, ойшылы. «Жамиғат тауарих», «Жылнамалар жинағы» тарихи -шежіре кітабы арқылы бүкіл дүние жүзіне мәшһүр болған. «Ойлап айтқан сөз де, ойнап айтқан сөзде оралмайды» - деген Қадырғали.

Бұқар жырау Қалқаманұлы -қазақ халұының рухани тарихындағы ең үлкен ойшылдардың бірі. Ол адам табиғаты, өмірі, тіршілік мәні, оның өтпелі болмысы, уақыт өлшемі, дәуір сыры, әлем мен болмыс туралы ойлар толғандырды.

Шал ақын - Тілеуке Тілеукеұлы қазақтың атақты ақыны, ойшылы, философы. Оның негізгі тақырыбы - адам өмірі мен оның мәні, мораль, этика. дін

Slide 17

ХІХ-ХХғ бас кезіндегі қазақ философиясының өкілдері:

Махамбет Өтемісұлы;

Шернияз Жарылғасұлы;

Жанақ Сағындықұлы;

Шөже Қаржаубайұлы;

Сүйінбай Аронұлы;

“Зар заман поэзиясы” өкілдері:

Дулат Бабатайұлы,

Шортанбай Қанайұлы;

Мұрат Мөңкеұлы.

Slide 18

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845. 10. 08-1904ж. )

Абай бойынша ғылым мен таным мақсаты:

- Ақиқатты тану;

- Пайдалы мен зиянды ажырата білу;

- Адамды адам ету;

- Әрдайым өлшемді, шаманы білу, сақтау. ;

- Ақыл-оймен Алланы, яғни Даналық - Махаббат - Әділетті тану.

Slide 19

Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек, Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек, Басқан із, көрген қызық артта қалмақ, Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек.

Slide 20

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) .

Шығармалары: “Үш анық”, “Шежіре”, “Мұсылмандық шарты” және өлеңдері.

Үш анық:

- Сенім ақиқаты. Алланы тану және жанның өлмеуі;

- Ғылым ақиқаты. Сезімдік қабылдау және рационалдық ойлау;

- Жан ақиқаты - ұждан. Ұждан: ынсап, әділет, мейірім.

Slide 21

“Адамдағы: ынсап, әділет, мейірім - үшеуі қосылып ұждан деген ұғым шығады. Мұны орысша совесть деп атайды. . . Бұған нана алмаған адамның жүрегін еш бір ғылым, өнер, еш бір заң тазарта алмайды. . . Ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. ” - дейді Шәкәрім.

Slide 22

Мәшһүр Жүсіп Көпеев - мұрасы халық назарынан тыс құпияда ұзақ жылдар жасырын жатты. Тұңғиығы түпсіз тірлік - болмыстың түрлі -түрлі саласын салмақтап, оның нақылдары сан -қырлы философиялық тақырыптарды қамтиды.

Мағжан Жұмабайұлы ойлау туралы: «Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады. Ойлау болмаса, адам басқа жануар сықылды, заттарды, көріністерді құр жадында, есіне ғана алып, жат бір көрініс ұшыраса, оны шеше алмайтын, оған түсіне алмайтын бір жан иесі ғана болар еді. Келешекте не болтынын, тұрмысы қалай өзгеретінін білмейтін бір сағылаусыз соқыр болар еді. Адам ойлау арқасында ғана заңдардың, көріністердің, араларындағы байламды белгілеп, оларды бар қылған себептерді табады. Келешекте оларға ие болатынын ойлап шығарады. Келешекті болжай алады.

Қысқасы ойлай білетін адам -шын мағынасында адам. »

Slide 23

Қазіргі заман қазақ философиясының ерекшеліктері мен бағыттары:

Кеңестік дәстүрдің күшті ықпалында болды;

Философияның идеологияға айналуы;

Таным теориясы, диалектикалық логика мәселелері;

Сана, идеалдық мәселелері;

Мәдениет, құндылықтар, әлеуметтік философия мәселелері;

жаратылыстану ғылымдары, философиялық методтар мәселелері


Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заман қазақ философиясы
Үнді философиясы
Ежелгі Үнді философиясы туралы
Көне Үнді философиясының негізгі мектептері
Мұсылман дінінің философиясы және теологиясы
Ислам философиясының кезеңдері
Асан қайғы Сәбитұлы философиясы
Классикалық неміс
Аристотельдің өнер философиясы
Мұсылман философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz