Ағынды суларды тазарту әдістері


Slide 1

Қалдық суларды тазарту түрлері, биологиялық тазарту, анаэробты және аэробты жолдары

Орындаған:Жумабай Е

Тексерген :Сыдықбекова Р

Slide 2

ЖОСПАР

Кіріспе

Ағынды суларды тазарту әдістері

Механикалық және химиялық тазарту

Биологиялық тазарту

Анаэробты тазалау

Аэробты тазалау

Биофильтр

Ағынды суларды тазарту

Slide 3

Ағынды сулардың ластануы

Ағынды сулардың ластануы табиғат пен оларды ластайтын шикізаттың қайнар көзіне байланысты. Ағынды сулар өндірістік және тұрмыстық, атмосфералық деп бөлінеді. Су өзін-өзі оған түскен микроорганизмдерден тазарта алады. Бірақ бұл қасиет шексіз емес. Соңғы жылдары экологиялық жүйелерді ластайтын заттардың мөлшері өте көп және олар өздерін қорғай алмайды. Әсіресе ол тазартылмаған немесе өте нашар тазартылған. Су қоймаларының ағын сулармен ластануы экожүйенің функциясына қауіп төндіреді. Әр түрлі мәліметтер бойынша ағын сулардың құрамында 42% минералды және 58% органикалық ластағыштар болады. Белгілі, өзен және басқа су қоймаларында судың өздігінен тазарылуы өтеді. Бірақ бұл процесс өте баяу жүреді. Бұрын өндірістік ластағыштар көп болмаған кезде өзендер өздері тазарылған. Қазіргі кезде су қоймалары ластанумен өздері күресе алмайды. Ағын суларды тазарту күрделі өндіріс болып табылады. Бұнда басқа өндірісте сияқты шикізат (ағын сулар) және дайын өнім (тазартылған су) болады. . Ағынды суларды тазарту - құрамындағы заттарды, сондай - ақ патогенді микроорганизмдерді жоюға немесе ажыратуға әкелетін әдістер жүйесі

Slide 4

Ағынды суларды тазарту әдістері:

Slide 5

Механикалық және химиялық тазарту

Механикалық жолмен тазарту әдісі- ластанған сулардан әдейі арналған құралдардың көмегімен ерімейтін зиянды қосындыларды бөлуге бағытталған. Ол үшін сүзгі, мұнай, май ұстайтын құралдар т. б. пайдаланылады. Бұл әдіспен ластанған судың 60%, өндірістік қалдық сулардың- 95%-ке дейнін ерімейтін қосындылардан айыруға болады.

Ластанған суларды химиялық жолмен тазарту әдісі- әр түрлі реагенттерді қосу арқылы құрамын жақсартуға бағытталған. Химиялық әдіспен ластанған сулардағы ерімейтін зиянды заттарды 95%-ке дейін азайтуға болады.

Slide 6

Биологиялық тазалау

Биологиялық тазалау әдісі микроорганизмдердің ағынды сулардағы түрлі қосылыстарды өздерінің субстраты ретінде пайдалану әрекетіне негізделген. Бұл әдістің құндылығы оның ағын су құрамындағы органикалық және бейорганикалық кең спектрлі заттарды жоюында жатыр. Алайда бұл әдістің ойдағыдай жүруі үшін тазалау қондырғыларының құрылысына көп мөлшерде қаржы бөлу қажет. Тазарту процесі барасында тазалаудың технологиялық режимін қатаң сақтау және микроорганизмдердің ластанудың жоғары концентрациясына өте сезімтал келетінін ескеру қажет. Сондықтан биологиялық тазарту жүргізбестен бұрын, ағын суларды сұйылту қажет

Slide 7 Slide 8

Биологиялық жолмен тазарту процестерінің 2 әдісі бар:

Аэробты - микроорганизмдер заттарды тотықтыру үшін оттегі пайдаланады

Анаэробты - микроорганизмдер бос күйіндегі еріген оттегімен де, сондай - ақ нитратиондарыны электрондарының артық акцепторларымен баййланысқа түсе алады

Slide 9

Анаэробты тазалау

Қалдық ағынды суларды анаэробты ыдырату кезінде қалдық сулардың қатты фазасы, яғни ортақ белсенді тұнба мен 1-ші су тұндырғыштан шыққан қалдықтардың өңдеу процесі жүзеге асады. Егер тазаланатын су тұрмыстық қалдық су болса, олардан әр түрлі жағымсыз қасиетті тұнбалар түзіледі. Бұл тұнбалардың иісі нашар, ұиын кебеді, санитарлық жағдайда қауіпті болады. Бұндай тұнбаларды анаэробты қондырғыларда өңдеу кезінде органикалық заттардың анаэробты ыдырауы жүреді. Нәтижесінде тұнбаның физико-химиялық құрамы өзгереді. Ал ашудан қалған өнімді тыңайтқыш ретінде пайдаланады. Метантенк дегеніміз - әр түрлі конструкциялы жабық камера. процесс жасанды жолмен 30-350 С қыздырумен басталады. Бұл кезде қарқында түрде мезофильді микроорганизмдер дамиды. Температураны 50-550 С жоғарылату ыдыратуды тездетіп, термофильді анаэробты микроорганизмдердің дамуына септігін тигізеді. Метантенктен шығатын газдың 60-65% метан, 16-34% СО2, 3% азот, сутек және күкіртті сутек құрайды. Метанды жанғыш газ ретінде пайдаланады, көп жағдайда 70-90 тазалау жүйесінің өз қызметтеріне пайдаланады. Анаэробты тазаланудан қалған қалдықтар тыңайтқыш ретінде мал және ауыл шаруашылығында пайдаланылады.

Slide 10

Анаэробты тазалау процесі кезекті МБР тазалауымен

Тазаланбаған ағынды су

Орталатқыш сұйық қойма

аэротенк

ауа

ауа

Мембранды сұйық қойма

Тазаланған су тұратын қойма

Тазаланған су

Slide 11

Аэробты тазалау

• Өңдеу кезінде қалдық ағынды суларды механикалық ластаушылардан тазалау жүргізіледі. Тазалау әр түрлі торлар, тұндырғыштар, құмұстағыштар арқылы жүргізіледі.

• Екінші кезеңде аэробты микроорганизмдердің қатыскымен еріген орг зат-ң ыдырауы жүзеге асады. Ыдыраудан кейінгі микроб клетканың бір бөлігі реакторларға қайта құйылады, қалған бөлігі жойылады.

• Азот және фосфорды ыдырату және химиялық тұнбаландыру жүзеге асады.

• 1 ж/е 2 кезеңде түзілген тұнбаны қайта өңдеу үшін анаэробты ыдырату қолданылады. Бұл жағдайда тұнба көлемі мен патогенді орг-ң мөлшері төмендейді, иісі кетеді, бағалы орг жанармай - метан түзіледі. Практикада 1 деңгейлі немесе көп деңгейлі тазалау жүйесі қолданылады. Қалдық ағынды сулар орташаландыруға түскенде белсенді тұнбамен араластырады. Араластыру ауа арқылы жүреді. Орташаландыру кезеңінде қалдық аминді сулар бірнеше сағат болады. Одан кейін судың биологиялық тазалануы аэротенттерде жүзеге асады. Аэротенк - ашық темір бетонды қондырғы. Оның құрамында органикалық ластаушылар мен белсенді тұнбасы бар қалдық су болады. Олар аэротенкте ауамен аэрацияланып отырады. Белсенді тұнба суспензиясын оттегімен қарқынды аэрациялау оның органикалық қоспаларды сорбциялау қабілетін қалпына келтіреді.

Slide 12 Slide 13

Биофильтрлер

Биофильтрлер - қалдық ағын суларды биологиялық тазалауға арналған қондырғы, оның бетінде тірі ағзалардан құралған биопленка болады, ол көптеген ластағыш заттардан еріген заттарды сүзіп алып қалады. Биопленканың құрамында тірі ағзалар мен қатты заттар болады. Тірі ағзаларға көптеген бактерия туыстары мен қарапайымдылар класы кіреді . Олар: актиномицидтер, азотобактер, бациллиус бактериум, сарциндер, т. б. Осындай әр түрлі микроорганизмдердің комплексі арқылы органикалық және зиянды заттар тотығып ыдырайды. Қатты зат пен тірі ағза бірігіп зооглей түзеді. Зооглей- ортақ шырышты қабықпен қапталған микроорг-р популяциясының симбиозы. Биопленкасы бар жүйелер судағы органикалық қатты және басқа да заттардан тазарту үшін ойлап табылған құрылғылар. Осы уақытқа дейін тұрмыстық және өндірістік қалдық суларды тазалау үшін таза микроорганизм дақылдарын пайдаланып келсе, соңғы он жылдықта бекінген дақылдарды пайдалануға көшті.

Slide 14

Биофильтрлердің қолданылуы


Ұқсас жұмыстар
Механикалық жолмен тазарту әдісі
Энергетикалық кәсіпорындардың ағын сулары
БИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗАРТУ СТАНЦИЯСЫ
Әдістің мәні
Ағынды суларды тазарту
Ерекше өзендер
МЕХАНИКАЛЫҚ ӘДІС
Теориялық зерттеудің негізі - отандық және шетелдік ғалымдардың теориялық және эксперименттік жұмыстарын талдау және синтездеу
Ақаба суларды тазарту әдістері
АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ АЛДЫН АЛА ТАЗАРТУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz