1960-1990 жылдардағы қазақ әдебиетінің дамуы: индустрияландыру тақырыбы, тарихи поэзия және ірі проза


Slide 1

1960-1990 жылдардағы әдебиет

Орындаған:Текебай Жақсыгүл, Дүйсен Гүлім, Мейрамбай Диас, Абдолла Абдрашид

6В01606

Тарих-герграфия

Slide 2

60 - 90 жылдар - туған әдебиетіміздіңілгері қарай ілкі қадам жасағантағы бір сәтті кезеңі. Әдебиеттің барлықжанырында- проза мен поэзия, драматурггиямен сында айтарлықтайжаңалықтар болды. ынта- ықласы дамыды. Абайармандаған көкрегі шұғыла шашқансауатты дабілімді оқушы өмірге келді. Жұлдызсынды журналымыз бен Қазақ әдеббиетісынды газетіміздің, жаңа кітаптардыңсаны көбейіп, талғамды оқырмандар саныкөбкейді. Әдебиеттің саны ғана емес(сапасы да құнарланды. Көпшілік шынөнердің шынайы қассиетін түсінді. Сөзөнерінің тақрыбы шексіз байып, шыншылсипаты тереңдеп, шеберлік әлеміндежаңа леп байқалады. Роман менәңгіме, хиханттың, лирика мен поэманың-драма мен сынның ішкі құнарындағыөзгеріс жанрлар арасын жақындата түсті. Көркем өнердің даму сатылары өздәуірімен тығыз байланысты. Ғылыми-техникалық революция қоғамның үрдісталғам- талабына ірі өзгерістер әкелді.

Slide 3

1960-1990 жылдардағы поэзияның ең көрнекті тақырыптарының бірі - индустрияландыру тақырыбы болды. Ел ішінде салынып жатқан өндіріс орындары, темір жол құрылыстары, осы жолдағы табыстар мен қызу еңбек - алдымен ұшқыр өлеңнің назарына ілікті. Қазақ ақындары бұл тақырыпқа арнап көптеген өлең, поэмалар жазды. Өндіріс тақырыбына жазылған алғашқы өлеңдердің идеялық мәні бесжылдық жоспарды төрт жылда орындауға шақырып, қалың бұқараны творчестволық еңбекке жігерлендіруге үгіттеумен байланысты болды.

Slide 4

C. Сейфулиннің «Қалаушылар жыры», «Тоқу фабригінде», І. Жансүгіровтің «Алтын қазан», «Екпін күйі», С. Мұқановтың «Қарағанды», «Конвейер», Қ. Әбдіқадыровтың «Екпін», А. Тоқмағамбетовтың «Түрксиб түйіскенде», Т. Жароковтың «Бесжылдықтың бағасы», Ғ. Ормановтың «Шеңбер», «Мыс қала», Ә. Тәжібаевтың «Айнабұлақ», Ө. Тұрманжановтың «Байғыз» тағы басқа өлеңдері бүкіл одақтық социалистік өндірістің екпінді қарқынына үн қосу мақсатымен ғана жазылған емес, Қазақстанның индустрияландыру саласындағы жаңалықтарын нақты суреттермен бейнелеу тұрғысында да пайдалы қызмет еткен шығармалар болып табылады.

Slide 5

І. Жансүгіров Қазақстанның кен байлығын алтын қазанға балап, соны пайдаға асырып жатқан халық күшін мадақтаса, С. Мұқанов өлеңдері ақынның Қарағандыда болған кездегі ой-сезіміне, әсерлеріне құрылады. Осындай әсер Ғ. Орманов пен Ө. Тұрманжановтың Балқаш жайлы өлеңдерінде де байқалады. А. Тоқмағамбетов пен Ғ. Орманов, Ә. Тәжібаевтардың қуатты өлеңдері Түркістан - Сибирь темір жолының іске қосылуына арналған. Бұл тақырыпты әр ақын өзінше шешті. Қазақ поэзиясының отызыншы жылдар ішінде көр жырлаған тақырыптарының бірі - ауыл шаруашылығын коллективтендіру, колхоз құрылысының нығаюы, шаруалар санасындағы өзгерістерді бейнелеу болды. Сол кездегі негізгі кәсібі ауыл шаруашылығымен байланысты болған қазақ шаруаларын жаңа социалистік құрылыс жолына үндеу, жер игеру мен мал шаруашылығы саласында үздік табыстарға жетуге шақыру сияқты үгіт өлеңдер жиырмасыншы жылдардағы осы тақырыптас лириканың дәстүрін жалғастыра түсті

Slide 6

Қазақ тарихының әр дәуірдегі әр қилы шындығын бейнелеуде І. Жансүгіровтың атқарған қызметі ерекше. 1930 жылы жазған «Дала» поэмасында ол қазақ тарихының революциядан бұрынғы ауыр кезеңдерін оқушыға таныстыра келіп, даладағы өзгерістерді мақтанышпен жырлайды. Ұзақ тарихи оқиғаларды нақты да жинақы етіп көркем елестете алуымен, бүгінгі жаңалықтарды реалистік шабытпен суреттеуімен, рухани қуатының молдығымен «Дала» - отызыншы жылдардағы қазақ поэмаларының бір сала үлгісі. Мұнда ақын тарихты шолып қана қоймай, қоғамдық дамудың заңдылығы жайлы философиялық түйіндер жасайды.

Отызыншы жылдар ішіндегі қазақ әдебиетінің елеулі табысы - үлкен прозаның өрістеуі. Көркем әңгіме, повестермен қатар үлкен прозаның үлгісі - роман туды. Б. Майлиннің «Азамат Азаматыч», І. Жансүгіровтің «Жолдастар», С. Мұқановтың «Теміртас», «Ботакөз», М. Дәулетбаевтың «Қызылжар», С. Ерубаевтың «Менің құрдастарым», Ғ. Мұстафиннің «Өмір не өлім» романдары халқымыздың өткен тарихи жолы мен бүгінгі өмірін эпикалық кең суреттеп беруімен, жанрдың ішкі ерекшеліктерін меңгеріп, типтік құбылыстарды бейнелей алуымен аз уақыттың ішінде-ақ бұл жанрдың зор болашағын танытты.

Slide 7
Ұқсас жұмыстар
1960-2000 жылдардағы қазақ әдебиеті: тарихи дамуы, жанрлық өзгерістері және ірі қаламгерлердің шығармашылығы
1930-1960 жылдардағы жастар субмәдениеттерінің тарихи-мәдени шолуы
1945-1990 жылдардағы Түркияның саяси-экономикалық дамуы, ішкі-сыртқы саясаты және күрд мәселесі
1960-1980 жылдардағы Тоқырау кезеңінің қазақ әдебиеті, өнері және білім жүйесіне шолу
Қарақалпақ әдебиетінің тарихи дамуы мен кеңестік кезеңдегі көрнекті авторлар
ХХ ғасыр басы (1900-1930 жж.): тарихи-әлеуметтік жағдай мен қазақ әдебиетінің дамуы
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің дамуы (1900-1930 жж.)
Қазақ дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы және 1925-1939 жылдардағы индустрияландыру: Голощекин саясаты, ұжымдастыру және салдары
Қазақстанды индустрияландыру: тарихи кезеңдері мен салдары
XX ғасырдағы Қазақстан экономикасының дамуы: әскери коммунизм, Жаңа экономикалық саясат, индустрияландыру, ұжымдастыру және 1931-1933 жылдардағы ашаршылық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz