Қатты дәрілік қалыптар


Slide 1

Жалпы рецептура

Slide 2

Рецепт-дәрігердің фармацевтке немесе дәріханаға қағаз жүзіндегі дәрілерді белгілі бір түрде науқасқа дайындап берілуі, онда дәрінің мөлшері мен қабылдау тәсілдері көрсетілген, жазбаша нұсқауы мен жолдамасы. Рецепт өте маңызды арнайы медициналық және заңдық құжат. Рецепт арнайы бланкте жазылады. Рецепт жүйелі 9 бөліктен тұрады.

1. Емдеу мекемесінің аталымы(мөрі) және коды.

2. Рецепт жазудың мерзімі(күні, айы, жылы) .

3. Науқастың аты-жөні.

4. Науқастың жас шамасы.

5. Дәрігердің ат-жөні.

6. Дәрілік заттардың белгісі және олардың саны(жазбаша) .

7. Дәрілік пішіндердің аталуы(май, ұнтақ және т. б. ) немесе фармацевтке басқа тапсырма.

8. Дәрі-дәрмектің қолдану тәсілдері(сигнатура) .

9. Дәрігердің тек өзінің қолы мен мөрі.

Slide 3

Жалпы рецептура-дәрілік заттарды рецептерге жазу және оларды тұтынушыға босату ережесі туралы оқытатын дәрі-дәрмек тану ғылымының бөлімі.

Дәрі-дәрмек -патологиялық жағдайларды және әртүрлі ауруларды емдеу, алдын-алу және диагностикалау үшін қолданылатын бір немесе бірнеше дәрілік заттан тұрады.

Рецепт жазу үлгісі қысқартылған және толық түрде болады. Дәрілік заттың аты латын тілінде жазылады, әрбір келесі атаулар бірінің астына бірі жаңа жолдан жазылады, бірінші қатты әсер ететін және наркотикалық заттардың аты, содан кейін басқа заттардың аты жазылады.

«Recipe» - «ал» деген мағынаны білдіреді, дәрігердің фармацевтке өтініші

(Rp. :- қысқаша атауы) .

Slide 4

Рецептура бланктерінің түрлері, олардың қолданылуы және есепке алынуы, сонымен қатар рецептураға қатысты басқа да сұрақтарды 2008 жылы 21 мамыр айындағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №289 бұйрығында көрсетілген. Осы бұйрық бойынша рецептура бланктерінің 3 түрі бар:Дәрілерді толық құнына беретін(кәдімгі бланк), дәрілерді жеңілдікпен беретін(жеңілдік бланк), наркотикалық және соларға теңелген препараттарды беретін бланк түрі. Дәрәлер тегін келесі жағдайларда жазылып, босатылады:Ұлы Отан Соғысы мен интернационалист ардагерлері мен мүгедектеріне, мүгедектерге, 3-жасқа дейінгі балаларға, көп балалы отбасылық балаларға 14 жасқа дейін, экологиялық аймақта тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге береді. Келесі аурулармен ауыратын науқастар дәрілерді тегін алады:қатерлі ісік пен қан аурулары, қант диабеті, психикалық аурулар, мерез, туберкулез, алапес, ИЖПС, АИВ-инфекциясы. Наркотикалық және улы дәрілерді жазып беретін(ресми бланк) бланкті толтырған, соңында дәрігердің қолы, жеке мөрі мен мекеменің мөрі болуы керек. Содан кейін оны тиісті есеп журналға тіркеуі қажет.

Дәріхана-тез бұзылатын қарапайым дәрілерді(ерітінділер, қайнатпа, тұндырма, тұнба т. б) дайындайтын, сонымен қатар фармацевтикалық өндірістерде дайындалған дайын дәрілік препараттарды сақтау мен науқастарға дәріні беретін медициналық мекеме.

Slide 5

Дәрілерді мөлшерлеу. Дәрі-дәрмектер негізінен белгілі бір ғана өзіне тиісті мөлшермен дайындалып, жіберіліп отырады. Сондықтан, дәрілер әр түрлі қолдануға ыңғайлы белгі көрсеткіш мөлшерлермен дайындалады.

1) рецептте 1 грамм дәрінің салмақтық саны 1, 0(грамм) -1000мг(миллиграмм)

2) 0, 1г-100 мг(миллиграмм)

3) 0, 01г-10мг

4) 0, 001г-1мг

5) 0, 0001г-100мкг(микрограмм)

6) 0, 1г-10мкг

7) 0, 1г-1мкг

8) 0, 1г-100нг(нанограмм)

9) 0, 1г-10нг

Дәрілердің шоғырлауы(топтаулы түрде тұратын заттарды айтады), бұларды 3 тәсілмен белгілейді.

1. Пайыздық мөлшер-дәрілік заттың 100мл-дегі құрамы, мысалы, 3%тетрациклин майы, бұл 100мл-де 3г дәрілік зат болады:

2. Қатынастық мөлшер-дәрілік заттың салмағын 1 граммда алады, кез-келген көлемде(1:10, 1:100, 1:1000) мысалы, 200мл суда 1:10 емен қабығының қайнатпасы, яғни 200мл-де 20г бар.

3. Салмақтық-көлем қатынаста(мысалы, 20, 0-200мл-яғни-20мл-де 20г дәрілік зат бар) .

4. Биологиялық әсерлі мөлшер-(дәрінің биологиялық тиісті әсер етуші мөлшерлері) ЕД(Единица действия-әсерлік бірлігі), МЕ(Международная единица-Халықаралық бірлік) ББ(Биологиялық бірлік) . Мысалы, Окситоцин-5 ЕД гормоналдық дәрі(5реттік толғақтық күші бар), жүкті әйелдерге босану кезінде қолданылады.

Slide 6

Негізгі рецептуралық қысқартулар

Ana (аа) - бірдей

Acidum(aa, acid) - қышқыл

Ampulla(amp) - ампула

Aqua(ag) - су

Aqua distillate(Aq. destill) - тазартылған су

Buturum(but) - май

Compositus(comp, cps) - күрделі

Dasigna. detur(D. S) - бер, осылай берілсін

Da tales doses(D. t. D) - мынадай дозалар бер

Dilitus(dil. ) - араластырылған

Divide in partes aequales(Div inp. aeg) - бірдей бөлікке бөлу

Extractum(Extr) - экстракт

Fiat(fiant-F) - болсын

Gutta, guttae(Gtt) - тамшы, тамшылар

Infusum(inf) - тұнба

In ampullis(in ampull) - ампулада

In tabulettis(in tab) - таблеткада

Linimentum(lin) - сұйық май

Ligor(lig) - сұйық

Slide 7

Рецепт жазуда қолданылатын демеуліктер.

Табыс септікті меңгеретін демеуліктер.

аd үшін, ға/ге, қа/ке, ішіне

рer арқылы, бойына

Мысалы: ad aegrotam- ауру үшін

per vaginam- қынап арқылы

Көмектес септікті меңгеретін демеуліктер

сum- мен, бен, пен

ex- ішінен, дан/ден, тан/тен

pro- үшін, алдында

Мысалы: cum aqua-сумен

ex officinal-дәріханадан

pro aegrota-ауру үшін

Slide 8

Табыс септік Көмектес септік

in

Қайда?Неде Қай жерде?ненің ішінде?

ға/ге, қа/ке да/де, та/те

sub

Қайда?неде? Қай жерде?Ненің ішінде?

астына астында

Мысалы: in aquam(қайда?) -суға

in aqua(қайда?) -суда

sub linguam -тіл астына

sub lingua-тіл астында

Slide 9

Numerus

Singularis(жекеше)

Decli

Natio

Genus

1

2

3

4

5

Casus

f

m n

m f n

m n

f

Nom(aт)

-a

-ur, -er

um

әр түрлі

-us

-u

-es

Gen(ілік)

-ae

-i

-is

-us

-ei

Slide 10

Қатты дәрілік қалыптар

Ұнтақтар

Таблеткалар

Драже

Карамельдер

Пилюлалар

Капсулалар

Пастилкалар

Гранулалар

Қарындаштар

Slide 11

Ұнтақтар-Pulveres(атау сеп, ж-ше түрі- Pulvis, ілік сеп, ж-ше түрі Pulveris) Ұнтақтар, - сыртқа қабылдау қабылдауға арналған қатты дәрілік қалып.

Ұнтақтардың жіктелуі: 1. Қолдану әдісі бойынша:ішке, сыртқа 2. Құрамына қарай

. жай(1 заттан тұрады) күрделі(құрамы 2 не одан көп) 3. Дозалау сипатына қарай:бөлінбеген(дозаланбаған) бөлінген(дозаланған)

Ұнтақтарды рецепттерде жазу ережесі

1. Жай дозаланбаған ұнтақ: «Rp. :» сөзінен кейін үлкен әріппен ілік септігінде дәрілік заттың аты мен жалпы мөлшері граммен жазылады(Pulveris сөзі көрсетілмейді) Келесі жолда-D. S

Мысалы: Rp. : Magnesii sulfatis30, 0

D. S 1І 2 стакан жылы суда ерітіп, күніне 1 рет

2. Жай дозаланған ұнтақ:«Rp. :» сөзінен кейін үлкен әріппен ілік септігінде дәрілік заттың аты мен жалпы мөлшері граммен жазылады(Pulveris сөзі көрсетілмейді) 1 ұнтақтың граммен дозасы жазылады. Келесі жолда D. t. d. N. . Одан кейін S-жазылады

Мысалы: Rp. : Magnesii oxydi 0, 5

D. t. d. N10

S. тамақтан соң 1 ұнтақтан

Slide 12

3. Күрделі дозаланған ұнтақ :«Rp. :» сөзінен кейін үлкен әріппен ілік септігінде дәрілік заттың аты(Pulveris сөзі көрсетілмейді) мен 1 ұнтақтың дозасы жазылады, Келесі жолда қосымша заттың аты мен дозасы, әрі қарай M. f. pulvis, Келесі жолда-D. t. d. N…одан кейін-Sжазылады.

Мысалы: Rp. :Riboflavini 0, 005

Thiamini chloridi 0, 002

Sacchari 0, 3

M. f. pulvis

D. t. d. N50

S. 1 ұнтақтан күніне 2 рет

4. Күрделі дозаланбаған ұнтақ :«Rp. :» сөзінен кейін үлкен әріппен ілік септігінде дәрілік заттың аты(Pulveris сөзі көрсетілмейді) мен граммен жалпы саны жазылады, Келесі жолда қосымша заттың аты мен дозасы, әрі қарай M. f. pulvis, Келесі жолда- D. Sжазылады.

Мысалы: Rp. :Zinci oxydi 5, 0

Talci 15, 0

M. f. pulvis

D. S. сеппе

5. Өсімдік текті ұнтақтарға рецепт жазғанда :«Rp. :» сөзінен кейін-Pulveris жазылады, ілік сеп. ұнтақ жасалған өсімдік бөлігінің аты, өсімдік аты, саны(дозаланбаса) 1 ұнтақтың дозасы(дозаланған) Келесі жолда-D. t. d. N…одан кейін-S(дозаланған болса) D. S(дозаланбаған болса) .

Slide 13

Таблеткалар-Tabulettae(атау сеп. ж-ше түрі-Tabuletta; табыс сеп. ж-ше туріTabulettam; табыс сеп. к-ше түрі-Tabulettas; қысқартылуы-Tab. )

Таблеткаларды рецеттерде жазу ережесі:

1. «Rp. :» сөзінен кейін табыс септігінде жекеше түрде-Tabulettam дәрілік қалыптың аты жазылады, дәрілік заттың аты ілік септігінде бас әріппен және 1 таблетканың дозасы граммен жазылады D. t. d N…одан кейін S.

2. «Rp. :» сөзінен кейін дәрілік заттың аты үлкен әріппен ілік септігінде және 1 таблетканың дозасы граммен жазылады. Келесі жолда D. t. d N…одан кейін S.

Мысалы: Rp. :Tabulettam Analgini 0, 5

D. t. d N10

S. 1 таблеткадан бас ауырғанда.

3. . «Rp. :» сөзінен кейін табыс септігінде, көпше түрде- Tabulettas жазылады, дәрілік заттың аты атау септігінде бас әріппен тырнақша ішінде жазылады, N. . . келесі жолда-D. S

Мысалы: Rp. :Tabulettas «Benalginum»N10

D. S. 1 таблеткадан буын ауырғанда

Slide 14

Драже-Dragee-ішке қабылдайтын, дәрілік және қосалқы заттарды түйіршіктерге бірнеше қайталап жағу арқылы алынатын қатты дәрілік қалып.

Дражеге рецепт жазу ережесі

1. «Rp. :» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде, ж-ше түрде-Dragee жазылады, дәрілік қалыптың аты бас әріппен ілік септігінде 1 драже дозасы граммен жfзылады. Келесі жолда D. t. d. N…одан кейін-S.

Мысалы: Rp. : Dragee Diazolini 0, 05

D. t. d. N10

S. күніне 1 дражеден.

2. . «Rp. :» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде, -Dragee жазылады, дәрілік қалыптың аты атау септігінде бас әріппен тырнақша ішінде жазылады, N…келесі жолда-S.

Мысалы: Rp. : Dragee»Hexavitum»N100

D. S. күніне 3 рет 1 дражеден

Slide 15

Гранулалар-Granula-ішке арналған біртектес бөлшектер түріндегі дозаланбаған қатты дәрілік қалып.

Гранулаға рецепт жазу ережесі

1. «Rp. :» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде, »Granulorum»дәрілік заттың аты бас әріппен ілік септігінде (егер комерциялық атпен шыққан болса, тырнақша ішінде дәрілік зат аты бас әріппен атау септігінде жазылады) жалпы саны граммен жазылады, келесі жолда-D. S.

Мысалы: Rp. :Granulorum Plantag lucidi 50, 0

D. S. Күніне 2-3 рет тамаққа дейін Капсулалар-Capsulae-ішке қолданылатын, дозаланған, ұнтақ тәрізді, паста, түйіршік, сұйық дәрілік заттарға арналған қабықтар. Капсула түрлері: қатты және жұмсақ.

Капсулалар рецептін капсулаға арналған ережелері бойынша жазады, содан соң D. t. d. N…, берілген зат қандай капсулаларда беріледі-in capsulis gelatinosis, in oblatis және т. б.

Мысалы: Rp. : Olei Ricini 1, 0

D. t. d. N15 in capsulis gelatinosis

S. жарты сағат ішінде қабылдау

Slide 16

Пилюлалар-Pilulae-салмағы 0, 1-0, 5 г, пішіні шар тәрізді, біріңғай серпімді заттан жасалған, ішке енгізуге арналған қатты дәрілік қалып. Қазіргі таңда өте сирек рецепт жазып беріледі.


Ұқсас жұмыстар
Дәрілік заттар
Дәрілерді тік ішекке енгізу
Желатинді капсулалар
Өте ұсақ ұнтақтарды дуст дайындау технологиясы және жалпы сипаттама
Ұнтақтарға жалпы сипаттама
Фармакопея
Рецептерде дәрілік түрлердің жазылу ережелері
Эмульсияларды дайындау технологиясы
Шоколад жасау технологиясы
Термопластикалық қалыптық материалдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz