Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі, ғылым ретінде дамуының негізгі кезеңдері
Презентация қосу
Инклюзивті білім берудің
халықаралық тәжірибесі, ғылым
ретінде дамуының негізгі
кезеңдері
Орындаған: Әлеуметтік
педагогика және өзін- өзі тану
мамандығының І курс студенті
Инклюзивті білім беру балалардың
әр түрлі дене, психикалық, зияткерлік,
мәдени- этникалық, тілдік және өзге де
ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы
білім беру ортасына айрықша білім алу
қажеттіліктері бар балаларды қосуды,
барлық кедергілерді жоюды, олардың
сапалы білім алуы үшін және олардың
әлеуметтік бейімделуін, социумге
кірігуін көздейтін оқыту түрі.
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі
• 1991 жылдан бастап Ресейде
«Мүмкіндігі шектеулі балаларды
интеграциялау» жобасын іске асыру
басталды. Жобаның нәтижесінде он бір
аймақта мүмкіндігі шектеулі балаларды
интеграциялап оқытудың
экспериментальды алаңдары құрылды.
Бұл елде мүгедек балаларды оқытудың
инклюзивті білім беруден басқа да
нұсқалалары бар: арнайы мектептер мен
интернаттар, коррекциялық мектептер,
интернат-үйлер, үйден оқыту және
қашықтықтан оқыту.
• Швецияда ерекше қажеттілікке мұқтаж
балалар қарапайым сыныптарға
орналастырылған және балалар онда қажетті
қолдау алуда. Әр сыныпта арнайы педагогтың,
ассистенттің көмегімен немесе көмекші
арнаулы құралдарды қолдану арқылы білім
беріледі. Есту, көру қабілеттері бұзылған,
ойлауында артта қалушылығы бар балалар
ауытқулары бойынша бөлінген арнайы
мектептерде білім алады және онда 21–23
жасқа дейін оқи алады. Ойлауы артта қалған
балаларға арналған арнайы мектептер жалпы
білім беретін мектептердің ғимараттарына
сыныптарды біріктіру жолымен орналасқан
• Америка Құрама Штаттарын қарастырсақ, мүмкіндігі шектеулі
балаларды оқыту жалпы және арнайы оқытуды біріктіру
ұсыныстарынан тұрады.Оның 3 негізгі жолдары бар: «негізгі
бағыт», «жалпы білім инициативасы», «енгізу». Алайда,бұл
арнайы білім беру алаңында үлкен дау тудыруда. Мысалы, негізгі
бағыт- мүмкіндігі шектеулі балаларды негізгі мектептерде
оқытуды көздейді. Екінші жолы жалпы білім беру инициативасы-
дамуында ауытқуы бар оқушыларға білім беру шарттарына
фундаментальды өзгеріс енгізуді ұсына отырып, жоғарыда
аталған негізгі бағыттан ары қарай дами түскен. Өз кезегінде осы
сала мамандары дефектологтар мен негізгі мектептің басшылары
жалпы білім беру инициативасын мақұлдаса, кейбір
дефектологтар мен негізгі мектептің мұғалімдері ауытқуы бар
балаларға жалпы білім беру инициативасының әсер ету
мүмкіндіктерін түсіну үшін қосымша сынақтар мен зерттеулер
қажет дейді. Үшінші жолы енгізу моделі, ол балаларды ауытқу
түріне тәуелсіз, тұрған жері бойынша жалпы білім беру үрдісін
енгізуді көздейді. Осындай балаларға мамандар тобы жеке оқыту
бағдарламасын құрады, сол бойынша оқушының жетістігі
бағаланады
• Нидерланды үкіметі 90-жылдардан бастап,
мүмкіндігінше арнайы және жалпы білім беруді
біріктіруге, интеграциялық тұғырларды «Мектепке
бірге барамыз» атты мемлекеттік Жоба арқылы
ендіруге тырысады. Аталған жобаның мақсаты
ретінде, жалпы білім беретін мектеп жағдайында
мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-
педагогикалық көмекті қамтамасыз ету; арнайы
мектептің оқушылар санын тұрақтандыру; ақыл-
ойында кемісітігі бар және психикалық дамуы
тежелген балаларға арналған мектептің санының
өсуіне кедергі келтіру алынды. Нидерландыда,
Бельгияның Фламанд аймағындағыдай, арнайы
мектептердің жүйесі жақсы дамыған, бірқатар
ғалымдар бұл деректі инклюзивті білім беруді
дамыту үшін күрделі кедергі болатынын атап
көрсетеді.
• Мүмкіндігі шектеулі балаларды
қалыпты балабақшалар мен
мектептерге интеграциялау идеясы,
Грецияда алғаш рет 1974 жылы
ұсынылды. Алайда, көптеген басқа
елдермен салыстырғанда, интеграция
үдерісін бастау туралы шешім,
педагогтар мен ата-аналардың
қысымының нәтижесінде емес, соған
сәйкес заңнаманың пайда болуымен
қабылданды.
Инклюзивті білім беру тарихи даму кезеңінде мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жүйесі көптеген
кедергілерден, яғни жек көру позициясынан, осы категориядағы балаларды оқшалау жолынан өтіп,
инклюзив позициясына жеткен. Қоғамның мүмкіндіктері шектеулі балаларға деген идеологиясының
қайта бағдарлануымен байланысты 18 ғасырдан бастап, жаңа заңдар, құжаттар қабылданып, мүмкіндігі
шектеулі балаларды оқытуға құқық берілген.
• 1962 жылы АҚШ-та М.Рейнольдс мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру ағымына көбірек қатысуы
қарастырылған арнайы білім беру бағдарламасын жариялады.
• 1970 жылы американ ғалымы И.Дено «Каскад» моделін ұсынды. «Каскад» дегеніміз – мүмкіндігі шектеулі
балалардың ортақ ағымда нәтижелі түрде қарым-қатынаста болуына мүмкіндік беретін әлеуметтік педагогтық
шаралар жүйесі
• 1975 жылдан бастап АҚШ-та «Мүгедек балаларға білім беру» заңының қабылданып, білім беру саласындағы
интеграцияны құқықтық негізде қойды.
• 1981 жылы Англияның «Білім туралы» заңында М. Уорноктың ұсынысын ескере отырып, «мүгедек балалар»
терминін «ерекше білімді қажет ететін» деген түсінікпен ауыстырылды.
• АҚШ-тағы білім беру саясаты 2002 ж бастап «No Child behind Act» (Бірде бір бала заңнан тыс қалмайды) заңымен
реттеледі, яғни барлық бала әлеуметтік статусына, тұратын жеріне, түр түсіне, этномәдениетіне қарамастан сапалы
білім алуға құқылы.
Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесін дамыту ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған бағдарламасында жан-жақты қарастырылған . Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттеріне: білім
бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық
рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілікпен салауатты өмір салтының берік
негіздерін қалыптастыру жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы парасатты байыту»
деп атап көрсеткен . Бүгінгі күні елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру
туралы зерттеулер жүргізіліп жатыр. Инклюзия қаншалықты оқу-тәрбие үдерісінде пайдалы,
сау балалардың ата-аналарының инклюзивті білім беру туралы идеяны қабылдай алуы т.б.
мәселелердің туындайтыны заңдылық. Инклюзивті білім беру мәселелерін зерттеу,
келешекте инклюзивті білім беру идеясын жүргізуде бағасы жоқ көмек көрсетеді.
Қортындылай келе, өмірге инклюзив идеясын енгізу, барлық оқушылардың қажеттіліктеріне
жауап беретін, әрбір оқушының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерінің дамуына ықпал ететін
педагогиканың және білім беру ұйымдарының міндеті деп есептейміз
Назарларыңызға
рақмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz