Өндіріс жоспары


Slide 1

Бизнес жоспар

Slide 2

Негізгі әдебиет

1. Лукашевич В. В. Менеджмент в структурно-логических схемах: учебное пособие / В. В. Лукашевич - М. : изд-во «Экзамен», 2003. - 224 с.

2. Переверзин, И. И. Менеджмент спортивной организации: учеб. пособие / И. И. Переверзин - М. : Физкультура и спорт, 2006. - 464 с.

https://youtu. be/OXZ1bALMRyo

https://studme. org/178677/menedzhment/

Slide 3

Бизнес жоспардың мәні, қызметі, мақсаты мен міндеттері

Бизнес-жоспар құжат ретінде кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуының перспективаның жоспарын алмастыруға қабілетті.

Сондықтан, бизнес-жоспар - бұл кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметінің рентабельдігін арттырудағы статистикалық даму бағдарламасы.

Бизнес-жоспар - коммерциялық iс-шаралардың зерттеп-дайындалған негiзгi аспектiлерiн, туындаған мәселелердi, мүмкiн болған кедергiлердi сараптау және оны жоюдың әдiстерiн көрсететiн фирмаiшiлiк құжат. Несие беру үшiн негiз болады, коммерциялық жобаның шынайылығын және тиiмдiлiгiн сараптау құралы болып табылады.

Slide 4

Бизнес-жоспар негізгі мақсаты берілген бизнестің негізін салу және нақты кезеңге нәтижелерді бағалау. Осы тұрғыда бизнес -жоспар табысқа жету жолы болып табылады; Бизнес-жоспар бизнесті басқару және іс-әрекеттер бағытын анықтайтын құжат болып табылады. Бұл аспектіде бизнес-жоспар стратегиялық жоспардың және басқарудың орындалуы мен бақылаудың қажетті элементі.

Slide 5

Бизнес-жоспардың құрылымы, формасы, мәні бойынша әр түрлі типте қолдануы мүмкін.

Бизнес-жоспар келесідей жіктеледі:

Коммерциялық сана және инвесторлық жобаның толық бизнес-жоспары;

Коммерциялық сана және инвесторлық жобаның толық бизнес-жоспары және тұжырымдамасы;

Құрылымдық бөлімдердің бизнес-жоспары;

Бизнес-жоспар несиеге сұраныс;

Бизнес-жоспар - грантқа сұраныс;

Аумақтық даму бизнес-жоспары;

Slide 6

Бизнес-жоспардың функциялар

Қазіргі экономикалық теория мен тәжірибеде бизнес-жоспар төрт түрлі функция атқарады.

Бірінші функция, бизнестің концепциясы (тұжырымдамасы) мен стратегиясын дамыту мүмкіндігімен байланысты. Бұл функцияның міндеті кәсіпорынды құру кезеңінде жаңа іс-әрекет қажеттілігін дәлелдеуге саяды. Жаңа жобалар тек инвестициялық болып, ғылыми-техникалық жаңалықтармен анықталып қана қоймай, толығымен ойластырылып жасалған болуы керек, онда стратегияның экономикалық және қаржылық жағдайы барынша сипатталып, нақты шаралардың техникалық-экономикалық негіздемесі берілуі шарт.

Slide 7

Бизнес-жоспардың функциялар

Екінші функция жоспарлау. Ол фирманың (кәсіпорынның, кәсіпкердің) мақсаты мен міндетін дұрыс анықтауға, дамудың ағымдағы, орташа және ұзақ мерзімді бағыттарын белгілеуге, іс-әрекеттің жаңа бағыттарының даму мүмкіндіктерін бағалауға, даму процесін бақылауға, қауіп-қатер дәрежесін төмендетуге және қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

Slide 8

Бизнес-жоспардың функциялар

Үшінші функция өндіріс қуаттарын жасақтауға, ұлғайтуға және жаңартуға қажетті ақша қаражаттарын (ішкі және сыртқы инвестициялар) тартуға, жаңа технологияны енгізуге, шығарылатын өнімдердің түрін көбейтуге не өзгертуге және оның сапасын жақсартуға қызмет етеді. Бұл арқылы жобалардың жаңалануы және тәуекелділік дәрежесіне қарай капиталды жұмылдыру тәсілдері (несие қарыздар, үлестік қатынастар, т. б. ) анықталады.

Slide 9

Бизнес-жоспардың функциялар

Төртінші функция фирманың жоспарын жүзеге асыратын, біріккен өндіріс жүргізіп, өз капиталын, ресурстары мен қолындағы технрлогиясын қоса алатын әріптес тартуға мүмкіндік береді. Кез-келген әріптес (инвестор) ең әуелі (көбіне жобаны жасаушылармен кездеспей тұрып) бизнес-жоспар негізінде компанияның даму бағытына сәйкес фирманың мүмкіндіктерін (қаржыны қайтарып алу, кепілдіктің шын болуы, сақтандыру және басқа жағдайлар) мұқият зерттеп алады. Бұл жағынан алғанда бизнес-жоспар талдау құжаты және жарнама құралы қызметін атқарады.

Сонымен, бизнес-жоспар фирманың тұрақты жұмыс құжаты

Slide 10

Бизнес- жоспар:неге және не үшін.

Жақсы бизнес- жоспар жақсы бастамаға ғана емес, келешектегі істің тұрақты жағдайына да кепілдік береді.

Бизнес- жоспар жазу өз бизнесіңізді ұйымдастыру бойынша басқа да белсенді әрекеттер жасамай тұрып, бірінші істеу керек нәрсе. Көбі осы қадамды елемейді. Әрине, бизнес-жоспрасыз да бастауға болады. Бірақ Сіз компанияңызды дамыту қажет болған жағдайда қызмет-әрекеттеріңізді дүрлігісті түрде реттегіңіз келе ме?

Несие алатын болсаңыз, сізден міндетті түрде бизнес-жоспар сұрайды. Жақсы серіктес тапсаңыз, ол да Сіздің ойыңызды қағаз бетінде көруден бас тартпайды. Кез келген саналы инвестор өзі қаражат салайын деп жоспарлаған кәсіпорынның бар өзгешеліктерін білгісі келеді. Егер бірнеше бағыттардың ішінен біреуін таңдау қажеттілігі туса, Сіз өз ісіңіздің негізі салынған бизнес-жоспардың болмауы салдарынан қымбат уақытыңызды терең ойға батумен жоғалтасыз.

Slide 11

Бизнес-жоспарды дайындау технологиясы

1. 1 Жобаның бюджетін анықтау. Жобаны толық іске қосып, алғашқы бірнеше ай ішінде жұмыс істеуі үшін ЕДБ-н қанша қаражат алу керек.

1. 2 Банкті анықтап, шарттарын, пайыздық мөлшерлемесін, мерзімін, жеңіддіктерін, кепілдік, несиенің ең көп сомасын туралы білу, жеке тәуелсіз бағалаудан өткізу.

1. 3 Кірісті есептеу үшін несиені төлеу тәсімін алу, түсім алу мүмкіндіктерін, бар шығындарды бағалау.

1. 4 Кепілзат, несие сомасы, мерзімі, шарттары, төлеу тәсілдері (аннуитет, тең бөліктермен және т. б. ) бойынша банктің алдын-ала қолдауын алу

2. 1 Еxcel форматында барлық тиянақталған және ауыспалы шығындарды, өнімнің өз құнын, өндірістік мүмкіндіктерді, құралдарға кететін шығындарды, жалақы қорын, салықтарды, жарнама мен жылжытуға кететін шығындарды есептеу.

2. 2 1-7 жыл арасындағы болжалды табысты есептеу, әлеуетті сұранысты сандық көрсеткіште бағалау, статистикамен растау (ниет шарты), ақша ағынын (cash flow) есептеу. Өтелімділік. Кірістілік.

Slide 12

ҮЛГІ ТҮРІ

Басты бөлімдердің құрылымы мен мазмұны:

Бизнес-жоспарды жасау кезінде келесі құрылымды ұстану керек:

Жобаның титулдық парағы.

Кіріспе бөлім ( жоба түйіндемесі ) .

Нарық пен сала жағдайына талдау.

Жобаның мәні.

Маркетинг жоспары.

Өндіріс жоспары.

Инвестици ялық климат пен тәуекелдер.

Ұйымдық жоспар ( басқару және кадр лар ) .

Қаржылық жоспар.

Қосымшалар.

Slide 13

Бөлімдердің мазмұны

1. Жобаның титулдық парағы

Титулдық парақ инновациялық жоба мен осы жобаны іске асыратын заңды тұлға жайлы жалпы ақпаратты қамтуы керек:

кәсіпорынның атауы мен заңды мекенжайы;

кәсіпорынның басшысының аты-жөні, телефон нөмірі;

құрылтайшыларының заңды мекенжайлары;

жобаның атауы мен мәні (3 - 5 тармақ ) ;

жобаның толық құны, қаржының болжалды көздері мен олардың құрылымы ( заңды тұлғаның өз қаражаты, акция шығару, несие, бюджет тен қаражат алу және сондайлар ) ;

коммерциялық құпияны сақтау туралы өтініш.

Slide 14

Бөлімдердің мазмұны

2. Кіріспе бөлім ( жоба түйіндемесі )

Жоба түйіндемесінде оның барлық басты аспектілерін қамтитын түйіндер мен кеңестерді қысқаша баяндау керек, түйіндеменің құрылымы бизнес-жоспардың құрылмына сәйкес келуі керек.

Жоба түйіндемесі - оның жарнамасы, сондықтан да ол жерде жоба тиімділігінің бар дәлелдері болуы керек. Осы бөлімнің мақсаты - жобаның мәнін, мақсаттарын, қанша қаражат салынуы керектігін, болжалды нәтижесін көрсету. Ұсынылған жобаның неге сәтті болатыны туралы негіздеме жеке беріледі.

Егер жобаны жүзеге асыру әлеуметтік мәселелерді ( мүгедек жандардың еңбегін пайдалану, жақсы жолдарды салу және т. б. ) шешуге мүмкіндік берсе, оларды көрсету қажет.

Slide 15

Бөлімдердің мазмұны

Түйіндемеде бизнес-жоспардың жеке бөлімдерімен белгіленбейтін, бірақ инвестор үшін аса маңызды келесі аспектілерді айқындап көрсету қажет:

жобаны іске асыру үшін сыртқы инвестордан не керек - жарғылық капиталға қатысу, несие (қалаулы шарттарды көрсетіңіз), құрал-жабдықтарды жеткізу және т. б. ;

жобаны іске асырудағы жобаны ұсынушы кәсіпорын мен сыртқы серіктестің қатысу дәрежесін анықтау, яғни жобаның жалпы құны мен қажетті қарыз қаражатының арасалмағын анықтау;

несие қорларын қайтарудың тәсілдерін көрсету. Бұл жерде тек жоба дұрыс іске асырылған жағдайда несиені қайтару тәсімі мен үрдісі, несие бойынша пайыздық мөлшерлемелерді төлеу (сұрақтар «Қаржылық жоспра» бөлімінде мазмұндалған) ғана емес, жобаның кейбір кезеңдері орындалмаған жағдайда салымдарды қайтарып алу кепілдігін меңзеп тұрмыз.

Slide 16

Бөлімдердің мазмұны

3. Нарық пен сала жағдайына талдау

Бұл бөлімнің мақсаты - жоба ұсынатын тауарға (қызметке) қажеттілікті ашып, негіздеп көрсету. Нарықты, саланың ерекшелігін бағалаудың таңдалған түрі жан-жақты сипатталып, негізделуі тиіс.

Ұсынылатын тауардың Қазақстан бойынша соңғы бірнеше жылдарда сатылым серпінін, нарықта пайда болуын, ұқсас және бәсекелес өнімдерге сұранысты жеке қарастыру қажет.

Егер заңды тұлға-жобаның бастамашысы нарықтың осы саласында жұмыс істейтін болса, оның тәжірибесі бар екенін айрықша атап, оның осы саладағы жиынтық өнім өндірістегі үлесін көрсету керек.

Әлеуетті ішкі және сыртқы бәсекелестердің атаулары мен мекенжайларын атай отырып, ұсынылып отырған жобамен салыстырғанда олардың күшті және әлсіз жақтарына талдау жасау қажет.

Бөлімнің басты нәтижелері:

қарастырып отырған тауарға (қызметке) қазіргі нақты сұраныстың ауқымы мен құрылымы;

сұраныстың серпіні мен нарықтың дамуы бойынша негізделген болжамдар;

ұсынылған жлба аясында шығарылатын өнімнің сатылымы өсу серпінін болжау, компанияның нарықтағы мүмкіндіктері;

нарықтың болжалды реакциясы, компанияның өз тауарын нарықта жылжыту кезінде кездесетін басты кедергілер, оларды жеңу жолдары.

Slide 17

Бөлімдердің мазмұны

4. Жобаның мәні

Бұл бөлім алдыңғы « Нарық пен сала жағдайына талдау » бөлімінің жалғасы болып табылады. Бұл жерде жоба өндірісі бағытталған тауардың (қызметтің) жан-жақты сипаттамасын беру керек. Келесі сұрақтар нақты қарастырылуы керек:

пайдаланылатын патенттер туралы ақпаратты көрсетіп, тауар мен тауар белгілерін сипаттау;

осы тауарды (қызметті) шығарудағы тәжірибесінің барлығын көрсету;

сіздің тауарыңыздың бәсекелестеріңіздің (шетелдік бәсекелестерді қоса алғанда) тауарларынан айырмашылығы неде;

сіздің тауарыңыздың бірегей жаңа ерекшеліктері бар ма, жоқ болған жағдайда тұтынушыларды немен қызықтыра алады;

тауар қандай шарттармен экспортталады (бағасы, маркетинг, сату желісін құру және т. б. ), лицензияның керектігі.

Осы жерде жобаның сәттілігін негіздейтін жан-жақты дәлелдерді келтіру керек. Заңды тұлға-жобаның бастамашысы туралы, егер жоба оның өндірістік құрылмын дамытуға бағытталып, онымен қарым-қатынаста болса, оның техникалық, технолгиялық, өндірістік әлеуеті жайлы толық ақпаратты беру.

Slide 18

Бөлімдердің мазмұны

5. Маркетинг жоспары

Бұл бөлім алдыңғы екі бөлімнің жалғасы болып табылады. Бөлімнің мақсаты - бәсекелестік күрестің қлайлы әдісін таңдауды, өнімді нарыққа жылжытудың тәсілін қамтамасыз ету. Бұл жерде келесі сұрақтарды жіті қарастыру керек:

шығарылған өнімнің түпкілікті тұтынушылары, сұраныс сипаты (бір қалыпты немесе маусымдық) ; жоба бағытталған нарық сегментінің ерекшеліктері, неге ол бәсекелестерге қарағанда сәттірек болады ( олардың маркетинг стратегиясына талдауды есепке алғанда ) ; өнімнің қандай ерекшеліктері немесе қандай қосымша қызметтер оны бәсекелестерге қарағанда ұнамды етеді;


Ұқсас жұмыстар
Бизнес жоспардың міндеттері
Эколгиялық білімнің формалары, әдістері және құралдары
Өндірісті ұйымдастыру және жобалау
Бизнесті жоспарлау процесінің кезеңдері
Бизнес жоспар туралы ұғым
МЕМЛЕКЕТТІҢ ИНДИКАТИВТІК ЖОСПАРЫ
Қоғамдық өндіріс және экономикалық ресурстар
ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫ
Өндіріс процесінің мәні және маңызы
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІНІҢ ЖОБАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz