Клебсиеллалар туралы түсінік



ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы
Тексерген:Құлымбетова Г. Б
Орындаған:Серикбай А. Ж.
Топ:ЖМҚБ-05-20
Шымкент 2022ж
Тақырыбы:Клебсиелла мен протеиннің биологиялық ерекшеліктері.
Notes: Микробиология

Жоспар
I. Кіріспе
Клебсиеллалар туралы түсінік
II. Негізгі бөлім
Морфологиясы және дақылды өсіру
Биологиялық белсенділігі және антигендік құрылымы
Экологиясы мен эпидемиологиясы
Патогенезі және клиникасы
Иммунитеті
Микробиологиялық диагностикасы
Алдын алу және емдеу
Протеялар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Бактерияның аталуы і875 жылы алғаш рет ашқан Heміс бактериологы Э. Клебс атымен байланысты.
Таксономиясы.
Тұқымдастығы:Enterobacteriaceae
Туыстығы:Klebsiella
Түрі:Klebsiella pneumoniae, K. oxytoca, K. mobilis, K. planticola, K. terrigena
Адамға патогенді Tүpi Klebsiella pneumoniae, үш түрастына бөледі. Klebsiella pneumoniae subsp. pneumoniae, Klebsiella pneumoniae subsp. ozaenae, Klebsiella pneumoniae subsp. rhinoscleromatis, Соңғы жылдары жаңа клебсиелла түрлері анықталған (K. oxytocа mobilis, K. planticola, K. terrigena), олардың адам патологиясындағы рөлі анықталуда. Клебсиеллалар адамның және жануардың тepiciндe, кілегей қабығында барлық уақытта кездеседі. Klebsiella pneumoniae -ауруханаішілік инфекциялардың маңызды қоздырғышы.

Морфологиясы.
Клебсиеллалар - грам тepic, uienepi жұмырланган, қысқа таяқшалар, мөлшері өте құбылмалы. Ерекше морфологиялық белгісі- капсула. Талшықтары, спорасы жоқ, кейбір штамдарда кірпікшелері бар. Көбінесе калың полисахариде капсуласын көруге болады. Жағындыда бip-бipeyдeн, жұптасып немесе қысқа тізбектеліп орналасады.
Дақылды өсіру.
Клебсиеллалар қарапайым қоректік орталарда жақсы өceдi, факультативті анаэробтар, хемоорганотрофтар. Оптимальді өсу температурасы 35-37°С, рН 7. 2-7. 4. Симмонс қоректік ортасында өседі, яғни цитрат натрийді көмipcyтeгi көзi ретінде қолданады. Тығыз қоректік ортада күмбез тәрізді, бұлынғыр, кілейгелі колониялар түзеді, сонымен қатар. Ет-пептонды сорпада клебсиеллалар органы толығымен лайландырады, кейбір кезде бетінде кілейгейлі қабықша пайда болады; жартылай сұйық ортаның бетінде жақсы көбейеді.

Биохимиялық белсенділігі.
Клебсиеллалар көмірсуларды ыдыратады, нитратты нитритке айналдырады. Желатинді ыдыратпайды, индол, күкірт сутегін түзбейді. Уреазалыық белсенділігі бар, сүтті ipiтпейді.
Антигендік құрылымы.
Клебсиеллаларды О- және К-Антигендері бар. О-антигендері бойынша 11 серологиялық топтары шықталған, К-антигендері бойынша - 82. Клебсиеллалардың серологиялық варианттарын анықтауы К-антигендерін ажыратуымен шектеледі. Kейбip клебсиеллалардың К-антигендері эшерихиялардың және салмонеллалардың К-антигендеріне туыстас болып келеді.

Клебсиелла туыстығына жататын бактериялардың биохимиялық қacиeттepi
Kөрсеткiurrepi
K. oxvtoca
K. pneumoniae
ozaenae
pneumoniae
rhinoscleroniatis
Индол түзілуі
+
-
-
-
Метил рот реакциясы
+/-
+
-
-
Фогес-Проскауэр реакциясы
+
-
+
-
Цитраттың утилнзациясы
+
+/-
+
-
Малоиаттың утилнзациясы
+
+/-
+
-
Мочевинаны ыдыратуы
+
+/-
+
-
Лизиндекарбоксилаза
+
+/-
+
-
Лактозаны ыдыратуы
+
+/-
+
-

Экологиясы мен эпидемиологиясы.
Ішек, жоғары тынық жолдары, қынаптың факултативті микрофлорасының құрамына кіреді. Капсуласына байланысты қоршаған орта факторларына тұрақты және топырақта, суда, бөлмелерде көп уақыт сакталуы мүмкін.
Клебсиеллалық инфекция - көбінесе ауруханаішілік ауру. Инфекция көзi - науқас адам мен бактерия тасымалдаушы. Экзогенді және эндогенді жұктырулар кездеседі. Жұғу жолдары - тағам, ауа-тамшы және тұрмыстық қарым-қатынас арқылы. Негізгі жұқтыру факторлары - тағамдар (әcipece, ет және сүт тағамдары), су, ауа. Соңғы жылдары өсуде қоздырғыштың патогендік қасиеттерінің күшеюіне және адам ағзасының резистенттілігінің төмендеуіне байланысты клебсиеллез саны көбейе бастады. Сонымен қатар, клебсиеллалар антибиотиктерге сезімталдығының төмен болуымен сипатталады.
Клебсиеллалар түрлі дезинфектанттар әсеріне сезімтал, 65°С қыздырғанда бip сағат ішінде өледі қоршаған ортаға төзімді кілейгейлі капсула қоздырғышты құрғаудан сақтайды, сондықтан клебсиеллалар топырақта, аурухана бөлмелерінің шаңында, жиһаздарда көптеген апта және айлап сақталады.

Патогенезі және клиникасы.
Klebsiella pneumoniae көптеген жағдайда iшек инфекциясына ұқсас дамиды және жылдам басталады, лоқсу, құсу, iштің ауырсынуы, диарея, қызба, жалпы әлсіздік байқалады, Ауру ұзактығы -1-5 күн. Клебсиеллалар тыныс алу мүшелерін буындарды, ми қабаттарын, коньюнктиваны, несеп шығару мүшелерін зақымдайды, және сепсис пен ipiңдi аскынулар тудырады. Аурудың ауыр түpi генерализацияланған септико-пнемиялық үpдic дамуы өлімге . әкеледі.
Klebsiella pneumoniae subsp. pneumoniae кептеген факторларға (дәрілерге) тұрақтылыққа ие, сондыктан қaзipгi уақытта ауруханаішілік инфекциялар қоздырғыштары ішінде алдыңғы қатарында тұрады, тыныс және зәр шығару жолдарын зақымдайды.
Klebsiella pneumoniae subsp. ozaenae мұрынның және мұрын қуыстарының кілейгел қабықтарын зақымдайды, олардың атрофиясы дамиды, кабыну ypдici барысында жағымсыз иіс беретін сұйықтық бөлінулерімен сипатталады.
Klebsiella pneumoniae subsp. rhinoscleromatis мурынның кілегей қабатын зақымдауымен бipre, көмей, бронх, жұтқыншақты да закымдайды, сонымен бipгe зақымдалған тіндерде арнайы гранулемалар түзіледі, олар склерозданып шеміршек тәpiздi инфильтратқа айналады. Ауру созылмалы турде өтеді.
K. oxytoca урологиялық клиникада ауруханаішілік инфекциялар тудырады.

Иммунитеті.
Инфекциядан кейін дамитын иммунитет тұрақты емес, негізінде жасушалық. Инфекцияға қарсы турудың нeгiзгi факторы фагоцитоз. Созылмалы түрінде гиперсезімталдыктың баяу типі дамиды.
Микробиологиялық диагностикасы.
Heгiзгi диагностикалық әдіc - бактериологиялық. Тексеруге әртүрлі материалдар алынады: ipiң, қан, экссудат, жұлын сұйықтығы, нәжіс, зәр, жиһаздардан алынған жұгын т. б. Алынған материалды дифференциалды-диагностикалық К-2 қоректік ортаға (құрамында мочевина, рафиноза, бромтимол көгі бар), себеді бip тәулік инкубациялайды. түcтi (сары, жасыл-көк сарғыш немесе көгілдір, үлкен, жылтыр) кілегейлi колониялар түзеді Бактериялардың қозғалысын және анықтайды. Бұл қасиеттер клебсиеллаларға тән емес. Келесі идентификациясы серологиялық әдіс қолданумен жүргізіледі, К-сары суларымен агглютинация реакциясы қойылады, диагностикалық белгісі - антиденелер титрі төрт есе жоғарлауы байкалғанда оң нәтижелі деп есептеледі. Бөліп алынған таза дакылдың антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды.

Алдын алуы және емдеуі.
Арнайы сақтандыруы жоқ. Жалпы алдын алу шаралары: тағамдарды сақтаудың санитарлы-гигиеналық ережелерін қатал орындау, ауруханаларда асептика мен антисептика ережелерін қадағалау.
Клебсиеллездің eмдеуі стационар жағдайында жүргізіледі. Ішек зақымдалғанда антибиотиктерді қолдануға болмайды, диарея кезінде тұзды ертінділер құю керек. Жайылған, әлсіз созылмалы түрінде антибиотиктер және аутовакцина тағайындалады. Иммунитетті жоғарылату үшін аутогемотерапия, пирогемотерапия т. б. шаралар қолданылады.

Протеялар туралы түсінік.
Протеялар-шартты-патогенді микроорганизмдерге жатады. Зәр бөлiнетiн жолдардың қабынуы мен iрiндi-жарақатты инфекция тудырады, сонын iшiнде сепсисті. Аурулар эндоинфекция түрiнде өту мүмкiн, сонымен катар, ауруханаішілік инфекция коздыруға да катысуы мүмкін.
Таксономиясы.
Тұқымдастығы: Enterobacteriaceae
Туыстастығы: Proteus
Tүpі: Proteus mirabilis, Proteus vulgaris
Оларды алгашкы рет 1885 жылы Г. Хаузер белiп алган.

Морфологиясы.
Жұптасып немесе тiзбек тарiздi орналасатын такшалар. Спора, капсула тузбейді. Козғалады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz