Емшара бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру
Презентация қосу
Емшара бөлмесінің жұмысын
ұйымдастыру.
Орындаған:Жанахметова Майра
Ем-шара кабинеті – білікті диагностикалық және емдік
• көмектерді көрсетуге арналған қажетті тармақтың бірі.
• Ем-шара кабинетінің құрал-жабдықтары:
•
• Медициналық кушетка, жұмыс үстелі, медикаменттерге арналған шкаф, тоңазытқыш, медициналық құжаттарға арналған үстел.
• Бикстер, тіреуіштер, қолды өңдеуге арналған кіршілер,инфузияға арналған жүйені құрастыратын штативтер,дезинфекциялауға арналған сыйымдылықтар.
• Медициналық орындықтар,тумболар.Резеңке бұраулар.
• Шұғыл көмек көрсетуге арналған медикаменттер кешені (анафилактикалық шүк, өкпе ісінулері,бронх демікпесінің ұстамасы, гипертониялық криз,стенокардия
ұстамасы, миокард инфаркті және т.б.).
• Венесекцияға арналған стерилді құралдар жиынтығы, жедел көмек көрсетуге арналған бір мәрте қолданылатын стерилді жүйелер.
• Ағымды жұмыста қолданылатын медикаменттер(антибиотиктер ж\е т.б.).
• Қан тобын және резус-факторды анықтайтын жиынтық.
• Медикаменттерге арналған әйнек шкаф.Әрбір сөресіне белгілер жасайды: «тері астына», «бұлшық етке», «көк тамырлық», «стерилді ерітінділер», « жедел
көмекке арналған медикаменттер». Шкафқа медикаменттерді осы жазу белгілерге сәйкес оорналастырады.
• Лас материалдарды жинайтын аяқпен басқанда ашылатын шелек.
• Жұмыс үстелінде ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар кіші-гірім ыдыс, оған: корнцанг, пинцет, қайшылар салынады,тері антисептиктері бар флакондар,1%
йодонат ерітіндісі,мүсәтір спирті тұрады.
• Арнайы тіреуіште аяқ тежеуішімен ашылатын бикс тұрады, оның ішінде стерилді мақта (дәке) түйіршіктері мен сүрткілері болады.
• Тоңазытқышта қан тобын анықтайтын қан сары сулары, қан плазмасы, тез бұзылатын медикаменттер орналастырылады.
• Ем-шара кабинеті жарық, міндетті түрде ыстық және суық су(шүмегі бар қолжуғыш) болуы керек. Бактерицидті шам, дезинфициялайтын ерітінді бар
сыйымдылық.
Ем-шара кабинетінің құжаттары
• Келеси журналдардан тұрады: тағайындамалар, ем-шара кабинетінің жұмысы ның есебі, көк
тамырға енгізулерді және көк тамырға тамшылатып құйуларды тіркеу және есептеулер, б/е, т/
а жасалған инъекцияларды, антибиотиктерді есептеу, медицинаға бағытталған бұйымдарды
орталық залалсыздандыру бөліміне тапсыруды тіркеу,қанды биохимиялық зерттеулерге
алуды,кезекшілікті тапсырғанда шприцті санау, қанды және қанды препараттарын
тамшылатып құйуды тіркеу,қорытынды жинастырудың жүргізілуін тіркеу, гепатитпен
ауырған пациенттерді тіркеу, тоңазытқыштың ішкі температурасын белгілейтін,
медициналық манипуляциялардан кейін болған асқынуларды тіркеу.
БӨЛІМШЕНІҢ ЕМ-ШАРА КАБИНЕТІНІҢ МЕЙІРГЕРІНІҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТ
НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ
•
• Жалпы бөлімі.
•
• Ем-шара кабинетінің мейіргерінің міндетін орындауға орта
медициналық білімі бар,осы профилдегі жалпы жұмыс өтілі 5
жылдан кем болмайтын маман иесі тағайындалады.
• Қолданыстағы күші бар заңдық құжаттарға сәйкес ем-шара
кабинетінің мейіргерін жұмысқа аурухананың бас дәрігері
тағайындайды және жұмыстан бас дәрігердің бұйрығымен
шығарылады.Мейіргер бөлімшенің бөлім меңгерушісі мен аға
мейіргеріне бағынады.
• Өз жұмысы барысында лауазымы жоғары тұрған маман
иелерінің бұйрықтарын негізге алып және жұмыс
нұсқаулықтарына сәйкес жұмыс жасайды.
• Міндеттері.
• Орта буынды медицина персоналы орындауға рұқсат етілген,дәрігер тағайындаған ем-шараларды,дәрігердің ем
тағайындайтын парағына сәйкес орындайды.
• Тек дәрігер орындайтын манипуляциялар жүргізілгенде көмектеседі.
• Көк тамырдан биохимиялық зерттеулерге қан алады және оны лабораторияға жібереді.
• А және Б топтарының дәрілеріне қатаң есеп жүргізу мен шкафтарда сақталуын қамтамасыз етеді.
• Ем-шаралар жүргізілгенде кабинетте асептика және антисептика ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.
• Құралдарды және материалдарды күші бар нұсқулықтарға сәйкес стерилдейді.
• Құралдарға, қондырғыларға, медикаменттерге және таңу материалдарына дер кезінде талап қағаздарын толтырады
және қажеттілерін тізімге сәйкес қабылданған ереже бойынша алады.
• Кабинеттің қажетті есеп беретін құжаттарын белгіленген формаға сәйкес толтырып,жүргізеді:анализдерді
есептейтін,құрамында есірткі бар, және улы препараттарды сандық түрде есеп жүргізетін журналдарды
толтырады.
• Ем-шара кабинеттің санитарлық-гигиеналық тазалығын қамтамасыз ету.
• Кәсіптік біліктілігін жүйелі түрде ауруханада және бөлімшеде орта буынды медициналық персоналдарға арналып
өткізілетін, ұйымдастырылатын конференцияларға қатысу арқылы жоғарылату.
•
• Құқығы.
•
• Дәрігер жоқ кездерде бөлімшеде науқастарға шұғыл дәрігерге дейінгікөмекті
көрсету.
• Кәсіптік біліктілігін қабылданған тәртіпке сәйкес, арнайы курстарды өту арқылы
жоғарылату.
• Ем-шара кабинетінде жұмыс істегенде бөлімшенің персоналынан асептика және
антисептика ережелерін қатаң сақтауды талап ету.
• Өзінің міндеттерін орындау үшін қажетті хабарламаларды ала білуі.
•
• Жауапкершілігі.
•
• Нақты нұсқаулықтарда және аурухананың ішкі еңбек тәртібінде көрсетілген өз
міндеттерін нақты немесе дер кезінде орындамағаны үшін жауапкершілікке
тартылады.
•
Мейіргерді және ем-шара кабинетіндегі жұмыс орнын дайындау
• Күнде таңертең,кезекшіліктің соңында және жұмыс күні аяқталғанда ем-шара кабинетінде ағымды жинастыруды
жүргізу және бактерицидті шамды қосу.
•
• Қолыңызды деконтаминациялау, арнайы киімді кию.
•
• Ем-шара кабинетінің мейіргері жұмыс істеуге міндетті:
• Медициналық халатты киім
• Колпак киіп
• Теріден тігілген аяқ киімді киіп
• Бет перде тағып
• Көзілдірік тағып
• Қолғаптар киіп
• Қажет болған жағдайларда – алжапқыш тағады және жеңқап киеді.
• Мейіргердің қолын деконтаминациялау.
• Оларды ары қарай жұмыс жасау үшін өңдейді:
• стерилді материалдармен, құралдармен;
• стерилді үстелмен, лотоктармен;
• стерилді бір мәрте қолданылатын шприцтермен;
• қан құйатын тамшылатқыш жүйелермен.
• Мейіргердің қолын деконтаминациялау ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ МАҚСАТЫМЕН және
СТЕРИЛДІ МАТЕРИАЛМЕН ЖҰМЫС ЖАСАҒАНДА СТЕРИЛДІЛІКТІ САҚТАУ үшін
ЖҮРГІЗІЛЕДІ.
•
• ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!
• 70%, спиртпен салыстырғанды, 96% спирттің бактерицидтік әсері сәл бәсеңдеу болады,себебі оның
құрамында қатайтатын заттар көбірек болады!
• Пробиркалар салынатын штатив (тығындары бар пробиркалар);
• к/т инъекция және к/т тамшылатып құюларға арналған бұрау;
• клееңке валик;
• лейкопластырь;
• дәрілік заттарды тамшылатып құюға арналған тірегіш-штатив;
• бір мәрте қолданылатын тамшылататын жүйе,бір рет қоданылатын шприцтер және тб.;
• дәрілік заттардың жиынтығы:ампуладағы, флакондағы;
• «Б» тобының медициналық қалдықтарын салатын ҚЖЖК;
Қауіпсіздік техникасы
• Қауіпсіздіктің жалпы талаптары.
• Ем –шара бөлмесіне өз бетінше жасайтын ем-шара мейіргерлік жұмысына жасы 18 –ге толған, арнайы
дайындықтын өткен, денсаулық жағдайына байланысты қарсы көрсетілімдері жоқ, орта буынды
медициналық персонал жіберіледі.
• Ем –шара мейіргерлері жұмысқа кірерде міндетті түрде жүргізілетін медициналық тексерулерден өтуі
керек. Өз жұмысы барысында қанмен және қан компоненттерімен жанасатын ем–шара бөлмесінің
мейіргерлері жұмысқа кірерде міндетті түрде HbsAg-не тексеріледі және ары қарай жылына бір реттен
сиректетпей тексеріліп тұруы қажет.
• HbsAg табылған жағдайда жұқпалы ауруларды емдейтін дәрігердің нұсқауымен тереңдетілген клинико-
лабораториялық тексерулер жүргізіледі. Hbs-антигенемия анықталған және қауіп-қатер тобына жататын
мейіргерлер пациенттерге В гепатитін жұқтырып алудың алдын-алуға бағытталған жеке бас гигиена
ережелерін қатаң сақтауға міндетті. Барлық парентералдық манипуляциялар қолғап киіп орындалуы керек.
• Терісінің бүтіндігі бұзылған ем-шара бөлмесінің мейіргерлері жұмыстан уақытша оқшауландырылады.
• Иньекцияларды жасау алдында орындау қажет:
• дәрігер тағайындауларын жазатын журналды тексеру;
• флакондағы, ампуладағы жазбаларды мұқият оқып шығу;
• дәрілік заттардың жарамдылық мерзімін тексеру;
• Дәрілік заттың сыртқы түріне зейін қойып қарау.
•
Назарларыңызға рахмет !
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz