Қаржылық бақылаудың негізгі міндеттері


Slide 1

10 дәріс тақырыбы:Сыбайлас жемқорлық әрекеттерін қаржылық бақылау шаралары

Сабақтың мақсаты: Сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жүргізілетін мемлекеттің қаржылық бақылауының міндетін талқылау

Қарастырылатын сұрақтар:

Қаржылық бақылау ұғымы және белгілері.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасауға қаржылық бақылауды жүзеге асыруға бағытталған негізгі іс-шаралар.

Қылмыстық жолмен алынған мүлік пен кірістерді қайтарып алуға(тәркілеуге) бағытталған іс-шаралар.

Ұсынылатын әдебиеттер мен нормативтік актілер:

1. Ә. О. Турдалиев, Ж. Ж. Жағыпар. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл пәні бойынша әдістемелік оқу құралы [Электронный ресурс] / - Алматы: CyberSmith, 2017. - 372 б.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы [Электронный ресурс] . - Алматы: Альманах, 2017. - 30 б. - (Заң кітапханасы) .

3. С. М. Баймолдина. Актуальные проблемы борьбы с коррупцией и организованной преступностью [Текст] : учеб. пособие / - Алматы: Эпиграф, 2016. - 184 с.

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2025 жылдарға арналған салалық бағдарлама

5. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Заңы 18. 11. 2015 жылғы № 410-V.

Slide 2

Қаржылық бақылау деп, мемлекеттік ақша қорларын қалыптастыру және бөлу, сондай-ақ мемлекеттің ақша қаражаттарын пайдалану процестерінің заңды түрде және мақсатқа сәйкес жүргізілуін бақылауды айтамыз.

Қаржылық бақылауды құқықтық реттеу дегеніміз, қаржылық бақылау органдарының жүйесі мен құзыреттерін, қаржылық бақылау нысандарын, түрлері мен әдістерін, сондай-ақ қаржылық тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін белгілейтін қаржылық құқықтың институты.

Slide 3

Қаржылық бақылаудың мақсаты: 1) Қаржы заңнамаларын бұзуы немесе қаржылық қатынасқа түсушілердің өз міндеттерін сапасыз орындауы фактілерін айқындау; 2) Кінәлілерді айқындау мен оларды заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту; 3) Қаржылық тәртіпті бұзудың және оның салдарының алдын алу мен жою.

Slide 4

Қаржылық бақылаудың негізгі міндеттері: 1) қаржылық заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету; 2) мемлекеттің ақша жүйесінің орынды қызмет етуін қамтамасыз ету және де мемлекеттік ақша қорларын қалыптастыру, бөлу, пайдалануды ұйымдастырумен байланысты қаржы органдарының өз функцияларын дұрыс жүзеге асыруына ықпал ету; 3) мемлекеттің ақша қаражаттарын заңды, мақсатты, тиімді пайдалануды қамтамасыз ету; 4) қаржылық қатынас субъектілерінің мемлекет алдындағы өз қаржылық міндеттемелерін толық және уақытында орындауына ықпал ету; 5) қаржылық тәртіпті бұзудың алдын алу мен жою.

Slide 5

Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық қызметінің негізгі бағыты болып табылады. Қаржылық бақылаудың элементтері: *Бақылау субъектісі (тексеруші) ; *Бақылау объектісі (тексерілуші) ; *Бақылау пәні (тексерілетін) ; *Бақылау мақсаттары (не үшін тексеріледі) ; *Бақылауды жүзеге асыру тәсілдері

Slide 6

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың субъектілері болып мемлекеттік органдар немесе мемлекеттің тапсырысымен және оның атынан іс-әрекет жасайтын мемлекеттік емес субъектілері. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың объектілері: мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, азаматтар. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың пәні ретінде осы бақылау объектілерінің тәртібі, оларды өз қаржылық міндеттерін сақтауы жатады.

Slide 7

Қаржылық бақылауды жүзеге асыру белгілі бір жағдайлардың болуын қажет етеді: А) мамандандырылған бақылау органдарын құру; Б) осы бақылау органдарының жүйесін және құқықтары мен міндеттерін белгілеу; В) бақылауды жүргізудің нысандарын, түрлері мен әдістерін белгілеу; Г) бақылау органдарын білікті мамандармен қамтамасыз ету.

Slide 8

Қаржылық бақылау принциптері: Тәуелсіздік; Бақылаудың объективтілігі; Бақылау нәтижелерінің анықтылығы; Бақылаудың ашықтығы; Қаржылық тәртіп; Жариялылық .

Slide 9

Қаржылық бақылау әдістері: 1) Қаржылық жоспарлардың (жобасын, немесе бекітілгендерін) есептеулерін тексеру, оған қоса мәлімдемелерді тексеру; 2) Алғашқы ақша құжаттарын тексеру, оған қоса өзара байланыста тұрған ұйымдардың қосымша құжаттарын тексеру; 3) Ақша құжаттарын және тауарлы материалдық құндылықтарды түгендеу, оған қоса кассаны тексеру және тексеру өлшемін жүргізу; 4) Қаржылық есеп беру құжаттарын талдау, қайта есептеп тексеру, оған қоса баланстарды, жылдық (тоқсандық) есептеулерді санақ мәліметтерін т. б. тексеру;

Slide 10

Қаржылық бақылау органдары: 1. ҚР Парламенті мыналарды бақылайды: а) бюджет түсімдерінің көздерін, оларды үкімет және заңнамалық органдардың үнемді, ысырапсыз пайдалануын; ә) бюджетті бекітуді жүзеге асыра отырып, оның орыныдалуы туралы есепті бекітеді, яғни бюджеттік жоспардың көрсеткішін бақылайды (кейінгі қ. б. ) ; б) Алдағы жылға қабылданатын бюджет жобасын қарастыру кезінде жобанын көрсеткіштерінің заңдылығы және мақсаттылығына бақылау жасалады (алдын-ала қ. б. ) ;

2Арнайы қаржылық бақылауды жүзеге асыратын органдар: ҚР Қаржы Министрлігі, ҚР Ұлттық Банкі, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы б. т. Ол Президент бекіткен арнайы Ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.

Slide 11

Қаржылық бақылау шаралары(Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Заңы 11 бап)

(Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Заңы 11 бап 2020 жыл )

1. Қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында осы бапта айқындалған адамдар жеке тұлғалардың мынадай декларацияларын:

1) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны;

2) кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынады.

2. Активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасының Парламенті мен мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттар мен олардың жұбайлары (зайыптары) кандидат ретінде тіркелгенге дейін ұсынады.

3. Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны:

1) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ;

2) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ;

3) лауазымды адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ;

4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынады.

(Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Заңы 11 бап 2021жыл )

1. Мемлекеттiк лауазымға не мемлекеттiк немесе оларға теңестiрiлген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына:

салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жердегi кірістері мен мүлкi туралы декларацияны, көрсетiлген мүлiктiң орналасқан жерiн көрсете отырып;

мыналар:


Ұқсас жұмыстар
Қаржылық бақылау органдары
ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Қазақстанның қаржы нарығын мемлекеттік реттеу
Мемлекеттік қаржылық бақылау
Менің мамандығым бухгалтер
Еліміздің экономикалық қауіпсіздігінің маңызды элементі
Қаржы бақылауының мемлекеттік жүйесі
Мемлекеттік салық менеджменті
Менеджменттің бақылау қызметі
Кәсіпорындардағы есепке алу - талдау жұмысының қазіргі жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz