Зере майының түрлері



Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехнокалық университеті
«Тамақ және қайта өңдеу өндірісінің технологиясы» кафедрасы
ҚАРА ЗЕРЕ МАЙЫ
Орындағандар: Мақсот Н., Сагандыкова М.
Тексерген: аға оқытушы Сатаева Ж. И
Notes: Орындаған:Бадуан Ақжарқын
Мақсот Нұрбақыт
Сағандыкова Мадина
Сатыбаев Меирхан

Кіріспе
Негізгі бөлім
Зере майының түрлері мен құрамы
Пайдалы қасиеттері мен қолдануға көрсетілімі
Қарсы көрсетілімі мен зияны
Қара зире майын қалай қолдауы керек?
Қорытынды
Жоспар

КІРІСПЕ
Эфиопия, Сауд Арабиясы, Египет, Штаттар, Үндістан, Орта Азия, Закавказье, Жерорта теңізі және Солтүстік Кавказда өсірілетін қара зире тұқымдары ежелден дәмді және хош иісті дәмдеуіш ретінде қолданылған. Әр түрлі елдерде кеңінен қолданылуына байланысты бірқатар атауларға ие, олардың ішінде "үнді зире", "чернушка", "зире", "Рим кориандры", "зира", "джира", "шабрей", "кмин". Бірақ мұндай зире тұқымдары мен алынған май әртүрлі ауруларды кешенді емдеуге арналған емдік күші бар ерекше құрал ретінде танымал. Емдік майды зеренің піскен дәндерінен сығып алады. Дәмі аздап қышқылдау, өзіне тән хош иісі бар. Қара зере майының зияны мен пайдасы көптеген медициналық басылымдарда жарияланған.
Зере майының құрамы және оның ішкі ағзалардың жұмыс істеуіне әсері ресми тұрғыда зерттелген. Қара зере майы оба вебрионы және ішек таяқшасы сияқты қауіпті бактериялармен күресе алатыны дәлелденген.

Зере майының бірнеше сорттары бар, олар бір-бірінен өсу орны мен өсімдік түрімен ерекшеленеді. Өнімнің құрамы қара зиренің жеке ерекшеліктеріне және сығу әдісіне байланысты. Майдың келесі түрлері бар:
Эфиопиялық. Өнімдері жұмсақ ащы дәмге ие және косметика ретінде қолданылады.
Зере майының түрлері

Зере майының құрамы дәрумендер мен минералдарға бай, олардың 85%-ы дене жасушалары синтезделмейді. Өнімнің химиялық құрылымы келесі компоненттерден тұрады:
Аминқышқылдарының 15 түрі;
мультивитаминді кешен A, B, C, D, E;
Полиқанықпаған және қаныққан май қышқылдарының 30 түрі, олардың ішінде олеин, линол, стеарин, пальмитин, линолен;
моно - және полисахаридтер;
органикалық қышқылдар;
жүрек-тамыр және иммундық жүйелердің жұмысын ынталандыратын фитостеролдар, фосфолипидтер;
минералды компоненттер: кальций, фосфор, магний, темір;
100 грамм қара зеренің құрамында 16, 67 г ақуыз, жалпы майы 33, 33 г, көмірсу 50, 50 г, темір 12, 0 мг.
Зере сарғалдақ тұқымдас өсімдіктер тобына жатады. Оның дәні мен жемісі қара түсті, әрі ол жапырағына ораулы болады. Ал гүліне келсек, ол ақ түсті, аздап жасыл түс байқалуы мүмкін. Жемісін беретін кезі көктемнің соңы мен жаз айларына таяу болады. Ол негізінен Жерорта теңізі аумағында, Азияның батыс тұстарында және Африканың солтүстігінде өседі.
Зере майының құрамы

Қара зере майының ең пайдалы әсерлеріне мыналар жатады:
Иммунокүшейтуші: Құнарландырылған майлы сұйықтықта толық мөлшерде иммундық жүйенің барлық бөлімдерінің жұмысын жақсартатын заттектер бар;
Тазартушы: Зере майы зиянды уыттарды жақсы бейтараптандыра алады, бауыр мен бүйректің сүзгіштік қабілетін қалпына келтіреді;
Несеп айдағыш: Май несептің шығуын жақсартып қана қоймай, балмен қосып ішсе, бүйректегі тас түйіршіктерінен құтылуға көмектеседі;
Тыныштандыратын және адаптогенді: Шығыс медицинасында ұйқысыздықтан және ашушаңдықтан арылу үшін қолданылады. Ол бас ми жұмысын жақсартады және жайлап әлдендіреді;
Тырыспа жоюшы және ауруды басатын: Бұлшықеттердің түйілуін жеңілдетеді және жеңіл ауырсынуды басатын әсер береді;
Өт айдайтын: Зере майы өт жолдарын тазалайды, соның арқасында ас қорыту жақсарады;
Қалпына келтіретін: Қара зере тіндердің қалпына келуін жақсартатын заттектерден тұрады, сондықтан зақымдалған терінің қалпына келуін жылдамдату үшін жиі қолданылады;
Паразиттерге қарсы: Зере майы адамның ас қорыту мүшелерінде паразит жолмен тіршілік ететін, ең көп таралған ішек құрттарынан жайлап құтылуға көмектеседі.

ҚОЛДАНУҒА КӨРСЕТІЛІМДЕРІ
Қара зере майының емдік қасиеттері көптеген ауруды емдеген кезде, сондай-ақ профилактикалық препарат ретінде қабылдауға мүмкіндік береді. Алайда өнім келесі жағдайларда айтарлықтай пайдалы:
Жиі респираторлық және вирустық аурулар, ісіп қызару сипатындағы қайталанатын патологиялар тән болып келетін иммунитеттің әлсіруі кезінде;
Емдік-инфекциялық процестерді емдеу кезінде табиғи антибиотик ретінде;
Онкологияға тұқымқуалаушылық жағынан бейім тұлғалар. Қара зере майы мөлшерден ауытқыған жасушалардың дамуына жол бермейді, сонымен бірге қатерлі процестердің дамуына бөгет болады;
Ас қорыту мүшелерінің созылмалы аурулары кезінде. Қара зере майы шырышты қабырғалардың өзгертілген құрылымын қалпына келтіреді, жиналған шлактарды шығарады, тамақтың қорытылуын жақсартады;
Бүйрек және бауыр тіндерін тазарту үшін;
Семіздік кезінде. Қара зере алмасу процестерінің белсенді етуінің арқасында арықтауға көмектеседі;
Паразиттермен күресу үшін;
Балалы бола алмай жүрген әйелдер мен ер адамдарға.

ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ МЕН ЗИЯНЫ
Қолданар алдында егер оны қолдануға қарсы көрсетімді ескермесек, майдың денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін. Қара зире майын мынадай жағдайларда қолдануға болмайды:
Қысым төмендеген кезде;
Ағзаларды ауыстырған кезде. Дене мүшелері ауыстырылғаннан кейін қара зеренің әсерімен ішкі ағзалар функцияларының күшеюі есебінен донорлық тіндердің қабылдамауы орын алуы мүмкін.
Ойық жара, гастрит, панкреатит асқынған кезде маймен емделудің уақытша тоқтатқан дұрыс. Ұсынылған мөлшерді асыруға болмайды, өйткені ол бас ауруына, дәреттің бұзылуына, күретамырлық қысымның төмендеуіне алып келуі мүмкін. Аталмыш белгілер пайда болған кезде препараттың мөлшерін азайтып, жалпы көңіл-күйді бақылау керек.
Жүктілік кезінде. Зеренің құрамында жатыр тонусын күшейтуі мүмкін фитогормондар бар. Оның салдарынан жүктілікті тоқтату қауіпі туындайды;

ҚАРА ЗЕРЕ МАЙЫН ҚАЛАЙ ҚАБЫЛДАУ КЕРЕК?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz