Дезинфекция түрлері, әдістері


Slide 1

Эпидпроцестің 2-тізбегіне бағытталған шаралар. Дезинфекция түрлері, әдістері. Стерилизация туралы түсінік.

Алматы 2016 жыл

С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Орындаған: Ережімбетова А. Т.

Қабылдаған: Жақан Ж. Ж.

Тобы:13-001-01

Факультет: ҚДС

Курс: 3

Кафедра: Эпидемиология

Slide 2

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Дезинфекция

2. 1. 1. Жіктелуі

2. 1. 2. Дезинфекциялық әдістер

2. 1. 3. Стерилизация

ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3 Slide 4

Кіріспе

Дезинфекциялық шараларды ғылыми тұрғыдан негіздеу, ХІХ ғасырдың аяғында басталды, бұған эпидемиология мен микробиологияның жетістіктеріне сәйкес біраз жұқпалы аурулардың қоздырғышының ашылуы, инфекциялық, эпидемиялық процестердің мәнінің анықталуы себеп болды. Дезинфекцияның көптеген мәселелерін зерттеуге Н. Н. Доброславин (ласты залалсыздандыру, бұйымдарды дезинфекциялау үшін жоғарғы қысымды буды пайдалану), В. К. Крупин (дезинфекция камерасын құрды), И. Ф. Гамалея, В. Г. Окуневский сияқты көптеген ғалымдар ерекше үлес қосты.

Slide 5

Дезинфекция

Кең мағынада «дезинфекция» француздың «des» - теріс сөзінен және латынның enfection (инфекция) деген сөзінен құралады, оны ауру көзі мен қабылдаушы организм арасындағы жұқпалы аурудың қоздырғыштарын беретін жолдарда объектілердегі патогенді микроорганизмдерді (бактерия, вирус, риккетсия, токсиндер, саңырауқұлақтар) жою немесе аулақтау деп түсіну керек.

Дезинфекция түсінігі ықшам түрде патогенді микробтарды жою немесе объектілерден аластатуға арналған ұтымды әдістер мен тәсілдердің жиынтығы болып есептеледі.

Slide 6

Дезинфекция: мақсатына байланысты

Slide 7

Эпидемия ошағында қоздырғыш көзінің бар не жоқ болуына байланысты дезинфекция түрлері:

Slide 8

Дезинфекциялық шаралардың негізгі мақсаты - қоздырғыштарды инфекция көзінен қабылдағыш адамдарға беру жолында жою болғандықтан, әрбір жұқпалы ауру жағдайында қоздырғыштардың берілу механизмі, таралу факторлары мен жолдарының ерекшеліктеріне орай шараларды әр түрлі өткізу.

Ішек жұқпалы аурулары кезінде алдын алу дезинфекциясының шаралары суды, ағынды суларды, қалдықтарды және тағамдарды тазалауды, залалсыздандыруды көздейді.

Slide 9

Тыныс жолдарының жұқпалы ауруларында дезинфекция жасау шарасының негізгі мақсаты - ауада қоздырғыштың санын азайту, ол ауаны УФ сәулелерімен өңдеу, бөлмені желдету, ауру жанындағы заттарды ылғалмен өңдеу, осы мақсатта басқа да залалсыздандыру шараларын пайдалану.

Қандағы жұқпалы ауру қоздырғыштары, негізінде, иенің не тасымалдаушы организмнің жабық ортасында болады. Сондықтан ол қоршаған орта жағдайына төзімсіз. Осыған байланысты тек қана кейбір ауруларда қан жұқпаларының қоздырғыштарына қарсы дезинфекциялық шаралар өткізіледі: оба, туляремия, қу қызбасы

Аурухана ішіндегі жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған дезинфекциялық шаралардың маңызы зор.

Slide 10

Дезинфекциялық әдістер

Slide 11

ФИЗИКАЛЫҚ - жоғарғы температураны қолдануға негізделген. Төменгі температуралар патогенді микрофлораға әсер етпейді, тек кана өсуін тоқтатады және консервант болып табылады. Жоғарғы температураның әсерінен ақуыз тез үиыиды және клетка өмірі кысқарады. Қайтымсыз процесс.

Дезинфекцияның физикалық әдістері:

күйдіру (науа) ;

тесу;

өртеу (мәйіттерді, кақырыкты, киімдерді) ;

күрғак ыстық ауа (күрғақ шкафта 120 С температурада және 45 минут экспозицияда) ;

пастерлеу;

қайнау кезінен бастап дистиллденген суда 30 минут бойы кайнату;

кайнау кезінен бастап 2% натрий екі көмір кышқылды ерітіндіде 15 минут қайнату;

ультрафиолетті және күн сәулелерімен сәулелендіру;

ыстық үтікпен басу;

тиндализация (экспозициясы 1 сағат, 60 С температурада 6-7 күн бойы пастеризациялау) .

Slide 12

МЕХАНИКАЛЫҚ - инфекциялық аурулардың коздырушыларын механикалық жолмен алу әдістеріне негізделген. Дезинфекцияның механикалық әдістері - қолды, бетті, денені жуу, киімді жуу, бөлмені ылғалды тазалау, шанды сүрту, кілемдерді және төсек-орын жабдықтарын қағу.

Физикалык әдіс - адамдарға ең сенімді және зиянсыз әдіс болып табылады. Егер шарттар қолайлы болса, әсіресе жабдыктар, бүйымдардың номенклатурасын осы әдіске беру керек.

Slide 13

ХИМИЯЛЫК - дезинфекцияда колданатын дезинфектант және микроб арасындағы химиялық реакция. Микробты клеткаға жойқын әсер ететін барлық химиялық заттар ДЕЗИНФЕКТАНТТАР деп аталады. Дезинфекцияның химиялық әдісі микробты клетка мен химиялык заттар арасындағы байланысты қамтамасыз етуге негізделген. Дезинфектанттарды негізінен сулы ерітініділерде қолданады. Химиялық реакция жоғарғы температурада тез өтеді. Кез-келген химиялық реакция белгіленген уақытта жүреді. ЭКСПОЗИЦИЯ - реакция уақытын шектеу. Дезинфекция сапасы және экспозиция уақыты қолданылатын дезинфекциялаушы заттардың сапасына байланысты болады.

Дезинфекцияның химиялық әдістеріне мыналар жатады: суландыру; сүрту; толығымен суға салу; шаңдату.

Slide 14

Дизенфекцияның химиялық әдісінде қолданылады:

• Құрамында хлоры бар препараттар: Гипохлорид кальцийдің 3/2 негізгі тұзы (ДТСГК), деохлор.

• Қышқылдар (бор қышқылы)

• Сілтілер (нашатр спирті)

• Спирттер (70% этил спирті)

• Тотықтырғыштар (сутегі тотығы «первамур, виркон препараты»)

• Фенолдар (үш еселік ерітінді)

• Алдегиттер (фармолин, фармольдигит «септодор-форте», «секусепт форте», «гигасепт»)

• Детергенттер және беткейлі актив заттар (хлоргексидин биглюконат, дегмин, дегмицит «лизоформин-специаль», «лизоформин 3000», «лизетол АФ», «дезэффект», «септокаль», «дезапрев»)

Негізінде ең көп қолданылатыны құрамында хлоры бар препарат: гипохлорид кальцийдің 3/2 енгізгі тұзы (ДТСГК)

Slide 15

ДЕЗИНФЕКТАНТТАРҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

1. Адамдарға және жануарларға улы емес;

2. Жарарсыздандыратын заттарға кері әсерін тигізбейді;

3. Материалды шығын келтірмеу керек;

4. Жарылғаш және жанғыш болмау керек;

5. Тасымалдауда колайлы болу керек;

Суда жақсы еру керек;

Препараттар арзан болу керек; Дезинфекцияның химиялык әдістерінде қолданылады.

Slide 16

Стерилизация

Медициналық стерилизация (тазалау) дегеніміз заттар мен бұйымдарды физикалық, химиялық факторларды пайдаланып, оларды барлық микробтардан толық тазарту.

Залалсыздандырудың негізгі мақсаты - медициналық бұйымдар мен дәрілердегі болуы мүмкін микробтарды толығымен жою.

Залалсыздандырудың физикалық әдісі: құрғақ ыстық ауамен, қысымы жоғары су буымен, инфрақызыл және радиациялық сәулелермен өңдеу, сүзу.

Залалсыздандырудың химиялық әдісі: газдарды пайдалану, өңделетін заттарды ерітіндіге батыру. Стерилизациядан кейін заттарды газдан тазалау немесе жақсы жуу керек.

Slide 17

Стерилизация алдындағы тазалау кезеңдері:

Ағып тұрған суды пайдаланып, 0, 5 минут жуу;

Бұйымдарды 50˚С температурада, жуатын ерітінділерге 15 минуттай толық батыру;

Ерітіндіде әрбір бұйымды щетка немесе мақта - дәке тампонды пайдаланып жуу;

Әрбір затты ағып тұрған сумен, содан кейін дистилденген сумен шаю;

Бұйымдарды құрғақ ауа пайдаланылатын стерилизаторларда 80-85 ˚С температурада толық кептіру.

Slide 18

Науқасты күту және емдеу кезінде қолданылатын кез келген заттар толық дезинфекцияланбаса, басқа адамдарға ауру жұқтыра алады. Жеткіліксіз залалсыздандырылған аспаптарды қолдануы сарысу, гепатит, ЖИТС, стафилококк және басқа инфекцияларды дамыта алады.

Біздің елде "Медицинаға белгіленген өнімдерін дезинфекциялау және залалсыздандыру" тараулын стандарты енгізілді (42-21-2-85 ГОСТ) . Осы стандарттан дезинфекциялау мен залалсыздандырудың әдістері, дәрілері мен тәртіптері белгіленді.

Қазіргі емдеу мекемелерінде орталықтандырылған залалсыздандыру бөлімшелер (ОЗБ) ұйымдастырылды. ОЗБ-да ашық түрде медициналық өнімдерін залалсыздандыруға болмайды. Ашық түрде құрғак ауа шкафында залалсыздандыруға болады.


Ұқсас жұмыстар
Залалсыздандырудың әдістері
Дезинфектанттардың сапасын саралау
Дезинфекция жүргізу тәртібі
Дезинфекциялық ерітінді түрлері
Дезинфекцияның әдістері
Заттарды өңдеуге арналған құралдар
Дезинфекциялық ерітінділер
Заманауи дезинфекциялық ерітінділердің жіктелуі
Дезинфекциялық ерітінділерді қолданғанда медицина қызметкерлерінің қорғану ережелері
Дезинфекция жұмыстарын жүргізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz