Бүгінгі заман талабына сай информатика мұғалімінің кәсіби құзреттілігі
Презентация қосу
«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша
білім бөлімі Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Баяндама
Бүгінгі заман талабына сай
информатика мұғалімінің кәсіби
құзреттілігі
Орындаған: Татиева Гульден Бисембаевн
информатика пәнінің мұғалімі
2021-2022 оқу жылы
Қазіргі таңда педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту –
педагогтің кәсіби тәжірибе негізінде үздіксіз өз білімін арттыру,
дамыту, шыңдауға әкелетін кәсіби тәжірибені жаңарту,
жаңалықтарды қабылдау мен меңгертудің қарқынды процесі.
Педагогтың арнайы құзыреттілігі кәсіби қызметті жеткілікті
деңгейде жоғары деңгейде игеру, кәсіби дамуды жобалау. Әлеуметтік
дағдылар біріккен кәсіби қызметке ие болу (топтық, кооперативті),
сол сияқты кәсіби қарым-қатынас амалдарын қабылдау. Мұғалімнің
кәсіби құзіреттілігі –нәтижелі білім берудің негізі, оның жан-жақты
білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін
меңгеруімен өлшенеді. Педагог қаншалықты білімді, шығармашыл
болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. Әрбір
мұғалімнің кәсіби дайындық запасына қойылатын талап немесе
кәсіби теориялық білімі мен практикалық біліктілігі –құзыреттілік
пен кәсіби шеберлігінің сапасы ретінде қаралады. Құзыреттілікті
нәтижеге бағытталған білім беру жүйесінің сапалық критериі
ретінде қарау, зерттеу, бүгінгі күн талабы.
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік
қызметтің ерекше түрі болып табылады.
Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін
педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет.
Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке
басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет
ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа
инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі
дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. Оқу-тәрбие
үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу
оқушылардың білімге деген қызығушылығын,
талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге,
шығармашылық еңбек етуге жол салады. Озық
педагогикалық тәжірбиенің негізі болып есептелетін
жаңашылдықты зерделеу − педагогикалық
тәжірибелерді теориялық талдау және жинақтауға
алып баратын басқыш сияқты. Қазіргі таңда әдіс-тәсілдің
тиімдісін мұғалім өз еркімен таңдайды. Түрлі әдіс-тәсілдерді саралай
отырып, тиімдісін өзіндік ой еңбегімен ұстастыра алса, әр сабақ өз
нәтижесін беретініне сенемін. Заман талабына сай шәкірт
Тәжірибеде сол технологияларды қолдану, зерттеу, пысықтап анализ
жасау- әр ұстаздың міндеті. Сабақ барысында «Миға шабуыл», «Автор
орындығы», «Ыстық орындық», «Уақыт тізбегі», «Хикая картасы», «Балық
қаңқасы», «Дара диаграмма», «INSERT», «Аквариум», пікірталас, дөңгелек
үстел, диалог, оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын
құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу,
тәжірибе жасау үшін тиімді әдіс-тәсілдер болып саналады.
Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс
істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық
оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс
істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық
әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану
арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Еліміздегі өзгерістер, қайта
жаңғырулар білім беру жүйесіне де айтулы реформалар мен жаңа
мақсаттар әкелді.
Информатика пәнінің білім беру жүйесіндегі орны ақпараттық орта мен
қоғам мүшелерінің жаңа ақпараттық технологияларды кең қолдануға
байланысты маңызды болып есептеледі және оның мазмұны үнемі жаңарып
отырады.
Бүгін де жаңа технологиялармен сабақ жүргізуде ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану өте тиімді. Оқушылардың ой-
өрісі мен дүниетанымын кеңейтіп, білім сапасының өсуіне әр оқушының
қабілетіне қарай әртүрлі әдіс-тәсіл арқылы оқытудың маңызы зор. Мен
сабақтарымда әртүрлі әдіс-тәсілді пайдалана отырып, оқушыларды
топтастырып, жұптастырып, жекешелендіріп оқыту арқылы
оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, өз бетінше ізденіп, еркін
сөйлеулеріне көп мән бере отырып, оқытудың нәтижелі болғандығына,
балалардың сабаққа деген ынтасы, белсенділігі арта түсетіндігіне көзім
жетіп келеді. Әрине әр сабақта барлық әдіс-тәсілді пайдалану мүмкін емес.
Сондықтан әр сабақтың тақырыбына қарай, оқушылардың жас
ерекшеліктеріне қарай қолдануға тырысамын.
Мұғалімнің және оқушының шығармашылық жұмыстарының ғылыми
деңгейін қалыптастыруда, жаңа құндылықтар, ізденістер жасау. Ұстаз
үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен
алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады.
Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz