Сурдопедагогиканың негізгі оңалту әдістері




Презентация қосу
Сурдопедагогиканың негізгі
оңалту әдістері
Жоспар
1.Естімейтіндерді коммуникативті іс - әрекет негізінде сөйлеуге
үйрету
2.Естімейтіндерді оқытудың билингвистикалық әдісі
3.Аналық мектеп әдісі
4.Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту мен оңалтудың
верботональды әдісі
Естімейтіндерді коммуникативті іс - әрекет
негізінде сөйлеуге үйрету
Коммуникативті іс - әрекет жүйесінде естімейтіндердің сөйлеу іс - әрекеті арнайы
ұйымдастырылған сөйлеу арқылы қарым – қатынас практикасында қалыптасады.
Осы жүйенің негізін қолдаушы С.А.Зыков болып табылады.
Естімейтін балалардың сөйлеу арқылы қарым – қатынас жасау дағдыларын
меңгеруі көптеген факторларға байланысты: естудің жағдайы: (есту неғұрлым
сақталған болса, соғұрлым сөйлеу арқылы қарым – қатынас жасауы тиімді болады);
дыбыс күшейткіш аппаратураларды қолдану; арнайы оқыту технологиялары;
сурдопедагогтардың кәсіби шеберлігі және шығармашылық қабілеттері:
Коммуникативті іс - әрекет жүйесінде тілге оқытудың мақсаты – естімейтін
балаларды тілдік шындыққа жеткізу, тілдің мазмұнын түсінуі; әлеуметтік
бейімделуге, жәке тұлғасының жан – жақты дамуына қолайлы жағдай жасау: және
т.б.
«Тілдік қабілеттілік – тілдік үрдіс (іс - әрекет) – тілдік жүйе» аталған
жүйенің құрам бөліктері болып табылады.
Тілдік қабілеттілікті дамытуға естімейтін баланың қоршаған адамдармен
сөйлеу тілін қолдану арқылы қарым – қатынас жасауға ұмтылуы жатады.
Тілдік қабілеттілікті қалыптастыру үшін балаларды алдымен заттық
жағдайда өздеріне айтылған сөзді түсінуге үйрету. Заттық әрекеттердің
мазмұнын түсіну мен бақылау негізінде не талап етілетінін, не жайлы сұрап
жатқанын, не істеу керек екенін түсінеді.
Тілдік үрдістің қалыптасуы сөйлеу іс - әрекетінің әр түрін меңгеруді
білдіреді: қабылдау (көру және есту – көру арқылы), сөйлеу, оқу, дактильдеу.
Сөйлеу іс - әрекетінің әр түріне үйрете отырып, сурдопедагог осы іс -
әрекеттің барлық құрам бөліктеріне назар аударады.
Тілдік жүйемен таныстыру естімейтін балалардың бар сөйлеу тәжірибесіне
сүйене отырып сөйлеу арқылы қарым – қатынас практикасын ұйымдастыру
барысында жүзеге асады. С.А.Зыковтың идеясы бойынша естімейтін балалар
тілдік белгілерді сөйлеу барысындағы әртүрлі сөйлеу тілі формаларын қолдану
арқылы меңгереді: ең басынан жеке сөздерді бермей, өтініш, сезімін, ойын
білдіретін бірден дайын айтылуларды қолданып үйретеді. Коммуникативті іс -
әрекет жүйесі келесі қағидаларға негізделеді.

Генетикалық қағидасы баланың онтогенездегі сөйлеу тілінің даму
заңдылықтарын, сөйлеу тілінің шығуының заңдылықтарын, филогенездегі
сөйлеу тілін қарастырады. Осыған байланысты естімейтін балалардың сөйлеу іс
- әрекетін қалыптастыру (оның міндеттері, әдістемені анықтау, сөйлеу
құралдарын таңдау, оның мазмұнын құрылымын таңдау) қалыпты баланың
сөйлеу тілінің даму ерекшеліктеріне, сөйлеу функциясының қалыптасу
генезисіне сүйенеді.
Іс - әрекет қағидасы естімейтін балалардың сөйлеу тілін меңгеруі
қажеттіліктен келіп шығуына арнайы жағдай жасауды қарастырады. Қарым
– қатынас жасау қажеттілігін пайда қылдыру және бекіту үшін мектепте
заттық – практикалық іс - әрекет, мектепке дейінгі мекемелерде тұрмыстық,
ойын, қарапайым еңбек іс - әрекеті ұйымдастырылады. Әр түрлі іс - әрекетті
ұйымдастыру естімейтін балалардың сөйлеу арқылы қарым – қатынас
құралын меңгеруін қамтамасыз етеді, сонымен бірге сөздік материалды
таңдауда фонетикалық немесе грамматикалық талаптар бойынша емес,
балардың ұйымдасқан іс - әрекетінің қажеттілігіне сүйеніп таңдалып
алынады.
Құрылымды – семантикалық қағидасы сурдопедагогты тілдегі бар мағына
мен формасы, мазмұны мен құрылымы арасындағы өзара байланысқа
бағыттайды. Алдымен естімейтін балалар сөйлеу кезіндегі сызықтық
синтагматикалық байланыстарды: фразаларды, сөйлемдерді, синтагмаларды
және т.б. меңгереді.
Коммуникативті іс - әрекет жүйесінде естімейтін балаларды
оқыту үшін сурдопедагог:

балалардың сөйлеу тілінің дамуын практикалық іс - әрекетінің
қалыптасуымен өзара байланыста жүзеге асыруы тиіс;
сөйлеу тілін қарым – қатынас құралы ретінде қолдануға қажетті
сөйлеу ортасын ұйымдастыруы тиіс;
сөйлеу тілінің әр түрлі формалары арасында өзара әрекет пен
өзара байланысты орнатуы тиіс және т.б.
Естімейтіндерді оқытудың билингвистикалық әдісі

Естімейтіндердің әлеуметтік - мәдени қоғамының мүшесі болып саналатын
азаматтардың қызығушылықтары мен құқықтарын қорғауға мүмкіндік
береді. Естімейтін адамдардың тілдік мәдениетінің басты белгісі –
күнделікті өмірде, достарымен қарым – қатынаста ұлттық тілдегі жесттерді
қолдану болып табылады. Екі тілді естімейтін тұлға (ағылшынша Ві; - Ві;) -
таным және қарым - қатынас үшін ұлттық тілдегі жестті және сөйлеу тілін
қолданатын адам.
Жесттік сөйлеу тілінің лингвистикалық негіздерін зерттеу оны пән ретінді
оқыту әдістемесін жасауға мүмкіндік берді: екі бағыты бөліп көрсетіледі.
Бірінші бағытың аясында жесттік сөйлеу тілін шеттілі ретінде оқыту
әдістері, мазмұны жасалды. Екінші бағыт аясында жесттік сөйлеу тілін
естімейтін тұлғалардың «ана тілі» ретінде оқыту іске асырылады.
Естімейтіндерді оқытудың билингвистикалық әдісінің мақсаты – есту
кемістігінің және жеткіліксіз дамыған ауызша сөйлеу тілінің салдарынан
өзін кемсітпейтін, еркін жеке тұлға тәрбиелеу.
Билингвистикалық оқыту әдісінің жақтастары балалар туылғаннан кез келген тілді
сөздік және жесттік тілді меңгеруге бейім келеді деп есептейді: тілді меңгерудегі
басты алғышарттарға балалардың сақталған маторикасы мен моторлы дағдыларын
дамыту жатады. Жесттік сөйлеу тілін психологиялық және психолингвистикалық
зерттеу нәтижесінде жесттік сөйлеу тілін жақсы меңгеру ауызша сөйлеу тілін
меңгеруді жеңілдететінін дәлелдеген.
Жесттік сөйлеу тілінің лингвистикалық негіздерін зерттеу кезінде жесттік сөйлеу
тілін пән ретінде оқыту мәселелері айқындалды. Осы зерттеулерге байланысты екі
бағыт анықталды. Бірінші бағыт Г.Л. Зайцеваның ойынша жесттік сөйлеу тіліне шет
тілді оқытқан сияқты оқыту керек дейді. Екінші бағытты ұстанушылар (Т.П.
Давиденко, В.В. Ежова) естімейтіндерге жесттік сөйлеу тілін «туған тілі» ретінде
оқыту керек деп санайды.
Қазіргі таңда билингвистикалық мектептер мен балабақшалар көптеген елдерде
ұйымдастырылған – Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Голландия, Дания, Канада,
Швейцария, Финляндия және т.б. Швеция мен Норвегияда естімейтіндерді жесттік
сөйлеу тілі арқылы оқыту мемлекеттік саясат болып табылады. Мәскеуде 1992
жылдан бастап естімейтін балаларға арналған билингвистикалық гимназия жұмыс
істейді. Жаңа педагогикалық жүйені ендіру мен оның іс әрекетін Г.Л. Зайцева
бақылап отыр. Бізде Қазақстанда аталған бағыт арнайы оқыту жүйесіне
ендірілімеген.
Аналық мектеп әдісі.
Аталған әдіс еститін адамдармен еш қиындықсыз сөйлеу арқылы қарым – қатынас
жасауға қабілетті толыққанды жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған.
Еститін балалар мен естімейтін балалардың танымдық және сөйлеу тілінің дамуы
жалпы заңдылықтарға бағынады. Айырмашылық тек естімейтін балалардың сөйлеу
тілін естіп қабылдауының және сөйлеу арқылы қарым – қатынас жасау дағдысының
қалыптасу қарқынында байқалады. Сонымен қатар сөйлеу арқылы қарым – қатынас
жасау дағдысының қалыптасуы естудің жоғалту деңгейінен гөрі, отбасы жағдайында
оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыруға байланысты.
Естімейтін баланың сөйлеу тілі қалыпты баланың сөйлеу тілінің даму
заңдылықтарына сай дамуы үшін, өзінің және өзіне айтылған ересек адамдардың
айтқанын түсінуге мүмкіндік жасау керек.
Э.И.Леонгард естудің зақымдалуының салдарын жоюға бағытталған ұзақ уақыт
бойы арнайы педагогикалық көмектің қажеттісін айтып, осындай көмектің
бағдарламасын жасап, практикаға ендірді (1966).
Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеудің
тиімділігінің басты шарттарына ерте жастан диагностикалау (өмірінің
алғашқы күндері мен алғашқы апталары) және ерте жастан естуді
протездеу (диагноз анықтала салысымен).
Диагноз анықтала салысымен есту аппаратын тағу есту –
артикуляторлы байланыстың қалыптасуына әкеледі. Жақсы таңдалған
есту аппараты және оның жұмыс режимінің дұрыс таңдалуы – есту
қабілеті зақымдалған балаға арнайы көмек көрсетудің басты шарты
болып табылады.
Диагноз анықтала салысымен мақсатты бағытталған үйде тәрбиелеуге
кірісу керек. Отбасында тәрбиелеу арнайы маманның басшылығымен
жүзеге асады. Сөйлеу ортасын құру туралы, сөйлеу арқылы қарым –
қатынас жасау керектігі туралы ата – аналарға ұсыныстар беріледі.
Осы әдісте сурдопедагогпен ата – аналар баланы абилитациялаудың тең
құқылы қатысушылары болып табылады.
Аналық мектеп жүйесінің басты мақсаты – есту қабілеті зақымдалған балаға мүгедек
ретінде емес, толыққанды тұлға ретінде қарау болып табылады.
Э.И.Леонгард және оның ізбасарлары (Е.А.Иванова, Е.Г.Самсонова) сөйлеу тілін
меңгерудің кезеңдерін анықтаған:
1 – кезең баланың сенсорлық белсенділігін қамтамасыз ету. Демек, баланың күнделікті
өмірінде әртүрлі дыбысталулар, баланың қосарланып айтуына әсер ететін буындар, сөз
тіркестері, былдыр сөздер т.б. көп болуы керек.
2 – кезең баланың сөйлеу тәжірибесін жаңа жағдай құра отырып кеңейтуге
бағытталған. Осы уақытқа дейін жиналған қоршаған орта туралы дыбыстарынан
бастап, жеке сөздерден, екі – үш сөзді фразаларды қолдана бастауға көшуде
бейнеленеді.
3 – кезең баланың толық диалог құра алуын қамтиды. Естімейтін баланың сөйлеу тілі
қалыпты баланың сөйлеу тілінің дамуынан, әсіресе лексика мен грамматиканы
меңгеруінде шамамен екі жылдай артта қалады. Ал нашар еститін балалардың сөйлеу
тілінің дамуы 1 жыл көлемінде артта қалады.
4 – кезең жалпы білім беретін ортада еститін балалармен қатар тиімді оқуы үшін
қажетті деңгейде ана тілін меңгеруін қамтиды.
Оқыту барысында балаларда сөйлеу тілін есту – көру арқылы
қабылдау қалыптасады, ол өз кезегінде айналадағы адамдардың
айтқанын жоғары деңгейде түсінуді қамтамасыз етеді.
Есту қабілеті зақымдалған балаларды
оқыту мен оңалтудың верботональды әдісі
Верботональды әдіс педагогикалық жүйе ретінде өткен ғасырдың ортасынан бастап, сөйлеу
коммуникациясы саласындағы практикалық жұмыс пен лингвистика саласындағы ғылыми зерттеулер
нәтижесінде қалыптаса бастады. Оның негізін салушы Хорватиялық лингвист, қарым – қатынас
жасауда қиындықтары бар адамдардың сөйлеу тілін қабылдауын зерттеумен айналысқан доктор Петар
Губерина болған. Ол 1954ж. Загреб қаласында (Хорватия) «СУВАГ» верботональды орталығын ашты.
Қазіргі таңда 70-тен асқан елде 600-ге жуық верботональды орталықтар бар, «СУВАГ» халықаралық
орталықтар Ассоциациясының штаб – пәтері Парижде орналасқан.
Оңалту орталығында медициналық – диагностикалық тексеру бөлімі; күндізгі мектепке дейінгі және мектеп
стационары бар оңалту бөлімі; естуді протездеу және аудиоаппаратуралар, есту апараттарын СУВАГ
диагностикалау бойынша таңдау бөлімі; медтехникалар мен жеке есту аппараттарын жөндеу, қызмет –
көрсету бөлімі бар.
Верботональды әдістің негізгі теориялық базасы тіл ауызша сөйлеу тілінен дамиды, ал сөйлеу тілі қоғамдық
құбылыс болып табылады деген тұжырымнан тұрады. Сөйлеу кезінде сөйлеу тілінің ритмикалық –
интонациялық құрылымына, эмоционалдығына және сөйлеушінің жестіне басты назар аударады.
Верботональды әдісті жүйе ретінде сипайтын негізгі түсініктері мен терминдері.
Естуді дамыту – «естіп қабылдау» терминінің синонимі «есту
сөзі верботональды әдіс аясында тек физикалық мүмкіндікті
емес, сонымен қатар әлеуметтік мағынасын ашады: «есту» -
қарым – қатынас жағдайын түсіну, бейтаныс жағдайда өзін
еркін ұстау, диалог құра білу және т.б. естуді дамытудың
көпжақты қасиеттеріне дыбысты сезінуді қалыптастыру, ритмін
ажырату, дыбыстық сигналдың ұзақтығын, оның
қарқындылығын (қатты - ақырын) ажырату, дыбыстың бағытын
және т.б. анықтау.
Лингвистикалық және фонетикалық прогрессия.
Лингвистикалық дегеніміз – айтылған сөздің мағынасын
түсіндіруге бағытталған жұмыс (анық көлемі мектепке дейінгі
және мектеп бағдарламасының мазмұнына сай болады), ал
фонетикалық прогрессия дегеніміз просадияны (ритм, темп,
интеграция және т.б.) меңгеруде және дыбыс айтуды түзетудегі
педагогикалық көмек. Музыкалық ынталандыру: ауызша сөйлеу
тілінің темпін, интонациясын, әуенділігін меңгеру үшін
қолданады. Осы көмекші тәсілдің көмегімен дауысты
дыбыстарды айтуын дамыту, буындарды айтып, ажырату,
интонацияны, ритмді, дауысты көтеруді және басқа да
фонетикалық факторларды меңгеруді қамтамасыз етіледі.
Фонетикалық ритмика – есту, сөйлеу қозғалыс және қозғалыс анализаторларының
өзара әрекетіне негізделген қозғалыс жаттығулар жүйесі: дененің, бастың, қол, аяқтың
қозғалысын және табиғи жесттерді орындау кезіне белгілі бір сөздік материалды
қосарлана айту, алғаш рет XXғ. 50 – 60ж академик П.Губерина мен шәкірті Весной
Пинтер (Хорватия) ойлап тапқан. Осы тәсілді қолдану естімейтіндердің және нашар
еститін балалардың сөйлеуіне оң әсер етіп, сөйлеу тілін қалыпты баланың тіліне
жақындатады. Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекемелерде сурдопедагогтар фонетикалық
ритмиканы балалардың сөйлеу тілінің дыбысталу жағын дамыту үшін қолданады.
Верботональды әдіс бойынша оңалтудың мақсаты – естімейтін баланың еститін
адамдармен сөйлеу арқылы толыққанды қарым – қатынас жасау үшін қажетті
каммуникативті қабілеттерін дамытып, жалпы білім беретін ортаға интеграциялау.
Осындай жұмыстың нәтижесінде есту қабілеті зақымдалған балалар 7-8 жасында ақыл
¬– ойы мен сөйлеуінің дамуы қалыпты жағдайға сай келіп, жалпы білім беретін
мектепте білім алуына мүмкіндік туады.
Верботональдық әдіс педагогикалық жүйе ретінде әр баланың жеке ерекшеліктерін
ескеріп, есту қабілеті зақымдалған балалардың еститіндермен қарым қатынас жасап,
әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмектесетін арнайы әдістер мен тәсілдерді таңдауды
ұсынады.
Әдістің ең басты, маңызды құрам бөлігіне кешенді
медициналық, психологиялық-педагогикалық шаралар жатады.
1. Тереңдетілген диагностикалау оңалтудың негізі болып
табылады (арнайы аудиометриялық камерада өтеді). Оған
қалдық естуді функционалды тексеру және есту мүмкіндіктерін
анықтау жатады, себебі, дыбысты минимальды күшейткенде
сөйлеу материалын жақсы түсінетін ыңғайлы есту аймағын,
яғни ыңғайлы жиіліктерді анықтау үшін өте қажет.
Сонымен қатар, арнайы тесттің көмегімен баланың сөйлеу тілін түсіну сезімталдығын
анықтайды. Тексерілушінің қайтарған сөйлеу әрекеті мен реакциясы ауызша сөйлеу
тілін оқытудың ерекшеліктерін анықтап, жұмыстың жеке бағдарламасын құруға
көмектеседі. Кешенді тексерудің нәтижесін реабилитатор талдайды, тестілеу кезіндегі
анықталған ерекшеліктермен ескертулер туралы ата-аналарға, сурдопедагогтарға,
тәрбиешілерге хабарлайды. Тестілеу кезінде төмендегідей көрсеткіштер айқындалады:
сөйлеу тілінің даму кезеңдері (айқай, гуілдеу, былдыр, қарапайым сөздер, фразалық
жайылма сөздер);
қалдық естуі (сөйлеген жаққа басын бұруы, дыбыс шығару, жеке сөздерді
қайталауы,ажыратуы, диалогқа қатысуы);
ритмді қайталау реакциясы, ұзақтығы мен қысқалығын ажырату (көру арқылы
қабылдау болмайды);
сөйлеуді есте сақтауының дамуы (естіген сөзін өз бетімен қайталай ала ма, қандай
көлемде?);
бақылау қашықтығы (құлақ қалқанынан дыбыстың шыққан жеріне дейінгі қашықтық);
осы аталған көрсеткіштер бойынша алынған мәліметтерді жалпылай отырып,
реабилитатор әр балаға жеке жұмыс бағдарламасын құрастырады, оның мазмұнын
сурдопедагог және тәрбиешімен бірге талқылайды. Әдістің маңызды шарты
балаларды протездеу болып табылады. Балалардың естуін уақытында және нақты
протездеу – интеграциялауды қамтамасыз ететін қажетті шарт болып табылады.
Жалпы білім беретін ортаға және еститін адамдар қоғамына интеграциялаудың
негізіне естуін дамыту мен сөйлеу тіліне үйрету жатады. Естуге үйретудің
мазмұнына акустикалық сигналдарды ажырату, сөйлеу тілінің элементтерін
(ритм, күші, дыбыстық сигналдардың ұзақтығы) қабылдау, әртүлі дыбыстарды
ажырату, және т.б. кіреді. Сөйлеу тілін қалыптастыру жұмысы спонтанды
дауыстауды ынталандырудан, сөйлеу формаларын қайталаудан тұрады.
Ауызша сөйлеу тіліне үйрету барысында балаларды жеке дыбыстарды айтуға,
оларды буынға қосуға, одан кейін сөздер мен сөйлемдер құрап айтуға, әртүрлі
ойын жағдайларын қолдана отырып ынталандыру.
Ата – аналарға қатысты верботональды әдістің негізгі қағидасы - өз балаларын
еститін бала сияқты қабылдау және оның максимальды дамуына көмектесу.
Ұсынылған әдебиеттер:
1.Андреева Л.В. Сурдопедагогика. - М., 2005.
2.Боскис Р.М. Глухие и слабослышащие дети. - М., 1963.
3.Леонгард Э.И., Самсонова Е.Г., Иванова Е.А. Я не хочу молчать. – М., 1990.
4.Зыков С.А. Методика обучения глухих детей языку. – М., 1977.
5.Зайцева Г.Л. Зачем учить глухих жестовой речи? //Дефектология. – 1995. - №2.

Ұқсас жұмыстар
Оңалту жоспары
Медициналық массаж
Медициналық оңалту міндеттері
Физикалық оңалту тұжырымдамасы
Әлеуметтік - психологиялық диагностика
Ампутацияланған аяқты тізе деңгейіне дейін көтеру, оны ұстап тұру
Қарттар үшін профилактикалық медициналық қызметтер
Психологиялық оңалту
Кеш қалпына келтіру
Қазіргі кездегі әлеуметтік терапия және оның жүзеге асыру әдістері
Пәндер