Денсаулық сақтауды цифрландыру



«Денсаулық сақтау-өмір сапасының негізі»
СӨЖ-2
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
Алматы 2021ж.

Жоспар:

Денсаулық сақтау-халықтың денсаулығын қорғауды ұйымдастыратын және қамтамасыз ететін мемлекеттік сала. Бұл әр адамның физикалық және психикалық денсаулығын сақтауға және нығайтуға, салауатты өмірді сақтауға және денсаулығы нашарлаған кезде медициналық көмек көрсетуге бағытталған саяси, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, ғылыми, медициналық, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және мәдени сипаттағы шаралар жиынтығы. Ол үшін арнайы әлеуметтік институттар құрылады.
Денсаулық сақтау жүйелері-бұл халықтың мақсатты топтарының медициналық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылған ұйымдар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша, денсаулық сақтаудың жақсы жұмыс істеуі үшін қаржыландыру тетігі, жақсы оқытылған және жеткілікті мөлшерде төленетін жұмыс күші, шешімдер мен саясатты негіздейтін сенімді ақпарат, сапалы дәрі-дәрмектер мен технологияларды жеткізуге арналған жақсы күтілген медициналық мекемелер қажет. Денсаулық сақтау халықаралық дамудың ажырамас элементі болып табылады. Денсаулық сақтаудың тиімді жүйесі ел экономикасына, оның дамуы мен индустрияландырылуына елеулі үлес қоса алады. Денсаулық сақтау дәстүрлі түрде бүкіл әлемдегі адамдардың жалпы физикалық және психикалық денсаулығы мен әл-ауқатын анықтайтын маңызды фактор болып саналады.
Кіріспе

1. Денсаулық халықтың өмір сапасының индикаторы ретінде

Денсаулық жəне сырқатпен байланысты көптеген теориялар мен концепциялардың түрлілігін ескере отырып, Н. И. Скок оларды мынадай топтамаларға жіктеді: философиялық, əлеуметтік-биологиялық, биологиялық, əлеуметтанулық, əлеуметтік-психологиялық. Əлеуметтік-философиялық жəне əлеуметтанулық бағыттар 1кестеде көрсетілген.



Еліміздегі денсаулық сақтау саласындағы жағдайды талдай отырып, жалпы саланың күшті жақтары ретінде мыналарды атауға болады:
денсаулық сақтау саласын дамытудың нақты белгіленген басым бағыттары;
денсаулық сақтау саласын мемлекеттік қаржыландырудың айтарлықтай ұлғаюы;
ел халқының негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің тұрақтануы мен жақсаруы, оның ішінде əлеуметтік мəні бар аурулар бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуі;
денсаулық сақтау объектілерінің қалпына келтірілуі жəне жаңаларының салынуы;
емдеу-диагностикалық үрдіске жаңа медициналық технологиялардың енгізілуі;
ауылдық жерлердің медициналық ұйымдарында телемедициналық пункттердің болуы;
халықтың дəрілік заттарға қолжетімділігінің жақсаруы.
Əлсіз жақтары:
денсаулық сақтау ұйымдарының, əсіресе ауылдық аумақтарда қанағаттанарлықсыз материалдық-техникалық базасы;
мемлекеттің, жұмыс берушінің жəне азаматтың денсаулық сақтау үшін ортақ жауапкершілігінің жоқтығы;
өңірлерде жəне республикалық маңызы бар қалаларда ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасындағы үлкен айырмашылық;
кардиохирургия, нейрохирургия, трансплантология, травматология, басқа да бірқатар мамандықтар бойынша кадрлар тапшылығы;
денсаулық сақтау жүйесінің, əсіресе ауылдық өңірлерде білікті кадрлармен нашар қамтамасыз етілуі;
ауылдық жерлердегі шалғай орналасқан елді мекендердегі, əсіресе халықтың əлеуметтік аз қамтылған топтарының медициналық қызметтерге қолжетімділігінің төмендігі;
денсаулық сақтау ұйымдарында əлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандардың болмауы.
Халықтың денсаулығын жақсарту - мемлекеттік жəне индивидуалдық деңгейде шешілуді талап ететін маңызды мəселе. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты салауатты өмір салтын бұқараландыруға, денсаулық саласында ұсынылатын қызметтердің сапасын жоғарылату жəне қолжетімділікті арттыруға бағытталған. Сонымен бірге, осы қызметтерді тұтынушылар оны алуға мүдделі болуы керек.

2. Денсаулық сақтауды цифрландыру
2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында ақпараттық жүйелерді интеграциялау, мобильді сандық қосымшаларды пайдалану, электрондық денсаулық төлқұжаттарын енгізу және "қағазсыз" ауруханаларға көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті. Мемлекет Басшысының тапсырмаларын ескере отырып, Министрлік сарапшылармен, бизнес қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп денсаулық сақтауды цифрландырудың жаңа тәсілдерін әзірледі.
Жаңа тәсілдің мәні аурулар кезінде медициналық көмек көрсету шеңберінде адам денсаулығының барлық экожүйесін кешенді цифрландыруға көшу болып табылады.
Денсаулықты қамтамасыз етудің негізгі факторы салауатты өмір салты және дұрыс және пайдалы ақпарат алу мүмкіндігі болып табылады: қалай денсаулықты нығайтуға және сақтауға болады, сапалы медициналық қызметтерді қалай алуға болады.

Ең алдымен, медициналық қызметтердің сапасын арттыру электронды денсаулық сақтауды дамытуды және қағазсыз жұмыс процесіне көшуді талап етеді. Бұл бағытта келесідей атқарылған жұмыстарды айтса болады.
Қағазсыз медициналық құжаттарды енгізу аясында қазіргі кезде 121 форманың 64-і электронды форматқа аударылды. Тәуелсіз 727 медициналық ұйымның 674-інде медициналық құжаттар электронды форматта сақталған.
Ал 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында барлық емханалар мен ауруханалар толығымен қағазсыз медициналық жазбаға көшті.
Қазірдің өзінде денсаулық сақтау ұйымдарының 99%-ы медициналық ақпараттық жүйелермен, медициналық қызметкерлердің 90, 8%-ы компьютерлермен жабдықталған.

2020 жылға қарай денсаулық туралы 2, 3 млрд ГБ
электрондық деректер жиналады
Денсаулық сақтау
саласындағы мобильдік қосымшалар санының артуы
125 елде мобильдік денсаулық сақтау есебінен медициналық қызметтерге қолжетімділікті кеңейту
ЭЫДҰ кіретін елдер электрондық денсаулық паспортын әзірлеуге инвестиция салуда
ЭЫДҰ кіретін 15 елде жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін автоматтандырылған диагностикалау әдістері енгізілуде
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ

Денсаулық сақтауды цифрландыру және қағазсыз жұмыс процесін дамыту бағытында мобильді қосымшалардың рөлін атап өткен жөн. Денсаулық сақтау министрлігі нарықта бар денсаулық сақтау саласындағы мобильді қосымшалардың бірыңғай каталогын жасады. Бұл қосымшалар аз уақыттың ішінде қажетті ақпаратты табуға, дәрігермен тез арада сөйлесуге мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау саласындағы цифрландырудың принциптері:

2. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға түсетін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың субъектілері болып табылады.
1. Денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық ресурстары, ақпараттық жүйелері мен электрондық қызметтер көрсетуі денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың объектілері болып табылады.
Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың объектілері мен субъектілері:







3. Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы

тұрғындардың салауатты өмір сүру салтын ұстануын қалыптастыру және қоғамдық денсаулық сақтау қызметін дамыту;
медициналық көмек сапасын арттыру;
денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуы.
Бағдарлама міндеттері:

Мемлекеттік бағдарламаның тоғыз бағыты:

Бағдарламаның негізгі басымдықтары:
Төртінші - жеке сектор ресурстарын тартумен 2025 жылға дейін халықаралық деңгейдегі заманауи ауруханалар желісін салу бағдарламасы арқылы өңірлерде денсаулық сақтау инфрақұрылымын едәуір жаңарту, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері бойынша ірі нысандарды салуға инвестициялық шығындарды өтеу және медициналық қызметтерге тарифтерді арттыру.
Бірінші - мінез-құлық тәуекелдері факторларының алдын алу және салауатты өмір сүру салтын ұстану бойынша шаралар күшейтіледі;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz