Ядро мембранасы тор


Slide 1

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті: “ Биология және биотехнология”

Кафедрасы: “Биоалуантүрлілік және биоресурстар”

СӨЖ

Тақырыбы: Прокариотты және эукариотты өсімдіктер клеткасы

Орындаған: Қали А. А

Тексерген:Нурмаханова А. С

Алматы - 2016жыл

Slide 2

Мақсаты:Жасуша құрылысымен танысу.

Прокариоттар мен эукариоттардың айырмашылығын білу. Прокариотар мен эукариоттар туралы білімді дамыту.

Slide 3

Жоспар:

Жасуша теориясының қалыптасуы

Жасуша органоидтері

Прокариоттар мен эукариоттар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Slide 4

Жасуша теориясының қағидалары:

1. Жасуша -барлық тірі ағзалардың ең кіші өлшем бірлігі .

2. Әр түрлі ағзалардың жасушалары құрылысы, құрылымы, химиялық құрамы зат алмасуы негізгі тіршілік әрекеті жөнінен ұқсас.

3. Ағзалардың жасуша құрылыстарының ұқсас болуы -өсімдік пен жануарлардың шығу тегінің бар екенін дәлелі болып табылады.

4. Жасушалар бөліну арқылы көбейеді.

5. Жасушаның негізгі құрылымдық бөлігіне цитоплазма және жасуша мембранасы жатады.

6. Көп жасушалы ағзалардың жасушаларының ең негізгі бөлігі -ядро, тұқым қуалау аппараты сақталып келесіұрпақтарға беріліп отырады.

Slide 5

Жасуша мембранасы

Жасуша қабырғасының астында болады.

Қызметі:

Жасуша құрамын шектеп, бір пішінге келтіріп тұрады;

Жасушаны қорғайды;

Сыртқы ортамен зат алмасуды реттейді.

Цитоплазма

Жасушаны толтырып тұратын тұтқыр сұйықтық;

Көрші жасушалар бір бірімен цитоплазма арқылы байланысқан.

Қызметі:

Жасушаның тіршілік әрекетіне қажетті заттарды жинақтау;

Қоректік заттарды қорға жинау.

Ядро

Хромосомалар болады;

Қабықпен қапталған.

Қызметі:

Ұрпақтан ұрпаққа тұқымқуалаушылық ақпаратты сақтау және беруге қатысады;

Жасушадағы үрдістерді реттейді.

Ядрошық

Ядролық заттардың ядрода жинақталуы

Қызметі

Рибосома түзу

Рибосомалар

Дөңгелек пішінді және көлемі кішкентай;

Цитоплазмада немесе эндоплазмалық торда еркін орналасқан.

Қызметі:

Нәруыз түзу (синтез)

Эндоплазмалық тор

Тор түзетін түтіктерден тұрады;

Өз қабықшасы болады.

Қызметі:

Органикалық заттар түзу (нәруыздар, майлар және көмірсулар)

Жасушадағы заттарды тасымалдайды.

Гольджи аппараты

Түтікшелер мен көпіршіктерден тұрады;

Өз өабықшасымен қапталған.

Қызметі:

Күрделі органикалық заттарды түзу;

Лизосома түзу.

Лизосомалар

Бұлар кішірек көпіршіктер;

Құрамында ферменттер болады;

Өзінің жеке қабықшасы болады.

Қызметі:

Органикалық заттарды ыдырату (нәруыздар, майлар, көмірсулар) .

Митохондрия

Сопақша пішінді;

Екі қабатты қабықпен қапталған;

Ішкі қабық қатпар түзеді.

Қызметі:

Энергия түзу және жинақтау (жасушаның энергия көзі)

Жасуша орталығы

Цилиндр пішінді екі бөліктен тұрады

Қызметі:

Жасушаның бөлінуіне қатысу

Жасуша органоидтары

жасуша құрылысы

Notes: Жасушаның әр бөлігін бассаңыз, сол туралы мағлұмат аласыз.

Slide 6

Жасуша органоидтары

Slide 7

Жасуша мембранасының құрылысы мен атқаратын қызметі өте күрделі. Электрондық микроскопты пайдаланып жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, өсімдікжәне жануар жасушасы (клетка) мембранасының құрылысы толықтай анықталды. Осы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, өсімдік жасушасы мембранасының жасұнықтан (клетчатка) түратындығы және оның тірек қызметін атқаратындығы дәлелденді. Егер өсімдіктің жапырағын бірнеше рет бүктеп қайта жазса, біраздан кейін бұрыншы қалпына келеді. Бұл құбылыс жасуша мембранасының серпімділік қасиетін білдіреді. Сонымен қатар бұл- өсімдік жасушасы мембранасының физикалық қасиетіне тән құбылыс.

Мембрана

Slide 8

Цитоплазма

Цитоплазма 85 пайызы судан 10 пайызы нәруыздардан тұрады.

Slide 9

Эндоплазмалық тор (эндоплазматическая сеть) ; (reti-culum endoplasmaticum, лат. reticulum - тор, лат. endoplasmaticum - эндоплазмалық) - ұзынша келген қуысты түтікшелер мен өзекшелерден тұратын, қабырғасы биологиялық жарғақтармен шектелген жасуша цитоплазмасының органелласы. [1] Эндоплазмалық тор (цитоплазмалық тор) : дәншелі (гранулалы) және дәншесіз (агранулалы) эндоплазмалық тор болып екіге бөлінеді. Гранулалы эндоплазмалық тор жарғақтарының қабырғаларында рибосомалар орналасады, ал агранулалы эндоплазмалық тор қабырғаларында рибосомалар болмайды. Эндоплазмалық тор жасуша цитоплазмасында жеке не топтаса орналасады.

Эндоплазмалық тор

Slide 10

Рибосома

Рибосома (лат. rіbes - ағыс және грек. some - дене) -ақуыз синтезін жүзеге асыратын жасуша-ішілік органоид. Рибосомалар - екі орташа: үлкен және кіші өлшем бірлігінен тұрады. Нәруыздар биосинтезін (нәруызда аминқышқылдарды қосады) іске асырады. Олар жасуша цитоплазмасындағы Mg иондарының концентрациясына байланысты диссоциацияланып (молек. ыдырауы) және реассоциацияланып (молекулалардың қайта бірігуі) отырады. Рибосомалар жасушада ақуыз синтезіне қатысатын құраушыларды ұстап тұру, оларды бір-бірімен байланыстыру қызметін атқарады.

Slide 11

Гольджи аппараты

Гольджи аппараты -- жасуша биосинтезінің өнімдерін түзілу және тасымалдау қызметін атқаратын мүшесі. Гольджи аппараты бөліктері жалпақ пішінді іші қуыс бірінін үстіне бірі қаланып орналасқан.

Slide 12

Лизосома

Лизосома (гр. 'λύσις' - еру және sōma - дене) - жануарлар мен саңырауқұлақ жасушасының органелласы, жасуша ішінде ас қорыту қызметін атқаратын және гидролиттік ферменттердің қор ретінде жиналатын орны. Оның диам. 0, 2 - 0, 7 мкм.

Лизосома - торшалар органоиды. Олардың құрамына гидролиттік ферменттер тобы - қышқыл фосфатаза, нуклеаза, протеазалар, гликозидазалар т. б. (барлығы 20-дан астам) кіреді. Лизосома торшаның өзінің (аутолиз) және оның ішіне кірген заттардың ыдырауына қатынасады. Лизосома құрамына кіретін ферменттер торша және белоктарының жетілуіне (процессинг) қатынасады.

Slide 13

Пластидтер

Slide 14

Митохондрия

Митохондрияның құрамында ақуыздар (65-70% күрғак салмағының) липидтер (25-30%), нуклеин қышқылдары (ДНҚ, РІНҚ) витаминдер және т. б. енеді.

Митохондрияның құрамына енетін ақуыздардың көпшілігі - тотығу процесін камтамасыз ететін, матриксінде және ішкі мембраналарына орналасқан ферменттер. Митохондриялардың қызметі осы ферменттерге байланысты.

Митохондрияның сыртқы мембранасының кұрамындағы ақуыздар 20% болса, ал ішкі мембранасында 75%-ке дейін жетеді, мұның өзі оның басқа клеканың мембраналарына карағанда ерекшелігін көрсетеді. Митохондрияның сыртқы мембранасы көрсеткіштері жағынан эндоплазмалық торға ұқсас. Сыртқы мембранада және мембрана аралық кеңістікте тотығу процесінс қатысатын ферменттер аз болады.

Slide 15

Ядро

Ядро (лат. nucleus, грек, kaiyon - ядро) - организмдегі протеиндік алмасуды реттеу арқылы тұқымқуалаушылық қасиеттерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін жасушаның негізгі бөлігі. Интерфазалық жасуша ядросы хроматин дәншелерінен (хромосомалардың көрінетін микроскоппен көрінетін бөліктері. Хромосомаларбөліктері ядрошықтан, нуклеоплазмадан (кариоплазма - ядро сөлі) және нуклеолеммадан (кариолема) тұрады. Сыртқы және ішкі жарғақтардан құралған нуклеолеммада цитоплазмамен қатысатын диаметрі 80-90 нм тесіктер болады. Интерфазалық хроматин дәншелері хромосомалардың дың таратылған, нашар боялатын және белсенді қызмет атқаратын бөліктерін - эухроматин, ал ширатылып жақсы боялатын, енжар қызмет атқаратын бөліктерін гетерохроматин деп атайды. Хромосомалар тұқымқуалаушылық қасиеттерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін құрылым.

Slide 16

Олар тұрады. Ядрошық дөңгелек келген, диаметрі 1-5 мкм денешік.

Ядрошықта рибосомалар түзіледі. Кариоплазма ядроның біркелкі боялған қоймалжың бөлігі. Кариоплазма құрамында нуклеин қышқылдары мен протеиндерді түзуге керекті нуклеопротеидтер, гликопротеидтер және әртүрлі ферменттер болады

Slide 17

Жасушаның бөлінуі

Эукариоттар

1. Ядросы бар

2. Өсімдіктер

3. Жануарлар

4. Басқа органоидтары бар

5. Хромосома

6. гликоген

7. Пластид

8. Нағыз вакуоль

Прокариоттар

1. Ядросы жоқ

2. Бытыранықтар

3. Көк-жасыл балдырлар

4. Цианбактериялар

Slide 18

Прокариоттар мен эукариоттар

Айқындалған ядросы болмайды.

Тұқымқуалаушылық ақпарат нуклеотид құрайтын ДНҚ молекуласы арқылы беріледі. Эукариоттық органоид қызметін мембраналар атқарады.

Бактериялар және көк, жасыл балдырлырФ

Айқындалған ядросы бар

Ядролық ДНҚ хромосомаларда сақталады.

Цитоплазмада ерекше қызмет атқаратын әртүрлі органоидтар бар.

Саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар.

Slide 19

Прокариоттар

Прокариоттар - Прокариоттарға микроорганизмдер мен көк-жасыл балдырлар жатады. Прокариоттардың мөлшері өте кішкентай, ұзындығы 1-10 мкм. Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығы - олардың айқындалған органоидтері, яғни эндоплазмалық торы, Гольджи жиынтығы, митохондриялары болмайды. Жануарлардың және өсімдіктердің жасушаларында жақсы айқындалған түйіршіктер болады. Олар - нәруыз, май және гликоген сияқты қор заттарынан тұрады. Прокариоттың эукариоттан негізгі айырмашылығы - онда қалыптасқан ядросы және хромосомалары болмайды. Прокариот ДНҚ-сының эукариот ДНҚ-сынан айырмашылығы - мұнда ДНҚ-ның сыртын нәруыздар қаптап тұрмайды және пішіні сақина тәріздес болып келеді. Прокариот жасушаларында мембрана құрылымы болады, олар микроорганизмдердің энергетикалық процестеріне қатысады. Мысалы, көк-жасыл балдырлардың мембрана құрылымында хлорофилл болады және олар фотосинтез процесін жүзеге асырады.

Кейбір микроорганизмдерде мембрана құрылымдары аэробты тыныс алу процестеріне қатысады. Негізінен, прокариоттар жасушаның жай екіге бөлінуі арқылы көбейеді, яғни аналық жасуша екі жас жасушаға тікелей бөлінеді.

Slide 20

Прокариоттық жасушаның құрылысы

Slide 21

Эукариоттар

Эукариоттар (грек. еu - жақсы, толығымен және karyon - ядро) - құрамында ядросы бар организмдер.

Эукариоттарға барлық жоғары сатыдағы жануарлар мен өсімдіктер, сондай-ақ бір немесе көп жасушалы балдырлар, саңырауқұлақтар және қарапайымдар жатады. Эукариоттар жасушалары прокариоттармен салыстырғанда күрделі келеді. Эукариоттар жасушалары көптеген ішкі мембраналармен жеке бөліктерге (компартементтерге) бөлінеді. Бұл бөліктерде бір мезгілде бір-біріне тәуелсіз әр түрлі хим. реакциялар жүреді. Бұл жасушаларда ядро мен түрлі органеллалар (митохондрия, рибосома, Гольджи кешені) қызметтері жақсы жіктеледі. Клетка ядросы, митохондриялар, пластидтер цитоплазмадан екі қабат мембрана арқылы шектеледі. Ядрода жасушаның генетик. материалдары (ДНҚ, онымен байланысқан заттар) шоғырланады. Өсімдік жасушаларының хлоропластары негізінен Күн сәулесін сіңіріп, оны фотосинтез нәтижесінде органик. заттардың хим. энергиясына айналдырса, митохондриялар көмірсулар, майлар, белоктар, т. б. органик. қосылыстарды ыдыратып энергия түзеді. Эукариоттар жасушалары цитоплазмасының мембраналық жүйесі (эндоплазмалық тор, Гольджи кешені) - жасуша әрекетін қамтамасыз ететін макромолекулаларды түзіп, жинақтайды. Эукариоттар жасушалары митоз жолымен бөлінеді.

Slide 22

Эукариоттық жасушаның құрылысы

Slide 23

Эукариоттар мен прокариоттардың айырмашылығы

Slide 24

Прокариот ұғымы “ядроға дейінгі”, ал эукариот - “жақсы немесе анық ядросы бар” дегенді көрсетеді.

Прокариоттарды, сондай-ақ, бактериялар деп те атайды. Прокариоттарға көк-жасыл балдырлар, актиномицеттер, бактериялар, спирохеттер, микоплазмалар, хламидиялар жатады.


Ұқсас жұмыстар
Жасуша мембранасы
Клетка және органоидтардың құрылысы
ЖАСУША ТЕОРИЯСЫ
Жасуша қызметі мен құрылысы
Торша паталогиясы
Жасуша құрылымы мен қызметі
Жануар жасушасының құрылысы
Клетканың формасы жә не кө лемі
Прокариоттар мен эукариоттардың генетикалық ақпаратының құрылысының ерекшелігі
Жасуша ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz