Темекі шегу - зұлым тұзақ
Презентация қосу
Тақырыбы:
«Темекі шегу –
зұлым тұзақ»
Мақсаты:
● 1. Зиянды әдеттер туралы, олардың қаншалықты
● жиіркенішті, зиянды екендіктерін түсіндіру.
● 2. Проблеманы дәстүрлі емес жолдармен шешу
арқылы
● ойлау, көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
● 3. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру,
● саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Темекі шегуден бас тарту – бұл жақсы әлденеден бас тарту емес, қайта, өзің мен
темекіге қарсы бас көтерген зор жеңіс.
Ең бірінші кезекте: «Мен, жалпы, не үшін темекі шегемін?» деген сұраққа
жауап беруге тырысыңдар. Шынайы жауап саған осы жаман әдеттен
оңайырақ азат боллуға көмектеседі.
Бұған қосымша: «Мен, шын мәнінде темекі шегуді доғарғым келе ме?»
деген сұраққа жауап тап. Жүзеге асырмақ мақсаттың, міндеттің
табысты болуы осыған байланысты.
Сенің темекіден бас тартудағы негізгі дәйегің, себебің қандай? Өзіңе ең
сай келетінін тап та, соны ұстан.
· Мен денсаулық үшін тым қымбат әрі зиянды әдеттен азат боламын.
· Мен темекіден тәуелсіз болып, өзімнің бар өмірлік қабілетімді іске асыра
аламын.
· Менің тәнім қалыпты бабына келеді.
· Менің «өз денсаулығым мен өмірімді темекінің жолында құрбан еттім»
деген ойдан арыламын.
· Мен темекі иісінен құтылып, тазарақ, ажарлырақ боламын.
· Мен достарыма өнегесіз жаман үлгі көрсетпеймін.
Темекіден арылу әдістері
Темекі шегуге қарсы ықпалдар санына қарай үш топқа бөліне
алады:
а) жеке;
ә) топтық;
б) жаппай ықпал ету;
Бірінші топ әдістемелері әрбір адамның темекі шегуден жеке
жеке арылуын қарастырады.Бұған шылымқорлардан дәрі
дәрмек көмегімен арылуы мысал бола алады.
Топтық ықпал ету әдістемелерінің ерекшелігі – олардың бір
мезгілде белгілі бір адамдар топтарын темекі шегуден арылту
үшін қолданылуы.
Темекі шегуден бас тартудың көптеген әдістері – дәрі –
дәрмексіз емдеу және дәрі – дәрмекпен емдеу әдістері бар.
Егер кешенді әдістемеге біріктірілсе, аталған әдістердің
тиімділігі арта түседі.
Шешімді жүзеге асыру
Бұны істегенде,ең алдымен, өз пайдаңды күйтте. Бұл темекімен
қоштасу сәтінен басталады.Төмендегі тізімнен сен темекіден бас
тарту өзіңе нендей пайда беретінін таба аласың.
· ақша үнемделеді;
· күш – қайратың артады;
· иіс және дәм айыру сезімдері қалпына келеді;
· үйің мен киімің таза болады;
· ерсі көрінетін сарғыш саусақтар жоғалады;
· ағзаның көптеген дерттерге қарсыласу қабілеті артады;
· шылымқорлыққа тән жөтел жоғалады;
· жай – күйің жақсарады;
· сөйлегеніңде смола иісі мүңкімейтіндігі
сүйкімдірек;
· өмірің ұзара түседі;
● Темекі – адам денсаулығына қауіптілігімен қатар
өзіне тәуелді ететін өнім. Ашығында темекіні тастау
адамның мықты ниетіне, ерік-күшіне, сабыр-төзіміне
көп байланысты. Әсілінде, адамдардың нәпсісіне
тыйым сала білетін ең тамаша уақыт – ораза
ұстайтын қасиетті рамазан айы. Ораза ұстаған
адамның күні бойы темекі тартпағанына қарағанда,
біраз сабыр көрсетіп, басқа кездерде де осы күйін
жалғастырса, бір ай ішінде темекі дертінен құтылуға
болады.
Әлемде темекінің зияндылығын дәлелдейтін 50
мыңнан астам кітап басылып шыққан. Медицина
ғылымының докторы Л.В.Орловскийдің баяндауынша,
темекі шегетіндер стенокардиямен 13 есе, миокард
инфарктымен 12 есе және асқазан жарасымен 10 есе
жиі ауырады.
●Темекі шегудің зиянды салдарларынан
ағзаны тез арада қалпына келтіру үшін,
дене жаттығуларын жасауды, ағзаны
шынықтыруды, аутотренинг ұсынуға
болады. Бұлар бүкіл кемістіктер мен
ақаулардан құтылып, өмірді қызықтырақ,
мақсатты, лайықтырақ, бақыттырақ етуге
көмектеседі.
● Күнделік – темекіге құлдықтан құтылудағы
басты көмекші
● Күнделік – бұл темекіге тәуелді ететін ескі
бағдарламаны қиратып, тиімді өмір салтына
бағытталған жаңа бағдарлама құратын
«алаңды» босату үшін, миға жіберілетін
«торпедо»
● Күнделік жеті күндік курс бойы күн сайын
ұйықтар алдында, ал, әрі қарай сабақта
ұсынылған кесте бойынша толтырылады.
● Күнделік алған білім деңгейін, жаңа сипаттағы
күн оқиғаларын саралау дәрежесін көрсетеді.
Аутотренинг
Өзіңді бұдан былай бақытты адамдай ұста,
сонда шынымен де, өзіңді бақытты
сезінесің(Дэйл Карнеги). Аутотренинг, аутогенді
жаттығу – адамның саналы түрде өз психикасын
өзі қалпына келтіру амалдарының жиынтығы.
Шама, мөлшер, шек сезімін қалыптастыру
құралы. Бейсананы санамен басқарушылық.
Адамның өз мінез – құлық, іс – әрекетін
салауаттылықпен талдауы, өз жай – күйін алдын
– ала болжау дағдысы, ішкі міндеттерді нақты
белгілей алушылық – табыс, сәттілік шарты.
Темекі шегуге қарсы аутотренинг
Менің ерік – жігерім күшті, мінезім бірқалыпты.
Мен өзімді иландырып, табысқа жететініме сенемін.
Мен шылымсыз өмір сүре аламын.
Маған темекі түтінінің иісі ұнамайды.
Маған шылымның дәмі жиіркенішті.
Маған шылымның дәмі сұмдық жиіркенішті.
Мен адамның өзін – өзі иландыру күшіне сенемін.
Мен – еркі мықты адаммын.
Осы сәттен бастап темекі түтінінің иісі менің жүрегімді
айнытады.
Мен сенімді түрде темекі шегуден бас тартамын.
Мен дені сау, өмірсүйгіш адам болғым келеді.
Мен никотиннің зиянын терең ұғындым.
Темекі шегуден тыйылдым.
Біржола тыйылдым.
Назарларыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz