ӨНДІРІСТІК ЗИЯНДЫЛЫҚТЫР


Slide 1

Дәріханалар гигиенасы: Сақтық және күнделікті санитариялық қадағалау, дәріхана ортасының зиянды факторлары

Дайындаған: Турсубекова Б. И.

тобы: B-ФҚҚ-01-19

Қабылдаған: Тобагабылова Г. Н.

Slide 2

Кіріспе

- Дәріхана

Негізгі бөлім

- Дәріхана гигиенасы

- Дәріхана қызметкерлеріне қойылатын талаптар

- Дәріхана қызметкерлерінің кәсіптік аурулары және өндірістік зияндылықтыр

- Өндірістік ортаның зиянды әсерінің алдын-алу шаралары

- Дәрілік препараттар мен зиянды химиялық заттардың ағзаға әсері

- Қорытынды

- Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Дәріхана (орыс. Аптека) - дәрі-дәрмек дайындайтын және дәрі-дәрмекті сататын мекеме. Ең алғашқы дәріхана 754 жылы Бағдатта ашылған. Қазақстанда тұңғыш Дәріхана - 1842ж. Орал қаласында ашылған.

Дәріхана - тұрғындарға дәрігердің рецепті бойынша дәрі әзірлейтін немесе дайын фармацевтика өнімдерін беретін мекеме. Онда рецептісіз сатылатын дәрі-дәрмектер, науқасты үйде күтуге қажетті заттар да болады. 1932ж. облысты дәріхана басқармасы құрылып, 1933ж. тұңғыш дәріхана ашылды. Ұлы Отан соғысы кезінде облыста 7 дәріхана, 25 дәріхана пункті жұмыс істеді. 60 жылдары дәріхана саны 60-қа жетті.

Slide 4

Дәріхана - денсаулық сақтау жүйесінің бір мекемесі, оның негізгі қызметі - халықты және емдеу профилактикалық мекемелерді дәрілік препараттармен, науқастарды күтуге арналған заттармен, санитария заттарымен және басқа да медициналық тауарлармен қамтамасыз ету.

Оларды дайындау және сақтау кезінде гигиеналық режимді қатаң қадағалау қажет, сондықтан провизор қоршаған ортаның гигиеналық нормаларының параметрлеріне қатысты сұрақтарды өте жақсы білу керек, әсіресе, бұл дәріханалық мекемелер мен фармацевтикалық өндіріс кәсіпорындарына байланысты.

Slide 5

Провизор, өндірістік факторлардың әсерінен болатын, дәріханалардағы гигиеналық нормативтер мен санитарлық ережелердің бұзылуынан пайда болуы мүмкін аурулар жөнінде толық түсінігі болуы керек. Санитарлық - эпидемиологиялық қызметтің өкілдерімен бірлесіп провизор еңбекті қорғау бойынша гигиеналық шараларды әзірлеп, дәріханалардағы гигиеналық тәртіпті қадағалап, дәріхана жобаларына гигиеналық баға бере білуі керек.

Slide 6

Дәріхана емдік препараттарды дайындауды және дәрі-дәрмектерді бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын, денсаулық сақтау мекемесінің ұйымы болғандықтан, жоғары санитарлық деңгейге сәйкес болуы қажет.

Slide 7

Дәріхана гигиенасы дәріхана қызметкерлерінің еңбек жағдайларын зерттейтін және гигиеналық, емдік профилактикалық іс-шаралар дайындайтын гигиена ғылымының бір саласы.

Оның міндетіне: дәрілік құралдарды дайындаудың технологиялық үрдістері мен сатыларының орындалуы барысында гигиеналық және эпидемияға қарсы нормалар мен ережелерді дайындау жатады.

Дәріхана гигиенасы басқа пәндермен байланысы бар, әсіресе фармацевтік пәндермен тығыз байланысты, оның ішінде дәрілердің дәріханалық және өндірістік технологиясымен байланысты.

Slide 8 Slide 9

Фармация ісін ұйымдастыру пәнімен байланысты, себебі гигиеналық іс шараларды дайындау үшін дәріхананың жабдықталуын, оның жұмысын, міндетін, қызметкерлердің міндеттерін білу керек.

Дәріхана гигиенасы сонымен, органикалық, бейорганикалық химиямен байланысты, себебі бұл пәндер ауаның, судың, дәрілік препараттардың құрамындағы химиялық заттарды анықтау әдістері мен принциптері туралы білім береді.

Slide 10

Дәріхана гигиенасы токсикалық және фармацевтік химиямен байланысты, бұл пәндер дәрілерді дайындау кезіндегі қызметкерлерге әсер ететін дәрілік шаңдармен күресу бойынша гигиеналық іс шаралар дайындау үшін қажет. Бұл пәндер дәрілік шаңдардың химиялық құрамының токсикалық негізгі заңдылықтары және оларды әртүрлі өндірістік орталарда анықтаудың дәл әдістері туралы білім береді.

Дәріхана гигиенасы үшін микробиология да аса маңызды. Дәріханада оптималды эпидемияға қарсы тәртіп жасау үшін микроорганизмдерді анықтау және қоршаған ортаның, дәрінің және дәріхананың басқа объектілерін бактериологиялық ластануын бағалау мүмкіндігін үйретеді.

Slide 11

Дәріханаларда санитарлық тәртіпті сақтау ҚР ДСМ 25 наурыз 2002 ж "Дәріхана ұйымдарын орналастыру, жабдықтау және пайдалану санитарлық ережелері мен нормалары" бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Дәріхана ұйымы бір аумақта орналасқан негізгі және қосалқы бөлмелері бар үй-жайлар кешені. Ғимараттың негізгі өндірістік құрамына: ассистенттік бөлме, асептикалық блок, дисстиляциялық бөлме, буып-түюге арналған бөлме, жалпы дәрі дайындауға тиісті бөлмелер жатады. Қосалқы бөлмелерге: қызметтік тұрмыстық бөлмелер (әжетхана, душ), демалыс бөлмесі, дәріхана меңгерушісінің бөлмесі, қоймалар жатады.

Slide 12

Медициналық ұйымдардың дәріханалары медициналық ұйымына тиісті аумақта оқшау тұрған ғимаратта немесе медицина ұйымдары мен мекемелерінің ғимаратының бірінші қабатында орналаса алады, бұл жағдайда бөлек кіретін есіктері болу қажет. Төменде жұмыс орнының саны минималды өндірістік дәріхана бөлмелерінің жоспары берілген.

Дәріханалардың жылыту, желдету, жарықпен қамтамасыз ету жүйесі мен ауаны салқындату, дәрілік түрлердің және химиялық реактивті сапасына, қызметшілердің денсаулығына, сондай-ақ құрал-жабдықтардың жұмыс істеуіне, жағымсыз әсер етпеуі тиіс.

Slide 13

Жылыту жүйесі бүкіл жылыту кезеңінде ауаны біркелкі жылытуды қамтамасыз етуі, қызмет көрсету жұмыстарына, жөндеу мен жинауға ыңғайлы болғаны жөн.

Стерильді материалдарды сақтайтын және асептикалық жағдайларда дәрі түрлерін дайындайтын бөлмелерде жылыту құбырларының жасырын төсемдері құрастырылған.

Дәріхана ұйымдары механикалық тарту-сорып шығару вентиляциясы (форточкалар, жартылай ашылып-жабылатын терезелер, өздігінен айналатын желдеткіштер) қарастырылады. Технологиялық процестер кезінде ауаға зиянды заттар көп бөлініп шығатын бөлмелер жергілікті сору құралдарымен немесе ауа тартқыш шкафымен жабдықталады.

Slide 14 Slide 15

Дәріхананың өндірістік, қызметік-тұрмыстық және сақтауға арналған бөлмелер еңбектің қалыпты жағдайларын жасауға қажетті табиғи және жасанды жарық қуатымен, ал кейбір жұмыс орындары жергілікті жарық беру қуатымен қамтамсыз етіледі.

Дәріхана ұйымдарының қабырғалары мен төбелеріне қолданылатын жөндеу материалы ретінде, жуып-тазалау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін бояулар, эмальдар немесе ашық түсті тегіс кафель плиткалары, медициналық ұйымдарда қолдану үшін дизинфекциялауға және ултра күлгін сәулерге төзімді су өткізбейтін заттарды пайдаланады.

Slide 16

Едендеріне глазурленбеген плиткалар, линолеум немесе релин төселіп, қиылысқан жерлері сваркалануы тиіс. Жабдықтар мен дәріхана жиһаздары жинап-тазалауға қол жетпейтін орындар қалдырмайтындай және жарық көздерін қалқаламайтындай болып орналасады. Дәріхана жабдықтарының беті ішкі жағынан да, сыртқы жағынан да тегіс болуға, ДЗ және химиялық реактивтердің әсеріне төзімді материалдардан дайындалған болуы қажет.

Келушілерге қызмет көрсету залындағы дәріхана қызметкерлерінің жұмыс орындары ауа арқылы тез жұғатын инфекциялардан қорғайтын құрылғылармен жабдықталады.

Slide 17

Асептикалық блокқа, ассистентік бөлмелер кірер есік алдында еденде дезинфекциялайтын ертінділерге шыланған кезекті резеңке кілемшелер төселеді. Өндіріс қалдықтары мен қоқыстар тиісті белгі соғылған арнайы контейнерлерге тасталады. Контейнерлерді ғимарат сыртындағы арнайы бөлінген орындарға шығарады.

Дәріханада дайындалатын дәрілердің (ұнтақтар, ертінділер, суспензиялар, эмульсиялар, жағар майлар, шаншуға арналған ертінділер және т. б. ) технологиялық процесін гигиеналық бағалау ҚР ДСМ 25. 03. 2002 ж. № 9 бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.

Slide 18

Бұл бұйрықтың талаптары бойынша 1 жасқа дейінгі және жаңа туылған нәрестелерге арналған дәрілік түрлер қолдануға байланыссыз асептикалық жағдайға дайындалады, ал ішуге және сыртқа қолдануға арналған ертінділер, көз тамшылары, тері беттерін өңдеуге арналған майлар, шаншуға арналған дәрілік түрлер стерильді болуы тиіс.

Ауасын зарасыздандыру үшін бактерицидтік лампалар орнатылады. Асептикалық блокқа кіргізілетін жабдықтар алдын-ала өңдеуден өткізіледі

Құрамында пирогендік заттары бар ертінділерді ағзаға енгізгенде пирогендік эффект қозады. Бұл кезде қалтырау, құсу, іш өту байқалады және барлық мүшелер мен ағза жүйесі азап шегеді.

Slide 19

Депирогенизациялаудың (пирогендік заттардан арылу) бірнеше әдістері бар химиялық, физика-химиялық және т. б. Химиялық әдіс сутек асқын тотығы ертіндісінде 100°С температурада 1 сағат қыздыру немесе күкірт қышқылымен қышқылданған калий перманганатының 0, 5 немесе 1% ертіндісіне 25-30 минут ұстау. Бұл әдіс дәнекерлеуші шыны түтіктерді өңдеу үшін қолданылады. Физика-химиялық әдіс активтелген көмір, мембрандық фильтрлері бар колонкалардан ертінділерді өткізу.

Дәріханада дайындалған ертінділердің пирогендігін сынау биологиялық әдіспен жүргізіледі. Әдіс зерттелінетін объектіні қоянның күре тамырына енгізілген соң, оны дене өзгеруіне негіздеген.

Slide 20

Дәріхана қызметкерлеріне қойылатын талаптар:

жұмысқа келгенде сырт киімдерді және аяқ киімді шешу;

жұмысты бастаудан бұрын санитарлық киімдерді (халатты, қалпақты) кию, қолды жуып, дезинфекциялау;

әжетханаға барғанда халаты шешіп қою, әжетханадан шығарда қолды жуып және дизинфекциялау;

санитарлық киіммен және аяқ киіммен дәріхана сыртына шықпау;

Slide 21

асептикалық жағдайларда жұмыс істейтін қызметкерлер түксіз матадан тігілген киім кию керек;

косметиканы қолдануға және аэрозольдік дезодоранты пайдалануға, сағат пен зергерлік бұйымдарды тағуға болмайды;

өндірістік бөлмеде тамақтануға және тағамдық заттарды сақтауға тыйым салынады;

әрбір дәріхана қызметкері медициналық тексеруден өтуі тиіс;

әрбір дәріхана қызметкері техника қауіпсіздік пен өндірістік санитария ережелерін сақтауға міндетті;

Slide 22

Дәріхана қызметкерлерінің кәсіптік аурулары және өндірістік зияндылықтыр

Дәріхана қызметкерлерінің еңбек гигиенасы еңбектің санитарлық гигиеналық жағдайы мен кәсіптік ерекшеліктері, қызметкерлердің денсаулық жағдайы мен байланысы өте зор.

Әр өндірістік бөлімнің еңбек бойынша әсер ету факторлары әр түрлі, осыған қарай денсаулығына тигізер әсері де бірдей болмайды. Сату залындағы (фармацевт, кассир) қызметкерлер арасында суық тию, яғни бактериалды табиғаты бар сырқаттар тән. Оның себебі, дәрігерлік заттардың әсерінен гөрі, тез өзгергіш микроклиматпен байланыстырылады.

Slide 23

Сату залындағы, қызметкерлер ангина, жедел респираторлық инфекция, грипп, ревматизм, тамырдың варикоздық созылуы сырқаттарымен жиі ауырады.

Дәріхананың дәрі дайындауымен айналысатын (провизор технолог, провизор аналитик, ораушы) қызметкерлерге үлкен эмоциалық жүктеме, кезеңінде химиялық құрамын өте күрделі дәрілердің шаңы әсер етеді. Жоғарыда көрсетілген бөлімдердегі еңбек көбінесе қолмен және көру анализаторларына жүктемені көп түсіреді.

Slide 24

Дәріхананың дәрі дайындауымен айналысатын (провизор технолог, провизор аналитик, ораушы) қызметкерлерге үлкен эмоциалық жүктеме, кезеңінде химиялық құрамын өте күрделі дәрілердің шаңы әсер етеді. Жоғарыда көрсетілген бөлімдердегі еңбек көбінесе қолмен және көру анализаторларына жүктемені көп түсіреді.

Бұл топтарда кездесетін сырқаттар құрамында аллергиялық аурулар, гипертониялық ауру және орталық нерв жүйесінің зақымдалуы (невростения, невроздар) көп болады.

Slide 25

Әкімшілік - шаруашылық бөлімінде қызметкерлерге өндірістік факторлар өте аз әсер етеді. Оларға негізінен дәріханада жүргізілетін жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуына беретін жауапкершілігі жоғары болады. Бұл ұжымдарда ЖҚТ жүйесінің, сырқаттары жүректің ишемиялық ауруы, гипертония, невростения тәуелді болып келеді.

Slide 26

Дәрі дайындаумен айналысатын дәріхана жұмысшылары жұмысқа түсер алдында және жұмыс арасында кезекті медициналық тексерістен өтуі қажет. Дәріханаларға жұмысқа қабылдау алдындағы медициналық тексеріс нәтижесіне қатты назар аударылады, яғни жұмысқа қабылдауға қатаң тыйым салынатын сырқаттар:

туберкулездің белсенді түрі, бронхиалды астма, ЖҚТ - жүйесінің органикалық ауруы, II дәрежелі гипертония, геморрагиялық диатездер, аллергиялық ауру (дәрімен байланысты), 0, 6 коррекциясымен көру өткірлігі төмен (көз түбінің анамолиясы, астигматизм 2, 0 - 5 жоғары), эндокринді жүйе аурулары.

Slide 27

Өндірістік ортаның зиянды әсерінің алдын алу шаралары

1. Технологиялық шаралар:

- сұйықтықтарды үлкен ыдыстан кішкентай бөтелкелерге құю, сүзу, себу, сүрту сияқты жұмыстарды кіші механизациялау;

- қатты дәрілік заттарды езу кезінде ұрғыштың орнына әр түрлі конструкциясы бар кішігірім аппараттарды қолдану (Исламгулов диірмені) және т. б. ;

- өндіріс бөлмелерінің ұтымды орналасуы жұмыс орнының ыңғайлылығын қамтамасыз ету;

Slide 28

- дәріхана қызметкерлері және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі және техника қауіпсіздігі инструкциясын өткізу;

- шу шығаратын құралдарды оқшаулау, шуды жұтатын материалдарды пайдалану.

2. Санитарлық - техникалық: желдету, жарықтандыру, су көздерін гигиеналық бағалау.

3. Санитарлық - гигиеналық және емдік - профилактикалық, ұйымдасытыру шаралары:

- кезекті медицианлық тексеріс;

- ұтымды еңбек және демалыс уақытын ұзарту;

- тағамды витаминдеу т. б.

Slide 29

Дәрілік препараттар мен зиянды химиялық заттардың ағзаға әсері

Дәріханадағы ең қолайсыз өндірістік факторға дайындау үрдісінде дәрілік препараттың тікелей әсерін жатқызуға болады. Технологиялық үрдістің санитарлық-гигиеналық тәртібі бұзылса және жеке бас гигиенасы сақталмаса дәрілер шаң мен аэрозоль түрінде ауа ортасы арқылы өкпе, тері және шырышты қабаттар арқылы жұмысшылар ағзасына түсуі мүмкін.

Slide 30

Санитарлық тәртібі бұзылған бір қатар дәріханаларды тексергенде ассистентік пен қоймалардың ауасында көп мөлшерде сульфаниламидті препараттар, димедрол, антиперетиктер, папаверин гидрохлориді, панкреатин, дәрумендердің шаңы, ал жақпамайларды дайындау кезінде тальк пен мырыш тотығының шаңы анықталды.

Аз мөлшердегі шаңның ағзаға әсері оның дисперстілігіне байланысты. Осы тұрғыдан дәрілік шаңды сипаттайтын болсақ, олардың көп түрі жоғары дисперсті болып табылады. Олардың 96-98% көлемі 5 мкм болатын бөлшектерден тұрады. Осының салдарынан барлық дерлік дәрі аэрозольдері ауада тұрақты және өкпеге терең ене алады.

Slide 31

Теріге, шырышты қабаттарға және тыныс алу жүйесіне түсе отырып, дәрі аэрозолі арнайы қолайсыз әсер етуі мүмкін: токсикалық, тітіркендіргіш, аллергиялық және т. б. Мысалы, көптеген кең спектрлі антибиотиктер токсикалық, аллергиялық қасиетке ие және дисбактериоз шақырады.

Провизор-технолог, фармацевтер, орамшылар, провизор-талдаушылар ДЗ-мен, дәлірек айтқанда оның шаңымен ең ұзағырақ қатынаста болады.

Күшті тітіркендіргіш әсер көрсететін препараттарға, әсіресе жоғары тыныс жолдарының шырышты қабатына, барбамил, салицил қышқылы және оның тұздары, хлоралгидрат, панкреатин, никотин қышқылы және т. б. жатады.

Slide 32
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік бағдарламаны қалыптастырудың мәні және мазмұны
Кәсіпорынның өндірістік қорлары жайлы
Кәсіпорын. Кәсіпорынның өндірістік қорлары
Кәсіпорын және оның өндірістік қорлары
КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ЖӘНЕ АЙНЫМАЛЫ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРЫ
Кәсіпорындағы өндірісті ұйымдастыру
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қоры
Өндірісті ұйымдастыру және жобалау
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары туралы
Кәсіпорын, оның өндірістік қорлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz