Кәсіпкерліктің функциялары
Презентация қосу
Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны мен қалыптасу шарттары
Орындаған: Дене
шынықтыру мамандығы
Ержан Еділ 2курс 6топ
Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны мен қалыптасу шарттары
• 1.Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны.
• 2.Кәсіпкерліктің функциялары.
• 3.Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен объектілері.
• 4. Кәсіпкерліктің мақсаттары.
• 5. Кәсіпкерліктің ұйымдастыру қағидалары.
1.Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны.
-Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің
басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс
экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз
Шумпетер мән берген. Ол былай деп айтқан «Кәсіпкер болу –
басқаның істегенін істемеу».
-Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты
ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй
былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында
ұйымдастыратын адам».
-Кәсіпкерлік терминін алғаш рет айналымға енгізген ағылшын
ғалымы Ричард Кантильон болды. Бұл ағымға ол нарықтық
тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті
ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды.
-Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір –
-Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғымда бар.
Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша
білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан
бұл келе бермейді.
-Яғни айтқанымызда кәсіпкерлік дегеніміз – бұл адамдар мен олар
құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі.
-Тағы айта кететін жайт, кәсіпкерлікті түсіндіре келгенде мынадай екі
жағдайға мән беру керек: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға,
тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін
жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуде; екіншіден, экономикада,
ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-
техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.
-Қазақстан заңында: кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда
алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік
жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.
Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен,
іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен
2.Кәсіпкерліктің функциялары.
Кәсіпкерлік экономикада маңызды орынға ие бола отырып бірқатар
маңызды функцияларды орындайды. Олардың қатарына жалпы
экономикалық, ресурстық, шығармашылық – ізденушілік
(инновациялық), әлеуметтік, ұйымдастырушылық функциялары
жатады. Осы функцияларға қысқаша тоқталайық.
1)Жалпы экономикалық функция.
Кәсіпкерліктің жалпы экономикалық функциясы өндірістік, табыстық
және жұмыспен қамту функцияларынан көрініс табады.
Өндірістік функция тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттандыратын
өнім өндірумен (жұмыс, орындаумен, қызмет көрсетумен) сипатталады.
Кәсіпкерліктің дамуы экономикалық өсімнің, жалпы ішкі өнім көлемін
ұлғайтудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Табыстық функциясы әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге кәсіпкерлік
қызметтен түсуін, ұлттық табыстың артуын қамтамасыз етеді.
Жұмыспен қамту функциясы жаңа жұмыс орындарының ашылуын,
2) Ресурстық функция да кәсіпкерліктің маңызды
функцияларының бірі. Ұдайы өндірістік және шектеулі
ресурстарды тиімді пайдалану арқылы кәсіпкерлік дамиды.
Мұндай ресурстар ретінде материалдық және материалдық
емес өндіріс факторларын айтамыз. Бірінші кезекте
ресурстарға (осы сөздің кең мағынасында) еңбек
ресурстарын, жер мен табиғат байлықтарын, өндіріс
құралдары мен ғылыми жетістіктерді, сондай-ақ кәсіпкерлік
қабілетті де жатқызуға болады. Ресурстық функция
экономикалық ресурстардың, өндіріс факторларының
айтарлықтай тиімді үйлесуімен байланысты болып келеді.
3) Кәсіпкерліктің шығармашылық – ізденушілік
(инновациялық) функциясы кәсіпкерлік қызмет үрдісінде
жаңа идеяларды пайдаланумен ғана емес, сондай-ақ алға
қойылған мақсатқа жетуге арналған жаңа құралдарды
әзірлеумен де байланысты.
4) Кәсіпкерліктің әлеуметтік функциясы әрбір әрекет
3.Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен объектілері.
Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңінен алып
жатыр.
Кәсіпкерлікте тұлға (субъект) және объект бөліп
қарайды.
Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері): жеке тұлғалар,
әр түрлі ассоциациялар.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің
субьектілері мыналар бола алады:
— Қазақстан азаматтары;
— Шетел мемлекетінің азаматтары;
— Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы).
Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарымен
реттеленуі:
— кәсәпкерлік қызметпен айналысу құқығы,
кәсіпорындар құру
және олар үшін қажетті мүліктер сатып алу;
— барлық субьектілердің нарықтағы
материалдық, еңбек, ақпарат
және табиғи ресурстарға қол жетеізудің теңдік
құқығы ;
— меншік түрлеріне және ұйымдастыру-
құқықтық формасына қара-
мастан кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;
— кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз
айыруды қорғау;
Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды
тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық
заңнамасында көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда
құрылады.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi мынадай санаттарға
жатқызылады:
1) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi, оның ішінде
микрокәсiпкерлiк субъектiлерi;
2) орта кәсiпкерлiк субъектiлерi;
3) iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi.
Кәсіпкерлік объектілеріне пайда әкелетіннің бәрін
жатқызуға болады: мүлік, тауарлар, ақша және құнды
қағаздар, ақпарат, интеллектуалды қызметтің
нәтижелері (патенттер, лицензиялар). Кәсіпкерлік
объектіліерің еркін сатуға және сатып алуға болады.
Кәсіпкерлік объектісіне кәсіпорындар да жатады –
4. Кәсіпкерліктің мақсаттары.
Мақсаттар кәсіпкерлік қызметке бағыт береді және
оны реттеп отырады. Өйткені кәсіпкерлік қызмет
анықталған мақсаттарға жетуге бағытталады.
Кәсіпкер өзінің мүмкіндіктеріне сәйкес мақсаттарын
анықтайды.
Жалпы алғанда кәсіпкерлік қызметтің негізгі
мақсаттарына келесілерді жатқызуға болады:
1)белгілі бір уақыт ішінде кәсіпкерліктің қандай-да бір
объектісіне салынған капиталдан және жұмсалған
ресурстардан пайда табу.
2)қоғам мүшелерінің, мемлекеттің немесе аймақтың
5. Кәсіпкерліктің ұйымдастыру қағидалары.
Кәсіпкерліктің ұйымдастыру қағидалары.
1)кәсіпкерлік қызметтің еркіндік қағидасы
2) Әртүрлі меншік нысандарының танылуы, меншік
құқықтрының заңдық теңдігі мен бірдей қорғау қағидасы.
3) бәсекены қолдау және жосықсыз бәсеке мен
монополиялануға бағытталған экономикалық қызметке жол
бермеу қағидасы.
4) кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу қағидасы.
5) заңдылық қағидасы.
6) кәсіпкерлер мен тұтынушылар құқықтарын қорғау қағидасы.
Әрбір тұтынышының, атап айтқанда:
тауарлар сатып алу, жұмыс пен қызметті пайдалану үшін еркін
шарт жасасуға;
тауарлардың (жұмыстың, қызметтің) тиісінше сапалы және
қауіпсіз болуына;
тауарлар (жұмыс, қызмет) жөнінде толық және анық мәлімет
Кәсіпкерліктің негізгі қағидаларына келесілерді де
жатқызуға болады:
кәсіпкерсік қызметке азаматтар мен заңды
тұлғалардың мүліктері мен қаражаттарын тарту;
кәсіпкердің кәсіпкерлік қызмет түрлерін тандау
еркіндігі;
кәсіпкердің тәуекелге баруы және комерциялық
есеп жүргізуі;
кәсіпкерлік қызметті іске асыру мен даму
бағыттарын дербес анықтау ;
материалдық, қаржылық, еңбек, табиғи және таңы
басқа да ресурстарды тарту және айдалану;
кәсіпкерлердің жұмыскерлерді жалдау еркіндігі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz