Азат Бірлік саяси




Презентация қосу
Қазақстан
Республикасындағы саяси
партиялар: мақсаттары,
міндеттері, бағыттары,
қоғамдағы ролі.

Орындаған: Искандаров Музаффар
Қабылдаған: Рустем К.М.
«Ауыл» социал-
Нұр Отан демократиялық
(1999 ж) партиясы
(2000 жыл
30 қаңтар)

Партиялар

«Азат» «Бірлік» саяси
Демократиялық партиясы
партиясы (2003 жыл
(2005 жыл 29 6 қазан)
сәуір)
Нұр Отан
Nur Otan ("Нұр Отан") – Қазақстанның президенттік ірі саяси
партиясы. 1999 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің
бастамасымен «Отан» партиясы атымен құрылды.
Партия төрағасы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
«Нұр Отан» партиясының идеологиясы
2013 жылы қабылданған доктринасында «Нұр Отан» партиясы -
"қоғамды ұйыстыратын және Елбасының мемлекеттік бағытын
жүзеге асыруды қамтамасыз ететін басым саяси күш" -деп
айтылған. Доктринаға сәйкес партияның идеологиясындағы
басты құндылықтар:
-Басты құндылық - адам
-Бостандық
-Заңның үстемдігі
-Әділеттілік
-Ынтымақшылдық
-Болашаққа ұмтылыс
-Отбасы және Дәстүр
«Ауыл» социал-
демократиялық
партиясы
“Ауыл” партиясы – қоғамдық-саяси ұйым. Құрылтай съезі 2000 жылы 30
қаңтарда өтті.
2000 жылы 30 наурызда ҚР-ның Әділет министрлігінде тіркелді. Партия
төрағасы болып Ғани Қалиев сайланды.
Партия Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің дамуын жеделдетуге,
қоғамды демократияландыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық
саясатты жүзеге асыру, әлеуметтік әділеттілікті орнату, нарықтық
экономиканы қалыптастыруға, ауыл шаруашылығы өндірісінің басым
бағыттарын дамытуға ықпал ету міндеттерін алға қойған. Партияның
әлеуметтік негізін шаруалар мен фермерлік қожалықтардың жетекшілері,
ауыл шаруашылығы саласындағы қызметкерлер, интеллигенция құрайды.
Жоғарғы органы – съезд, басшы атқарушы органы – саяси кеңес,
жұмысшы органы – саяси кеңестің саяси бюросы, бақылаушы органы –
Орталық тексеру комиссиясы. Қазақстанда 14 облыс, Астана және Алматы
қаласында, 121 ауданда комитеттері мен 783 бастауыш ұйымы бар. ҚР-
ның 2002 жылы 15 шілдеде қабылданған “Саяси партиялар туралы”
Заңына сәйкес 2003 жылы 2 сәуірде ҚР-ның Әділет министрлігінде қайта
тіркеуден өтті. Партия қатарында 80 мыңнан астам мүшесі бар (2003).
Партияның қазіргі төрағасы - Әли Әбдікәрімұлы Бектаев.
«Азат» Демократиялық партиясы

Қазақстанның «Азат» Демократиялық партиясы («Азат» ҚДП)
Төраға - Әбілов Болат Мұқышұлы.
Партия «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның бөлінуі нәтижесінде 2005 жылғы 29 сәуірде
құрылған және 2006 жылғы 17 наурызда «Нағыз АҚ ЖОЛ» атауымен
тіркелген. Мүшелерінің саны 97 157 адамды құрайды. Партияның барлық
облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өз филиалдары бар.
«АЗАТ» - орташа таптың партиясы. Партияның мақсаттары –
демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет пен ашық
қоғам құру. Тәуелсіз, гүлденуші, демократиялық, еркін Қазақстан құру
үшін азаматтардың күш-жігерін шоғырландыру.
2007 жылғы 23 маусымда «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның III съезінде
Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға қосылу туралы шешім
қабылданды.
2007 жылғы 20 қазанда «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның IV съезінде «Нағыз АҚ
ЖОЛ» ҚДП-ның III съезінде бұрын қабылданған ЖСДП-ға қосылу туралы
қаулысының күшін жою туралы шешім қабылданды. 2008 жылғы 29
ақпанда IV съездің екінші отырысында «Нағыз АҚ ЖОЛ» партиясын
«АЗАТ» ҚДП деп қайта атау туралы шешім қабылданды, осы атаумен ол
2008 жылғы 11 сәуірде қайта тіркелді.
«Бірлік» саяси партиясы

«Бірлік» саяси партиясы — Қазақстанның қоғамдық бірлестігі,
саяси партиясы.
Партия төрағасы — Серік Сұлтанғалиұлы Сұлтанғалиев.
Аталған партия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Қазақстан
Республикасы Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық
көмек көрсету комитеті 2013 жылғы 17 маусымда «Руханият»
партиясы, «Бірлік» саяси партиясы мемлекеттік қайта тіркеуден
өткізді[1]. Партия мүшелерінің саны 72 000 адамды құрайды.
Партияның филиалдары облыс орталықтарында, Астана және
Алматы қалаларында жұмыс жасайды.
Партияның әлеуметтік негізі — білім беру, денсаулық сақтау,
ғылым және мәдениет салаларының қызметкерлері,
кәсіпкерлер, студенттер және т.б. Өзінің басты міндеттері
экономиканы көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу,
адамгершілігі жоғары және рухани бай қоғамды дамыту деп
есептейді. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 0.37% дауыс
алып, Парламентке өтпеді.
Назарларыңызға
рақмет

Ұқсас жұмыстар
ПАРТИЯНЫҢ Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыруға қатысу
Қазақстан кеңестерінің Құрылтай съезі өтіп, Қазақ АКСР - нің
1917 жылғы тамыз - қыркүйек айларында Орталық Ресейде Корнилов бүлігінің талқандалуы
«Ақ жол» ҚДП
Қазақстандық көппартиялық жүйенің қалыптасуы жə не ҚР саяси партиялары
Партиялық жүйелер
Алаш партиясының бағдарламасын қолдау
Желтоқсан оқиғасының сипаты
Демократиялық партиясы
Қазақстанның қазіргі кезеңдегі саяси партиялары
Пәндер