Уақытша үкіметтің комиссарлары болып
Презентация қосу
Алаш қозғалысы
Қабылдаған:Сағынайқызы С.
Группа:Менеджмент 21.341
Дайындағандар:Кенжебекқызы
Фариза , Бугибаева Индира,
Жолдас Жалғас,Рақымбек Рахман
1917ж. Қазақстанда Уақытша үкімет
мамырдан бастап ауылдар мен селоларда
құрыла бастады. Қазақ халқының өкілдерінен
Уақытша үкіметтің комиссарлары болып:
Торғай облысында - Ә.Бөкейханов, Жетісуда –
М.Тынышбаев, Түркістанда – М.Шоқай
тағайындалды.
Уақытша үкіметтің Қазақстандағы қызметінің нәтижесін мына
кестеден көрсек:
Уақытша үкіметтің қоғамдық міндеттерді шешуі
Соғыс жөніндегі мәселенің Соғыс тоқтатылған жоқ.
шешілуі үшін мүмкіндіктер Аграрлық мәселе шешілген
жасалды. Самодержавие жоқ. Самодержавие кезеңінде
жойылды. Тыл жұмыстарына қазақтардан тартып алынған
реквизицияланғандар жерлер қайтарылған жоқ.
Отанына қайтарылды. 1916 Қазақстандағы отарлық
жылғы оқиғаларға басқару аппараты қиратылған
қатысушыларға кешірім жоқ. Іс жүзінде патша
жарияланып, ақшалай самодержавиесінің саясатын
өтемақы енгізілді. жалғастырды.
Қазақстанда қоғамдық – саяси өмір үлкен өзгеріске
ұшырады. 1917 жылы шілдеде Орынборда бірінші
Бүкілқазақ съезі шақырылды. Онда мемлекеттік
басқару, автономия, халықтық милиция құру, оқу
ағарту, сот, саяси партиялар құру т.б. жөніндегі
мәселелер қарастырылды. Съезд “Алаш”
партиясын құру жөнінде шешім қабылданды.
“Алаш” партиясының
басшылары Ә.Бөкейханов,
А.Байтұрсынов т.б.
буржуазиялық-
демократиялық бағыттағы
қазақ зиялыларының
өкілдері еді. Алаш
партиясының қатарына
ғылыми және
шығармашылық зиялы
өкілдері: М.Тынышбаев,
М.Жұмабаев, https://massaget.kz/userdata/uploads/u53822/1583388029_l.jpg
Ш.Құдайбердіұлы т.б. кірді.
Ал 1917 жылы қарашада Қоқан қаласының Уақытша Кеңес басқарған
IV Төтенше Түркістан Мұхтариаты өз жұмысын бастады. Басшысы М.Тынышбаев,
сыртқы істер министрі М.Шоқай.
Осылайша Қазақстанда көпөкіметтілік орнады.
Жұмысшы, солдат
Уақытша үкімет және
шаруа депутаттары
Көпөкіметтілік
Өлкенің әлеуметтік – экономикалық және саяси жағдайымен, оның көп
ұлтты халқымен, сондай – ақ қазақ әскерлерінің орналасуымен қалыптасты.
Социал –
Фабрика- Алаш Түркістан-
демократ –
автономияс ның
зауыт Аудандық тар, эсер-
ы уақытша
комитет- Кеңестер лер, кадет-
“Алашорда” мұсылман
тері тер т.б.
үкіметі үкіметі
партиялар
БӨКЕЙХАНОВ Әлихан (1866-1937) - ұлт-азаттық және Алаш
қозғалысының жетекшісі, Алашорда үкіметінің төрағасы, аса
көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, публицист,
аудармашы. Санкт- Петербургтегі орман техникалық
институтының экономика факультетін бітірген. Окуын аяқтаған
соң Омбы орман шаруашылығы училищесінде педагогикалық
және ғылыми кызметпен айналысты. 1904 жылы орыс
шаруаларының Қазақстанға коныс аударуы жөніндегі материалдар дайындаған Ф.
А. Щербиннің экспедициясының кұрамында жұмыс істеді. Конституциялык -
демократиялық партияның мүшесі, бірінші шақырылған Мемлекеттік Думаның
депутаты болды. Патша самодержавиесінің отаршыл саясатына қарсы қызметі
үшін бірнеше рет түрмелерде отырды. «Қазақ» газеті арқылы оқу ағартушылық
қызмет жүргізді. 1917 жылы Ә. Бөкейханов Қазақстан бойынша Уакытша
үкіметтің комиссары болып тағайындалды. «Алаш» ұлттық саяси партиясын
құрды, 1917 жылы желтоқсанда екінші бүкілқазақтық төтенше құрылтайда оның
бастамасымен Қазақ автономиясы — «Алашорда» жарияланды. Бөкейханов
Азамат соғысы жылдары Кеңес өкіметінің ұлттық автономияны сақтау жөніндегі
декларациялық уәдесіне байланысты басқа алашордашылармен бірге белсенді
саяси және мемлекеттік кызметтен уакытша бас тартуға мәжбүр болды. Ә.
Бөкейхановтың басты максаты казақтардың дербес мемлекетін құру еді. Өмірінің
соңғы жылдарын Мәскеу қаласында өткізді. 1937 жылы атылды. 1988 жылы
ақталды.
http://bjj-gazeti.kz/files/images/03222800016200905890405202149.jpg
БАЙТҰРСЫНОВ Ахмет (1873-1938) - қазақ халкының XX ғасырдың
басындағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі, ақын,
түркітанушы ғалым, аудармашы, педагог-ағартушы, публицист, қоғам
қайраткері, лингвист, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.
Торғай орыс-қазақ училищесінде, Орынбор мұғалімдер
семинариясында оқыды. Ауылдык, болыстық мектептерде, екі
сыныптық орыс-қазақ училищелерінде ұстаздық етті. А. Байтұрсынов
«Алаш» партиясы басшыларының бірі болды, Қырғыз (Қазақ) өлкесі Әскери-
революциялық Комитетінің мүшесі болып сайланды. В. И. Ленин қол койған мандат алып
комитет кұрамында жүмыс істеді, Қазақ АКСР-ін құруға елеулі үлес қосты. Қазақ АКСР-і
қүрылған соң үкімет құрамына кіріп, оку-ағарту халық комиссары болып жүмыс істеді.
Соңынан «Ақ жол» газетінде, Оку-ағарту Халык Комиссариатының жанындағы
академиялық орталықта кызмет етті. А. Байтұрсынов тілтану мен әдебиет зерттеу жөнінде
бірқатар еңбек-тер жазды. Қазақ жазуына реформа жүргізудің қағидаларын белгілеп,
бірінші қазақ әліппесінің авторы атанды. Қазақ жазуына реформа жасаудың ол ұсынған
жобасы прогресшіл зиялылардың арасында қолдау тауып, 1924 жылы ресми түрде
қабылданды. 1929 жылы ешбір негізсіз тұтқындалып, түрмеде отырды, соңынан
Архангельскіге жер аударылды. 1934 жылы М. Горький мен оның әйелі Е. П.
Пешковалардың араласуымен, Халықаралық Қызыл Крест ұйымының көмегімен
босатылды. Бірақ еркіндік көпке созылмай, 1937 жылы қайта тұткындалды. Ату жазасына
бұйырылды. 1988 жылы ақталды.
https://sun9-74.userapi.com/impf/c622631/v622631342/3bb2d/DGeWEu8H2lI.jpg?
size=422x604&quality=96&sign=4e93046d991d32d700aabc2279861810&type=album
ДУЛАТОВ Міржақып (1885-1935) - Алаш қозғалысының
қайраткері, көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам
қайраткері. Педагогикалық курстарды бітірген соң ауыл мектебінде
мұғалім болып істеді, орыс және батыс жазушыларының
шығармашылығын өздігінен оқып үйренді. М. Ду-латовтың өмірі мен
шығармашылығы «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметімен
тығыз байланысты. Ол «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің
бағдарламалық құжаттарын дайындауға қатысты, А. Байтұрсыновпен бірге
қүқықтық мемлекет қағидаларын жасады. Ол халық тарихында бірінші рет ашыққандарға
көмек беру қорын ұйымдастырды. М. Дулатов өз әңгімелері мен өлеңдері жарияланып
тұрған бірінші қазақ журналы «Айқаптың» жұмысына белсене араласты. 1917-1919
жылдары «Қазақ» газетінің редакциясында, кейінірек «Ақ жол», «Еңбекші қазақ»
газеттерінде жұмыс істеді. Қазақ мемлекеттік университетінде ұстаздык етті. Саяси лирика
шығармаларын жазған М. Дулатов Пушкин, Лермонтов, Шиллер шығармаларын қазақ
тіліне аударумен де айналысты. 1910 жылы жарияланған қазақ әдебиетіндегі бірінші роман
«Бақытсыз Жамалдың» авторы. «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы үшін ақын бір жарым
жылын түрмеде өткізді. «Азамат» өлеңдер жинағы мен «Терме» атты көркем-
публицистикалық жинағымен де танымал. М. Дулатов Абай шығармашылығы, Ш.
Уәлиханов, А. Байтұрсыновтардың мұралары, қазақтар мен қырғыздардың шығу тегі
жөнінде зерттеу мақалаларын да жазды. 1928 жылы М. Дулатов тұтқындалып, 10 жыл бас
еркінен айыруға үкім етілді. Екі жыл түрмеде өткізіп, соңынан Соловецк лагеріне жер
аударылды. Сонда 1935 жылы 5 қазанда қайтыс болды. Қайтыс болғаннан кейін ақталды.
https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=8a02461a5018a9da06a45564bf2f8911-l&n=13
ШОҚАЙ Мұстафа (1890-1941) - аса көрнекті саяси, қоғам жөне мемлекет
кайраткері, публицист, журналист, гуманист, демократ. XX ғасыр басындағы
еліміздің тәуелсіздігі мен бостандығы жолындағы күрескерлердің ірі өкілі.
Бастауыш білімді отбасында алып, Ташкент гимназиясын орыс тілінде бітірді.
Петербург университетінің заң факультетін үздік бітірді. 1917 жылдың
ақпанына дейін Мемлекеттік Думадағы мұсылман фракциясының Түркістан
жөніндегі істері бойынша хатшысы болып істеді. Петербургтен Түркістанға
кайтып оралған соң либерал-демократиялық азаттық қозғалыс басшыларының бірі
болды. 27 жасында ол бүкіл Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалыстың бас-шыларының біріне айналды.
Түркістан (Қокан) Республикасының құрылуымен қорғаныс министрі, үкімет төрағасының
орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарды. Қазан ре-волюциясына қарсы болды. Қоқан автономиясы
қуып таратылған соң шетелге эмиграцияға кетті. Антикеңестік оппозицияның көрнекті өкілі болды.
Шетелде журналдар шығарып тұрды. Өзінің көптеген мақалаларында, әсіресе «Кеңестердің
билігіндегі Түркістан» атты кітабында большевиктер партиясы мен Кеңес өкіметінің Қазақстан мен
Орта Азия республикаларындағы әлеуметтік-экономикалық және ұлт саясатын сынға алды. Мұстафа
Шоқай Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ежелгі ірі бай мәдениеті мен тарихын насихаттаған
ағартушы болды. Ол орыс әдебиетінің білгірі саналып, ағылшын, француз, неміс, түрік және араб
тілдерін тамаша меңгерді. Ол бүкіл өмірін Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ар-абыройы,
шындығы жолындағы күреске арнады, оның жаны мен жүрегі өз туған халқымен әрдайым бірге
болды. Қоқан Республикасы талқандалған соң Грузия мен Түркия арқылы қашып, Германияга,
Берлинге келіп орналасты. Ол мұнда Ресейлік мұсылман эмигранттардың ұйымын басқарды, ғылыми
жұмыспен айналысып, «Еңи Түркістан» мен «Яш Түркістан» журналдарын басып шығарып түрды.
1940 жылы маусымда М. Шоқайды фашистер тұтқындап, Компьен лагеріне жабылды. 1941 жылы
желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайларда қайтыс болды. А. Шульгин ол жөнінде: «бұл
түркістандық сонымен бірге жоғары білімді Еуропалық болды, «жеке өзі» бүкіл елді көрсете алатын
еді» деп жазды.
http://moldir-bulak.kz/wp-content/uploads/мустафа-шокай-11-20151.jpg
ТЫНЫШБАЕВ Мұхаметжан (1879-1838) - XX ғасыр басындағы қазақ ұлт-
азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, Алаш қайраткері, тұңғыш кәсіби-
техникалық маман, тарихшы-ғалым. Верный қаласындағы гимназияны
алтын медальмен бітірген (1900) соң, Санкт-Петербургтегі Императорлық
қатынас жолдары инженерлері институтына түседі. Оны 1906 жылы үздік
бітірген. Оқып жүрген жылдарында саяси өмірге белсене қатысып,
социалист-революционерлер партиясына кірді. «Сын Отечества», «Речь»,
«Радикал», «Русский Туркестан» тәрізді либералдық, радикалдық басылымдармен
байланыс жасады. Екінші Мемлекеттік Думанын депутаты, оның мұсылман фракциясының мүшесі
болды. Қатынас жолдары инженері ретінде
М. Тынышбаев Түркісіб құрылысын жобалау мен жүргізуге белсене қатысты.
Бұл аса көрнекті адамның есімі көп уакыт бойы тек тар шеңбердегі адамдарға белгілі болып келді.
Бұл оның кеңестер мойындамаған «Алаш» партиясының бастауында тұрған қазақ демократиялық
интеллигенциясының басқа өкілдерімен бірге болуына байланысты еді. «Алаш» Қазақ мемлекеттілігін
1917 жылы желтоқсанда Алаш автономиясын жариялау арқылы қайта жаңғыртуға қол жеткізді. Оның
үкіметінің, яғни Алашорданың құрамына М. Тынышбаев та кірді. 1917 жылы Ақпан революциясынан
кейін М. Тынышбаев бүтіндей саяси қызметпен айналыса бастады. Ол уездік жөне облыстық қазақ
коми-теттерін ұйымдастыруға қатысты, Уакытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі болды.
Сонымен бір мезгілде М. Тынышбаев Жетісу облысындағы Уақытша үкіметтің комиссары болып
тағайындалды. Осы қызметтерді атқара жүріп 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті патша жендеттері
қатал басып-жаныштаған соң Қытайға өтіп кеткен қазақтар мен қырғыздарды Жетісуға қайтаруда
қажырлы жұмыс жүргізеді. Қоқан қаласында өткен IV Төтенше мұсылман съезінде Түркістан
Уақытша үкіметінің төрағасы (кейіннен ішкі істер министрі) болып сайланды. 1919 жылы Кеңес
өкіметі жағына шықты. Алматыда оқытушылык, ғылыми-зерттеушілік, шаруашылық жұмыстармен
айналысты. М. Тынышбаев 30-жылдары Кеңес өкіметіне қарсы қызметі үшін жалған айыпталып,
«халық жауы» ретінде екі рет сотталды, соңынан атылды. 1958 жылы акталды.
https://kunaev.kz/media/Update/image_png/August_2018/full/bHzHK9Y8dkd3385ZaeiyT7ax.png
ХХ ғ. басындағы қазақ зиялылары
https://alash.semeylib.kz/wp-content/uploads/2017/02/1-2.jpg
Қорытынды:
Ғасырлар бойы ата – бабаларымыз ұлан – байтақ қазақ
жерін, елін тұлпардың үстінде жүріп, найзаның
ұщымен, білектің күшімен қорғаса. Ал “Алаш”
қозғалысының қайраткерлері саяси күресті ойлап
тапты. Оларды да сүріндірді, бірақ құлата алмады.
Қазақ халқының маңдайына азаттықтың ақ таңын көру
1986 жылы желтоқсан оқиғасынан кейін бұйырыпты.
Міне, тәуелсіздік алғанымызға биыл 30 жыл толды.
Еліміздің тұғыры биік тәуелсіздігін сақтап, мақтан
тұтайық!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz