Мезенхиманың қатерлі ісіктері



Қатерлі және қатерсіз ісіктер
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ЕМДЕУ ІСІ 17 ҚОНЫСБАЕВ АЯН АЙБОЛАТҰЛЫ

Ісіктер
Ісіктер - әр түрлі ағзаларда өздігінен пайда болатын, шексіз тоқтаусыз, бақылаусыз өсумен сипатталатын патологиялық үрдіс. Ісік өсуге қабілетті кез-келген тіннен дамуы мүмкін.

Ісік туындататын вирустар үш сатыда әсер етеді:
1) жасуша ішіне еніп, онда ДНҚ молекуласымен бірігіп кетеді де, жасушаның тектік ақпаратын өзгертеді;
2) өзгерген тектік ақпарат бойынша онконәруыздар мен мРНҚ түзілуін арттырады;
3) онконәруыздар жасушаның шексіз бөлініп көбеюін арттырып, ісік жасушасына айналдырады.

Ісік өсуіне әкелетін қауіп-қатерлі ықпалдар.
зиянды әдеттер:
- темекі шегу;
- маскүнемдік;
- насыбай ату;
тиімсіз қоректену (тым майлы тамақ ішу, ысталған тамақты артық пайдалану, тағамда витаминдер, қанықпаған май қышқылдары жетіспеуі т. б. )
- қоршаған ортаның химиялық заттармен, иондағыш сәулелермен ластанулары т. б. жатқызуға болады.


Қатерсіз ісік ерекшеліктері: - капсула түзіп өседі, -құрылымы қалыпты жасушаларға ұқсас келеді, - ісік жасушалары дамыған және сараланған, - айқындалған құрылымды атипизм, - алып тастағанда қайтадан өспейді, - Метастаздану болмайды, - Адам үшін клиникалық көріністері жағымды, - Кахексия тудырмайды және өлімге әкелмейді.
Қатерсіз ісіктер

Мезенхимадан өсетін қатерcіз ісіктер.
Фиброма жетілген талшықты дәнекер тіннен өсетін қатерсіз ісік. Ол теріде, теріасты шелінде, сүт безінде, жатырда, бұлшықет
аралығында өсіп, бірте-бірте
үлкейіп көлденеңі 4-5 см жетеді

Липома - май тінінің қатерсіз ісігі. Ол кесіп қарағанда сары немесе ақшыл сары түсті. Липома көлемі мен пішіні әртүрлі май клеткаларынан түзілген. Егер маймен бірге дәнекер тін өсіп кетсе ісікті фибролипома деп атайды. Липома құрамында қан жасаушы элементтер болса оны миелолипома дейді.

Гибернома қоңыр май тәрізді өте сирек кездесетін ісік. Қоңыр май қалдық-тары ұшырайтын жерлерде: омыртқа, бүйрек, бүйрекүсті безі айналасында, жауы-рын аралығында, мойында, қолтық астында дамиды.

Лейомиома біріңғай салалы бұлшықет ісігі, көбінесе жатырда, асқазан-ішек жолдарында кездеседі. Ісік құрамында дәнекер тін басым болса, ол ісік фибромио-ма деп, қан тамырлары көп болса - ангиомиома деп аталады.

Рабдомиома көлденең жолақты бұлшықет ісігі жүректе, аяқ-қол бұлшықет-терінде өседі, оның көлденеңі 10-15 см-ге жетеді.

Мезотелиома - сірі қабықтардың ішкі қабықтарын астарлап жататын мезотелий клеткаларының ісігі.

Хондрома - гиалин шеміршегінен өсіп шығатын қатты ісік. Ең көп ұшырай-тын жері қолдың, аяқтың майда сүйектері, омыртқа.

Эпителийден пайда болатын арнайы даму орны жоқ қатерсіз ісіктерге папиллома мен аденома жатады.
Папиллома
Папиллома (латынша papilla - бүртік) жалпақ және өтпелі эпителийден өсіп шығатын ісік. Ол теріде, ауыз, мұрын қуысында, көмейде, бүйрек астауында, қуықта, сүт бездерінің өзектерінде, ми қарыншаларының ішінде өседі. Папиллома көлденеңі 1 сантиметрге дейін болған түінше түрінде кейде сабақшаға ілінген полип тәрізді терінің не шырышты қабықтарының үстінде жайғасатын ісік.
Аденома
Аденома - безді ағзалар эпителиінен, олардың өзектерінен өсетін безді ісік. Ол айналасындағы тіндерден жақсы шекараланған, үлкендігі бірнеше миллиметр-ден, ондағы сантиметрге жететін, жұмсақ ісік. Аденомалар өсіп шыққан жеріндегі тіндерге ұқсас құрылымдар түзеді. Егер аденома құрамында эпителийден гөрі дәнекер тін өсуі басым болса, бұл ісікті фиброаденома деп атайды.

Папиллома


Қатерлі ісіктер
Қатерлі ісік ерекшеліктері:
инфильтрацияланған өспе,
капсуласы болмайды,
жасушалық анаплазия,
жетілмеген жасушалар,
алып тастағанда қайтадан өседі.
Метастаздану байқалады,
Адам үшін клиникалық көріністері жағымсыз,
Кахексия тудырады
өлімге әкеледі.

Қатерлі ісіктер.
Эпителийден туындайтын қатерлі ісікті рак деп атайды. Рак адамдағы қатерлі ісіктің түрі. Рак түйін түрінде, не жайылма өскен, ақшыл реңдегі ісік, ол қатты, кейде жұмсақ болады. Рактың бірнеше түрлерін ажыратады:
1) орнықты рак - эпителий қабатының ішінде өсетін рак.
2) жалпақ клеткалы - терінің, шырышты қабаттардың жалпақ не өтпелі эпителийінен өсіп шығатын рак.
3) безді - безді ағзалардың шырышты қабықтарының призмалық немесе текше тәрізді эпителийінен өсіп шығатын рак.
4) шырышты - ісік клеткаларының көп мөлшерде сұйықтық бөліп шығару-мен сипатталады.
5) солидті - аса тез өсетін ісіктер қатарына жататын, эпителий клеткала-рынан түзілетін рак.
6) майда клеткалы - жетілмеген рактар қатарына жатып, көбінесе өкпеде кездеседі.
7) фиброзды - сүт бездерінде, асқазанда көбірек кездеседі, өте қатерлі, ерте метастаз беретін рак.
8) медулярлы рак - ми тәрізді ақшыл және жұмсақ ісік.

Мезенхиманың қатерлі ісіктері.
Фибросаркома - дәнекер тіннің қатерлі ісігі, ол аяқ-қолдың жоғарғы бөлігінде, жұмсақ тіндердің арасында түйін түрінде байқалады.

Дерматофибросаркома - терімен байланысты ісік, арқада, иықта және балтырда тері астынан томпайып тұрған түйін түрінде байқалады.

Липосаркома - май тінінің қатерлі ісігі, кез келген жаста кездеседі, ісік клеткаларының арасында бір ядролы және көп ядролы, ерекше ірі, атипиялық клеткалардың болуымен ерекшеленеді.

Қатерлі лейомиома - бірыңғай салалы бұлшықет ісігі.

Рабдомиосаркома - өте қатерлі ісіктердің бірі, көптеген метастаз береді.

Ангиосаркома - қан тамырларынан өсіп шығатын аса қатерлі ісік.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz