Сот отырысының хатшысы


Slide 1

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушылардың мәртебесін бекіту мәселелері. Дәлелдемелер және дәлелдеу.

Slide 2

Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға

хаттамамен және iстiң басқа да материалдарымен танысуға

түсiнiктемелер беруге

хаттаманың мазмұны мен ресiмделуi жөнiнде ескертулер жасауға

дәлелдемелер ұсынуға

өтiнiшхаттар, оның ішінде істі сотта кешіктірмей қарау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны тез арада заңды күшіне енгізу туралы өтінішхаттар мен қарсылықтарды мәлiмдеуге

қорғаушының заң көмегiн пайдалануға

iсті қарау кезінде ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде сөйлеуге және егер iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмесе, аудармашы көрсеткен қызметтерді өтеусіз пайдалануға

iс бойынша іс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларының қолданылуы бойынша, нақты деректерге және мән-жайларға сәйкес келмейтін мәліметтер көрсетілген жағдайда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау кезінде заңның бұзылуына, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға және iс бойынша қаулыға шағыммен жүгінуге

iстегi құжаттардан үзiндi көшірме жасауға және олардың көшiрмелерiн түсiрiп алуға

сондай-ақ өзiне осы ӘҚБ туралы Кодексте берiлген өзге де процестік құқықтарды пайдалануға құқылы.

Slide 3 Slide 4

Қорғаушы

- әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын тұлғаның құқықтары мен мүдделерiн заңда белгiленген тәртiппен қорғауды жүзеге асыратын және оған заң көмегiн көрсететiн адам.

Қорғаушының мiндеттi түрде қатысуы:

- әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам бұл жөнiнде өтiнiшхат жасаса;

әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам дене немесе психикалық кемiстiктерiне орай өзiн қорғау құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмайтын болса;

әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам iс жүргiзiлiп жатқан тiлдi бiлмесе;

- әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам кәмелетке толмаған адам болып табылса, қорғаушының қатысуы мiндетті.

Slide 5

Прокурор

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргiзу процесiнде заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды мемлекет атынан тiкелей өзі де, өзiне бағынысты прокурорлар арқылы да Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады.

Прокурор өзiнiң процестік өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде тәуелсiз болады және заңға ғана бағынады.

Сот отырысының хатшысы

Соттың сот отырысының хаттамасын жүргізетін, сондай-ақ сот отырысының дыбыс-, бейнежазбасын қамтамасыз ететін, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша мүдделі емес мемлекеттік қызметші сот отырысының хатшысы болады.

Slide 6

Дәлелдемелер және дәлелдеу

Slide 7

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар

әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасы және осы Кодексте көзделген оның құрамының белгілері;

осы Кодексте әкiмшiлiк жауаптылық көзделген, құқыққа қарсы іс-әрекет (әрекет не әрекетсіздік) жасаған тұлға;

жеке тұлғаның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға кiнәлiлiгi;

әкiмшiлiк жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар;

әкiмшiлiк құқық бұзушылықпен келтірілген залалдың сипаты мен мөлшерi;

әкiмшiлiк жауаптылықтан босатуға алып келетiн мән-жайлар;

әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар, сондай-ақ iстiң дұрыс шешiлуi үшiн маңызы бар өзге де мән-жайлар дәлелденуге жатады.

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы сот билігінің конституциялық құқықтық негізі
Қазақстан Республикасының сот жүйесі
Судьялардың мәртебесі және өкілеттілігі
Алқабилер сотының құқықтық жағдайы
Республикасының сот жүйесі
ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Істі сотта қарауға әзірлеу сатысы
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы
Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаттары ұғымы бойынша азаматтық процестік құқық саласының ғалымдарының пікірлері
Соттың үкімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz