Сиырдың аусыл ауруы


Slide 1

Орындаған: Амангелді Рыскүл

Топ: ВС-801

Тексерген: Нуркенова М. К

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті Кеақ

Аусыл

СӨЖ

Slide 2

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қоздырушысы

Патогенезі

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер

Балау

Ажыратып балау

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Жоспар:

Slide 3

Кіріспе

Slide 4 Slide 5

Қоздырушысы

Қоздырушысы - Aphtovirus - РНҚ-лы, риновирустар туыстастығына, Picornaviridae туқымдастығына жатады. Антигендік қасиеті бойынша 7 серологиялық типке: О, А, С, CAT-1, CAT-2, САТ-3, және Азия-1 бөлінеді. Аусылға бейім жануарлар: сиыр, шошқа, қой, ешкі, енеке, түйе, қодас, бұғы және көптеген тағы аша тұяқтылар (сайғақ, бұлан, елік) . Ең сезімтал жануарларға сиыр мен шошқа жатады.

Slide 6 Slide 7 Slide 8

Сиырдың аусыл ауруы

Slide 9 Slide 10 Slide 11

Күлдіреуіктегі сары судың кобеюінен қысым көтеріліп, афтаның төбесі жұқарады, мал азықтанғанда осындай афта жарылады. Осы жерде түбі ашық-қызыл түсті эрозия пайда болады. Оның беті сарғыштау-қоңыр түсті қабыршақпен жабылады; қабыршақ - ол кепкен жалқақ. Бара-бара эрозияның түбінде сақталып қалған мальпигий қабатының эпителиоциттерінен регенерация дамиды - бұл қолайлы жағдай 5-15 күнге созылады. Афтозды процесс қосалқы микрофлорамен асқынса, іріңді қабыну байқалады, бұл жерде ойық жара шығады, онымен тек кілегейлі қабық қана емес, сонымен қатар ет талшықтары да за- қымдалады. Бұл зақымдардың орнында кейіннен тыртық пайда болады толық емес регенерацияның нәтижесі.

Slide 12 Slide 13

Ауыздың кілегейлі қабығындағы, түяқтар аралығындағы, түяқ жұлығындағы, желіндегі, жалтыр танаудағы афталар аусылға тән патанатомиялық өзгеріс. Ауру басталғаннан кейін 3 күндей өткеннен соң, терінің жұқа жерлерінде қызарған бөріткендер пайда болады. Ауызды ашып қарағанда, кілегейлі қабықтарында күлдіреуктер көрінеді, олар дөңгелек не сопақша болып, сұйыққа толып, сызданып тұрады да, саусақпен басқанда жарылады. Күлдіреуктің жарылған жерінде кілегейілі қабық астындағы ұлпадан оңай сыдырылады. Күлдіреуіктер әсіресе тілдің үстіне жиі шығып, мөлшері тауықтың жұмыртқасындай, баланың жұдырығындай болады. Күлдіреуіктің сөлі алғашқыда түссіз, кейіннен қосалқы бақтерялардың өніп-өсуі нәтижесінде лайланып күңгірт түске ауысады. Кейде күлдіреуік онша томпаймайды да, оны сипап қана табуға болады. Ұсақ күлдіреуіктер езуде, ерін мен жақтың ішкі бетінде, қызыл иекте, таңдайда болады. Грек жаңғағындай үлкен күлдіреуіктер қаңсарда кездеседі. Кей жағдайда қасаң қабық, мүйіздің түбі, дененің басқа да бөліктері зақымдануы мүмкін. Түяқтың жұлығы-көбесі мен ашасында бұршақтай қолдырауықтар (папула) пайда болады да, өсе келе көгершіннің жұмыртқасындай болады. Мал ақсап, белін бүгіп, аяқтарын бауырына қарай жинап тұрады. Ұсақ афталар емшектің терісінде ғана болады. Кейде емшектер жіті қабынуға шалынады. Желіні ісініп, мал қатты ауырсынады.

Slide 14

Механикалық әсерден (шөп жегенде, сауғанда, сирағына әртүрлі заттар тигенде) афталар пайда болғанынан 1-3 күннен кейін жарылады. Олардың орнындағы қызылшақа эрозиялардың формалары мен мөлшері артүрлі, шеттері жырым-жырым болады да, ауыздан сыдырылған эпителий қабықтары мен қанның сілемдері араласқан созылмалы сілекей ағады. Кейде күлдіреуіктер мен қызылшақаланған орындар өңештің, таз қарын мен жалбыршақ қарынның кілегейлі қабығында кезде-седі.

Slide 15

Кәдімгідей қатерсіз өрбуімен бірге аусылдың қатерлі түрі де кездеседі. Ол жағдайда жүрек қызметі мен қан айналымының бұзылуы басым болады да, мал қатты күйзелген жағдайда болады. Жүрек қабында транссудат жиналып, миокардта өліеттенген ақсары ошақтар кездеседі. Жүректегі мұндай өзгеріс әсіресе бұзауларда жиі ұшырасады, оларда өлім 100% жетеді. Сонымен қатар малдың бұл түлігінде геморрагиялық энтерит аурудың негізгі белгілерінің қатарына жатады. Аусылдың денені жайлаған түрінде сірі қабықтар (көкірек пердесі, құрсақ пердесі) қанталап, үлпершекті ағзаларда дистрофиялық өзгерістер байқалады. Гепатоциттер мен нефроциттер некрозға ұшырап, олардың орнына талшықты ұлпа өсіп шығады. Гипофизда торшалар пролифераты болуы мүмкін, ал қалқанша безде гипоплазия байқалады.

Slide 16

Ми мен жұлында гиперемия, қанталау, ұлпа мен қабықтарда домбығу. Нейроциттерде дистрофиялық өзгерістер, кейде лимфоцитарлы іріңсіз энцефаломиелит. Сөл түйіндерінде гиперплазия, домбығу, қабыну, сірі және кілегейлі қабықтарда геморрагиялар байқалады.

Slide 17

Балау. Аусылға диагноз қою үшін эпизоотологиялық, клиникалық, патанатомиялық және зертханалық деректер ескеріледі. Ауруға тән өзгерістер ауызда, аяқтарында, желінде, мес қарында, жүрек еті мен дененің бұлшық еттерінде табылса, патология-лық-анатомиялық диагноз қоюдың қиыншылығы жоқ. Ауылшаруашылық малдарына инактивацияланған дақылдық вакцина егеді. Емдеу белгілерін байланысты. Емі. Ауру малды аусылға қарсы жасалған «иммунолактон» деп аталатын дәрімен емдейді. Онымен қанша мөлшерде қалай емдеу үшін осы препаратты қолдану нұскау кағазы басшылыққа алынады. Зақымдалған ауыз куысып және желінді марганец қышқыл калнинің әлсіз ерітіндісімен шайып, йод глицерин қоспасы жағылады. Зақымдалған екі тұяқ арасын іріңдеп асқынған бір проценттік ерітіндісімен және хлораминнің екі проценттік ерітіндісімен жуып, шайып, онан соң стрептоцид майын жағады. Егер тұяқ арасы іріндеп асқынған болса, онда оны жылы сабынды сумен жуыпшайып, оған 5 проценттік Гюд тұнбасын жағып, Вишевский әдісімен жасалынған май жағып, дәкемен жаксылап байлап кояды.

Slide 18

Ажыратып балау


Ұқсас жұмыстар
Жануарлардың барлық түрлеріне және кейбір малдарға ортақ жұқпалы аурулар
Жеке індеттану
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Вирус
Сиырдың желінсау ауруы
1. Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адьюванттар, иммуномодуляторлар
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адтюванттар, иммуномодуляторлар. 2. Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу
1. Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адтюванттар, иммуномодуляторлар. Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адьюванттар, иммуномодуляторлар. Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz