Акушерлік аурулар




Презентация қосу
СРО
Тақырыб: Өндірістік тәжірибедегі
акушерлік гинекология

Тапсырған: Мұрат Р.Д
Тексерген: Билялов Е.Е
Топ: ВМ-801

Алматы-2017жыл
Мазмұны:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлімі:
1. Акушерлік, гинекология және ауыл шаруашылық
малдарын жасанды ұрықтандыру,қолдан
ұрықтандыруды жүзеге асыру
2. Буаздықты анықтау,буаз мал күтімі
3. Акушерлік-гинекологиялық ауруларын емдеу
ІІІ Қорытынды
ІҮ Пайдаланған әдебиеттер
2. Акушерлік, гинекология және ауыл шаруашылық
малдарын жасанды ұрықтандыру,қолдан ұрықтандыруды
жүзеге асыру

Амиран фирмасында қолдан ұрықтандыру келесідей жүргізіледі.
Қолдан ұрықтандыру. 196°С азотта қатырылған сперманы t° 37-38°С суға салып, 1
минут ұстап, сүртіп, катетрді енгізіп, ұшын қырқып, сыртынан чехол қаптап, арқаға
салып аламыз.
Тік ішегіне қол салып жатырдың мойнынан ұстап, катетрді қынапқа енгізіп, қуықтың
саңылауына түсіп кетпеу үшін, катетерді бірінші кынап кіреберісінің төменгі жағынан
10-15 см-ге жылжытып, содан соң 45°-қа жоғары қаратып әрі қарай жылжытады, содан
соң катетерді туралап жатырдың мойынына толығымен кіргенше жылжытады. Содан
кейін ұрықтандырушы-техник қолымен жатырдың мойынын ұстап тұрып, катетерді
жатыр мойынының каналына жақындатып, кішкене саусақтын көмегімен катетерді
алдыға қарай бағыттайды.
Катетер жатыр мойынының каналына кіргеніне көз жеткізгеннен кейін, жатыр
мойының алақанмен қысып ұстап аздап көтеріп, абайлап айналмалы қозғалыс жасап
катетерге қарай жылжытады. Катетер жатыр мойынына кірген соң сұқ саусақпен
бақылап тұрып катетерді жатырдың денесіне 0,5-1 см-ге жылжытып, катетердің
поршеніне қысым жасау арқылы катетердің ішіндегі ұрықты ағызады.. Содан кейін,
катетерді жыныс жолдарынан, ал қолды малдың тік ішегінен абайлап алып шығу қажет.
Қолдан ұрықтандыру жүргізу
Буаздықты анықтау,буаз мал күтімі:
Малдың буаздығын немесе бедеулігін анықтау әрбір шаруашылықта
міндетті түрде, жоспарлы түрде жүргізілуі керек.
Бүгінгі таңда буаздықты анықтайтын көптеген әдістер белгілі,
әсіресе, мен тәжірибеден өткен шаруашлықта УЗИ апараты арқылы
және тік ішекке қол салып анықтау кең қолданылатын әдіс екен.
Малдың буаздығын анықтау үшін оны: анамнез мәліметтерін жинау,
малдың жеке карточкасындағы, кітапшадағы мәліметтерімен танысу,
малды сырттай ұстап тексеру, қынап және тік ішек арқылы зерттеу,
рентгенологиялық,УЗИ арқылы және зертханалық зерттеулер жүргізу
сияқты тәртіппен зерттейді. Бұл аталған әдістердің бәрін жасап шығу
шарт емес, көп жағдайда, малдың буаз немесе қысыр екендігін
анықтауға бір-екі әдістің өзі-ақ жеткілікті болады.
Туған сиыр организміне дәрумендер
жетіспегендіктен шуын жеуі
Іш тастау – буаздық кезең тоқтап, жатырдағы ұрық
жартылай немесе түгелдей жойылып кетуі, болмаса
дамыған немесе өлген ұрықтың жатырдан сыртқа
шығарылуы. Әдетте төл өлгеннен кейін 2 – 3 тәулік
өткен соң мал іш тастайды, кейде төл іште солып,
ферменттердің әсерінен оның жұмсақ тіндері іріп
түседі де, жатырда тек сүйегі ғана қалады. Болмаса
төл іште шіріп, малдың өліміне соқтырады.
Акушерлік аурулар. Мастит ауруын емдеу
«Калифорнийский мастит-тест»-пен анықтап, емдеу жүргіздік
Туу актісіне көмектесу
Шудың түсуі
Жаңа туылған бұзаудың кіндігіне йод
ерітіндісін жағу
Қорытынды
Қорытындылай келе, мен өндірістік тәжірбиемді
атқару барысында университет қабырғасынан алған
теориялық білімімді практика жүзінде іске асыруды
мен үйрендім. Тәжірбиемді атқару барысында
зертханада, инспекцияда, ветеринариялық
құқықтарымен, міндеттерімен және сонда жұмыс
жасайтын мамандардың жұмысымен таныстым.
Өндірістік тәжірбие барысында ветеринар дәрігердің
жанында жүріп көптеген ауруларды емдеп,
вакцинациялап, акушерлік көмек көрсетуді үйреніп,
зертхана меңгерушісінің тапсырмасы бойынша
жұмыстар атқардым.
IV Пайдаланған әдебиеттер:

1. Д.Чередков, В.Никаноров, В.Захаров. "Хирургия және ортопедия " Алматы,
1953 жыл. (148)
2. Орысша-қазақша малдәрігерлік сөздігі. Т.Сайдулдин Алматы-1993жыл (102)
3. .Б.К.Ілиясов."Алғашқы ветеринариялық жәрдем". Алматы 2001 жыл. (114)
4. .Б.К.Ілиясов. Ветеринариялық хирургия. Алматы 2009 жыл.(200)
5. «Мал акушерлігі және гинекологиясы» М.Н. Жоланов, Қ.У.Қойбағаров,
О.Т.Туребеков, М.Ә.Мадияров Алматы -2005 жыл
6. http://kazmedic.kz/

Ұқсас жұмыстар
2012-2013 оқу жылына модульдерді және жаңа кафедраларды құру туралы ұсыныс
Бедеуліктен келетін экономикалық шығынды анықтау
Акушерлік - гинекологиялық диспансерлеу
Лабораториялық тексеру
Ерте акушерлік диспансерлеу
Акушерлік және гинекологиялық көмекті ұйымдастыру
Жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық және емдеу шаралары
Балаларға арналған жұқпалы аурулар, туберкулез аурулары
БАЛА ТУУ БАРЫСЫНДА
Бәйдібек аудандық ветеринария бөлімі мемлекеттік мекемесі
Пәндер