Көпұрықты жүктілік әрқашан қауіпті жүктілік




Презентация қосу
Көпұрықты
жүктілік әрқашан
қауіпті жүктілік
Көпұрықты
жүктілік
• Көпұрықты жүктілік
• Адам үшін шартты биологиялық
норма бір баланы уақытына
жеткізіп дүниеге әкелу болып
табылады. Сондықтан көпұрықты
жүктілік патология мен шартты
норманың екі аралығындағы
жағдай болып келеді. Бір уақытта
екі не одан да көп ұрықты жүктілік
әйел ағзасы үшін ауыр болады.
Өйткені мұндай жүктілік кезінде
энергия мөлшері мен басқа да
қорек заттар көптеп қажет.
Егіздер қалай
пайда
болады?
• Егіздер қалай пайда болады?
• Бір рет ұрықтанған аналық клетка (зигота) екі не
одан да көп ұрыққа бөлінсе немесе екі я болмаса
одан да көп аналық клетка ұрықтанса, онда
көпұрықты жүктілік дамиды. Бірінші жағдайда бір
жұмыртқалы (көп зиготалы) егіздер, ал екінші
жағдайда – әртүрлі жұмытрқалы (дизиготалы)
егіздер дүниеге келеді. Бір жұмыртқалы егіздер
«судың екі тамшысындай» бір-біріне ұқсас, бірдей
геннің (тұқым) жиынтығына ие. Ал әртүрлі
жұмыртқалы егіздер жалпы геннің 40-тан 60%-на
дейін ұқсас болып келеді, яғни кәдімгі ағалы-інілі,
апалы-сіңлілі бауырлар сияқты. Олар бір-біріне
мүлдем ұқсамауы мүмкін. Оған қоса, әртүрлі
жұмыртқалы егіздердің ұрықтану уақытының
аралығы кейде бірнеше күнді құрайды, сондықтан
кейбірінің әкелері де басқа болуы мүмкін (егер
әйел жалғызбасты болса).
Көпұрықты жүктілік
кезінде өзіңді қалай ұстау
керек?

Жүктіліктің ерте мерзімінде-ақ Тағам мөлшерін белгілерде ағзаға қажет
ультрадыбыстық зерттеу жатырда қанша ақуыз, кальций және микроэлементтердің
ұрық (эмбрион) бар екендігін анықтай мөлшері егіздер санына пропорциялы болу
алады. Бұл өте маңызды, себебі егіздерге керектігін ескеру қажет. Барлығына да
энергия жеткілікті болу үшін тәулігіне
жүкті әйелдің күн тәртібі мен тамақтануы
әрқайсысына қосымша 300 килокалория
басқаша болып келеді жинау керек.

Дене салмағының да мөлшері айтарлықтай Көп демалып тынығуыңыз қажет. Егер
артатынын естен шығармаңыз. Егер мұндай көңіл күйіңіз, жағдайыңыз нашар болса,
жағдай байқалмаса, онда дәрігер міндетті жұмысыңыздан жүктілік бойынша
түрде емделушіні қосымша тексерілуден өтуге демалысқа (декрет) ерте шығыңыз,
жібереді: мүмкін, бір қиындықтар туындаған сонымен бірге, үй шаруасындағы біраз
шығар. Көпұрықты жүктілік кезінде дәрігерге
шаруаларды жақын адамдарыңызға
қаралу жиілігі де көп болады.
жүктеп қойыңыз.
• Көпұрықты жүктілік 0,4-1,6% жағдайда кездеседі [4], ал
көптеген еуропа елдерінде 0,7 ден 1,5% дейін құбылып
тұрады. Соңғы онжылдықта көпұрықты жүктіліктің
жиілігі 2 еседен де көп артты, әсіресе, дамыған елдерде.
2001 жылы олардың жиілігі 2,9% құрады. Осымен бір
қатарда осы кезең ішінде перинаталды өлімшілдік
көрсеткіші 5 есе азайды [1]. Әр елдерде көпұрықты
жүктіліктің кездесу жиілігі әр түрлі. Солай етіп, Дж. Литл
екі егізді жүктіліктің кездесу жиілігіне қарай елдерді 3
топқа бөлді. Төменгі деңгейде (1000 жүктіліктің 2-7) алыс
шығыс елдерінде тңркелген (Жапония, Тайван, Гавайи),
орташа (1000 жүктіліктің 9-20) - кейбір Африка, Америка,
Азия мен Океания елдерінде, жіне де Еуропа елдерінде,
жоғары (1000 жүктіліктің 20 аса) - Африка мен Оңтүстік
Американың кейбір аймақтарында [3]. РФ Денсаулық
министрлігінің арнайы статистикасы бойынша 90
босанудың 1-уі егізді, 8000 1-уі үшенді жүктілік. Бірақта
көпұрықты жүктіліктің дамыған елдердегі шынайы
жиілігі 20:1000 жүктіліктен. Шамамен, 50% жағдайларда
көпұрықты жүктілік толық анықталмайды. Өздігінен
дамитын көпұрықты жүктілік өте жиі егде жастағы
әйелдерде, жатыр дамуының аномалияларында кездесуі
мүмкін, тұқым қуушылдықтың да маңызы бар [4].
Көпұрықты жүктілік бір мезгілде жетілген екі немесе одан
көп аналық жасушалардың ұрықтануы нәтижесінде, және
де өздігінен немесе овуляцияны ынталандыру, эмбрионды
орнықтырумен экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭО мен
ЭКҰ) нәтижесінде бір ғана ұрықталған аналық
жасушадан екі немесе одан көп эмбриондар жетілуінен
(полиэмбриония) дамуы мүмкін
• Көбіне барлық әйелдер бір сәбиді көтереді. Дегенмен, көпұрықты
жүктілік оншалықты сирек кездеспейді. Әдетте, бұған келесілер әсер
етеді:
• Тұқым қуалаушылық. Егер сізде немесе сіздің күйеуіңіздің
тұқымында егіздер болған болса, бірден бірнеше сәби туу мүмкіндігі
ұлғая түседі.
• Овуляцияны ынталандыру. Егер әлдебір себептермен сізге
түйіншелердің жетілуін демейтін гормондық препараттар
тағайындалған болса, сізді кішкентай тосынсый күтіп тұрған болуы
мүмкін.
• Ұзақ қабылдау, соңынан құрамдастырылған ауыз арқылы
қабылданатын контрацептивтерді бірден алып тастау. Аналық
бездер екі есе күшпен жұмыс істейді, кейбір жағдайларда бірден
бірнеше жұмыртқа жасушасын өндіреді.

Ұқсас жұмыстар
Балалар мен нәрестелердегі респираторлық дистресс синдромы
Жүктіліктің ерте мерзімінде қан кетулер
Жүктілікпен байланнысты гипартензиялар
Құрсақішілік инфекция
ЖҮКТІЛІК ГИПОТЕНЗИЯ
Ұрықтың көлденен және қиғаш орналасуы
ПАТРОНАЖДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Шылым шегу, есірткі мен ішімдіктің адам ұрығының дамуына тигізетін әсері
Денсаулыққа әсер ететін қауіпті факторлар
Лабораториялық тексеру
Пәндер