Ислам және иман негіздері


Slide 1

Ислам және иман негіздері

Slide 2

Ислам - адамның екі дүниесін де бірдей қамтитын хақ дін. Дінімізде құлшылық, мәдениет, білім-ғылым, құқық, саясат, жанұя, экономика да қамтылған.

Исламның қайнар көзі - Құран және сүннет

Осы сегіздің алғашқы бесеуін орындауы, соңғы үшеуінен бойын аулақ ұстауы, яғни жасамауы - оның уазипасы.

Жауапкердің тиісті уазипалары фиқһ кітаптарында сегізге бөлінеді:

1. Парыз

2. Уәжіп

3. Сүннет

4. Мұстахап

5. Мүбаһ

6. Харам

7. Мәкрүһ

8. Мүпсид

Slide 3

Парыз - анық, бұлтартпас дәлелдермен әмір етілген діни іс-әрекеттер мен міндеттер.

«Айн парыз»

«Кифая парыз»

Мысалы, құрбан шалу, үтір және айт намазын оқу, т. б.

Уәжіп - орындалуы дәл парыз секілді талап етілмеген, бірақ қуатты дәлелдермен анықталған іс-әрекет пен уазипалар

Slide 4

3. Зәуәид сүннет (артық сүннет)

Сүннет - парыз бен уәжіптен бөлек, Аллаһ Елшісі (с. а. у. ) жасаған және «жасаңдар» деген әрі жасалуына ризалығын білдірген іс-әрекеттер.

1. Мүәккәд сүннет (бекітілген сүннет)

2. Ғайру мүәккәд сүннет (бекітілмеген сүннет)

Мұстахап - таңдаулы, ең көркем амал. Діни терминде Аллаһ Елшісінің (с. а. у. ) кейде жасап, кейде жасамаған іс-әрекеттері.

Slide 5

Мүбаһ - жасалуы мен жасалмауында діни жағынан ешқандай тосқауыл болмаған, яғни жауапкердің еркіндегі іс-әрекеттер.

Харам - жасалуы мен пайдалануы Исламдық тұрғыдан қатаң тыйым салынған нәрселер.

Мәкрүһ - сөздікте жағымсыз, ұнамсыз, жек көрілген нәрсе деген мағынаны білдіреді. Діни терминге салсақ, дін тұрғысынан ұнамсыз, жаман іс-әрекет.

Мүпсит - басталған ғибадатты бұзатын нәрсе. Мүпситтің әдейі жасалуы күнә тудырады.

Slide 6

Исламның парыздары:

1 - парыз: Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне куәлік беру.

2 - парыз: Намаз оқу. 3 - парыз: Зекет беру. 4 - парыз: Ораза тұту.

5 - парыз: Қажылық қылу.

Slide 7

Намаз - сөздікте «дұға ету», «жақсы дұға ету» деген мағынаны білдіреді. Шариғатта намаз - тәкбірмен басталып, сәлеммен аяқталатын, ерекше қимыл-қозғалыстар мен сөздерден тұратын ғажайып ғибадат

Slide 8

Намаздың шарттары:

1) Хадастан (рухани) тазару

2) Нәжістен тазару

3) Әурет жерін жабу

Әурет ер адамдар үшін: Кіндік пен тізе арасы (тізесі қоса жабылады) .

Ал әйел кісілер үшін: Жүзі, білектің төменгі бөлігі және аяқтың қызыл асықтан төменгі бөлігінен басқа жерінің жабылуы.

4) Құбылаға қарау

5) Уақыт

6) Ниет

Намаздың рүкіндері:

1) Ифтитах тәкбірі: Намазды бастағанда тәкбір айту.

2) Қиям: Намазда тік тұру деген сөз.

3) Қирағат: Намазда кемі үш қысқа аят оқу.

4) Рүкуғ: Намазда қолды тізеге тіреп, иілу.

5) Сәжде: Рукуғдан кейін аяқтың ұшы, тізе және қолмен бірге маңдайды жерге тигізу (қою) .

6) Қағдаи ахир: Намаз соңында “әттәхиятуді” оқитындай уақыт отыру.

Slide 9

Иман - сөздікте «бір адамның сөзін растау, айтқанын қабылдау, айтқанына шын жүректен сену, сенім көрсету» деген мағыналарға саяды. Яғни, осы мағынадағы термин ретінде Пайғамбарымыздың Аллаһ Тағаладан алып келген үкімдерін растау, Оның айтқандарын бұлжытпай орындап, ақиқат екеніне шын жүректен сену дегенді білдіреді.

Иманның негізі - жүрекпен сену

Slide 10

Алланың бар және бір екендігіне сену;

Періштелерге сену;

Алла Тағала тарапынан түскен қасиетті кітаптарға иман;

Пайғамбарлық және пайғамбарларға иман;

Ақырет күніне иман;

Тағдыр мен қазаға иман.

Slide 11

Пайдаланылған әдебиеттер:

Исаұлы М., Жолдыбайұлы Қ. Ислам ғылымхалы - Алматы, 2010 ж. - 520 бет.

Әділбаева Ш. Хадис - ғұрпымыз, сүннет - салтымыз - Алматы; «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры», 2011. - 280 бет

Дүйсенбаев, А. Қ. Дінтану [Текст] : анықтамалық сөздік / А. Қ. Дүйсенбаев. - Алматы : ССК, 2018. - 156 бет.


Ұқсас жұмыстар
Адамның діни сеніміне құрмет оның таңдауына құрмет
Ислам діні - қазақтың рухани негізі
Адамның діни сеніміне құрмет
Періштелерге сену
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездері
Дін рухани мәдениеттің бір бөлігі
Аллаға шүкір
Қазіргі кездегі ислам діні
Мұсылман философиялық мектептер
Мұхаммед Пайғамбар Аллаһтың сөзі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz