Сутектік байланыс




Презентация қосу
Қазақстан Оңтүстік
Республикасының Қазақстан
Денсаулық Сақтау Медицина
Министрлігі Академиясы

Биология және биохимия
кафедрасы

Презентация
Тақырыбы: Химиялық байланыстың қасиеттері,
молекула құрамы мен құрылысы.
Орындаған:Кайдаулы А
Тобы:СтКА-03-21
Қабылдаған:Дәуренбеков.Қ___________
_____
Шымкент 2021
1. Химиялық
байланыстың
қасиеттері, молекула
құрамы мен құрылысы.
2.Коваленттік байланыс.
3.Иондық байланыс.
4.Металдық байланыс.
5.Сутектік байланыс.
Коваленттік байланыс
Коваленттік байланысқа тән қасиеттер - оның ұзындығы,
энергиясы қанығуы және бағытталуы.
Байланыс ұзындығы – бұл ядролардың ара қашықтығы.
Байланыс ұзындығы, неғұрлым қысқа болса, химиялық
байланыс соншылықты берігірек болады. Алайда
байланыстың беріктігінің өлшемі – байланыс энергиясы
болады. Байланыс энергиясы байланысты үзуге қажет
энергияның шамасымен анықталады. Әдетте ол 1 моль
затқа шаққан кило-джоулмен өлшенеді. Тәжірбие
мәліметтері бойынша Н2, Сl2 және N2 молекула
байланыстарының ұзындығы 0,074, 0,198, 0,109HM
(нанометрге) сай келеді ал байланыс энергиясы 436, 242,
946 кДж /молье тең. Байланыстың еселігі артқан сайын
байланыс энергиясы жоғарылайды, ал оның ұзындығы
қысқарады. Коваленттік байланыстың бағытталуы
молекулардың кеңістіктері құрылымына, яғни олардың
геометриясына (пішініне) себепші болады. Мұны HC1, Н 2О
және NH3 молекулалардың түзілуін мысалға ала отырып
қарастырамыз. Коваленттік байланыс әрекеттесуші
атомдардың электрон орбитальдардың максималы
қаптасқан бағытында пайда болатындығы белгілі.Қорыта
айтқанда коваленттік байланыс дегеніміз - Екі атом
Иондық байланыс
теориясын 1916 жылы неміс
ғалымы В.Коссель ұсынған
болатын.Бұл теория типтік
металдар мен типтік
бейметалдар атомдары
арасында:CsF, CsCl,NaCl,KF,
KCl,Na2O, CaO түзілетін
байланысты түсіндіреді. Осы
теорияға байланысты
иондық байланыстың түзілу
кезінде типтік металл
атомдары электронды
береді, ал типтік бейметалл
атомдары электронды қосып
Коссель алады.
Вальтер
1888-1956ж.ж
Иондық
байланыс
Иондық байланыстың қасиеттері.Иондық байланыстың қасиеттерінковаленттік байланыстың
қасиеттерімен салыстырып қарастырамыз.Коваленттік байланыс қанымдылықты
көрсетеді.Атомның түзетін коваленттік байланыстарының саны оның валенттік
орбиталдарының санынан аспайды.Валенттік орбитальдар пайдаланып біткен соң, атомның
коваленттік байланыс түзу мумкіншілігі қанығады.Мысалы, сутек атомының бір-ақ валентік
орбиталі бар,сутек атомдары сутек молекуласына біріккенде екіатомның екеуінің де валенттік
орбитальдары толық пайдаланып бітеді.Сол себеппен сутек молекуласы Н2 сутектің үшінші
атомын қосып ала алмайды.
Иондық байланыс .Қарама – қарсы зарядталған иондардың кулон куштері арқылы
тартылысуы нәтижесінде түзіледі.Ал кулон күштері – қанықпайтын күштер,демек, иондық
байланыс қанықпаған байланыс.Егер ион зарядталған шар деп есептесек оның электр
күштері ионды қоршаған кеңістіктің барлық жағына біркелкі бағытталған .Катион мен анион
бірінен – бірі жақындасқанда күш өзгерістерін толық қанықтырмайды.Сол себеппенде катион
да анион да , басқа бағыттар бойынша қарсы зарядталған көптеген басқа иондарды
тартып,байланысқа түсе алады.
Металдық байланыс
Металдық байланыс деп электостатикалық тартылу нәтижесінде металдар иондарының және
жалпыланған электрондар арасындағы түзілетін химиялық байланысты айтады.

Металдық байланыстың қасиеттері.Металл атомының электрондық құрылысына назар
аударатын болсақ,сыртқы қабатындағы электрондардың саны салыстырмалы түрде көп екенін
көреміз.Оның үстіне сыртқы электрондары атом ядросына әлсіз тартылатындықтан
металдардың иондану энергиясы төмен болады.
Сондықтан металл атомдары бір бірімен қосылғанда сыртқы электрондары атомнанбөлініп бос
электрон газын түзеді.Пайда болған металл иондары кристал тордың оң зарядты металл
иондарымен берік тартылып тұрады.Металл атомдарының осылай байланысуын металдық
байланыс деп атайды.
Металдық байланыс бір қарағанда ковалентті байланысқа ұқсас, екеуі де электрондар
түзеді.Бірақ ковалентті байланыс тек кей атом арасында жұп электрон арқылы пайда
болса,металдық байланыста ортақ электрон газы металл атомдарының бәрін бірдей берік
ұстайды.Сондықтан ковалентті байланыс арқылы түзілген заттар жұмсақ,иілгіш,созылғыш
болып келеді.Металлдардың барлық қасиеттері осы металдық байланыстың ерекшелігімен
түсіндіріледі.
Сутектік
байланыс
Сутектік байланыс деп сутек атомы мен электртрестілігі жоғары атомдар арасында болатын
химиялық байланыстың түрін айтады.Сутектік байланыстың нәтижесінде заттардың
қасиеттері өзгереді.
Байланыстың бұл түрінде молекулалар сутек арқылы байланысады.Байланыстың бұл түрі
табиғатта өте кең тараған.Сутектік байланыс әр түрлі зат, бір түрлі зат молекула лары
арасында, типті бір молекуланың ішіндегіатомдарарасында болады.
Мысалы, су молекуласының құрылысын қарастырсақ, онда екі атом сутек бір атом оттекпен
полюсті ковалентті байланыс арқылы байланысқан.Электрон жұптары электртерістігі
жоғары элемент,оттек жаққа көбірек ығысқан.Нэтижесінде , су молекуласының сутек
атомдары жағында оң заряд пайда болады.
Мұнда сутек акцептор болып табылатындықтан,судың басқа молекуласындағы оттектің
артық электрон жұбын өзінің бос орбитальне қабылдау арқылы химиялық байланыс түзе
алады.Сөйтіп судың бірнеше молекуласы бірімен бірі байланысып димер, тример ,
тетрамерлер түзеді.
Сутектік байланыс - бұл ерекше бір химиялық байланыс. Ол молекулааралық және
молекулаішіндік болуы мүмкін.
Молекулааралық сутектік байланыс құрамына сутегі мен электртерістігі күшті
элемент — фтор, оттегі, азот кейде хлор, күкірт кіретін молекулалар арасында пайда
болады. Мұндай молекулада жалпы электрондық жұп сутегіден электртерістеу
элемент атомына күшті ығысқаннан, ал сутегінің оң заряды кіші көлемде
шоғырланған, сондықтан протон басқа атомның немесе ионның бөлінбеген электрон
жұбымен әрекеттесіп оны ортақтастырады. Нәтижесінде сутектік деп аталған әлсіздеу
екінші байланыс түзіледі.
Сутектік байланысты бұрын протон мен басқа полюсті топтың арасындағы
электростатикалық тартылу деген. Бірақ оның түзілуіне донорлық-акцепторлық
әрекеттесу үлесін қосады деп санау дұрыстау. Бұл байланысқа кеңістіктегі бағытталуы
мен қанығу тән.
Әдетте сутектік байланысты нүктелермен белгілейді, бұл оның коваленттік
байланыстан біраз әлсіздеу екендігін көрсетеді (15—20 еседей). Дегенмен,
молекулалық ассоциациялануына сол жауапты. Мысалы, су мен сірке қышқылының
димерлерінің (олар сұйық күйінде әлдеқайда тұрақтылау) түзілуін схемалармен
көрсетуге болады
Сұрақтар
1.Ковалентті байланыс теориясын кім ұсынды?
2.Ковалентті байланыс?
3. Иондық байланыс теориясын алғаш рет қай жылы
ұсынды ?
4.Иондық байланыстың түзілуі кезінде типтік металл атомдары
электронды ________, ал типтік бейметалл атомдары электронды
_______.(Бос орынды толтырыныз).
5.Химиялық байланыстың түрлері?
Жауаптар
1.Джильбер Льюис
2.Екі атом арасында химиялық байланыс
электрон жұбы ортақтасуы арқылы түзілсе, ол
ковалентті байланыс деп аталады.
3.1916 жылы В.Коссель үсынған болатын.
4.Береді,Қосып алады.
5.Ковалентті байланыс,Иондық
байланыс,Металдық байланыс,Сутектік
байланыс.

Ұқсас жұмыстар
Ковалентті байланыс
ХИМИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР
Химиялық байланыс. Химиялық байланыстың негізгі түрлері мен қасиеттері
Нуклейн қышқылы
ДНҚ молекуласының екі жіпшеден тұратындығын және нуклеотидтердің азоттық негіздері сутектік байланыспен байланысатынын америкалық биохимик
Жоспар жасау Тарау бойынша тест тапсырмаларын дайындау
Жеке ақуыздар құрылысының ерекшеліктері. Доменді және фибриллярлы ақуыздардың құрылысының ерекшеліктері және биологиялық маңызы
Аминқышқылдары Белок синтезінің субстраттары
МЕТАЛДЫҚ БАЙЛАНЫС МЕТАЛДЫҚ КРИСТАЛДЫҚ ТОР
Нуклеин қышқылдары. Химиялық құрамы
Пәндер