Мәншүк Мәметованың өмірі мен Ұлы Отан соғысындағы ерлігі


Slide 1

Өмірбаяны

Мәншүк Мәметова 1922 жылы Орал облысы Орда ауданы Жасқұс ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп «Моншағым» деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді.

Slide 2

1934 жылы Мәметовтер Алматыға шақырылды. Ол кезде Мәншүк 10 жас шамасында еді. Қыз Алматыдағы 28-ші орта мектепке жіберілген. Ол кездері Мәншүктің өз туған әке-шешесі де қайтыс болды.

М. Мәметова (сол жақта) досы Б. Дияровамен. Орал, 1932 ж

Slide 3

Балалық кезі

Мәншүктің өз әкесі - Жиенғали Мәметов. Бірақ Жиенғалидің інісі Ахмет Мәметовте бала болмаған соң, 1925 жылы Мәншүкті сол кісінің қолына берген.

Ахмет Мәметов - қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі, өзі Алашордашы, Бейімбет Майлин, Құдайберген Жұбановтармен жақын араласқан. Сондықтан да 1938 жылдың қаңтар айында ұсталып кетеді.

Ахметтің әйелі Әмина Мәметова - Әбілқайыр ханның тұқымы. Атасы молда, әкесі елге сыйлы адам болған, өзі патша заманында әйелдер гимназиясында оқыған, Саратовта аспирантура бітірген, елге келген соң әдебиет пәнінің мұғалімі болып, сол кездегі газеттерге сыни мақала жазып тұрған.

Slide 4

Амина және Ахмет Маметовтар

Slide 5

Мәншүк Ұлы Отан соғысы басталғанда, 1942 жылы Алматы қаласындағы медицина институтында оқып жүрген еді. Ол өз еркімен сұранып қазақ ұлттық 100-бригадасы құрамында майданға аттанады.

1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.

Slide 6

Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал, т. б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» (авторы - А. Михалков-Кончаловский, режиссері М. Бегалин) көркем фильм түсірілді.

Slide 7

Мәншүк Мәметова құрметіне салынған Оралдағы ескерткіш

Slide 8

Мәншүкке арналған музей

Оралдағы Мәншүк Мәметова мұражайы Әмина Мәметованың әңгімелері негізінде құрылған. Мемориалдық бөлмеде Мәншүктің жеке глобусы, шағын қобдишасы, сабақ кестесі, тіпті ат жарысында жеңіп алған қамшы да сақталған.

1993 жылы мұражай жанынан «Мәншүк ерлігі» диорамасы ашылды. Оның авторы - Мәскеудегі Грекеов атындағы әскери студияның суретшісі Михаил Ананиев.

Slide 9

Мәншүк Мәметова музейі

Slide 10

Мәншүк Мәметова - Невель қаласын қорғау кезінде ақырғы оғы қалғанша жауды қырып, ерлікпен қаза тапты.

Қасындағы жолдастарынан айырылған Мәншүк үш пулеметті қатарынан қойып, жауды 3 сағат бойы жалғыз бөгеп тұрған.


Ұқсас жұмыстар
Мәншүк Мәметова: Кеңес Одағының Батыры және Ұлы Отан соғысындағы ерлігі
Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың өмірі мен ерлігі
Мариям Хакімжанованың Бала Мәншүк шығармасы: Мәншүк Мәметованың балалық шағы мен ерлігі
1941-1945 жылдардағы Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы рөлі мен ерлігі
Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары: Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен үлесі
9 мамыр - Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы қатысуы мен ерлігі (1941-1945)
Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары: Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен тарихи маңызы
Кеңес дәуіріндегі қазақ батыр қыздары: Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың өмірі, ерлігі және мемориализациясы
Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы үлесі мен батырлары
Ұлы Отан соғысындағы Сталинград шайқасының стратегиялық маңызы және батырлардың ерлігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz