БАСҚАРУШЫЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ




Презентация қосу
5 ТАҚЫРЫП.
БАСҚАРУШЫЛЫҚ
ТАЛДАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Жоспар:
4.1. Экономикалық ақпараттар жүйесі
4.2. Басқарушылық талдауының ұйымдастырылуының
негізгі кезеңдері
4.3. Талдаудың кешенді жоспары, оның мазмұны
4.4. Басқарушылық талдауының ақпараттық көздерінің
сипаттамасы
4.1. Экономикалық
ақпараттар жүйесі
Адамзаттың барлық қызмет салаларындағы ақпараттандыру қазіргі
кезеңде ғаламдық мәселеге айналып отыр. Сондықтан да бүкіл
дүние жүзі деңгейінде біріңғай әлемдік ақпараттық қауымдастықты
құруға үлкен мән беріліп отыр.
Экономикалық талдау оңтайлы басқару шешімдердің негізінде
жататын экономикалық ақпараттар жүйесіне негізделеді.
Ақпараттың математикалық теориясы ақпараттың санын анықтау
және бағалау әдістерін, оларды байланыс тораптары бойынша беру
процестерін зерттейді.
Тиімді ақпарат ағымын құру тиісті принциптерге сүйенеді.
Оларға келесілер жатады:

ақпараттық
қажеттіліктерді
және оларды
қанағаттандыру
тәсілдерін
анықтау;

өндіріс, айналым
ақпараттың процестерінің
оперативтілігі. объективтілігін
көрсету;

түрлі көздерден
келіп түсетін
ақпараттың
біріңғай болуы;
Процестер мен құбылыстарды көрсету сипатына байланысты
көрсеткіштер абсолютті және салыстармалы болып бөлінеді.
Абсолютті көрсеткіштер шаруашылық қызметті натуралды,
еңбек, ақшалай өлшемде көрсетеді, ал салыстырмалы – бір
абсолютті шамалардың екіншісіне қатынасын көрсетеді. Екі
көрсеткіш те процент, коэффициент, индекс түрінде есептелуі
мүмкін.

Қалыптасу сипатына байланысты көрсеткіштер еесптік және
жоспарлы болы бөлінеді. Сонымен қатар екі көрсеткіш те жалпы
және жеке болып бөлінеді. Жоспарлы көрсеткіштер ресурстарды
тұтыну нормаларының негізінде қалыптасады және перспективті,
ағымдағы жоспарларда көрініс табады.
Есептік көрсеткіштер бухгалтерлік, статистикалық есептерде
көрсетіледі, шаруашылықтың нақты деңгейін көрсетеді, процестер
мен құбылыстардың жағдайын айқындайды. Кешенді талдау
жүргізген кезде жалпы көрсеткіштермен қатар жеке көрсеткіштер де
жиі есептеледі.
Микродеңгейдегі маркетингтік ақпарат жүйесі келесі төрт
бөлімнен тұрады:

1. Есеп пен есеп берудің ішкі жүйесі – тауарлық өндірістің
құрылымын, көлемін сипаттайтын ішкі фирмалық
ақпараттық ағымдар туралы ақпарат.
2. Маркетингтік ақпараттың сыртқы жүйесі – ол нарықтағы
жағдайды жүйелі түрде бақылауға мүмкіндік береді.
3. Маркетингтік бақылаулар және талдау; маркетингтің нақты
мәселелерін зерттеу.
4. Маркетингтік шешімдерді қолдау жүйесі. Жүйе экономика-
математикалық әдістер мен модельдерге сүйенеді.
Экономикалық талдаудың қаржылық және
басқарушылық түрлерінің сипаты қолданылатын
ақпараттарға байланысты.

Қаржылық талдау – кәсіпорынның есепті , яғни
қорытынды көрсеткіштерінің негізінде жасалып ,
кәсіпорын қызметінің шектеулі бөлігінің ақпаратын
қолданады. Негізгі ақпараттар көзі болып бухгалтерлік
баланс және оның қосымшалары жатады. Сыртқы
талдауды қаржылық және статистикалық есептілік
негізінде шаруашылық басқару органдары, банктер,
қаржы органдары, инвесторлар, акционерлер жүргізеді.
Жалпы зерттеудің басты тапсырмалары
болып мыналар табылады.

• Қаржылық қорытынды бағалау ;
• Меншік жағдайын бағалау;
• Қаржылық тұрақтылықты, баланс өтімділігін,
кәсіпорын төлем қабілеттілігін талдау;
• Дебиторлық және кредиторлық
берешектердің жағдайы мен динамикасына
зерттеу жасау.
• Салынған капиталдың тиімділігін талдау.
Басқарушылық талдау – кәсіпорын
қызметінің барлық ақпараттарын
қолданады және соның ішінде арнайы
тұлғаларға арналған шектелген ақпаратты
да қолданады. Ішкі талдау кәсіпорын
аумағында кәсіпорын қызметін басқару
мұқтаждықтары үшін жүргізіледі.
Ішкі қолданушыларға кәсіпорынның әр түрлі
дәрежедегі басқарушылар жатады.
Басқарушылық талдау мәліметтері
кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестік саясат
сұрақтары үшін маңызды орын алады , яғни
технологияның жаңаруы максималды табысқа
жетудің механизміне жету. Сондықтан да
басқарушылық талдау қорытындылары сыртқа
шығарылмайды және де ішкі кәсіпорын
механизмін оперативті түрде өзгерту үшін
қажет.
Қаржылық және басқарушылық талдауға
бөлудің тағы бір себебі ол – белгіленген
мақсаттар мен тапсырмаларға байланысты.

Қаржылық талдаудың мақсаты –
кәсіпорнның қаржылық жағдайына баға беру
және алынған қорытындылар негізінде
қызметті жақсарту үшін кеңес беру.
Қаржылық талдаудың тапсырмалары
аналитикалық берілгендерді
қолданушылардың қызығушылығымен
анықталады.
Басқарушылық талдау мәліметтері
кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестік саясат
сұрақтары үшін маңызды орын алады , яғни
технологияның жаңаруы максималды табысқа
жетудің механизміне жету. Сондықтан да
басқарушылық талдау қорытындылары сыртқа
шығарылмайды және де ішкі кәсіпорын
механизмін оперативті түрде өзгерту үшін
қажет.
Басқарушылық талдау фирмалардың
жетекшілері үшін ақпараттар береді, оның
мынадай ерекшеліктері бар:

1. Ол нақты пайдаланушыға бағытталған
және конфиденциалды;
2. Берілетін көлемі, формасы мен мерзімі
бойынша регламенттелмеген.
Ол өзіне мыналарды енгізеді:
сауда-шаруашылық қызметінің
көлемдік көрсеткіштерін талдау;
оларға әсер ететін тауарлар мен
факторларды сату құрылымын
талдау; кірістерді, шығыстарды,
пайдаларды талдау.
Қаржылық және басқарушылық
талдаудың салыстырмалы
сипаттамасы
Салыстыру Қаржылық талдау Басқарушылық талдау
ортасы
1.Ақпаратты Ішкі жақтаушылар, Кәсіпорын басшылары
пайдаланушылар қызығушылар мен бөлімдері
2.Талдау Біртұтас Біртұтас ретіндегі
обьектері сипатындағы кәсіпорын мен басқада
кәсіпорын оның бөлімшелері
3.Ақпарат Бухгалтерлік есеп Экономикалық ақпарат
көздері формалары кешені
4.Талдау Құрастырылған есеп Қажет болған мерзімде
қайталанылуы берудің мерзіміне
сай (жыл, квартал)
5.Ақпараттық Барлығына Қатаң түрде құпиялы
қорытындылар- қолжеткізерлік (тек кәсіпорын менед-
дың қол жеткі- жерлері үшін ғана)
зерлігі

Ұқсас жұмыстар
ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ
Қаржылық талдау мақсаты және міндеттері
Экономикалық талдау түрлері
Бақылау басқару функциясы
Бәсекелік күрес деңгейін талдау
Ұлттық клиникалық басқарушылық әдістемесінің типтері
БАСҚАРУ ТУРАЛЫ АФОРИЗМДЕРІН ЖИНАП, ӨЗІНДІК ТАЛДАУ ЖАСАУ
Кәсіпкерлік аясындағы бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік
Қаржы секторында үлкен деректерді қолдану
Басқару ғылымының пәні мен әдісі
Пәндер