ПЛЕВРАНЫҢ ҚАБЫНУЫ




Презентация қосу
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

СРО
ТАҚЫРЫБЫ: ПЛЕВРАНЫҢ ҚАБЫНУЫ

Орындаған: Адылханова Х.
Тобы: ВС-903
Тексерген: Сабырова А.Қ.
ЖОСПАР
I. Плевраның қабынуы (пайда болу себебі, дамуы, белгілері, анықтау)
II. Плеврит
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
ПЛЕВРАНЫҢ ҚАБЫНУЫ
• Көкіректің ішкі бетін астарлап тұратын сірі қабықтың қабынуы. Ауру
көбінесе жылқылар мен шошқалардың арасында жиі кездеседі. Жіті
және созылмалы // басалқы және қосалқы, шектелген және кіріккен,
қабыну процессінің сипаты бойынша – құрғақ және жалқықты
(ылғалды) түрлерге бөлінеді.
Плеврит – плевраның қабынуынан дамитын ауру.
Плевра – тіндердің екі үлкен қабатынан тұратын қабық. Бір қабат өкпенің сыртқы бетін
жабады. Екінші қабат кеуде қуысының ішкі бетін жабады. Плевра қабаттарының арасында
өте жұқа кеңістік бар, ол плевра кеңістігі аталады. Қалыпты жағдайда бұл кеңістік
сұйықтықтың үлкен көлемімен толған. Сұйықтық плевраның екі қабаттарына тыныс алу
кезінде бір-бірімен тегіс жанасуына көмектеседі.
ЭТИОЛОГИЯСЫ
Плевриттің жұқпалы түрінің қоздырғыштары: стафилококк,
пневмококк, туберкулез таяқшалары, эхинококк, т.б
Сонымен қатар плевриттің пайда болуына өкпе қабынуының және
лимфа бездерінің асқынуы, ревматизм, әр түрлі ісік және
аллергиялық аурулар немесе көкірек қуысының жарақаттары әсер
етеді.
ҚҰРҒАҚ ПЛЕВРИТ
Аурудың негізгі шағымы-демді терең алғанда және жөтелгенде
күшейетін кеуденің шаншып ауыруы,құрғақ жөтел,жалпы әлсіздік және ұзаққа
созылатын субфебрильді температура. Диафрагмальды плеврит кезінде
ауырсыну іштің жоғарғы бөлігіне және көкеттік нерв бойымен- мойын
аймағына беріледі.Апикальды плеврит кезінде кеуденің трапеция тәрізді және
үлкен бұлшықеттерінде ауырсыну (Штернберг және Поттенджер симптомы)
болады.Аускультацияда-плевра үйкеліс шуы.
ЭКССУДАТИВТІ ПЛЕВРИТ
Жалпы әлсіздік, ентікпе, қалтыраумен жүретін дене температурасының жоғарылауы,
тершеңдік,тәбеттің төмендеуі. Қалталанған медиастинальды плеврит кезінде-дисфагия, беттің,
мойынның ісінуі және дауыстың қырылдауы болады.Тыныс жетіспеушілігінің дәрежесі
акроцианоздан (еріннің, саусақтардың көгеруі) тері жабындысының тотальды цианозына дейін
ұласады.Жалпы қарауда-кеуденің ауру жағы тыныс алғанда қалыңқы болады,не тыныс алуға
қатынаспайды (өкпенің қысылып қалатынынан).Кеуденің төменгі бөлігіндегі қабырға
аралықтардың ісініп, шығыңқы болатынын көруге болады. Перкуссия кезінде-массивті тұйық
дыбыс. Аускультацияда-тыныстың болмауы, тахикардия, жүрек тондарының тұйықталуы.
ПЛЕВРАЛЬДЫ ПУНКЦИЯ
Плевритті диагностикалауда плевралды пункция маңызды рөл атқарады.
Торакоцентез артқы 7-8 қабырғааралықта жасалады. Алынған сұйықтықты қарап,
оның түсін, консистенциясын анықтайды. Транссудат немесе экссудат екенін
анықтау қажет.
Ривольт сынамасын жасалады:
Транссудат: ақуыз 32 г/л аз, ЛДГ 1.3 ммоль/л аз, Ривальта сынамасы теріс.
Экссудат: ақуыз 36 г/л көп, ЛДГ 1.75 ммоль/л, Ривальта сынамасы оң.
ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ТОРАКОСКОПИЯ
Торакоскопия – плевра қуысын және кеуде қуысын ішкі жағынан қарау
үшін жасалатын қазіргі заманғы әдіс. Торакоскопия кезінде кеуде қуысы
арқылы плевра қуысына эндоскоп енгізіледі.
Мақсаты:
Плевра ауруын диагностикалау;
Зерттеу үшін тінді алу;
Булларды, кисталарды жою, қуыстан сұйықтықты эвакуациялау;
Өкпеде шекаралық резекция жасау.
• Плеврит емі көбінесе клиникада жүргізіледі. Дене
температурасы қалыптанғаннан және ауыру сезімі басылғаннан
кейін, плевральды спайканың алдын алу мақсатында тыныс
гимнастикасын және емдік дене шынықтыру тағайындалады. Бұл
мақсатта кеуде қуысының массажын тағайындайды.
1. Этиологиялық ем – негізгі ауруды емдеуге бағытталған (пневмония, туберкулез,
рак). Кең спектрлі антибиотик (амоксициллин/клавуланат, цефалоспориннің II - III
ұрпағы, респира­торлы фторхинолондар, аминогликозидтер), туберкулезге қарсы
химиопрепараттары.
2. Патогенетикалық ем плевра қуысындағы сұйықтық мөлшерін азайтуға
бағытталған :
· қабынуға қарсы терапия (СЕҚҚП)
· десенсибилизациялаушы терапия (антигистаминді)
· дезинтоксикационды (сұйықтық ішу, инфузии)
· қалыпты онкотикалық қысымды қалыптандыру - альбумин, нативті сарысу, ақуызды
және аминқышқылды гидролизаттарды (инфезол, альбумин) тағайындау
· тамыр өткізгіштігін төмендету (аскорутин, дицинон, стероид).
3. Симптоматикалық ем құрғақ плеврит кезінде ауырсыздандыру.
ҚОРЫТЫНДЫ

Плевраның қабынуы-көкіректің ішкі бетін астарлап тұратын сірі
қабықтың қабынуы.
Плевраның қабынуын дер кезінде емдемесе, ол әр түрлі ауруларға әкеп
соғуы мүмкін, соның ішінде кең тараған ауру плеврит болып табылады.
Плеврит — өкпеқап (плевра) қуысында сұйықтықтың жиналуы.
Плевриттің пайда болуына өкпе қабынуының және лимфа бездерінің
асқынуы, ревматизм, әр түрлі ісік және аллергиялық аурулар немесе көкірек
қуысының жарақаттары әсер етеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностикасы
2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау / Қожанов, К.Н. – 2013
3. Төл ауруларын емдеу / Қожанов, К.Н. – 2005

Ұқсас жұмыстар
ПЛЕВРИТ ЖӘНЕ КЕУДЕ АУРУЛАРЫ
Микоплазмалы пневмония
Тыныс алу ағзаларының аурулары
Плевра қуысы
Жүрек - қантамыр жүйесі аурулары
НОВОКАИНДЫ ТЕЖЕУ
Миокардит және миокардиоз
Құрғақ плеврит Экссудативті плеврит
АУСКУЛЬТАЦИЯ
Адам және жануарлар ауыратын жқпайтын аурулар кезінде жануарларды, өнімдері мен шикізаттарын ветеринариялық - санитариялық бағалауға машықтану
Пәндер