Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
Презентация қосу
Философияның
қалыптасуыны
ң негізгі
кезеңдері
Философияның
қалыптасуының негізгі
кезеңдері
1. Философияның үш ірі ошағы.
2. Антика заманының философиясы.
3. Орта ғасырлық философиясы.
4. Орта Азия халықтарының философиясы.
5. Қайта Өрлеу дәуірінің философиясы.
6. Жаңа заман философиясы.
7. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының
дүниетанымдық көзқарасы.
Философия ілімінің негізгі
үш кезеңі
а) Балауса схоластика (IX – XII ғасырлар). Бұл кезеңде ғылым,
философия, теология әлі бір-бірінен ажырамаған, бірақ ақыл-ой
әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді және универсалийлерге
(жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға сенімнің
үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің “заңдылығын” дәлелдеуді
өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі
өкілдері: Ансельм Кентерберийский, Пьер Абеляр, Августин Аврелий,
т.б.;
ә) Кемелденген схоластика (XIII ғасыр) Бұл кезеңде
Аристотель еңбектері көпшілік арасына тарап, философиялық теология
ілімі қалыптасып, кең етек алды. Негізгі өкілдері: Ұлы Альберт, Фома
Аквинский, Дунс Скотт, т.б.;
б) Құлдырау кезеңі (XIV – XV ғасырлар). Шынайы ғылыми және
философиялық ойлардың қарқынды дамуының нәтижесінде (әл-Фараби
мен ибн Рушдтың “қосақиқаттылық” тұжырымдамалары негізінде),
теологияның тек бедел мен атаққа табынған, тәжірибеден, өмірден
алшақ мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика
қалыптасты.
Антика заманының
философиясы.
Антикалық философия (лат. antiquitas "ежелгі") - бзд.
VIғ-да Сократқа дейінгі философиядан басталып, 529
жылы Афинада соңғы философиялық мектепті
Император Юстиниан І жарлығымен жабылғанға дейін
жалғасқан Ежелгі Грек және Ежелгі Рим философиясы
(бзд. VІғ - VIғ). Дәстүр бойынша Фалес алғашқы
антикалық философ, ал Боэций соңғы антиккалық
философ саналады.
Ертедегі Грекияның алғашқы философтары стихиялы
реализмдік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар
бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп
негізін, алғашқы бастамасын, түпнұсқа элементін табуға
тырысты. Олар "дүние қалай пайда болды", "неден
жаралды", "ең бірінші не пайда болды", "бәрінің негізі не"
деген секілді сұрақтар қойды. Антикалық философтарды
"натурфилософтар" деп те аталады, олар философиялық
ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра
тұжырымдауға тырысты.
Антика заманының
философиясы.
Ертегірек (антикалық) философиясы өзінің даму
тарихында үш кезеңнен өтті:
Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6
ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас
басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар,
Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар
атомдық көзқарастың негізі қаланады.
Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен
Аристотель философиялық еңбектерімен
ерекшеленеді.
Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ.
басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік
мектептер басымдылық танытқан кезең.
Орта ғасырлық
философиясы.
Ортағасыр философиясы – адамзат дүниетанымының даму
кезеңдерінің бірі.
Ортағасыр мұсылман философиясы. Мұсылман әлемінің
ойшылдары ежелгі грек ғылымы мен философиясымен қатар,
философиялық дәстүрлерді одан әрі жалғастырып, дамытқан.
Ортағасыр Батыс Еуропада христиан дінін идеологияландыру,
философияны негіздеу процесі жүріп жатса, мұсылман
әлемінде, әсіресе, VII – X ғасырларда философия мен ғылым
өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде алгебра,
психология, астрономия, химия, география, медицина, т.б.
ғылым салалары қарқынды дамыды. Мұсылман әлемінің
философтары мен ғалымдары
Батыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына
дүниетанымдық жағынан зор ықпалын тигізді. Батыс әлемі
мұсылмандық Шығыс философиясы арқылы алғаш рет
ххантикварлы мәдени мұрамен, сондай-ақ Шығыс мәдениетінің
жетістіктерімен танысты. Ислам философиясының бастапқы
негізін қалаушылар қатарында әл-Кинди мен әл-Фараби тұрды.
Ортағасырлық дәуірде “арабтардың философы” атанған
әл-Кинди (800 – 879ж) философ қана емес, дәрігер, математик,
астроном ретінде де белгілі.
Орта ғасырлық
философтары
Қайта өрлеу
философиясы
Қайта өрлеу дәуірі жалпы антикалық
мәдениетпен, антикалық философия бөліміне
қызығушылықтың өсуімен негізделеді. Ол өз
бастауын тарихи кезеңнің аталуынан алды.
Қайта өрлеу дәуірі үш кезеңге бөлінеді: ежелгі
(ХІV-ХV ғғ.), орта (ХVІ ғ.), кейінгі (ХVІІ ғ.). Қайта
өрлеу философиясы Италиядан басталды,
таңқаларлықтай емес, өйткені осы
территорияда қызығушылық тудырған
антикалық философия гүлдене бастаған, содан
кейін ғана солтүстікке, батысқа және шығысқа
жылжый бастаған. Әрине осыған сәйкес
италиалық, немістік, француздық Қайта өрлеу
дәуірі туралы айтылған…
Жаңа дәуір
философиясы
Жаңа дәуір философиясы (ағылш. modern
philosophy) — XVII, XVIII және XIX ғасырлардағы
француз, ағылшын және неміс философиясы. Шартты
түрде "жаңа дәуір" деп 1640 жылғы Ағылшын
революциясынан басталатын дәуірді айтады, ол
капиталистік қатынастардың, индустриалды
өркениеттің бастауы болған құбылыс болатын. Жаңа
дәуір философиясы арқылы адамзат ежелгі дүниемен
қоштасып (антика және ортағасырлар), "адам –
ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі,
демек дүниенің қожасы" деп сенген жаңа рухани
пікірді сомдады.
Жаңа дәуір
философиясы рационализм және эмпиризм сынды екі
бағытты ұстанды. Онда тума идея туралы
философиялық пайым және адам санасы таза тақта
деген философиялық пайым өзара пікірталас
жүргізді.
Рационализм
Рационализм (лат. ratio – «сана») – болмыс пен
танымның негізгі ақыл-ой деп сенетін философиялық
бағыт. Рационализм 3 түрге жіктеледі: 1. онтологиялық
2. гносеологиялық 3. этикалық рационализм
Онтологиялық рационализм бойынша болмыс негізінде
ақылды бастама жатыр, яғни болмыс о бастаған
ақылды.
Осынысымен рационализм – идеализмге ұқсап
кеткенімен (мысалы, Платонның «таза идеялары»),
басты айырмашылығы материяның (болмысты) идеяға
қарағандағы біріншілігін және материяның
(болмыстың) өзінде ақыл барын (болуын)
мойындауында. Сондықтан, болмыстың қисындылығы
мен ақылды ұйымдастырылғандығына сенетін
материалистер (Демокрит, Эпикур, т.б.) –
рационалистер.
ХІХ ғасырдағы қазақ
ағартушыларының
дүниетанымдық көзқарасы.
Ресейге күштеп қосылу нәтижесінде
Қазақстанда өндіргіш күштер мен халық
ағарту ісін ұйымдастыру және басқаруда
ілгерілеу байқалды. Орыс революционер
демократтарының идеалдары Қазақстан
ағартушы демократтарының жанына жақын
келді. Олардың кейбірі (Уәлиханов, Абай,
Алтынсарин) Н.Г.Чернышевскийдің,
Н.А.Добролюбовтың, А.И.Герценнің,
В.Г.Белинскийдің еңбектерімен, ал кейбірі
(Уәлиханов, Абай) авторларымен таныс
болатын.
Шоқан Шыңғысұлы
Уәлиханов
Қазақ ағартушылығының негізін салушы
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) –
демократиялық ұлттық мәдениетіміздің
көрнекті өкілі. Энциклопедист-ғалым,
шығыстанушы, саяхатшы, публицист және
қоғам қайраткері Шоқан Уәлиханов өз
бойында шын мәнінде еуропалық білімділік
пен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы
терең түсінікті үйлестірді және қысқа
ғұмырында мол да жан-жақты шығармашылық
мұра қалдырды.
Ыбырай Алтынсарин
Қазақ ағарту ісінің көрнекті өкілі, педагог-жаңашыл және
жазушы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889). Ыбырай
дүниетанымы қалыптасуына халық ауыз әдебиеті,
прогрессивті орыс мәдениеті мен Еуропа ойшылдарының
еңбектері өз әсерін тигізді. Ыбырайдың көптеген өлеңдері
мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс
және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын
байқаймыз. «Жаз», «Өзен» сияқты өлеңдерінде табиғатты
өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам
санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Екіншіден,
Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. («Жаратқан
мұнша таңсық жаббар құдай!», «Жаратты неше алуан
жұрт бір құдайым» деген өлең шумақтарында,
«Мұсылманшылдықтың тұтқасында», т.б. еңбектерінде
осы пікірді қуаттайды).
Абай Құнанбайұлы
Қазақ ағарту ісінде, қазақ халқының бүкіл
прогрессивті мәдениеті тарихында үлкен орын
алған ұлы ақын, ойшыл-демократ, сазгер Абай
Құнанбайұлы (1845-1904) болды. Оның
шығармашылық мұрасы өлең, поэма,
философиялық проза, аудармалар мен әндерден
тұрады. Абай – қазақ әдебиетінде сыншыл
реализмнің негізін салушы. Дүниетанымдық
мәселеде ол деизмге жақын. Құдай – өз заңдары
бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы
себепшісі деп түсінді. Дінбасыларының
насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақылмен
тануды қарсы қойды. Абай Құнанбаев өзінің аса
дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына
деген қамқорлығымен әлемге танымал болды.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Абай ілімін одан әрі жалғастырған қазақтың
рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із
қалдырған алып тұлғаның бірі – Шәкәрім
Құдайбердіұлы (1858-1931). Оның
шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль
философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды.
Шәкәрім Абайдың немере інісі және ұлы ақынның
мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында
оқымаса да араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін
өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі
шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой
қорытқан: «Жасымнан жетік білдім түрік тілін, Сол
тілге аударылған барлық білім. Ерінбей еңбек
еттім, еңбек жанды, Жарқырап қараңғыда туып
күнім. Оятқан мені ерте – Шығыс жыры, Айнадай
айқын болды әлем сыры.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz