Реалистік тип


Slide 1

ПРОФЕССИЯГРАФИЯ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қабылдаған: Мугауина Г. О. Орындағандар: Мырзабек Н. Мархабат Г. Қарсыбаева Д. Тобы: Педагогика және психология 401

Slide 2

Профессиография (профессио - мамандық, графия - жазу, бейнелеу) . Кез келген кәсіби әрекеттердің психофизиологиялық бейнесін құрастыру профессиографиялық зерттеудің негізгі міндеті. Профессиографияны өткізу барысында мамандардың алдына қойған мақсатын, жұмыс істеу кезіндегі қабілетін еңбек етуге қажетті білім, дағды және іскерліктерін, адамның еңбек ету кезіндегі жауапкершілігін анықтау өте маңызды. Бұның барлығы әрине, еңбек әрекетінің атқарылу кезіндегі жұмыстың өнімді болуының алғы шарттары болып табылады.

Slide 3

Профессиография кәсіби білім беру процесін, болашақ мамандардың мамандықты меңгеру жағдайын басқару үшін құрастырылады. Сондықтан, оның мазмүны болашақ мамандарды өздерінің тандаған мамандықтарына, кәсіби іс-әрекетіне бағдарлау, мамандыққа бейімделу, мамандықты игеруі болып табылады

Slide 4

Профессиографияның принциптерін алғаш көрсеткен психологтың бірі-К. К. Платонов.

Ғалымның көрсеткен принциптері:

- Мақсатқа бағыттылық;

- Жеке тұлғалық;

- Сенімділік;

- Дифференциациялық;

- Типизациялық;

- Реалдылық

Константи́н Константи́нович Плато́нов (7 маусым 1906 - 5 қазан 1984) - психолог, психология ғылымдарының докторы және медиц. ғыл. докторы, профессор

Slide 5

«Ең жақсы ойыны»

Ең ақшасы көп . . .

Ең жасыл . . .

Ең тәтті . . .

Ең күлкілі . . .

Ең жауапты . . .

Ең салмақты . . .

Ең қарым-қатынасы күшті

Slide 6

Профессиографияның нәтижесінде профессиограмма шығарылады. Әр мамандықтың өзіне тиісті профессиограммасы құрастырылады. Сонымен, профессиограмма - әр мамандықтың әлеуметтік экономикалық, өндірістік-техникалық, санитарлық-гигиеналық және психологиялық ерекшеліктерінің жүйелі бейнеленуі болып табылады. Профессиограмма дегеніміз - бұл нақты еңбек әрекетін зерттеу. Профессиограмманың құрамына психограмма кіреді. Ал, психограмма дегеніміз - адамның енбек әрекетін өнімді және сапалы орындауға қажетті субъективті сапаларының жүйесін білдіреді.

Slide 7 Slide 8

Д. Голландтың кәсіби-тұлғалық типін анықтау тестісі.

Slide 9

Реалистік тип. Эмоциялық тұрақтылығы жоғары, заманына қарай бейімделе келеді. Нақты обьектіні ұнатып, сонымен шұғылданғанды дұрыс көреді. Ептілікті талап ететін, үнемі қозғалыста болатын кәсіппен айналысқанды жөн деп есептейді. Міндетті нақты бір кәсіпті: механик, жүргізуші, инженер, агроном т. б. мамандықтарды ұнатады. Ауызша сөзді көп талап етпейтін, моторлық қабілеті мол, сызбалар, оқу сияқты жұмыстар жанына жағады. Физика, кибернетика, химия, спорт сияқты салаларда табысқа жетуіне мүмкіндігі мол.

Slide 10

Әлеуметтік тип. Айрықша әлеуметтік ептілігі бар (қарым-қатынасты жақсы көреді, басшылыққа ұмтылу, әлеуметтік байланыстарға бейім) . Айналасындағыларға тәуелсіз, жағдайға тез бейімделгіш, сезімтал, ауызша сөз, тілге бай, қабілетті. Ұнататын қызмет салалары: психология, медицина, педагогикалық бағыттар.

Slide 11

Конвенциялық тип. Құрылымдық қызметке бейім, нұсқау бойынша істейді, қатаң белгіленген нұсқаумен жұмыс атқаруды ұнатады, нақты сандық ақпараттарды өңдеп, ұқсатуға әуес. Мәселеге көзқарасы стреотиптік (қайталама, еліктеуші) . Ұйымдастырушылық, басшылық қабілеті аз. Ауыз сөзге жоқ (есеп-қисапқа жақын) . Ұнататын мамандықтары: бухгалтер, қаржыгер, тауартанушы, экономист, іс жүргізуші, секретар- реферант, кеңсе қызметкері тағы басқа.

Slide 12

Тапқыр тип.

Белсенділік, қызбалықты, құлшынысты, ынта-жігерді талап ететін міндеттер мен мақсатты таңдайды. Мінез ерекшеліктері басшылық етуді, нұсқау беруді, тапқырлықты ұнатады, күш-қуатты жұмсағанды ұнатпайды. Мұндай мінез ерекшеліктері елші, репортер, менеджер, директор, сауда саласына лайықты т. б.

Slide 13

Әртістік тип.

Адаммен қарым-қатынаста өз қиял-сезіміне сенеді, сүйенеді. Өмірге сезімталдықпен қарайды. Мінез ерекшелігі: шешім қабылдауға тәуелсіз, икемді, ақыл-ойы терең, өзімшілдігі басым. Қалыпты ереже, дәстүрмен жүрмейді. Шығармашылық кәсіпті ұнатады: музыка, сурет салу, гуманитарлық саладағы қызметке бейім. Қабылдау, түсіну, ұғыну қабілеті мол. Бұлар тарих, филология, өнер жағын ұнатады.

Slide 14

Мамандықты психологиялық зерттеу әдісі - бұл кәсіптік орта ерекшеліктері сұрау туралы жиналған ақпарат

Slide 15 Slide 16

Икигай дегеніміз не?

Slide 17

Қорытынды:

Өзінің жұмысына адал жандар,

Дүниеге кірпіш болып қаланғандар.

Болашағы керемет мамандық жоқ,

Болашағы керемет мамандар бар.

Жандарбек Бұлғақов

Slide 18

Назарларыңызға

Рақмет!


Ұқсас жұмыстар
Эпикалық образ
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ КӘСІПТІК МАМАНДЫҚТАРДЫ ТАҢДАУ ТИПТЕРІ
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ
Құқықтың пайда болуы және қалыптасу жолдары
Мұхтар Әуезов повестері
Айнымалы типтері. Мәліметтердің шектеулі типі
Жинақтау дегеннің өзі - әдеби тип жасау әрекеті
МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ
Қазақ тілі және әдебиеті факультеті
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz