Мәдениет және өркениет ұтымдарынын жалпы аныктамасы


Slide 1

СӨЖ №11

Тақырыбы: Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі

Орындаған:

Курс : 1 курс

Тобы:

Факультет: Жалпы медицина

Қабылдаған: Омарғазы Ерғали Омарғазыұлы

Slide 2

Жоспар 1. Мәдениет және өркениет ұтымдарынын жалпы аныктамасы. 2. “Мәдениет” және “өркениет” ұғымдарының аракатынасы 3. Мәдениет пен еркениет типологиясы

Slide 3

Мәдениет және өркениет ұғымдарының жалпы аныктамасы

Әрбір адам ұлттың, әлеуметтік топтың, таптың, ортаның өкілі, яғни накты мәдениеттiң өкiлi. Мәдениет дегенiмiз - адамнын iс-әрекеті, оның даму формасы.

Табиғаттан тыс, адам қолынан шыкканның бәрi де мәдениет айғағы бола алады. Мәдениет әлемі - адамның өз әлемі, өйткені ол адамның шығармашылық, жасампаздық кабілеттерiнiң жемiсi. Адамзат тарихы - мәдениет тарихы.

Мәдениет дегенiмiз табиғаттан өзгеше, одан тыс алам колымен жасалған құбылыстар.

Мәдениет дегеніміз - өндiрiсте, ғылымда, өнерде, техникада адам қол жеткізген жетістіктер мен нәтижелер. Гуманизм, адамгершiлiк қасиеттер ұят, ар, әділеттілік, карапайымдылық, тәрбиелілік, әдептілік т. б. адамның руханилығының негізін құрайды.

Slide 4

Көптеген ғалымдар цивилизация/лат. /- өркениет деген ұғымды енгiзген ХҮIII ғасырдағы шотланд философы Адам Фергюссон деп есептейді.

Өркениет дегенiмiз - адамзаттын даму процесінде тағылықтан кейін дүниеге келген ерекше тарихи кезең. Оның ерекшелiктерi - енбек бөлісуі арқасында адамдар карым-катынасы кеңейіп, тауар өндiрiсiнiң пайда болуы, таптардың қалыптасуы, мемлекеттiң, ғылыми көзкарастың дами бастауы.

Өркениет деп салыстырмалы тұйыкталған, өзіндік ерекшелігі бар қоғамдастықты атаған (О. Шпенглер, И. Данилевский)

Өркениет дегенiмiз - өзiндiк өндiрiстiк технологиясымен, оған сай мәдениеті бар тарихи нақты қоғам.

Өркениеттiң негiзiн машина/техника технология құрайды, сондықтан онда рухани мәдениеттің тұтастығы жоқ, онда арнайы мамандандыру басым. Сөйтіп, мәдениет өзiнiң руханилығын жоғалтып, өркениетке айнала бастайды, сапа санмен алмастырылады.

Slide 5

Мәдениет пен өркениеттiн бiр-бiрiне қарама-қарсы қойылу тенденциясы мәдениет-өркениеттің ішкі рухани мазмұны, Сондықтан мәдениет - бұл рухани құндылықтар, ғылым, философия, өнер жетiстiктерi, ал өркениет-қоғамның шаруашылық технологиялық, әлеуметтік-практикалық дамуының деңгейі, ал өркениет-мәдениеттiң сырткы материалдық қабаты ретінде түсiндiрiлуiне негізделеді.

Slide 6

Айтылғандарды қорытындылай келе, өркениет ұғымы:

Slide 7

Өркениеттің маңызды белгілері

Мемлекеттің құрылуы

адамдар қарым-қатынасы кеңейiп, тауар өндiрiсiнiң пайда болуы: когамның таптарга жіктелуі

қалалардың пайда болуы

Жазудың пайда болуы/ғылым, өнер, білім, заң т. б.

Slide 8

2) Мәдениет пен өркениеттің арақатынасына көзқарастардың көптүрлілігі үш негізге бөлінеді

Бiрiншi жағдайда мәдениет пен өркениет бір мағынадағы ұғымдар, синонимдер ретінде алынады, яғни олардың арасындағы қандай да бір айырмашылык аталмайды. Ағылшын ғалымы Арнольд Тойнби өзінің көп томдык “Тарихты түсіну” атты еңбегінде мәдениеттiң рухани аспектiсiне акцент қоя отырып, өркениеттi оның кандай да бір сатысы ретiнде карастырады, ал дiндi мәдениеттiң басты және анықтаушы элементі деп есептейдi.

Екiншi жағдайда мәдениет пен өркениеттiң арасында ұксастыктар да, елеулі айырмашылыктар да аныкталады. «Мәдениет - бұл даму шегіне, өзiнiң әлеуметтік ең жаксы жағдайларына жетпеген және өзінің одан әрі өсуiн камтамасыз етпеген өркениет» (Бродель Ф. Француз ғалымы)

Үшiншi жағдайда мәдениет пен өркениет бiр-бiрiне қарама-қарсы қойылады. Бұл жерде немiс ғалымы Освальд Шпенглердiң пiкiрi манызды деуге болады. Ол өзiнiң атақты “Еуропаның дағдарысы” атты еңбегiнде ол өркениетті елiп, жойылып бара жатқан мәдениет ретiнде аныктайды.

Slide 9

3) Мәдениет пен өркениет типологиясы

Мәдени-тарихи даму тұжырымдамаларының бiрiншi тобы бүкіләлемдік тарихтың тұтастығы идеясынан шығады және тарих пен мәдениеттiң сызыктық дамуы теориясына негiзделген. Тарих үш сатыдан өтеді. Гегельде бұл шығыстық (азиаттық), грек-римдік (антикалық) және германдық (еуропалық) әлем. Ал К. Марксте (“Капиталға” дайындық қолжазбаларында) - капиталистікке дейiнгi, капиталистік және посткапиталистік қоғам. К. Маркс бүкіләлемдік-тарихи үрдісті алғашқы таптық емес қоғамнан (алғашқы қауымдық қоғам) таптық қоғам арқылы (құлиеленушілік, феодализм, капитализм) жаңа тапсыз қоғамға қарай қозғалыс ретiнде көрсетті.

Slide 10

Ғылыми әдебиеттерде өркениеттiң дамуында екі сатыны бөліп көрсетеді:

құлиеленушiлiк және феодалдық қоғамға тән аграрлық;

капиталистік қоғаммен байланысты индустриялық.

Бiрiншiсiнде патриархалдық типтегі мәдениет үстемдік етеді. Оған табиғатка жақындық, консерватизм, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың беріктігі, туыстық қатынастардың маңыздылығы, тұрмыстың тұйықтығы және мәдениеттер арасындағы өзара әрекеттестiктiң әлсiздiгi, өнердегі фольклорлық бастамалардың басымдығы сияқты белгілер тон. Аграрлық өркениеттiң түрлері егін шаруашылығы (отырықшы өмір салтымен бiрге) және мал шаруашылыгы (көшпелі халықтарда) болып табылады.


Ұқсас жұмыстар
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ
Өркениет және мәдениет ұғымдары
Өркениет азаматтық қоғам, қалалық мәдениет
ШЫҒЫС МӘДЕНИЕТІ
Презентацияның мақсаты - дін мен мәдениеттің әлеуметтік өмірдегі маңыздылығын көрсету және әлеуметтанулық зерттеулердің болашағын анықтау
МӘДЕНИЕТ ЕРЕКШЕЛІГІ
Дінге сенбейтін немесе қатыссыз адамдардың саны қазіргі әлемде жаппай өсу үстіндеде
Мәдениеттану этимологиясы
Батыс пен Шығыс өркениеті
АГРАРЛЫҚ ӨРКЕНИЕТ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz