Хирургиялық инструменттер


Slide 1

Оңтістік Қазақстан медицина академиясы Ақ

Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы

Презентация

Тақрыбы: Жалпы хирургиялық құралдарды тауарлық талдау негіздері

Орындаған: Алиева. С

Тобы: ФҚҚ 01 20

Қабылдаған: Сапакбай. М. М

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе:

Хирургиялық инструменттер

II. Негізгі бөлім:

1. Эндоскопия әдісінің медицинада қолданылуы.

2. Осы әдістің анатомия-физиологиялық ерекшеліктері мен артықшылықтары.

3. Лапароскопияның құрылысы және қолданылуы.

4. Лазерлі хирургияның қасиеттері мен коагуляция.

5. Құралдарды залалсыздандыру(стерильдеу)

6. Құралдарды тазалу және өңдеу

III. Қорытынды:

Slide 3

ЖАЛПЫ ХИРУРГИЯЛЫҚ ИНСТРУМЕНТТЕР

Хирургиялық инструменттер- хирургиялық манипуляция кезінде операциялық, байлап-таңу, сонымен қатар диагностикалық зерттеу мақсатында қолданылатын инструменттер.

Жалпы хирургиялық және арнайы инструменттерді ажыратады: акушерлі-гинекологиялық, нейрохирургиялық, , офтальмологиялық, стоматологиялық, травматологиялық, ортопедиялық, урологиялық және т. б. Радиоманипуляция, емдік жүрек-тамырлы, лазерлі хирургия және т. б. арналған арнайы инструменттер де жасалған. Инструменттер функционалдық топтарына қарай келесілерге бөлінеді:

Slide 4

Хирургиялық инструменттердің жіктелуі

Атқаратын қызметі бойынша бірнеше топтарға бөлеміз.

1. Тіндерді ажыратуға арналған құралдар:

Slide 5

1. Тіндерді ажыратуға арналған инструменттер:

а) Кесетін- бір немесе бірнеше кескіш жезі бар жұмсақ тіндерді айыруға (жару және кесу ) арналған инструмент - ағзалар резекциясы, полиптерді алып тастау, тістеуік және т. б. Оларға пышақтар және медициналық қайшылар, скальпельдер, кюреткалар, медициналық ілмек, қасықтар, тістеуіктер, аденотомдар, конхотомдар және т. б. жатады. Сүйек тінін өңдеу үшін (патологиялық ошақтарды және өсінділерді жаншу) медициналық қашау, стамескалар, сүйек қысқыштар мен тістеуіктер және т. б. қолданылады.

Slide 6

Әрбір хирургиялық пышақтың кескіш элементі, оның ішінде кеңінен таралған скальпельдің, арнайы үшкірленген бұрышы бар саға тәріздес болып келген жезі болып табылады. Бұл жағдайда β бұрышы соғұрлым кем болған сайын, скальпель соғұрлым өткір және соғұрлым жылдам мұқалып қалады. Жұмсақ тіндерді кесуге арналған β бұрышы 15-тен 35ОС (көз скальпелі 20ОС, жалпы хирургиялық 25ОС), шеміршектерді кесуге арналған - 30-дан 35ОС, сүйек тіндерін жаруға арналған- 40-50ОС. Скальпельдің кесу қасиеті жездің микрогеометриясы мен кесілетін объектінің көлбеуіне байланысты (кесілетін материалға жез көлбеуі неғұрлым аз болған сайын тіндерді кесу оңайырақ болады) .

Slide 7

Скальпельдің кесу қасиетін оның тағайындалуына байланысты арнайы барабанға керілген қағаз, замша немесе теріні тілу жолы арқылы сынақ жүргізіледі. Сынақ нәтижесі бойынша тілім шеттері тегіс болу қажет, ал жезі мұқалып қалмау керек. Хирургиялық қайшылардың екі жезі болады, кездесу нүктесі деп аталатын кездесу бағыты кезінде тіндерді жарып жібереді. Жездер арасында саңылау болмау қажет, әйтпесе материал қырмыждалып және тіндерді қосымша жарақаттауы мүмкін. Көптеген қайшылардың кесу қасиетін бір немесе бірнеше (5 дейін) дәке, мақта немесе дымқыл қағаз қабаттарын үш реттік кесу жолы арқылы тексереді.

Slide 8

2. Инъекция, пункция жасауға арналған тесуші құралдар

ТттТтТтіі

3. Тіндерді біріктіруге арналған құралдар

Slide 9

Дәке, мақта, қағаз ауалануға және жездер арасынан өтіп кетпеуі қажет. Пышақ және қайшылардың кесу жездері никель немесе хроммен қапталмаған, сондықтан олар көбінесе коррозияға ұшырайды.

б) Аралау және бұрғылау инструменттері- медициналық ара (тістері бар көпжезді инструмент, жан-жаққа айырылысқан- тақтары бір жаққа, жұптары қарама-қарсы жаққа), медициналық рашпила- тегіс жұмыс бөлігіне орналасқан тістері бар инструмент- айналмалы қозғалыс кезінде сүйектерді өңдеуге арналған көпжезді инструмент.

в) Тіссіз бөлгіш инструменттер (табиғи каналдарды кеңейту, тар жолдарды зерттеу, жараларды зондтау және тампондау, тіндерді тіссіз бөлу) . Оларға бужалар, зондтар, катетерлер, трахеотомиялық, интубациялық түтікшелер және т. б., распаторлар- ось бойына перпендикулярлы орналасқан бір жезді инструмент.

Slide 10

4. Қан тоқтатуға арналған құралдар

5. Жара шетіне және ағзалар мен тіндерді ығыстыруға арналған құралдар

6. Қысқыш құралдар

Slide 11

2) Тескіш инструменттер- тері асты, тері ішіне, бұлшық етке, күре тамырға жә-не т. б. дәрілік ерітінділерді енгізу мақсатында тесуге, пункциялар және басқа да манипуляциялар: инъекциялық инелер, қан алу үшін, қанды құю үшін, перфора-торлар, троакарлар, троакар-катетерлер және т. б., тігіс салуға арналған инелер- (хирургиялық травматикалық) арналған іші қуыс (түтікшелі) инструмент.

Slide 12

7. Тіндерді мен ағзаларды қысуға (мыжуға, езуге ) арналған

8. Көмекші құралдар

9. Белгілі бір мүшеге жасалатын операцияның нақты этапында қолданылатын арнайы құралдар

Slide 13

10. Хирургиялық инструментке немесе жұмыс денесіне энергия беретін аппараттар мен техникалар

11. Механикаландырылған құралдар

Slide 14

3) Қысқыш, ілгіш және жаншу инструменттері (қанды тоқтату үшін, түтікщелер мен қуыс ағзаларды резекциялау кезінде қысу, ағза, сүйек және жұмсақ тіндерді немесе хирургиялық инелерді, эластикалық түтікшелерді фиксациялау және қысып ұстап қалу) . Оларға фиксационды, қуыс ағзаларға арналған және қан тоқтататын қысқыштар, ине, сүйек, тіл ұстағыштар, пинцеттер, ілмектер, корнцангтар, ағзаларды және кескіш инструменттерді ұстағыштар және т. б. жатады. Қысқыш және ілгіш инструменттердің ағза, тін, материал немесе заттарды қысып қалатын екі жұмысшы браншы бар және олардың қосарлануын біріктіретін құлыптар- анық емес (штифтті, қорпашалы) және анық. Кейбір қысқыштар бранштарды қысу жағдайында ұстап тұратын кремальермен жабдықталған.

Slide 15

Тіндер құрылымының өзгерісін тудырмайтын жаншу қысқыш инструменттері икемді деп аталады, ал тіндердің кейбір қайтымды өзгерістерін тудыратын жаншу қысқыш инструменттері икемсіз қатты деп аталады.

4) Алып тастау инструменттері- тастарды, спиральды және бөтен денелерді алып тастауға, тістерді жұлуға және т. б. арналған- ілмектер, экстракторлар, тіс қысқыштары және т. б.

5) Кеңейткіш және сығыстыратын инструменттер- жараларды, табиғи қуыстарды, каналдар мен жолдарды кеңейтуге, ағзаларды сығыстыруға, оперативтік араласуда немесе жұмсақ тіндерді тексеру кезінде созуға (ретракция) және де тіндерді кездейсоқ бұзылыстардан қорғауға арналған инструменттер. Мұндай инструменттерге шпательдер, пластинкалар, имектер, көтергіштер, айналар, ретракторлар, жара-, қабақ-, ауыз кеңейткіштер, гинекологиялық кеңейткіштер, дилататорлар және т. б. жатады.

Slide 16

6) Сүйектерді біріктіруге арналған травматологиялық бұйымдар (пластинкалар, бұрандалар (винт), бұрандалы шеге (шуруп), өзекшелер (стержень), шегелер, кронштейндер), сүйекке әсер етуге арналған (қапсырма (скоба), манжеталар) .

7) Қосымша инструменттер (балғалар, бұрауыш (отвертка), кілттер, коловороттар, бұрғылар (дрель) және т. б. ) .

Хирургиялық инструменттердің тағайындалуы және қолданылуына байланысты олардың икемділігі, нәзіктілігі және әртүрлі өлшемдері болады. Мысалы, офтальмалогиялық микрохирургиялық инструменттер өлшемі бойынша кішкентай және әлдеқайда жеңіл, ал акушерлік-гинекологиялық, керісінше, ұзартылған және массивті сабымен жабдықталған, ал жүрек-тамырлы инструменттер әлдеқайда жіңішке және нәзік.

Slide 17

Жалпы хирургиялық құралдарға қойылатын талаптар

Қарапайым конструкциялы

Хирург қолына күш түсірмейтіндей- жеңіл, ыңғайлы, тепе тең

Мықты, тегіс, жылтыр

Толық стерилизацияны қамтамасыз ететіндей

Slide 18

Инструменттердің тасымалдануы

Инструменттерді тақтайшалы жәшіктерде тасымалдау қажет. Тақтайшалы жәшіктердің ішіне су өткізбейтін материалмен қапталу қажет.

Контейнерлерде тасымалдау кезінде тасымалдау тарасы ретінде гофрирлі қатты қағаздан жасалған жәшіктер, сонымен қатар қаптауыш пергамент немесе орама қағазынан жасалған пакеттер рұқсат етіледі.

Бір мекен-жайға бағытталған аса көп емес инструменттердің әртүрлі түрлерін тасымалдау тарасына салуға болады.

Slide 19

Әр тасымалдау тара жәшігіне дайындаушы-өндірісі немесе оның тауарлық белгісі, саны және орамдалған инструменттер атауы, бақылаушы және орамдаушының шартты номері, орамдау күні жазылған орамдау қағазы салыну керек.

Тасымалдау маркировкасын тасымалдау тарасының сыртқы бетіне сәйкес түрдегі манипуляциялық белгіні жазу арқылы белгілейді, мысалы «Дымқылдан қорқады». Жөнелту кезінде брутто массасы 50 кг аспау керек, ал пошталық посылкамен жіберу кезінде - 20 кг аспау қажет.

Slide 20

Жараның әртүрлі қуыстарына жиналған сұйықтықтарды сыртқа шығару үшін резеңке түтік қолданылады. Осы түтікті дренаж деп атайды.

Дренаждар әртүрлі болады. Дренаждың бір ұшы іріңді қуыстың төменгі бөлімене тіреліп тұрса, ұшы едендегі сауытқа енгізілсе, сұйықтықтың ауыр салмағына байланысты ірің аралас сұйық жара қуысынан енгендегі сауыққа ағып жатады. Дәкенің керосин щамасында болатын білте сияқты соратын қабілеті болғандықтан, іріңді жараның қуысына енгізілген дәке іріңді өзіне сорып, жараның сыртына шығарады. Мұндай дренажды-пассивтік дренаж дейді.

Slide 21

Қазіргі кезде жара қуысына енгізілген түтік арқылы жара қуысын үздіксіз жуып отыруға болады. Осы әдіс активтік дренаж деп аталады. Жара қуысына енгізілген дәрілер тек жуып қана қоймай, дәрінің қасиетіне байланысты жараның жазылуына әсер етеді. Осындай активтік дренаждың бір түрін аспирациялық дренажы деп атайды да, вакумм аспабы арқылы жарадағы сұйықтықты белсенді түрде сыртқа сорып шығарады. Дренаж үшін резеңке, полихлорвинил түтіктері, сонымен бірге резеңке қолғап, дәке қолданылады.

Slide 22

Эндоскопия

Эндоскопия (грекше endos - ішінде, scopio - көремін) - арнайы құралымен (эндоскоп) іші қуыс немесе түтік тәрізді ағзаларды зерттейді.

Қарапайым эндоскоп оптикалық жүйемен жабдықталған метал түтікшеден және жарықтандыру жүйесінен тұрады. Соңғы кездегі эндоскоптарда көрініс пен жарық шоғы әйнек талшықтың жіптерімен беріледі, оларды фиброскоп деп атайды.

Slide 23

Талшықтық оптика медицинада көзбен тікелей көруге болмайтын ішкі органдардың (өт жолы, мұрын қуысы және т. б. ) ішкі бетін көруге қолданылады. Осы әдісті эндоскопия дейді. Түтіктің жарықталған ұшына түрліше хирургиялық құралдар орналастырып операциялар жасауға болады. Осы мақсатта қолданылатын әдісті хирургиялық эндоскопия дейді.

Slide 24 Slide 25

Артықшылығы:

Slide 26

Иілмелі шыны талшықты жарық тасымалдаушы түтіктің кескіні

Сигмоидофиброскоптың кескіні

Slide 27 Slide 28 Slide 29

Лапароскопия - іш қуысына үлкен емес тесіктер арқылы (әдетте 0, 5-1, 5см) операция жасалатын заманауи хирургияның әдісі. Лапароскопия әдетте құрсақ және жамбас қуысындағы ішкі мүшелерге жасалады.

Slide 30 Slide 31

Лапароскоп құрылысы.

Лапароскопиялық хирургияның негізгі құралы - лапароскоп. Ол телескопиялық түтіктен құралған, яғни линза жүйесімен және әдетте, видеокамерамен байланысқан болады. Заманауи лапароскоптар сандық матрицамен және жоғары айқын көрініспен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар түтікшеге оптикалық кабель және жарық көзі ретінде галогенді немесе ксенонды лампа арқылы жалғасады. Әдетте, оперативті орын жасау үшін құрсақ қуысы көмірқышқыл газымен толтырылады. Деректерге сәйкес, іш ауа шары сияқты ісінеді, құрсақ қабырғасы ішкі мүшелерден күмбез сияқты жоғары көтеріледі. Лапароскопиялық хирургияның спектрі холецистэктомия және герниопластикадан басталып, гастроэктомияға, панкреатодуоденальді резекциясына және тоқ ішек пен тік ішек операциясына дейін жалғасады.

Slide 32 Slide 33

Лапароскопияның қолданылуы

Лапароскопиялық операциялар, әсіресе, қиын жағдайларда: жедел хирургия кезінде, құрсақ қуысының қатерлі және қатерсіз ісіктерінде, семіздіктің соңғы сатыларында жасалынады. Осыған хирургтардың күшті дайындығын және қатынасын талап етеді. Сондай сәттерде лапароскопиялық кірісуінде науқастардың құрсақ аймағында азғана травмалар ғана сақталады. Жазылып кету өте тез кешеді.

Осындай біршама қиын лапароскопиялық операциялардың бірі ұйқы безінің басына жасалған резекциясы болып табылады. Ресейде дәл осы операцияны лапароскопиялық жол арқылы алғаш орыс профессоры Хатьков Игорь Евгеньевич өткізді.

Slide 34 Slide 35

Қолданылуы

Ол лапароскоп құралымен іш қуысын зерттеу кезінде көзделген биопсия, суретке түсіру, холангиографияны қатар өткізуге болады. Ол үшін науқасты операциялық үстелге жатқызады. Тесетін жерді (әдетте кіндіктен 3-4см төмен немесе құрсақтың тік бұлшық еттерінің латералды жағынан) белгілейді.

Slide 36

Шемен кезінде алдымен суды шығарады. Анестезиядан (0, 25% новокаин) соң белгіленген жерден 1см теріні скальпелмен кеседі де, лапароскоптың троакарын енгізеді. Жақсы көріну үшін пневмоперитонеум жасауға болады, кейін ауаны сорып алып тастайды. Науқастың қалпын өзгерте отырып, қажетті ағзаларды зерттейді. Соңында торакарды шығарып, тесікті тігеді.

Мысалы: лапароскоппен бауырдың мөлшерін, пішінін, бетінің сипатын, тығыздығын, шеттерінің жағдайын сипаттауға мүмкіндік туады. Лапароскопияны басқа зерттеу әдістерімен ауруды анықтай алмаған кезде ғана жасайды.

Slide 37 Slide 38 Slide 39

Лазерлі хирургияның қасиеттері


Ұқсас жұмыстар
Операция жасайтын орын ( операция бөлмесі ) және оны дайындау
Операция жасайтын бөлменің құралдары
Берілу жолы
Пластикалық хирургия және трансплантология негіздері
Paint графикалық редакторы және оның қосымша мүмкіндіктері
Тері ойық жарасында
Стомотология дәрігердің жұмысының ұйымдастырылуы
Qnew - суреттің жаңа файлын жасау
Білімдендіру технологиясы
Баяу Вирустық қоздырғышы. Приондар баяу инфекция қоздырғышы. Приондар баяу инфекция қоздырғышы қоздырғышы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz