Шөгінді тау жыныстарының жатыс пішіндері



Дайындаған : Сапар Байтұлжан
Тексерген: Баямирова Р. О
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
Тобы: НГД 20/3
Мұнай-газ кәсіпшілік геологиясының негіздері.

Жоспар
Кіріспе
1. Жер құрылысы
1. 1 Жер қабығының құрамы
2. Геология уақыты
3. Шөгінді тау жыныстарының жатыс пішіндері
4. Мұнай және газдың табиғи коллекторлары
Қорытынды

Кіріспе
1981-1992 аралығында республикадағы мұнай өндіру жоғары қарқынмен дамыды. 1981 дылғы мұнай өндіру 19, 1 млн тоннадан 1992 жылы 25, 8 млн тоннаға жетті. Маңызды оқиғалардың бірі Арысқұм майысуындағы Құмкөл ірі мұнайгаз кен орнының ашылуы және Каспий маңы ойпатындағы ірі мұнайгазоконденсатты Жаңажол, Қарашығанақ кен орындарының ашылуы болды.
Қазақстанда мұнай көп уақыттан бері өндіріледі және пайдаланады, дегенмен мұнай кен орындарын қарқынды игеру XIX- ғасырдың аяғы XX- ғасырдың басынан басталған 1899 жылдың 13 қарашасында Қарашұңғылда 40 м тереңдіктен №7 ұңғымадан жеңіл мұнайдың бірінші фонтаны атқылағаны белгілі. Сол күннен Қазақстан Республикасында мұнай өнеркәсібінің дамуы басталады.

Жер топталған сыртқы қаптамадан (геосфера) немесе жер қабығынан, ішкі қабаттан, немесе мантиядан және ядродан тұрады. Жер қабығы мен мантияны бөлетін шекара болып континентте 30-70 км және мұхит түбінде 5-10 км жататын - Мохоровичич жазықтығы есептеледі, ал мантия мен ядродан 2900 км орналасқан - Вихерт-Гуттенберг жазықтығы. Ядро - радиусы 6371 км болатын Жердің ішкі денесі.
Жер құрылысы
Мұхит түбіндегі Жер қабығы да үш қабаттан тұрады: жоғарғы - «шөгінді», орта - «вулканды» және төменгі - «базальтті», ал «гранитті» қабат ғалымдардың болжамынша, болмайды. Жазық материкті түптер (өтпелі аудан қабығы) немесе шельфтер Жер қабығының құрылысы, қабат қалыңдығы, жыныс тығыздығы бойынша континентальді және мұхит аралығында орналасады.

Жер қабығының құрамы
Метаморфтық тау жыныстарды байырғы шөгінді, магмалық типті тау жыныстарының тереңде батып өзгеруінен жаралған жыныстарды айтады. Осылайша өскен температура мен қысым әсерінен бұрынғы нығыз, магмалық жыныстар тақталанады, ал шөгінді жыныстар кристалл құрылымды жынысқа көшеді.
Жер қабығы минералдардан тұратын тау жыныстармен түзілген. Жаратылысы бойынша тау жыныстары атқыланған (магмалық), шөгінді және метаморфты деп бөлінеді. Магмалық тау жыныстары жер қабығының бетінде немесе жер қойнауында магма деп аталатын силикатты ерітіндінің қату нәтижесінде пайда болған. Магмалық жыныстар көбінесе кристалл құрылымды болып келеді.

Геология уақыты
Тау жыныстарының жасын анықтау жер қабаттарының кезектесіп түзілу ретін зерттеу нәтижесінде құралған. Органикалық қалдықтар, қабаттардың құрамы, құрылысы және өзара тік және көлденең бағытта орналасу жайлы негізінде жердің геологиялық тарихын сипаттайтын геохронологиялық саты құрастырылған. Геохронологиялық сатыға сүйену арқылы уақыттың геологиялық бөлшегінде құрастырылған тау жыныстырының жиынтығы көрсетілген стратиграфиялық сатылардан құралған.
Химиялық шығу текті жыныстар сулы ерітінділерден тұздардың шөгуінен немесе жер қыртысында болатын химиялық реакциялардың нәтижесінде тузілген. Олар мынадай топтарға бөлінеді: карбонаттық (оолиттік әктастар, әктасты туфтар, доломиттер), кремнийлік (кремнийлік туфтар), темірлік (қоңыр теміртастар, темірлі оолиттер), галоидты тұздар (тас тұзы), күкіртқышқылдық тұздар (ангидрит, гипс) .

Шөгінді тау жыныстарының жатыс пішіндері
Қатпарлар келесі элементтерге ие
1) қанаттары А - қатпардың жақтаудағы бөлшектер (синклинальдарда олар борт деп аталады) ;
2) құлып Б - қанаттарын тоғыстырған сызық (борт) ; Антиклинальдың қас тұсы - ер, синклинальдың - мульда деп аталады;
3) остік жазықтық СДЕР;
4) қатпардың осі СF;
5) қатпардың бұрышы MDN.
Жер асты үрдістер әсерінен жер қабығында тербелмелі, қатпарлы және жарылымды қозғалыстар орын алады. Тербелмелі қозғалыс әсерінен шөгінді қабаттар майысып, горизонтальді жатқан қабаттар өздерінің тік жатысын жоғалтып, жатық ойыстар (синеклезалар) мен көтерілімдерді (антеклезалар) құрайды.

Мұнай және газдың табиғи коллекторлары
Мұнай және газ кен орындарында мұнай мен газ қабат сулары сияқты тау жыныстары құралған түйірлер арасындағы және сынықтар мен ондағы коверналы жыныс арасындағы бос кеңістікті қанықтырады. Бөлек алған жиналымдар өте аз, алайда олар қосылып үлкен, кейде тау жыныстың 50 %-на жететін көлемді құрайды.
Мұнай және газ кен орындарын құрайтын тау жыныстары, олардың қасиеттеріне байланысты әр түрлі роль атқарады, яғни ірі қуыстарының саны көп болатын олардың кейбіреулері мұнай мен газ резервуарлары, ал құм, құмтас, әктас, конгломераттарда кездеседі. Бұл жыныстар өткізгіштікке ие, яғни жыныста өзара байланысқан бөлшектерді байланыстыратын көптеген каналдар жүйесі арқылы сұйық пен газды өткізу қабілетіне ие.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz