Қазақстандағы онкологиялық көмекті ұйымдастыру және репродуктивті жүйе қатерлі ісігін ерте анықтауға арналған мемлекеттік скринингтік бағдарламалар


Slide 1

Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті ұйымдастыру. Репродуктивті жүйенің қатерлі ісігін ерте анықтауға арналған мемлекеттік скринингтік бағдарламалар.

Slide 2

Онкологиялық ұйымдар онкологиялық науқастардың профилактикасына, диагностикасына, емдеу мен медициналық оңалтуға бағытталған іс-шараларды уақтылы өткізу үшін құрылады.

Осы ұйымдардың негізгі мақсаты онкологиялық аурулардан болатын өлімді төмендету арқылы халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын ұлғайту болып табылады

Slide 3

Онкологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға:

Slide 4

Онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға арналған жоспарлы мамандандырылған және жоғары технологиялы медициналық қызметтер екінші және үшінші деңгейдегі онкологиялық ұйымдарда көрсетіледі.

Slide 5

Онкологиялық көмек көрсету медициналық көмектің мынадай нысандарында жүзеге асырылады:

Slide 6

Онкологиялық көмек мыналарды қамтиды:

амбулаториялық-емханалық деңгейде:

пациенттің жағдайын анықтау және диагнозды белгілеу мақсатында дәрігердің тексеріп-қарауы;

диагнозды верификациялау мақсатында азаматтарды зертханалық және аспаптық тексеріп-қарау;

мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті ұсыну үшін емдеуге жатқызуға іріктеу және жіберу;

онкологиялық науқастарды динамикалық бақылау;

белгіленген нысандағы медициналық құжатпен ресімдеу.

стационарлық деңгейде:

қолданыстағы нозологияға және медициналық стандарттарға сәйкес емдеуді таңдау мен тағайындауды емдеуші дәрігерлер мен бөлімше меңгерушілері жүзеге асырады;

қажетті тағайындалған емдеуді жүргізу;

дәрігердің күнделікті тексеріп-қарауы (егер басқа кезеңділік көзделген болса), емдеуді түзету;

қажет болған жағдайда және медициналық стандарттарға сәйкес мамандардың консультацияларын жүргізу;

құжатты ресімдей отырып науқастың қолына сырқатнамадан көшірме мен еңбекке уақытша жарамсыздықты растайтын құжатты бере отырып, пациентті шығару

Slide 7

ОНКОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАСТАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ

Slide 8

Клиникалық топтар - бұл диагностикалық және емдеу іс-шараларын таңдау кезінде дәрігердің тәсілін анықтайтын пациенттерді санаттарға бөлу.

Диспансерлік бақылауға алынған пациенттер мынадай клиникалық топтарға бөлінеді:

Slide 9

Қатерлі ісктері бар пациенттер өмір бойы онкологиялық диспансерде диспансерлік бақылауда болады.

Егер ауру кезінде пациентті тексеріп-қарау тәсілдерін талап етпесе, жүргізілген емнен кейінгі диспансерлік тексеріп-қарау былайша жүзеге асырылады:

бастапқы жылдың ішінде - үш айда бір рет;

екінші жылдың ішінде - алты айда бір рет;

одан әрі - жылына бір рет.

Slide 10

Қазақстан халқы үшін онкологиялық скринингтің 3 түрі тегін жүргізіледі

1. Жатыр мойны обырының скринингі. 30-70 жас аралығындағы әйелдер арасында өткізіледі. Мерзімділігі - төрт жылда бір рет. Жатыр мойнының жағындыларында патология болмаған жағдайда, әйелді төрт жылдан кейін келесі тексеруден өтуге шақырады.

2. Сүт безі қатерлі ісігінің скринингі. 40-70 жас аралығындағы әйелдер арасында өткізіледі. Жиілігі - екі жылда бір рет.

3. Колоректальды қатерлі ісік скринингі. 50-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер арасында өткізіледі. Жиілігі - екі жылда бір рет.


Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік маңызы бар аурулардың ерте диагностикасы мен алдын алу: қауіп факторларын анықтау және скринингтік бағдарламаларды ұйымдастыру, жүргізу және бақылау
Профилактика бөліміндегі скринингтік бағдарламаларды ұйымдастыру, өткізу және мониторингі
Халықтың нысаналы топтарын скринингтік тексеруді ұйымдастыру және өткізу қағидалары
АМСК жағдайындағы психиатриялық және наркологиялық көмекті ұйымдастыру
Қазақстандағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау: заңдық негіздері мен мемлекеттік бағдарламалар
Акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру және перинаталдық қызметтер
Психиатриялық және наркологиялық көмекті ұйымдастыру принциптері мен практикалық аспектілері
Алғашқы аурушаңдық: Қазақстандағы жатыр мойны қатерлі ісігі мен туберкулез тенденциялары
Жедел медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету принциптері мен алгоритмдері
Онкологиялық науқастарға мейірбикелік күтім мен паллиативтік көмектің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz