Алаш арысы - көреген көсем Мұстафа Шоқайдың өміріне шолу



Жоспар:
Алаш арысы - көреген көсем Мұстафа Шоқайдың өміріне шолу
М. Шоқайдың білім мен қызмет жолындағы естеліктері
«Жәдидшiлдiк» пен «жәдидшiлдер» ұғымы
Мұстафа Шоқайдың жәдитшілдік жолындағы көзқарасы мен еңбектері
Пайдаланылған әдебиеттер

Шоқайдың тағы бір қыры, ол - қазақтың, тіпті Түркістанның тарихында саяси эмиграцияны алғаш бастаған тұлға. Оған дейін біздің тарихымызда шет елдерге шыққан адамдар болғанымен, саналы түрде, күрес жүргізу үшін эмиграцияға кеткен.
Алаш алыптары шоғырына жататын арыстарымыздың әрқайсысының тарихтағы орны айрықша. Әйтсе де, Мұстафа Шоқайдың өзге қайраткерлерден, замандастарынан ерекшелігі неде дейтін болсақ, ең әуелі, Мұстафа Шоқай - Түркістанның тұтастығына толық сенген, сол жолда басын бәйгеге байлаған қабырғалы да сан қырлы қайраткер. Екіншіден, Алаш арысы - көреген көсем. Көптеген қайраткерлер большевиктермен ымыраға келуге болады деп шешкенде, Шоқай жаңа биліктің алдамшы уәделеріне сенбеген. Тіпті Ташкентте билікті қолға алған большевиктер Шоқайдың Түркістан Халық комиссарлары кеңесінің (Үкімет) төрағасы болуын сұраған. Алайда, олардың түпкі пиғылын ерте аңғарған Шоқай бұл ұсыныстан бас тартқан. Кейінірек Тбилисиде, Ыстамбұл мен Еуропада жүргенде де большевиктерден арнайы шақырту алғанына қарамастан, олармен ымыраға келмеген.

Прошение выпускника Ташкентской мужской гимназии Мустафы Шокая на имя ректора Императорского Санкт-Петербургского университета с просьбой зачислить его в студенты юридического факультета. ЦГИА Санкт-Петербурга. Сентябрь 2009 года.
(Электронды ресурс: https://rus. azattyq. org/a//1888661. html)
Мұстафа Шоқай (1890-1941) - Алаш қозғалысының қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, публицист. Қызылорда облысының Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылында Сыр өңірі қазақтары арасындағы беделді кісі. Шоқайдың отбасында дүниеге келген. Шоқайдың әкесі Торғай Сыр қазақтары Ресей патшалығының қоластына кірмей тұрғанда Хиуа ханының уәлиі, ал нағашылары Хиуа хандығын орыстардан қорғауда ерекше көзге түскен әйгілі әскербасылар болған. Мұстафа Шоқай жазу-сызуды өз анасынан жасы беске толмай жатып үйренген. Сұлутөбе станциясындағы орыс мектебінде бастауыш білім алған ол 1902 жылы Ташкенттегі гимназияға түсіп, 1910 жылы үздік бітіріп шығады.

Болашақ қайраткер 1910 жылы Санкт-Петербор университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, оны 1917 жылы бітіреді. Студент шағынан қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, түркі-мұсылман студент жастарының қозғалысына қатысады. Балқан соғысына байланысты 1912 жылы Санкт-Петербордағы қазақ, татар, өзбек, башқұрт және әзірбайжан студент-жастары арасында Түркияны қолдау қозғалысы өріс алған кезде оның арасында Мұстафа Шоқай да болады. Ол 1915 жылы түркі-мұсылман халықтарының азаттық қозғалысына іріткі салу мақсатында орталық билік орындары құрған «Сират-ул-мустақим» («Тура жол») партиясына алғаш қарсылық танытқандар қатарында болып, студент жастар тобымен бірлесе отырып, зиялы қауым өкілдеріне «Сират-ул-мустақим» партиясын қолдамау жөнінде үндеу тастады. Бұл үндеу сол кезде татар тілінде жарық көріп тұрған «Сөз» газетінде жарияланды.
Аттестат зрелости Мустафы Шоркая, полученный им после окончания гимназии в Ташкенте. ЦГИА Санкт-Петербурга. Сентябрь 2009 года.
Аттестат зрелости об окончании Мустафой мужской гимназии в Ташкенте, впрочем как чуть позже и диплом об окончании юридического факультета Санкт-Петербургского университета, свидетельствуют о его блестящих способностях.

Студенческий билет Мустафы Шокая «для входа в Императорский Санкт-Петербургский университет на 1913-1914 учебный год».
1916 жылы Ә. Бөкейхановтың ұсынысымен Мемлекеттік думадағы Мұсылман фракциясы жанындағы бюроға мүше болып, онда хатшылық қызмет атқарды. Түркістандағы көтерілістің себеп-салдарын тексеруге Мемлекеттік дума Ташкентке арнайы комиссия аттандырғанда, оның құрамында депутаттар А. Керенский, Тевкелевтермен бірге Мұсылман фракциясы жанындағы бюро мүшелері Ш. Мұхамедияров пен Мұстафа Шоқай болды. Жергілікті халықтың жағдайымен терең танысу мақсатында Мұстафа Шоқай Ташкентпен ғана шектелмей, Самарқанд пен Әндіжанда болып, жергілікті жағдаймен танысты.

Петроградқа оралғаннан кейін өзі жинаған материалдар негізінде 1916 жылғы көтеріліс кезінде билік орындарының Түркістан халқын аяусыз қуғын-сүргінге ұшыратқаны туралы Мемлекеттік думада Мұсылман фракциясы атынан жасалатын мәлімдеме мәтінін әзірледі. 1917 жылы Ақпан революциясы нәтижесінде патша өкіметінің құлауын зор қуанышпен қарсы алып, қалыптасқан саяси ахуал Ресей империясында ұлттық езгінің тауқыметін тартқан түркі-мұсылман халықтарының бостандыққа жетуіне мүмкіндіктер туғызады деп үміттенді. 1917 жылы сәуірдің 16-21-і аралығында Ташкентте өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының 1-ші съезіне қатысып, оның төралқасына мүше болып сайланды. «Бірлік туы» газетінің негізін қалап, оның алғашқы редакторы болды.
Свидетельство (диплом) Мустафы Шокая об окончании юридического факультета Императорского Санкт-Петербургского университета.

Түркiстанда XIX ғасырдың соңына қарай кең етек ала бастаған жаңашылдық (жәдидшiлдiк) ағымы заманның ғылыми-технологиялық жетiстiктерiне сай бiлiм беру арқылы мұсылман қоғамын мешеулiктен арылтуды мақсат еттi.
Қазақ жерiнде Түркiстандағы жәдидтiк қозғалысқа белсене атсалысқандар Мұхаммед Сәлiм Қашимов пен Әбубәкiр Кердерiлер болды. Бұларға С. Ланин, М. Сералин, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ғ. Қарашев сынды ақын-жазушылар, алғыр ой иелерi бiрден үн қосып, “Қазақ” газетi мен “Айқап” журналы беттерiнде мәселенi кеңiрек насихаттайды.
XIX ғасырдың аяғында Ресей империясының қоластында мұсылман халықтарының арасында “жәдидизм, жәдидшiлдiк” деп аталған ағым пайда болды.

Оқу-ағарту саласында Исмайыл Гаспрәлi бастаған жәдид ағымын қуған Мұстафа Шоқай саясатта түрiкшiлдiк ағымын жақтауына саяси қөзқарасының қалыптасуына жәдидтер қозғалысының зор ықпал еткенi анық. Мұстафа Шоқайдың саяси көзқарасының қалыптасуы және қоғамдық қозғалысқа, халқының азаттығы үшiн күреске қатысып шыңдалуы оның Петерборда өткiзген жылдары болды. Жәдидтер қозғалысын жалғастырушы ретiнде Мұстафа Шоқай Россияда патша өкiметiн жойған 1917 жылғы ақпан төңкерiсiнен соң түрiк халықтарының автономиясын құруға талпыныс жасады. Бiрақ бұрынғы демократиялық бағыттағы орыс саяси партиялары бұл идеяға қарсы шықты. Ендiгi бар үмiтiн өз халқының азаттық үшiн күресi мен жан аямас өрлiгiне жалғаған Мұстафа Түркiстанға келiп ұлттық қозғалысқа белсене араласады. Осы кезде зор қауiп - большевизм шықты.

Мұстафа Шоқай өзiнiң «Ластик қуыршақ» деген мақаласында (“Яш Түркiстан” 1932ж, N28) былай деп жазған: «Жәдидшiлдiк» пен «жәдидшiлдер» төңкерiстен бұрын Түркiстанда халықты прогресс жолына салуда қыруар жұмыстар атқарғаны кез келген түркiстандыққа мәлiм. Жәдидшiлдер патшалық Ресей өкiметiне қарсы халықтың ұлттық санасын оятқаны және орыс имперализмiнiң еркiн орындаушы Бұқара әмiрiне қарсы жүргiзген прогрестiк көзқарастары үшiн орыс өкiметi, сондай-ақ Бұқара әмiрi тарапынан қудалауға алынған едi. Жәдидшiлдер туралы осы жолдарды жазғанда бiз оларды тым әсiрелеп көрсетудi мақсат тұтып отырған жоқпыз, тек ақиқатты айтуды ғана мақсат етiп отырмыз.
Жәдидшiлдiк - адамдардың жеке басын алаламайтын, таптарға бөлмейтiн жалпыға бiрдей саяси еркiндiк пен бостандықты мұрат тұтқан ұлттық салауатты алға бастар қозғалыс болатын. Большевиктер оның бәрiн жоққа және терiске шығарды. Оларша болғанда жәдидшiлер “компрадор” буржуазиядан басқа ештеңе де емес.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz