ОСӨЖ ПРОГРЕССИВТІ ТАТАР АҒАРТУШЫСЫ



ОСӨЖ Прогрессивті татар ағартушысы Шигабутдин Маржанидің өмірі мен қызметі

Жоспар:
Шигабутдин Маржани - татар халқының көрнекті тарихшысы
Ш. Маржанидың білім жолы және қызметі
Түркі-мұсылман халықтарының тарихына тікелей қатысты еңбектеріне шолу
Тарихи зерттеулердің басты методологиялық принципі Ш. Маржани үшін
«Мөстәфәдел-әхбар фи әхвали Казан вә Болгар» еңбегін талдау
Пайдаланылған әдебиеттер

Шигабутдин Маржани (1818 - 1889) - татар халқының көрнекті тарихшысы. Ол патшалық Ресейдің отарлық саясаты қарқынды жүргізілген тұста өмір сүріп, өз соңында мол ғылыми мұра қалдырды. Бұл мұра сол тұста түркі тілдес халықтардың ұлттық қозғалысына серпін берді. Ш. Маржани Ұлы дала тарихына қатысты көптеген деректерді ғылыми айналымға тартқан.
Шиһабаддин ибн Баһаутдин ибн Субхан ибн Абд-әл-Кәрім әл-Маржани (16. 1. 1818, Қазан қ. маңындағы Ябынчы а. - 28. 6. 1889, сонда) . Әкесі Баһаутдиннің Қазан губ-ндағы Ташкичу а-нда ашқан медресесінде бастауыш білім алып, 17 жасынан сол медреседе тәрбиеші болып қызмет етті.

1838 ж. білімін тереңдете түсу мақсатында Бұхара қаласына келіп, онда Хусаин ибн Мұхаммед әл-Кирмани әл-Қарғали, Абд әл-Мумин өзбақ әл-Афшанчи секілді әйгілі оқымыстылардан дәріс алады.
Қаражат тапшылығын тартқан бай-ауқатты аудандардың балаларын оқыту үшін жалдануға, қолжазбаларды көшірумен айналысуға мәжбүр болды.
1843 - 45 ж. Самарқандтағы “Ширдор” медресесінде
1845 - 49 ж. Бұхарадағы Мір Араб медресесінде ұстаздық етті.
Бұхара мен Самарқандта болған кезінде араб, парсы тілдерін меңгеріп, әл-Фараби, әл-Бируни, Әбу Әли ибн Сина, т. б. ғұлама ойшылдардың шығармаларымен танысты.

1849 ж. туған жеріне оралып, мешіттің имамы және оның жанындағы медресенің мударрисі болды.
1850 ж. Орынбор муфтилігінің ұйғарымымен Қазан мешітінің имамы болып тағайындалды. Ол медресенің схоластика философиядан арылуы керектігін айтып, кәламшыларды сынады. Бұл туралы өзінің “Назурат ал-хак” “(Қазан, 1870), “Хакк ал-марифат”” (Қазан, 1880), “Ал-хикмет ал-балиға” (Қазан, 1888), “Ал-бирак ал-вамид” (Қазан 1888), “Ал-ғазб ал-фурат” (қолжазба) атты кітаптарында жазды. Оның “Ет-Тарихатул-есна вел-ақидетул-хусна” еңбегі кәламшыларға қарсы бағытталды. М. Ш. ұстанған бағыт еркіндікті насихаттап, кейбір қажетсіз пәндер мен кітаптарды бағдарламадан алып тастауды, діни оқуда ислам тарихына көбірек көңіл бөлуді, мұсылмандардың Мұхаммед пайғамбар (ғ. с. ) дәуіріндегі иман мен сенімге, шынайылыққа қайта оралуын қолдады. Ол В. В. Радлов, Казем-бек Мирза Мұхаммед Али, И. Готвальд секілді ға-лымдармен араласып, олармен ой бөлісіп отырды. 'В. В. Вельяминов-Зерновпен де байланыс жасап тұрған.

Шигабутдин Маржани (1818 - 1889) - татар халқының көрнекті тарихшысы. Ол патшалық Ресейдің отарлық саясаты қарқынды жүргізілген тұста өмір сүріп, өз соңында мол ғылыми мұра қалдырды. Бұл мұра сол тұста түркі тілдес халықтардың ұлттық қозғалысына серпін берді. Ш. Маржани Ұлы дала тарихына қатысты көптеген деректерді ғылыми айналымға тартқан.
Памятник на набережной озера Кабан

Патшалық Ресейдің империядағы түркі-мұсылман халықтары қоныстанған өңірлерде отарлық саясатын қарқынды түрде жүргізіп, жергілікті халықтардың ұлттық санасын тұмшалау, оларды орыстандыру, шоқындыру бағытындағы іс-шараларын жүзеге асырып жатқан кезде ғұмыр кешкен Ш. Маржани Бұхара қаласынағы «Мір араб» медресесінде білім алған еді [М. Юсупов, 2003: 42] . Ол Бұқарада оқып жүрген кезінде араб, парсы тілдерін терең меңгеріп, Хусаин ибн Мұхаммед әл-Карғали және Низамутдин әл-Илхам секілді оқымыстылардың ықпалымен ортағасырлық араб, парсы тілдерінде жазылған тарихи шығармаларды оқуға ден қойған болатын. Бұқарадан оралғаннан кейін Қазандағы мешітте имам әрі сондағы татар мұғалімдерін даярлайтын оқу орнында оқытушы болып қызмет ете жүріп, Қазан университеті жанындағы Археология, тарих және этнография қоғамының мүшесі ретінде оның жұмысына қызу атсалысып, дінтану, философия саласына, сондай-ақ тарихқа қатысты еңбектер жазуды қолға алып, мұсылмандық Шығыстың белгілі ғылыми мектептерінің дәстүрін жалғастырып, 30 томнан астам еңбекті дүниеге әкелді.

Түркі-мұсылман халықтарының тарихына тікелей қатысы бар араб тіліндегі «Вафият әл-аслаф вә тахият әл-ахлаф» (Өткен бабалар өмірінен және олардың ұрпақтарға сәлемі) және татар тіліндегі «Мөстәфадел-әхбар фи әхвали Казан вә Бұлгар» (Қазан және Бұлғар туралы пайдаланылған хабарлар)
1915 жылы, яғни Ш. Маржанидің 100 жылдық мерейтойының аталып өтуі әзірленіп жатқан шақта қазақтың белгілі қайраткері М. Сералин «Айқап» журналында «Маржани» деген атпен мақала жариялап, онда: «Бұл кісі мұсылман дүниясының басы айналып жатқанда дүнияға шығып, ол заманда жұрттың мұрнына исі де кірмеген тарих ғылымына көп зейін жұмсаған, әр нәрсеге сақ көзімен назар салған, араб жұртына барып тұрмай, Русие мен Бұхарада жүрген кісі болса да араб тілін ең жүйрік шешендерінен кем білмеген бір жан еді! Жазған кітаптарының арасында «Назарат әл-хақ», «Вафият әл-аслаф», «Мөстафадел-әхбар» кітаптары ең машһүрлары еді» [М. Сералин, 2002: 62], - деген еді.

Тарихи зерттеулердің басты методологиялық принципі Ш. Маржани үшін оқиғалар мен құбылыстар жайынан мағлұмат беретін фактілерді объективті түрде талдау болып табылады. Ол тарихшының діни немесе саяси көзқарасына орай тарихи шындықты бұрмаламауы тиістігін, бұрмаланған тарихтан алар тағылымның болмайтындығын ескертіп, тарихшыға үлкен талап қойды. Тарихшының өскелең жас ұрпақтың алдында жауапкершілікте екенін, тарихшы атына кір келтірмей халық алдындағы парызын есте сақтауы керектігін ескертеді. Тарихты зерттеу барысында субъективті пікірлерді басшылыққа алып, жіберілген ескі қателіктер мен жаңсақ тұжырымдарды бүркемелеуге болмайтындығын негіздей отырып, мұны зерттеу барысындағы басты ұстаным ретінде ұсынады және тарихи ақиқаттың негізгі өлшемі - адамның ақыл-парасаты деген тұжырымға келеді.

Деректерге сын көзбен қарау, жазба мәліметтермен қатар заттай дәлелдерді ғылыми айналымға тарту, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды баяндайтын жазба мәтіндер мен ауыз әдебиеті үлгілерін филологиялық тұрғыда және деректанулық негізде талдау Ш. Маржаниді Ибн Халдуннан ерекшелей түсетін. Ш. Маржани Шығыс халықтарының рухани мәдениетінің мол мұрасына дерек көзі ретінде қарап, олардағы мағлұматтардың шынайылық деңгейін айқындауға баса мән берді.
Ш. Маржани еуроцентристік көзқарас шынайылықты көрсетпейді, керісінше, бір халықты екінші халыққа өктем билік жүргізуін, яғни еуропалықтардың үстемдігін ақтауға бағытталған ұстаным деп бағалады. Осыған орай ол өз еңбектерінде Орталық Азия мен Еділ-Жайық өңірлерінде және басқа да мұсылмандық Шығыс аймақтарта озық өркениет ошақтары мен әлемге танымал ғұламалардың болғанын ашып көрсетуге ден қойды.

«Мөстәфәдел-әхбар фи әхвали Казан вә Болгар» атты еңбегіндегі Орынбор қаласының салыну тарихына арналған тарауында бұл қаланың негізін қалауға Қ. Тевкелевтің тікелей қатысы барлығын айтып, оның Шыңғыс хан әулетінен екенін атап көрсетіп, Құтлығмұхаммедтің өзіне дейінгі тегін мынандай ретпен береді: Орыс хан (Ырыс хан) - Құйыршық - Барақ - Жәнібек - Жәдік - Шығай - Ондан - Оразмұхаммед - Дәулетмұхаммед - Мамаш - Тәукел (Тәуекел) [Ш. Маржани, 1989: 261] .

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz