ҚАБІЛЕТТІҢ ДАРАЛЫҚ




Презентация қосу
ҚАБІЛЕТТІҢ
ДАРАЛЫҚ
АЙЫРМАШЫЛЫҚТА
РЫ
Адамдардың қабілетінде жеке адамға тән
айырмашылықтар да болады, яғни іс-әрекет
нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі
сапалы, екіншісінікі сапасыз. Дәлірек айтқанда,
адам қабілетіндегі айырмашылық істің
нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен
байқалады.

Қызығушылық адамда объектіні жан-жақты
танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал
бейімділік — нақты іс-әрекетті орындауға
талпыну. Қызығушылық пен бейімділік
сапаларының үнемі өзара үйлесін тауып, бір
бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған
түрлі жағ-дайлар да себепші болады.

Мысалы, адамның бейнелеу, көркеменер
туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол
осы салалардағы өнер түрлерімен
шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен,
Адам қабілетінің
даралық
ерекшеліктеріне
жатады:
☞ Дарындылық

☞ Талан

☞ Данышпандық
ІС-ӘРЕКЕТПЕН АЙНАЛЫСҚАНДА АДАМНЫҢ
ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУІ ҮШІН ҚАБІЛЕТ,
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ, БЕЙІМДІЛІКТЕН ТЫС ОНЫҢ
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА МЫНАДАЙ САПАЛЫҚ
КӨРІНІСТЕР БОЛУЫ ҚАЖЕТ: ЕҢ АЛДЫМЕН,
ЕҢБЕКСҮЙГІШТІК, ТАБАНДЫЛЫҚ, БАТЫЛДЫҚ.
ОСЫНДАЙ ЕРЕКШЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ БАР АДАМНЫҢ
ӨЗІ ДЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ТАБЫСҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ
БЕРМЕЙДІ. НЕГІЗІ, АДАМ ӨЗІНІН, ІС-ӘРЕКЕТІНЕ,
ЖЕКЕ БАСЫНА СЫН КӨЗІМЕН ҚАРАП,
БОЙЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІК, КЕМІСТІГІН ИКЕМІ МЕН
КҮШ-ҚУАТЫН, МЕН ӨЗІНІҢ, ҰНАМДЫ, ҰНАМСЫЗ
САПАЛАРЫН АЙҚЫН АЖЫРАТА АЛАРЛЫҚ
ДЕҢГЕЙДЕ БОЛУЫ КЕРЕК.
Дарындылық — адамның белгілі бір
іске деген айрықша қабілеттілігі,
өмірдің қандай да бір саласында өзін
ерекше қырынан көрсетуі. Мұны
мынадан айқынырақ түсінуге болады:
қазақ даласында өздерінің ақындық,
әншілік, серілік қасиеттерімен
танылған Ақан сері, Біржан сал, Үкілі
Ыбырай, Әсет, Мәди тәрізді басқа да
таланттардың есімдері осы көзге дейін
ел есінде.
әр түрлі
қабілеттер
Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы
талант деп аталады. Талант —
адамның нақты бір істі нәтижелі
орындаудағы қабілетінің біршама
жағымды қасиеттерінің өзара
байланысты түрде үндесуі.
Талантты адам өмірде белгілі бір
пайдалы әрекетпен шұғылданады,
сол бағытта ірі жетістіктерге де
жетеді. Соның арқасында оның іс-
әрекеті өзгелерге өнеге болады,
жемісті нәтижелер береді.
Адам қабілетіндегі дарындылык, пен талант одан әрі
дамып, данышпандық қасиетін тудырады. Бұл —
адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғары
дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет — адамның
жалпы және арнаулы қабілеттерінің жинақталып,
ДАНЫШПАНДЫ ерекше нәтижелерге қол жеткізуі. Данышпан адамның
іс-әрекет нәтижелері адамның әлеуметтік өмірі мен
ЛЫҚ қоғамдық тіршілігінің жақсаруына елеулі үлес қосып,
мәдени-рухани, саяси-экономикалық т. б.
салалардың өркендеуіне әсер етеді, қоғамның тарихи
дамуында өшпес із қалдырады. Сондай адамдар
қатарына Аристотель, Платон, Әбу Нә-сір әл-Фараби,
Ұлықбек сынды ғұламалар, қазақтың Абылай хан, Бүқар
жырау, Төле би, Қазыбек би, Әйте-ке би, Майқы би
Мәнұлы, Абай тәрізді біртуар тұлғаларды жатқызуға
болады.
Қабілетке қатысты мәселелерді қорыта
айтсақ, қабілет—адамның даралық
психологиялық қасиеті. Мұндай өзіндік
қасиеттер жеке адамның тұлғасын, кісілік
сипатын, іс-әрекетінің нәтижелерін жалпы
қауымның игілігіне айналдырады.
Психология ғылымында соңғы 1—1,5 ғасыр
бойында адам қабілетінің даму деңгейі және
оның қалыптасуы тәжірибелік зерттеулер
арқылы анықтала бастады. Бір сөзбен
айтқанда, адам қабілеттілігі мен оның түрлі
деңгейде дамып өрістеуінің негізгі факторы
— еңбек.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒ
А РАХМЕТ

Орындағандар:

Берекетова Жәния 104

Сахиев сапарбек 104

Ұқсас жұмыстар
Қабілеттің түрлері
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ ЖАЙЛЫ
Дағдылар мен қабілеттер
Тұлға əлеуметтенуінің негізгі мақсатына
Қабілет туралы түсінік
Балалардың дарындылығын бақылау
Қабілет. Қабілеттің психологиялық ерекшеліктері
Қабілет - бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік
ТҰЛҒАНЫҢ ҚАБІЛЕТІ
Фәлсафа дәстүріндегі рух ұғымы
Пәндер