Бала дәрігері


Slide 1

«Дені сау бала» кабинетінің дәрігері 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер мен олардың аналарына «COMIRNATY» вакцинасы туралы ақпарат беріп, оны насихаттау жұмыстарын жүргізу туралы

Бала дәрігері

Сабит Амангүл Болатқызы

Slide 2

Comirnaty вакцинасы

Comirnaty - американдық Pfizer компаниясы мен Германияның BioNTech технологиялық компаниясы шығарған РНҚ-ға негізделген матрицалық вакцинаның (мРНҚ) сауда атауы. Вакцинация курсы 21-28 күн аралығымен енгізілетін екі дозадан тұрады.

Comirnaty Pfizer/Biotech вакцинасы ДДСҰ-ға шұғыл қолдануға рұқсат етілген, вакцина АҚШ, Ұлыбритания, Канада және ЕО-да қолданылады. Клиникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша оның тиімділігі 95 пайызды құрайды. Бұл АҚШ-та төтенше жағдайларды пайдалануға рұқсат беру (Emergency Use Authorization, EUA) аясында қолданыла бастаған алғашқы вакцина.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның бұл түрін 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер, жүкті әйелдер (жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін), лактация кезеңіндегі әйелдер босанғаннан кейінгі кезең аяқталған 42 күннен кейін) салдыра алады.

Slide 3

Вакцинациялау жүргізу тәртібі

Жасөспірімдерді вакцинациялау білім беру ұйымдарының егу пункттерінде жүргізіледі. Сондай-ақ ата-аналардың қалауы бойынша вакцинацияны емханаларда жеке тәртіппен жүргізуге жол беріледі.

Slide 4

Ұйымдарда вакцинациялаудың мынадай артықшылықтары

- салауатты орта (КВИ-ді қоса алғанда, респираторлық инфекция симптомдары бар ықтимал науқастармен қарым-қатынасты болдырмау) ;

- оқушылардың медициналық араласу фактісін психоэмоционалдық қабылдауы олардың таныс ортада жеңілдейді;

- өз баласын емханада вакцинациялауға әкелу үшін ата-аналарға жұмысқа бармаудың қажеті жоқ; бұл ретте қалауы бойынша ата-аналар жасөспірімді мектепте вакцинациялау кезінде қатыса алады;

- аш қарынға вакцинация жүргізбеу үшін жасөспірімдерді алдын ала тамақтандыру мүмкіндігі;

- психологтың болуын және мектеп оқушылары үшін таныс ортада онымен қарым-қатынасты қамтамасыз ету мүмкіндігі;

- оқу орындарының педагогтары мен медицина қызметкерлері өз мектептерінің балаларын жақсы біледі, олардың болуы жасөспірімдердің психоэмоционалдық жағдайына жақсы әсер етеді.

Slide 5

Вакцинациялау жүргізу сәтінен

Slide 6 Slide 7 Slide 8

Қарғалы ауданы бойынша КВИ вакцинациясының жоспарын жүзеге асыру (Comirnaty«Pfizer»)

Жоспарланған 12 мен 18 жас аралығында балалар саны - 933;

1 этап алған 12 мен 18 жас аралығында балалар саны - 221 (23, 7%) ;

2 этап алған 12 мен 18 жас аралығында балалар саны - 193 (20, 6 %) .

Slide 9 Slide 10 Slide 11 Slide 12

Жүргізілген іс-шаралар

Участкелік дәрігерлер әр ата-анамен жеке сөйлесіп, олардың сұрақтарына жауап беруде. Оған қоса әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер өткізіліп түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Slide 13

Аурухананың бас дәрігері Б. Жаржанов пен СЭҚ басқармасының басшысы Б. Алпысбаев аудандағы мектептер мен колледжде ата-аналарға екпенің жасөспірімдер арасында коронавирус індетінің алдын - алудағы бірден-бір жолы екендігі туралы ақпарат берді.

Slide 14

Ағымдағы жылдың 26 қаңтары күні аудандық білім бөлімінің басшысы Ж. Дүйсенованың ұйымдастыруымен, аудандық аурухананың бас дәрігері Б. Жаржанов пен аудандық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының басшысы Б. Алпысбаевтың қатысуымен Пфайзер ("COMIRNATY") вакцинасы бойынша білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен тәрбиеленушілердің ата-аналарына арналған онлайн семинар өткізілді.

Slide 15

Дені сау бала кабинеті

Дені сау бала кабинеттерінің негізгі міндеті балалар денсаулығын қорғау бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізу, соның ішінде: медициналық қызметкерлердің білімін үздіксіз жетілдіру; Дені сау және науқас баланы күту, тамақтандыру, дене және психологиялық-әлеуметтік даму мәселелері бойынша тақырыптық сабақтар өткізу;

Slide 16

Дені сау бала кабинеті

Slide 17

Қорытынды

Вакциналарды ойлап шығару - медицинаның ең үлкен жетістігі. Өзіңізді және балаңызды денсаулыққа қайтымсыз зиян келтіретін, кейде өліммен аяқталатын қорқынышты аурулардан қорғаудың ең тиімді және кейде жалғыз жолы болып табылады. 21 ғасырда кейбір ата-аналар балаларын вакцинациялаудың тиімділігі мен қажеттілігіне қатысты әлі де күмәндануда. Алайда бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Slide 18

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Жалпы практикалық дәрігер отбасылық дәрігер
Бизнес аңыздары (Әлемнің бай адамдары)
Даун синдромы
Саяхаттың міндеті
Витаминдер және олардың маңызы жайлы
Д’’ ДӘРУМЕНІ
Астмоидты тыныс
Қалалық ветеринариялық қызметті ұйымдастыру
Монтессори педагогикасының негізгі принципі
ДАУН СИНДРОМЫМЕН АУЫРАТЫН БАЛАНЫҢ КӨРІНІСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz