Әуе электр желілерінің эксплуатациялық мәселелері және шешу жолдары


Slide 1

Әуе желісіндегі проблемалар және оны шешу жолдары.

Орындаған:Қоңыратбай Елбасы

Slide 2

Кіріспе

Әуе желілерін тарту барысында мезгілгеде өте байланысты болып келеді. Қыс мезгілінде кабелдерді тартып ілу керек болса, ал жаз мезгілінде кабельдерді бостау қылып, салбыратып іледі. Тасымалданатын кернеу шамасына қарай тіректердің ара қашықтығы әр түрлі болады. Мысалы 1 кВ дейінгі кернеуге 35-40м ара қашықтықта, 6 және 10 кВта 50-60 м ара қашықтықта орналасады. Бұны басқаша тірек қадымы деп те атайды.

Біздің білетініміздей әуе желілерінде де көптеген проблемалар мен мәселелер кездеседі. Бұл бұзылуларды жылдам әрі дұрыс шешу немесе бұзылудың алдын алулар жалпы жүйеде көптеген қаражатты үнемдеуге немесе шығындарды болдырмауға алып келеді. Келесі беттерде әуе желілерінің бірқатар проблемаларын және оны шешу жолдарының бірнеше түріне тоқтала кетсек.

Slide 3

Бірқатар проблемалар

Әуе желісінің (ӘЖ) жұмыс жағдайын бұзуға және олардың бүлінуіне әкелетін негізгі факторлар:

мұз, қар, жел жүктемесі, атмосфералық асқынулардың әсері;

ағаш бұталарының жаппай қапталысып өсуі және ағаштардың құлауы, ағаш бұтақтарының сымға құлауы.

жолдағы және ауа желісінің маңындағы өрттер, сыртқы әсерлер, бұзақылық;

жұмыс жағдайындағы кемшіліктер: эксплуатация кезіндегі изоляторлардың бұзылуы, тозуы;

Тіректердің құлауы.

Slide 4

Климаттық факторлардың әуе желілеріне әсері

Ауа температурасының әсері. Ауа температурасы ауа желісінің сымдарының шиеленісуіне немесе салбырауына әсер етеді. Ауа температурасы - құрылыс нормаларымен, ережелірімен анықталады, және метеорологиялық деректерге негізделеді. Ауа беріліс желілерін есептеуде келесі температуралар қарастырылады: максималды, минималды, орташа жылдық температуралар, сонымен қатар, ауа желісінің сымдарына мұз қатқандағы температура және желдің жоғары жылдамдығындағы температура.

Мұз қатпарларының әсері. Мұз қатпарларының түрлі формалары мен түрлері болады.

Таза мұз, аязбен қырау қалдықтары, ылғалды қардың, сонымен қатар, басқа да әртүрлі қалдықтардың түрлері байқалады.

Әуе желісінің сымдары үшін аяз айтарлықтай жүктеме болып табылмайды және механикалық беріктігіне әсер етпейді.

Түйіршікті қырау сымдардың бұралуына ықпал етеді, онымен берік жабысып, өзінің көлемімен сымдардың қалтқушылығын арттырады, желдің әсерінен әуе желіллерінің тіректерімен сымдарына қосымша жүктеме әкеледі.

Slide 5

Мұз - бұл судың қатты түрі. Мұз қабығы ауа желісінің сымдарына тығыз жабысады. Симетриялық емес жағдайда мұз қалыптасуы сымның бұралуын туғызады, ал қатты қалыңдықтағы мұз сымның салмағын көп есе арттырады.

Ылғалды қар жылылау температурада ериді және сымды айнала қатты қалыңдықта қатып жауып тұрады. Егер ауа температурасы төмендесе, еріген ылғалды қар қата бастайды, соның әсерінен сымның сырты кристалды қалыпқа келеді және берік байлан

Slide 6

Желдің әсері. Әуе электр беріліс желісі жер бетіндегі нысан болып табылады. Сондықтан олар үшін негізгі кедергі - жел. Желдің ауа желісінің жұмысына тікелей әсер етуі сымдарға, кабельдерге және тіректерге қысым көрсетеді. Сонымен қатар, сымдар мен кабельдерде көлденең жүктеме жасау кезінде, жел сымының керілуін үлкейтеді.

Тіректерде сонымен қатар қосымша иілу күштері пайда болады. Желдің қысымы жердегі мықтап бекітілмеген іргетастарды шығару арқылы тіректердің бұзылуын және құлауын тудыруы мүмкін.

Slide 7

Қысқаша тұйықталу

Қысқаша тұйықталу дегеніміз электр желісі фазаларының өзара қиылысуы, ал жерге жалғанған бейтарапты жүйеде бір немесе бірнеше фазалардың жерге немесе нольдік өткізгіш сыммен тұйықталуын айтамыз.

Қысқаша тұйықталу болған кезде тізбектің жалпы кедергісі тез азаяды, ал токтың шамасы көбейеді. Осының әсерінен кернеу энергия жүйесінің әртүрлі нүктесінде төмендейді. Қысқаша тұйықталу болған жерде кернеу нольге тең болады.

Қысқаша тұйықталудың басты себебі электр жабдығы элементтерінің оқшауламасының бүлінуі. Бұл бүлінулерді тудыратын кернеудің жоғарылауы, механикалық жарақаттар, оқшаулағыш материалдың ескіруі жатады.

35-110кВ әуе желілерінде 4 кабель тартылады. Оның ішінде 3 кабель фаза болса 1 кабель заземляющи болады. Бұның мақсаты әуе желісінде болған шақпақты тарту үшін арналған.

Әуе желілерінде 10кВ әуе желісінде 1 изолятордан 35 кВ әуе желісінде 3 изолятордан 110 кВ әуе желісінде 6 изолятордан тұрады. Изоляторларды фарфордан немесе шыныдан жасайды.

Мұздардың қатуынан изоляцисы жарылған немесе изоляторлардың сынуынан жаңбыр жауу барысында жерге тоқтың өту аса қауіпті болып келеді.

Slide 8

Қысқаша тұйықталу электрқондырғалары изоляцияларының бүлінуінен, тоқ жүретін бөліктерінің бір-бірімен немесе жермен тікелей, не болмаса өткізгіштер арқылы тиіп жанасудан болады. Токтың қуатты тұтынушылардын бір мезгілде қосу желідегі ток күшін арттыратыны соншалық, сымдар кәдімгідей қызып, ал оны жайып тұрған оқшалауғыштар жанып кетуі де мүмкін. Тізбектегі ток күші мүмкін болатыг шамасынан артып кеткенде, қысқа тұйықталу пайда болады.

Slide 9

Пайдаланылған әдебиеттер

https://remontideas. ru/kk/mixer/linii-elektroperedach-lep-vozdushnye-i-kabelnye-linii-elektroperedachi-obshchaya-informaciya-ob-ih-ust. html

https://stud. kz/referat/show/69070

https://adilet. zan. kz/kaz/docs/V16575

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Әуе электр желілерінің құрылысы, монтажы және техникалық қауіпсіздігі
Ақтөбе облысындағы қалдықтарды басқару мәселелері және шешу жолдары
Отансүйгіштік пен азаматтық тәрбие: рухани-адамгершілік тәрбиенің мәселелері және шешу жолдары
Қазақстанның салық жүйесінің қызмет ету мәселелері және оларды шешу жолдары
Қарағанды облысының экологиялық мәселелері: өнеркәсіптік ластану себептері, салдары және шешу жолдары
Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының ауыз су мәселелері және оларды шешу жолдары
Тұлғааралық қақтығыстар: себептері, функциялары және шешу жолдары
Этносаяси жанжалдар: теориясы, себептері және шешу жолдары
Топырақтың экологиялық проблемалары: жіктелуі, себептері және шешу жолдары
Жанжал және оны шешу жолдары: психолого-педагогикалық талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz