Қалалық ветеринариялық қызметті ұйымдастыру




Презентация қосу
Ауданда және калада
мемлекеттiк
ветеринариялык
менеджмент .
Орындаған:Ерік Анель
Вм402
Тексерген:Абдуалиева А
Қалаларда және қала типті ірі елді мекендерде халықтың 50-60% қоныстанған.Қала
тұрғындары үй жануарларын,кейбіреулері ауыл шаруашылық мал түліктерін ұстайды.
Кейде бұл малдардың санын толық е өңдеуші кәсіпорындарға,сепке алу да қиынға
түседі.
Сонымен қатар қаладағы өңдеуші кәсіпорындарға,базарларға ауыл шаруашылық
аймақтардан,шетелдерден мал және мал текті өнімдер мен шикізаттар көптеп келіп
түсіп жатады.Мұның өзі мал және мал шикізаттар көптеп келіп түсіп жатады.
Мұның өзі мал және мал өнімдерінің халық тығыз қоныстанған шағын аумақта
шоғырланып соның салдарвынан жұқпалы аурулардың туу,тағамдық өнмдердің
залалдану ықтималдығын арттыра түседі.
Нарықтық экономикалық байланыстардың дамуы қала ішіндегі мал және оның
өнімдеріне байланысты өндірістік,сауда-саттық үрдістердің қарқындай беретінін және
вет қызметтің жауапкершілігі арта түсетінін көрсетіп отыр.
Сондықтан,жалпы қаланың және мал шаруашылығы өнімдерін
қабылдаушы ,сақтаушы,өңдеуші және сатушы кәсіпорындардың вет сәттілігін
қамтамасыз ету үшін сондай-ақ қала шеңберіндегі малдарды вет көмекпен қамту үшін
ауыл шаруашылық вет қызметтен бөлек,арнайы қалалық вет қызмет жүйесі құрылған.
Бұл жүйеге мемлекеттік вет мекемелер,ведомствалық және жекеменшік кәсіпкерлік вет
қызмет құрылымдары кіреді.
Қалалық ветеринариялық қызметті ұйымдастыру

Бөлімді жоғары білімді маман-бастық басқарады.
Бөлімнің бастығын ҚР АШМнің облыстық ,Астана және
Алматы қалаларының аумақтық басқарма бастығы ҚР
АШМнің ветеринариялық Департаментіңің келісімімен
оны қызметке тағайындайды және босатады.
Бөлімнің бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:

1) Бөлім басшысы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасағаны
үшін дербес жауап береді;

2) өзіне бағынысты қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;

3) өз құзіреті шегінде бөлімді мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда таныстыру;

4) заңдарда белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

5) бөліммен қабылданған актілерге қол қояды;

6) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес бөлімді барлық мемлекеттік органдарда және
басқа да ұйымдарда ұсынады.

7) Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша барлық кәсіпорындар, ұйымдар мен бөлімшелер
орындауға міндетті ұсыныстар мен нұсқаулар береді, өкілеттігіне жататын басқа да мәселелер бойынша
шешімдер қабылдайды;

8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен
босатады;

9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімнің қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазалар
қабылдайды;

10) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бiрiншi басшысы болмаған
кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы
заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға
орындайды.
Аудандағы ветеринариялық мекемелер және олардың атқаратын қызметтері

Аудандық ветеринарлық қызмет – республикамыздағы ветеринария ісінің негізгі
буыны. Оның қызметіне республика бойынша жүргізілетін шаралардың 80-90%-і
келеді. Ауылдық жерде ветеринария мамандарының 70%-не жуығы жұмыс істейді.

Аудандағы ветеринарлық қызметтің ұйымдастыру құрамына мемлекеттік
ветеринарлық қызмет, шаруашылықтар пен кәсіпорындардың ведомстволық
ветеринарлық қызметі және жекеменшік кәсіпкерлік қызметтер кіреді. Бұл
қызметті аудан бойынша басқару аудандық ветеринарлық станцияға жүктеледі.
Оны мал ауруларымен күресуші аудандық станция деп те атайды. Аудандағы
мемлекеттік мекемелер жүйесіне станциядан басқа бөлімшелік ветеринарлық
емхана, бөлімше, нүктелер, аудандық ветеринарлық лаборатория, ветсансарап
лабораториясы жатады. Бұл жүйені ұйымдастыру, өзгерту жергілікті әкімшілік пен
ветеринария органдарының билігінде. Аудан әкімшілігі ветеринарлық мекемелер
жүйесін жетілдіруге, тиімді орналастырып пайдалануға көңіл бөлуі тиіс .
Мемлекеттік ветеринарлық мекемелер өз жұмысын арнаулы ережелерге сәйкес жүргізеді.
Олар туралы ережелерді ветеринарияны басқарушы республикалық орган – Ветеринария
Комитеті бекітеді.

Бөлімшелік ветеринарлық емхана және бөлімше, оларға қойылатын талаптар,
ұйымдастыру құрамы, штаты

Бөлімшелік ветеринарлық емхана ауданның өзіне бекітілген аймағында шараларды
ұйымдастыруға, жүргізуге, бақылауға арналған мемлекеттік мекеме. Ол, сонымен қатар,
ведомстволық және жекеменшік кәсіпкерлік ветеринарлық қызмет жұмысына әдістемелік
басшылық және бақылау жасайды.

Типтік штат кестесі бойынша емханадағы жұмыскерлер саны – 7. Соынң ішінді,
меңгерушісі – аға дәрігер, дәрігер-эпизоотолог, фелбдшер, санитарлар және автокөлік
жүргізушісі бар. Бөлімшелік ветеринарлық емхана аудандық втеринарлық станцияға
бағынады.

Ветеринарлық бөлімше – шағын мекеме, оның құрамында дәрігер, фелбдшер және
санитар бар. Мұндай шағын мекемекөбінесе бір немесе бірнеше елді мекенде емдік-
профилактикалық шаралар жұргізуге, мал өнімдері мен шикізаттарын дайындау, өңдеу,
сақтау орындарында, базарларда ветеринарлық-санитарлық бақылау жасауға арналады.
Ол, сондай-ақ жекеменшік ветеринарлық қызмет жұмысын қадағалайды. Ветеринарлық
бөлімше аудандық ветеринарлық станцияға бағынады.
Аудандағы ветеринариялық қызметті басқару.
Аудан әкімшілігі аудандағы ветеринарлық қызметті өзінің органы – аудандық ветеринарлық станцияның
көмегімен басқарады. Станция бастығы ауданның ветеринарлық бас дәрігері және мемлекеттік ветеринарлық
бас инспекторы қызметін қоса атқарады. Ауданның бас дәрігері облыстық ветеринария комитетіне, ал ауданда
әкімнің өзіне немесе оның ауыл шаруашылығы бойынша орынбасарына бағынады.

Бас дәрігерге аудан жеріндегі барлық ветеринарлық мекемелер тікелей бағынады, ал ведомстволық және
жекеменшік ветеринарлық қызметтер оның қадағалауында болады.

Аудандық ветеринарлық органның басшысы барлық заңды және жеке тұлғаларға орындауға міндетті
нұсқаулар береді. Ол эпизоотиялармен күрес және т.б. ветерианрлық мәселелер туралы аудан әкімшілігі
шешімдерінің жобасын ұсынады.

Аудан бас дәрігері ветеринарлық инспектор ретінде бақылау оюъектілеріне кіріп, тексеріс жүргізіп шешімдер
қабылдауға құқықты. Оның шешімдерін жоғарғы ветеринарлық орган ғана қайтара алады.

Аудан бас дәрігері аудан жерінде ветеринарлық сәттілікті қамтамасыз етуге міндетті. Оның негізгі міндеттеріне
жататындар: ғылыми негізделген ветеринарлық шаралардың жоспарларын құру, аурулардың алдын алу,
сауықтыру шараларын ұйымдастыру, ветеринарлық-санитарлық бақылау жүргізу, ветеринария
мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, ведомстволық және
жекеменшік ветеринарлық қызметтің жұмысына бақылау жасау.

Аудандық ветеринарлық қызметтің жұмыс нәтижесі әкімшілік және медицина қызметімен, кәсіпорындардың
басшыларымен тікелей қарым-қатынас жасауға байланысты болады.
1.Мал ауруларымен күресуші аудандық станцияның жұмысы

Аудандық ветеринарлық станция аудан көлемінде ветеринария саласындағы және жетекші мемлекеттік мекеме. Оған тікелей
жүктелетін міндет аудандағы аудандағы ветеринария мекемелерінің, ведомстволық және ветеринариялық кәсіпкерлік қызметтің
жұмысына әдістемелік және оперативтік басшылық ету, қадағалау.

Нарықтық экономикаға өтпелі кезеңдегі ықшамдау, лайықтау талаптарына сәйкес 1998 жылы бұрынғы аудандық ветеринарлық
станция ірілендіріліп, оның құрамына аудандық ветеринарлық лаборатория және ветсансарап бөлімі қосылады. Осыған байланысты
ауданның ветеринарлық станция жалпы емдік-алдын алу бағытта ғана емес, диагностикалық және ветеринарлық-санитарлық
бағыттағы жұмыстарды қоса атқаратын мекемеге айналды.

Станцияның құрамында 16 қызметкер жұмыс істейді, соның ішінде:

- Ауданның бас ветеринарлық дәрігері, сонымен қоса станция бастығы және ауданның мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторы;

- Бас дәрігердің емдік-алдын алу жұмыстары бойынша орынбасары, сонымен бірге станция бастығының орынбасары және
аудандық ветеринарлық инспектордың орынбасары;

- Бас дәрігердің диагностикалық жұмыстар бойынша орынбасары, ол сонымен бірге ветеринарлық инспектордың орынбасары;

- Дәрігер-эпизоотолог, дәрігер-терапевт, дәрігер-паразитолог, дәрігер-бактериолог, дәрігер-серолог, дәрігер-ветсансарапшы және үш
дәрігер-лаборант, екі ветеринарлық санитар, 1-2 автокөлік жүргізушісі бар.

Станция қызметкерлері жұмыс бағытына байланысты маманданады. Олардың әрқайсысының міндеттерін және станцияның ішкі
тәртіп ережелерін станция бастығы бекітеді. Емдік-алдын алу бөлімінің мамандары емдеу, ауруларының алдын алу, сауықтыру,
эпизоотия ошақтарын жойып жіберу шараларын ұйымдастыруға, жүргізуге қатысады. Сондай – ақ, олар мал азықтандыру, күтіп-
бағудың гигиеналық талаптарын орындауды қадағалайды, барлық ветеринарлық қызмет объектілерінде санитарлық қадағалау
жүргізеді.

Диагностикалық жұмыс бөлімінің мамандары ауруларды неғұрлым дәл анықтау үшін бактериологиялық, серологиялық және т.б.
зерттеулер жүргізеді. Бұл зерттеулерге үлкен мән беріледі, өйткені, аурулармен күрестің нәтижесі алдымен диагноздың дұрыс
қойылуына байланысты. Диагностикалық бөлім патматериалды талапқа сай жөнелту туралы ферма мамандарына нұсқаулар береді.
Ветеринариялық Сараптау бөлімінің негізгі міндеті – базарларда сатылатын мал өнімдерінің және оларды сату орындарының ветеринарлық-
санитарлық жағдайын тексеріп, тұтынуға жарамдылығы туралы қорытынды беру. Базарға түскен барлық мал текті өнімдер ветсансарап
ережелері бойынша осы бөлімде байқаудан өтеді. Қажет болса бактериологиялық, биохимиялық зерттеулер жүргізіледі. Сатуға рұқсат берілген мал
өнімдерінің ветеринарлық-санитарлық сапасының ойдағыдай болуына сарапшы дәрігер жауапты. Ол тағамдық мақсатқа жарамсыз мал
өнімдерін базарда сатуға тиым салуға, санитарлық жағдайы талапқа сай емес сату орындарын жабуға құқықты. Сондай-ақ, ол мемлекеттік
ветеринарлық инспектор ретінде базардағы қоймаларды, тоңазытқыштарды, дүңгіршектерді тексеріп, ветеринарлық-санитарлық ережелерді
бұзушыларды жауапқа тартады, қажет болса, қолма-қол айып салуды қолданады.

Базарға түскен мал өнімдерінің барлық түрлеріне олардың шыққан жеріндегі ветеринарлық сапа дұрыстығын білдіретін жергілікті ветеринарлық
қызметтің куәлігі немесе анықтамасы болуы тиіс.

Сатуға рұқсат ерілген етке таңба басылады, өнімдердің басқа түрлеріне жазба құжат беріледі. Жарамдылығы шарттыөнімдер
залалсыздандырылады, ал жарамсыз деп танылғандары жойылады, немесе техникалық өңдеуге жіберіледі.
Аудандағы ветеринариялық қызметті басқару.Аудан әкімшілігі аудандағы ветеринарлық қызметті өзінің органы – аудандық ветеринарлық
станцияның көмегімен басқарады. Станция бастығы ауданның ветеринарлық бас дәрігері және мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторы
қызметін қоса атқарады. Ауданның бас дәрігері облыстық ветеринария комитетіне, ал ауданда әкімнің өзіне немесе оның ауыл шаруашылығы
бойынша орынбасарына бағынады.

Бас дәрігерге аудан жеріндегі барлық ветеринарлық мекемелер тікелей бағынады, ал ведомстволық және жекеменшік ветеринарлық қызметтер
оның қадағалауында болады.

Аудандық ветеринарлық органның басшысы барлық заңды және жеке тұлғаларға орындауға міндетті нұсқаулар береді. Ол эпизоотиялармен күрес
және т.б. ветерианрлық мәселелер туралы аудан әкімшілігі шешімдерінің жобасын ұсынады.

Аудан бас дәрігері ветеринарлық инспектор ретінде бақылау оюъектілеріне кіріп, тексеріс жүргізіп шешімдер қабылдауға құқықты. Оның
шешімдерін жоғарғы ветеринарлық орган ғана қайтара алады.

Аудан бас дәрігері аудан жерінде ветеринарлық сәттілікті қамтамасыз етуге міндетті. Оның негізгі міндеттеріне жататындар: ғылыми негізделген
ветеринарлық шаралардың жоспарларын құру, аурулардың алдын алу, сауықтыру шараларын ұйымдастыру, ветеринарлық-санитарлық бақылау
жүргізу, ветеринария мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, ведомстволық және жекеменшік
ветеринарлық қызметтің жұмысына бақылау жасау.

Аудандық ветеринарлық қызметтің жұмыс нәтижесі әкімшілік және медицина қызметімен, кәсіпорындардың басшыларымен тікелей қарым-
қатынас жасауға байланысты болады.

Ұқсас жұмыстар
Жеке ветеринариялық қызметті жүргізуге құрылтайшы құжаттардың жиынтығын құрастыру
Ветеринариядағы есеп және есеп беру, ветеринариялық қызметті материалды - техникалық қамтамасыз ету
Бақылау сұрақтар
Алматы филиалы
Станция негізгі міндеттері
Қазақстандағы ветеринария мәселелерін заң жүзінде реттеудің негіздері
Ветеринариялық дәрігердің қызметтік нұсқауылығы
Хирургиялық аурулар
Өндірістік мал шаруашылығындағы ветеринариялық менеджмент
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТТАР
Пәндер