Тоқырау кезеңіндегі Грекия мәдениеті




Презентация қосу
АНТИКАЛЫҚ ДӘУІР
(ЕЖЕЛГІ РИМ, ЕЖЕЛГІ
ГРЕКИЯ).
Дайындаған: Бергенова Лиза, Тұрғанбек Мейірім
Тексерген: Саурбаева Райса
◦ Ежелгі Греция мен Рим мәдениетінiң әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. Тарихта
біз оны антикалық (көне) мәдениет деп атаймыз. Бұл термин латынның «антиквус» деген
сөзінен енген. Бұл тарихи көне мәдениет Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем
әдебиетінің, философияның, театрдың дамуына саяси және құқықтық көзқарастарының
қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Антика дүниесінің мәдениеті 1-мың жылдықтың
алғашқы ғасырында қалыптасқан, соңы v-ғ Рим империясының құлауымен аяқталады.
Біздің дүниежүзiлiк мәдениетпен таныстығымыздың өзі де гректердің таң қаларлық
мәдени қазынасы мен ұшқыр ақыл-ой иелерімен танысудан басталады. Ол саясатта,
ғылымда, құқықта, сәулет, мүсін өнерлерінде көрініс тапты, яғни өмірге Эсхил, Софокл,
Еврипид, Геродат, Фукидид, Демокрит, Платон, Аристотель сияқты ұлылар есімімен тығыз
байланысты болды. Гректер өздерін «Эллиндер», ал елдерін «Эллада» деп атаған.
Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол өзінің баға жетпес мәдени
құндылықтарымен ерекшеленеді.
◦ Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде
жатыр. Грекия жері мен Эгей теңізі аралдарың
мекендеген тайпалардың өркениеті ерекше тарихта
орын алды. Эгей мәдениетінің аса маңызды
орталықтары Крит аралы Пелопоннес түбіндегі
Микены болғандықтан да Эгей өркениетін Крит-
Микены мәдениеті деп аталынды. Крит-найзағай
тәңірі Зевстің туған жері, аңыз бойнша Гректің ең
басты құдайы Зевс бұқа бейнесіне еніп, Финикия
патшайымы асқан сұлу Еуропаны алады, ал одан
аралдың болашақ билеушісі Минос туылған.
Атақты Геракл жайлы да аңыз осы аралмен
байланысты.
◦ Бұл жерде Миностың құрметіне Минос сарайлары
салынған, яғни сәулет өнері 1-ші орынды алды.
Тоқырау кезеңіндегі Грекия мәдениеті
◦ Тоқырау немесе құлдырау кезеңінде философиялық емес, християндық идеологияның дамып
өркендеуіне елеулі үлес қосқан көне заманның әйгілі екі ұлы философы Платон мен Аристотель өмір
сүрді. Платон (429-348) Сократтың шәкірті болды. Негізгі идеясы: қоғам мен адамның қарым -
қатынасы туралы теориялары ерекше орын алды, яғни әдiлетті қоғамның құрылуын талап етуі.
Платонның шәкірті Аристотель (384-320) - энциклопедист – жаңа жүйелерді өмірге әкелген, яғни
адамның іс-әрекетінің түкпілікті мақсаты – бақыт екендігін уағыздаған.
1. Бұл дәуірде (IV ғ) сәулет өнері дамыды. Әлемнің 7 кереметі Артемида храмы қайта салынды.
2. Театр өте жоғары сатыда дамыды.Эллинизм дәуірі. Эллинизм дәуірі ертедегі грек құл иеленушілік
қоғамының соңғы аяқталған кезеңі болды. Грекия тарихындағы тарихи кезең Александр
Македонскийдің (356-323) бүкіл Грекияны жаулап алуымен тығыз байланысты болды, яғни осы кезеңде
Грек мәдениениетінің таралу дәуірі болды. Қалалар пайда болды. Сәулет өнері, қол өнер, сфинкстердің
керемет туындылары таң қаларлық дәрежеге жетті. Ғылыми жұмыстар, өнер саласы, музейлер,
Архимед, Эвклид сияқты ғұламалар өмірге келді.
Ежелгі Римнің мәдениеті.
◦ Этрустар мәдениеті ең көне мәдениеттің бірі. Италия өңірінде этрустар мемлекеті
құрылады. Олардың мәдениеті Италия топырағында гүлдену шегіне жеткен. Этрустар
салған жолдар, каналдар - құрылыс техниканың жоғары дамығандығын көруге болады.
Эллиндік мәдениеттің ықпалы бұл елге театр, мүсін өнері арқылы ерекше әсер етті.
Этрустар гректер сияқты он екі құдайға сиынды, олардың мифологиялық ұғымдарын
қабылдай білді. Мысалы діни жолдарымен құрбандыққа шалу, бал ашу кеңінен тараған.
◦ 1.Минтавр бас құдайы болып есептелініп оларға ерекше храм ашқан. Әлем тұралы,
дүние жаратылуы жәйлі вавилондықтарға ұқсас түсініктеріне байланысты шығыс елдері
мәдениетімен жақындай түскен еді.
◦ 2. Керамика жасауды меңгерді.
◦ 3.Зергер бұйымдары өндеуді уйренді.
◦ Римдіктер сәулет өнерінен ерекше көзге түседі, таңғажайып
ескерткіштердің оның ішінде жол құрылысын 312 жылы Аппии
Клавдий басқарған. Тарихтан Спартак көтерілісіндегі құлдарды
асып өлтірген жолдар тарихта қалып отырғанын көреміз.
◦ 1. Су өткізбейтін бетонды алғаш рет ойлап табады.
◦ 2. Ірі сәулетші, суретші - инженер Витрубийдің еңбектері
сақталып отыр. Мысалы: «Сәулет өнері туралы он кітап» - деп
аталатын трактат нағыз энциклопедия болып есептелінді.
◦ 3. Мүсіндік портреттер дамыды.
◦ 4. Әдебиет саласы дамыды. Алғашқы Рим ақыны Ливий
Андроник ұлты грек болғанымен Гомердің « Одиссеясын»,
Софокл мен Еврипидтің шығармаларын латын тіліне аударған.
III ғ. аяғы II ғ. Плавт өмір сүрді: «Тұтқындар», « Үш бақыр» атты
трагедиялар өмірге келді.
◦ 5. Жазушылар – Варрон мен Цицерон болды, еңбектері: заң,
мемлекет жайлы трактаттар жазылды.
◦ Б.з.д. 31 жылда Рим ұлы империяға айналды.
Әдебиеттер тізімі:
https://www.google.com/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=web&cd=&cad=rja&uact=8&ved=2ahUKEwj7nMvulo
L2AhWvpYsKHeb-DjkQFnoECAMQAQ&url=https%3A%2F%2Fstud.kz%2Freferat%2Fshow%2F67595&usg=AO
vVaw0w6E7_xVyUtmumPwNj9jpf

https://www.google.com/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=web&cd=&cad=rja&uact=8&ved=2ahUKEwj7nMvulo
L2AhWvpYsKHeb-DjkQFnoECDQQAQ&url=https%3A%2F%2Fikaz.info%2Fezhelgi-rim-m-denieti-k-rdeli-damu-z
holynan-tti%2F&usg=AOvVaw2VaApyfY7l7taDwTp51wwW

https://www.google.com/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=web&cd=&cad=rja&uact=8&ved=2ahUKEwj7nMvulo
L2AhWvpYsKHeb-DjkQFnoECBQQAQ&url=https%3A%2F%2Fmbook.kz%2Fmedia%2F113%2Fitems%2F46%2
Findex.html&usg=AOvVaw02z6j3pYQ_Avw7H9FfKzbO

02/17/2022
Назарларыңызға Рақмет!

Ұқсас жұмыстар
Гомер дәуірінің мәдениеті
Еуропалық қайта өрлеу және жаңа заман кезеңіндегі мәдениет
Ежелгі Грекия өркениеті
Ежелгі Грек мәдениеті
Антикалық мәдениет
Ежелгі Грекияның мемлекеттік формасы
Эгей мәдениеті
Ежелгі мәдениет пен өркениет
Мәдениеттану этимологиясы
ЕЖЕЛГІ ГРЕК - РИМ МӘДЕНИЕТІ
Пәндер