Ақпараттану ғылымы: ақпараттың қасиеттері және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру


Slide 1

Ақпараттану ғылымының мәні

Дайындаған: Бергенова Лиза

Тексерген: Байсейтова Айнур Наурзханкызы

Slide 2

ХХІ ғасыр - жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Ел өмірінің барлық салаларында компьютерлендіру процесі аяқталып, алдымызда келешек жас ұрпаққа компьютердің қыр-сырын терең меңгертіп, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсаты тұр. Ел болашағы - білімді ұрпақта. Технологияның күн сайын үздіксіз дамып, өзгеріп, жаңарып жатқан ақпарат заманында өмір сүру - күрделі дайындықты талап етеді. Осындай ақпараттық кеңістікке баланы дайындау бүгінгі күні заман талабына айналып отыр. Оқушыларды ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау үшін оларды ойша ойлауға, талдау жасай білуге, коммуникативтік дағдыларын дамытуға, ақпараттық сауаттылық пен ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу қажет, олардың әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және олардың өзін-өзі жетілдіре отырып, қызмет субъектісі деңгейіне көтеруін қамтамасыз ету керек.

Slide 3

Ақпараттың қасиеттері:

Дәлдiгi - iстiң ақиқаттық жағдайын толық ашу керек.

Толықтығы - ақпартты түсiнуге және белгiлi бiр шешiм қабылдауға жеткiлiктi болуы керек.

Бағалылығы - ақпаратты пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше аламыз.

Түсiнiктiлiгi - ақпараттың пайдаланушыға түсiнiктi тiлде жазылуы.

Объективтілігі және субъективтілігі. Мысалы, фотодағы табиғаттың суреті не құбылысы бізге объективті ақпарат береді. Ал адам салған бұл табиғат суреті объективті бола алмайды. Ақпатараттық процесс барысында ақпараттың объективтілігі әр қашан төмендейді. Мысалы, құқық пәндерінде бір оқиғаны көрген адамдар әр кім өз түсінігі бойынша әр - түрлі ақпарат береді.

Түрлерi:

текстiк, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттiк жазба.

Slide 4

Ақпараттық мәдениет тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу емес, кез келген ақпарат көзін - анықтамалықтарды, сөздіктерді. энциклопедияларды, көліктердің жүру кестелерін, теледидар бағдарламаларын дұрыс пайдалана білу деген сөз. Бұл - әңгімелесе білу, теледидар хабарын талғамды түрде қарау немесе қарамау, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және де өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайда өз еркіндігіңді шектей білу. Ақпараттық мәдениет - компьютерлік технологияны пайдалану, ол - Интернет. Интернеттің көмегімен оқу бағдарламаларына қатыса аламыз.

14. 02. 2022

Slide 5

Интернеттің кең таралуына байланысты ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процестері де бар. Ондай ақпараттың сапасы көбінесе өте төмен болып келеді, тіпті жалған, әрі зиянды мәліметтер көбейіп барады. Ең қауіптісі осы залалды ақпарат күннен күнге артып бара жатыр және үстірт түрдегі бәрін білушілік әдетімен тығыз байланысты. Кез келген мәліметті керек болмаса да талғамай қабылдай берудің қажеттілігі жоқ екенін, Интернеттегі ақпарат қоқысы, компьютерлік ойындардың зияны, т. б. адам сезіне білуі керек.

Slide 6

Осы мәселелерді шешу шектеулер мен тосқауыл қою арқылы жүзеге аспайды. Ол үшін бізге талғамдық мәдениетті қалыптастыру қажет. Яғни, ақпараттық аймақтағы құндылықтарды бағалай білетін, әр адамның моральдық деңгейін бейнелейтін ақпараттық мәдениет қалыптастыратын тәрбие алуымыз керек және адамда келесі білім меңгеру тәсілдерін қалыптастыру қажет:

Ақпараттың тасымалдануы мен оны сақтау тәсілдерін білу;

Ақпаратты алу үшін ақпараттық қызмет көрсету жүйесінің жұмысын білу;

Алынған ақпараттың сипатын бағалай білу;

Автоматтандырылған және автоматтандырылмаған жүйеден ақпарат іздеу, алу тәсілдерін білу;

Өзіңнің ақпаратыңды жасау және сақтау тәсілдерін білу;

14. 02. 2022

Slide 7

Пайдаланылған әдебиеттер:

https://www. tarbie. kz/25045

file:///C:/Users/Professional/Downloads/%20(1) . pdf

https://wikidkk. icu/wiki/

14. 02. 2022

Slide 8

14. 02. 2022

Назарларыңызға рақмет!


Ұқсас жұмыстар
Жалпы орта білім берудегі компьютерлік сауаттылық пен ақпараттық мәдениетті қалыптастыру: мақсаттары мен тиімділігі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және алдын алу шаралары
Шет елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тәжірибесі
Ақпараттың өрнектелуі мен өлшемі: информатика, ақпараттық технологиялар және есептеу техникасының даму тарихы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: білім беру, отбасы және тәрбие бағыттары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: ерекшеліктері, функциялары және жастардың рөлі
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: мәселелер мен шаралар
8-сынып физика: Заттың магниттік қасиеттері және ақпараттың магниттік жазылуы
Әлемнің ақпараттық бейнесі және ақпарат жүйелері: ақпараттың көздері, түрлері мен қабылдау арналары
Діни-құқықтық негізде Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz