Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні бойынша СӨЖ


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Тарих және дінтану кафедрасы «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша СӨЖ №8 Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының халықаралық және аймақтық ұйымдармен ынтымақтастығы» Орындаған:Айтбай Құндыз Тобы: Гео-104 Тексерген:т. ғ. к. Аликулова Н. С Ақтөбе 2021

.

Slide 2

Жоспары:

1) Кіріспе

2) Ислам Ынтымақтастық Ұйымы

3) Негізгі мақсаты

4) Қазақстан 1995 ж ИЫҰ-ның толық құқылы мүшесіне айналуы

5) Қазақстанның ИЫҰ-ға төрағалығы

6) Ислам Даму банкі және ИЫҰ нәтижелері

Қорытынды

7) Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе:

Зайырлы мемлекет ретінде Қазақ­стан бүгінде ислам өркениетінің ажы­ра­мас бір бөлігі болып табылады. Хал­қы­ның саны жағынан еліміз мұсылман әлемінде 23-ші орынды иеленсе, жер көлемі жағынан олардың арасында бірінші орында. Еліміздің тарихы мен рухани мәдениеті мұсылман әлемімен ғасырлар бойы сабақтас болып келеді.

1995 жылдан бері ИЫҰ-ға мүше мемлекет ретінде Қазақстан бұл Ұйым­ның іс-шараларына белсене араласып, оның әлем қауымдастығы алдындағы беделінің өсуіне атсалысып келеді. Ендеше, 2011 жылы осы беделді ұйымға басшылықтың Қазақстанға өтуін жер жүзіндегі мұсылман қауымдастығы та­ра­пынан біздің елге көрсетілген үлкен сенім мен қолдау деп қабылдаған жөн. Мұндай сенімді қатынастарға ең ал­дымен еліміздегі дінаралық және ұлт­аралық келісім негізінде орнаған тұ­рақтылық себеп болып отыр. Сон­дық­тан Қазақстанның Ислам Ынтымақтас­тығы Ұйымына төрағалығы еліміздің дін­аралық және мәдениетаралық үнқа­ты­су мен келісім бағытындағы баста­ма­ларына тың серпін берері сөзсіз. Біздің мемлекетіміздің сыртқы сая­сатындағы елеулі оқиғаның бірі еліміздің ЕҚЫҰ-ның төрағалық етуімен қатар сол жылы Ислам Конференциясы Ұйымына да (ИКҰ) төрағалық етуімен ерекшеле­неді. Қазіргі кезде кең ауқымдылығы және маңыздылығы жағынан Біріккен Ұлттар Ұйымынан кейінгі екінші орын­ды иемденетін Ислам Конференциясы Ұйымы 1969 жылы құрылған болатын. Алғашқы кезде бұл ұйым Бүкіләлемдік ислам конференциясы (1926 ж. ) деген атпен құрылып, кейін Ислам конфе­ренциясы форумы және Әлемдік ислам конференциясы деген атауларды да ие­ленген. Бүгінгі таңда халықаралық ұй­ымдар әлемде орын алып жатқан мә­селелерді шешуде тек мемлекет­терге емес, сондай-ақ, барша әлем­дік тәртіпке өз септігін тигізе ала­тындай маңызды рөлге ие болып отыр. Олардың құзырына мемле­кет­­тер арасындағы тиімді халық­аралық ынтымақтастықты жан-жақты дамыту сияқты бастамалар кіреді. Сондықтан, Қазақстан үшін халықаралық пішіндегі бастамаларына қолдау та­бу және оларды алға тарту өзекті бо­­лып отыр. Бұл бағытта ел әлем­дік деңгейде серіктес тауып, 2010 жы­лы ЕҚЫҰ төрағалығын жүзеге ас­ыр­ды. Асырып қана қоймай, 2011 жылдың 1-2 жел­тоқ­са­нын­да осы Ұйымның Саммитін өткізді. Еліміздің халықаралық деңгейдегі дәрежесі бұдан кейін де өсіп, 2011 жылы Ислам Конфе­рен­циясы Ұйымының (ИКҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесіне (СІМК) төрағалық етуге дайындалуды. Бұл - біз үшін үлкен мәртебе. Өйткені, Ислам Конференция­сы Ұйымы ислам әлемінің басты үкі­метаралық органы ретінде әлем­дік қоғамдастықта ерекше орын алып отыр

Slide 4

Ислам Ынтымақтастық ұйымы

Мұсылман мемлекеттері басшыларының 1969 жылғы 25 қыркүйекте Рабатта өткен конференциясында негізі қаланған Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) - ең ірі және ықпалды үкіметтік әрі халықаралық мұсылман ұйымы. Қазіргі уақытта ол жалпы саны шамамен 1, 5 миллиард адамды қамтитын 57 елдің басын біріктіріп отыр.

ИЫҰ-ның негізгі қағидаттары мыналар:

толық теңдік;

әр халықтың өз тағдырын өзі шешу құқығына деген құрмет;

ішкі істеріне араласпау;

мемлекеттердің егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын құрметтеу;

ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді келіссөз, араағайындық немесе арбитраж арқылы бейбіт жолмен шешу;

ұйымға мүше мемлекеттер аумақтарының тұтастығына, сонымен бірге саяси тәуелсіздігіне де қарсы күш қолданбау немесе қоқан-лоққы көрсетпеу.

Slide 5

.

Қазақстан 1995 жылы 9-12 желтоқсанда Конакри қаласында (Гвинея Республикасы) өткен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 23-ші сессиясында ИЫҰ-на мүше болды.

Қазақстан Республикасының ИЫҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі 2010 жылдың наурыз айында Джидда қаласында жұмыс істей бастады.

2019 жылдың наурыз айынан бастап БерікАрын Сақбайұлы, Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі әрі Қазақстан Республикасының ИЫҰ жанындағы тұрақты өкілі.

Қазақстан Республикасы мен ИЫҰ арасындағы ынтымақтастық тарихындағы маңызды оқиға 2011-2012 жж. Қазақстан Республикасының ИЫҰ-ға төрағалығы болды. Төрағалық ету барысында 2011 жылғы 28-30 маусымда Қазақстан Астанада ИКҰ СІМК 38-ші отырысын өткізді, оның қорытындысы бойынша Ислам конференциясы ұйымының(ИКҰ) атауынИслам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) өзгерту туралы тарихи шешім қабылданды. Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар ИЫҰ-ның Астана декларациясын қабылдады, ол Ұйымның ХХІ ғасырдағы модернизациясы мен реформасын жариялай отырып, Ұйымның ең прогрессивті құжаты болды.

Slide 6

Негізгі мақсаты

Ұйым­ның ұстанған негізгі мақ­саты - мұсылман елдерінің өзара қа­рым-қатынастарын тереңдете түсіп, нәсілдік кемсітушілікті және отарлаудың барлық түрлерін жою, әділдікке негізделген халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін қажет шараларды қолдану, қасиетті жерлерді қорғау және мү­ше мемлекеттер арасындағы ынты­мақ­тастықты қолдау, саяси-эконо­микалық, әлеуметтік-мәдени және ғылыми салаларда ынтымақ­тас­тықты бекіту. ИЫҰ-ның басты мақсаттарының бірі - діндер арасындағы үнқатысуды да­мыту болып табылады. ИЫҰ ереже­сі­нің І-бабының 11 және 12-тармақта­рын­да: «Төзімділікке негізделген ислам ілімдері мен құндылықтарын сақтау мен тарату, ислам мәдениетін дамыту және ислам мұраларын қорғау»; «Ис­ламның шынайы бейнесін қорғау, өр­ке­ниеттер мен діндер арасындағы диа­лог­ты дамытуға үлес қосу» деген мақ­сат­тар айқындалған. Көпэтносты және көпконфессиялы мемлекет болып та­бы­латын Қазақстан өркениеттер мен діндер арасындағы үнқатысуды дамытуға бағытталған жаһандық үрдістердің бар­лығына қолдау жасауға мүдделі.

Slide 7

Қазақстан 1995 жылы Ислам ынтымақтастығы ұйымының толық құқылы мүшесіне айналды.

Астанада 2011 жылғы 28-30 маусымда Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 38-ші сессиясы өтті. Сол сәттен бастап Қазақстан осы халықаралық ұйымға төрағалық етуге кірісті. Бұл басқосуды тарихи оқиға деп атауға болады, өйткені, онда Ислам конференциясы ұйымы атауын (ИКҰ) Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) деп өзгерту туралы шешім қабылданды және Адам құқықтары жөніндегі тұрақты комиссия құрылды. Алғашқы рет ИЫҰ-ның Орталық Азиямен ынтымақтастық жөніндегі іс-әрекет жоспары қабылданды.

Жаңғырту мен реформаларды ХХІ ғасырдағы Ислам әлемі дамуының негізі деп жариялаған, мазмұны жөнінен ұйымның ең прогресивті құжаты болған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мұсылман үмметі алдындағы бағдарламалық сөзі ИЫҰ Астана декларациясының негізін қалады.

Сыртқы істер министрлері кеңесі (СІМК) жүзден астам қарар қабылдады, соның ішінде Қазақстанның бастамасымен ұсынылған Ауғанстандағы заңсыз есірткі өндіру және оның айналымымен күресу, бұрынғы Семей ядролық полигоны мен Арал теңізі өңірлерін сауықтырып, қалпына келтіру жөніндегі құжаттар бар.

Slide 8

Қазақстанның ИЫҰ-ға төрағалығы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы алға қойған бес бастамасы негізінде қалыптастырылды

Азық-түлік қауіпсіздігі жүйесін құру, Шағын және орта бизнесті қолдау тетігін құру, жетекші ислам экономикалары үшін диалог алаңын құру, энергетика саласындағы инвестициялық және технологиялық ынтымақтастық құруды талап етуі және ИЫҰ өкілдерінің «G-20» жұмысына қатысуын қамтамасыз етуі.

Сондай-ақ, СІМК-нің 38-сессиясы аясында жүзден астам тарихи шешімдер қабылданды, оның ішінде Қазақстанның бастамасымен ұсынылған - Ауғанстаннан есірткінің заңсыз өндірісі мен айналымына қарсы күрес және бұрынғы Семей ядролық полигоны мен Арал теңізінің қалпына келтіру кіреді.

Қазақстандық төрағалықтың қамқорлығымен өткізілген кең ауқымды науқан аясында Сомалиге жалпы сомасы 500 миллион доллардан асатын қаржылық ресурстар жиналды.

Қазіргі кездегі ИЫҰ қызметіне Қазақстанның қатысуы үшін мүше мемлекеттердің сұранысына ие және қолдауын тапқан Елбасының ислам әлемі үшін жасаған ауқымды бастамалары негіз болып табылады:

- Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын (АҚИҰ) құру;

- Исламдық татулықты ілгерілету (Islamic Rapprochement) ;

- «Исламдық инфрақұрылымның интеграциясы» стратегиялық бағдарламалық құжатын әзірлеу.

Slide 9

.

Қазіргі уақытта барлық үш бастама ИЫҰ-дағы Қазақстанның маңызды күн тәртібін құрайды.

2018 жылғы наурызда АҚИҰ Жарғысы толық заңды күшіне енді. Ұйымның штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан және өз қызметін ресми түрде 2018 жылғы 19 ақпанда бастады, ал 2019 жылғы 12 желтоқсанда оның ресми ашылуы болды. АҚИҰ-дың негізгі мақсаты - ИЫҰ мүше мемлекеттерінің Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы мүмкіндіктерін шоғырландыру.

Қазіргі уақытта АҚИҰ-ға 34 мемлекет мүше, олардың 12-сі (Қазақстан, Нигер, Буркина-Фасо, Кувейт, Ауғанстан, Гамбия, Палестина, Бангладеш, Катар, БАӘ, Сауд Арабиясы, Египет) Ұйымның Жарғысын ратификациялады және бұл құжат толық заңды күшіне енді.

2016 жылғы 14-15 сәуірде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ыстамбұлда өткен ИЫҰ кезекті 13-ші саммитіне қатысты. Саммитте Мемлекет басшысы Түркия Президенті Р. Ердоғанмен бірлесе отырып, Исламдық татулықты ілгерілету (Islamic Rapprochement) процесін бастау туралы бастама көтерді.

ИЫҰ-мен білім беру, мәдениет, ғы­лым және технология саласында ынты­мақтастықты дамыту Қазақстан үшін маңызды болып табылады. Білім беру, ғылым және мәдениет бойынша Ислам ұйымымен (ИСЕСКО) тығыз байланыс орнату Қазақстанға мәдени мұра ес­керт­кіштерін қалпына келтіру мен сақ­тау, ислам әлемінің тарих және мәде­ни­ет, тіл дамыту салаларындағы зерттеулері бойынша тәжірибе алмасу сияқты ұлттық жобаларды жүзеге асыруға мүм­кіндік береді. Бұл бағытта Қазақ­стан өзінің ИЫҰ-ға төрағалығы кезінде бірқатар іс-шаралар жүргізуді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде Ұйым шең­берінде жоғары оқу орнының оқыту­шы­лары өзара тәжірибе алмасуда. Медицина саласындағы, компьютер бағ­дарламаларын дайындаудағы жетістіктер алмасылуда. Ислам елдерінде дәрі-дәрмек өндіру, ауыл шаруашылығы са­лалары дамытылып, жаңа зауыттар са­лынуда, нанотехнологиялық әдістер қол­данысқа енуде. Осы орайда ис­лам­ды қолдап, қорғау, ислам мәдениетін жаңа белеске көтеру мүмкіндіктері де ИЫҰ-ның күн тәртібінен түспеуі тиіс. Екінші мұсылман ренессансының ал­ғы­шарттарын жасау мүмкіндіктерін ИЫҰ аясында қарастыруға болады.

Slide 10

.

Бұдан бөлек, біздің Мемлекет басшысының жаһандық 3 бастамасы БҰҰ-да қолдау тапты. Атап айтқанда: 29 тамызда сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялау және Ядролық сынақтарға баршаға бірдей тыйым салу туралы шарттың күшіне енуі, Ауғанстаннан тасымалданатын заңсыз есірткі айналымына қарсы әрекет ету, сондай-ақ ИЫҰ мен ықпалды өңірлік ұйымдар арасындағы өзара ықпалдастықты нығайту жөніндегі бастамалар қолдау тапты.

Сондай-ақ Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ұйымының Сауда және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитеті (КОМСЕК) төрағасының орынбасары болып сайланды. Бұл комитет - ИЫҰ-ның ұйымға мүше мемлекеттер арасында сауда-экономикалық өзара әрекеттестікті жүзеге асыруға жауапты басты органы.

ИЫҰ бас хатшысы Экмеледдин Исханоглу Қазақстанның төрағалығының мазмұндылығы мен кәсіпқойлық деңгейінің жоғары болғандығын атап өтіп, ұйымның тарихында ол жарқын белестің болып қалатынын айтты.

ИЫҰ халықаралық деңгейде Қазақстанның бастамаларын қолдауды жалғастырып, олардың сәтті жүзеге асырылуына өз үлесін қосып келеді. Атап айтқанда, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес пен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін шақыру жөніндегі бастамалар Ұйымның жыл сайынғы құжаттарында көрініс табады. ИЫҰ Қазақстанның «Шығыс - Батыс» жүлгесі бойынша қарым-қатынаста өзіндік көпір қызметін атқаратын өркениетаралық және дінаралық диалогты дамыту саласындағы маңызды үйлестірушілік рөлін мойындайды.

Slide 11

.

Ықпалдастықтың аса маңызды қыры ретінде ИЫҰ-ның қаржылық құрылымдарымен, әсіресе мұсылман әлеміндегі ең ірі инвестордың бірі - Ислам даму банкімен арадағы ынтымақтастықты дамыту ісін санауға болады. Ислам даму банкінің жалпы инвестициялық портфелі Қазақстанда 700 миллион доллар шамасында.

ИЫҰ ұйымның Орталық Азия жөніндегі арнаулы бағдарламасын жасауды қолдайды. Бұл жоба Орталық Азияның да, мұсылман қоғамдастығының да ортақ мүддесіне сай келетін сауда операцияларын, инвестиция салуды ынталандыруға, өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыруға ұйым тарапынан жасалатын қолдау мен өзара ықпалдастықты көздейді.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Әлем халықтарының этнологиясы пәні
Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы сыртқы саясаты және әлемдік қауымдастықтағы бітімгершілік рөлі
Ұлт жоспарын білім саласында іске асыру
Электр станцияларын жіктеу
Ұлттық идея
Салауатты өмір салты ересектер мен балалар арасында аурулардың алдын алу негізі ретінде
ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
МӘДЕНИ МҰРА
Бірінші микроскопиялық кезең
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz