Педагогикалық өлшемдердің ұстанымдары мен қызметтері



Педагогикалық өлшемдердің
ұстанымдары мен қызметтері

Қарастырылатын сұрақтар:
1. Педагогикалық өлшемдердің ұстанымдары
2. Педагогикалық өлшемдердің қызметтері

“Ұстаным” дегеніміз не? Педагогикалық өлшемдердің ұстанымдары не үшін қажет?

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: “принцип” деген сөз “іс-әрекеттегі жетекші ереже” деп түсіндіріледі. Педагогикалық өлшемдер әдіснамасының міндеттерінің бірі - бұл осы іс-әрекетті ғылыми ұйымдастырудың ұстанымдарын (принциптерін) құрастыру.
Педагогикалық өлшем ұстанымдарына (принциптер) оқытушының педагогикалық үдерісті, ондағы білім сапасын өлшеу барысында басшылыққа алатын талаптары жатады. Педагогикалық өлшем үдерісі арнайы ұстанымдар тобымен реттелетін болса, ғылыми негізделген болып саналады.

ғылымилық
пен тиімділік
білім берудің, оқыту мен
тәрбиенің бақылаумен байланысы
әділеттілік пен
жариялылық
объективтілік
Педагогикалық өлшем ұстанымдарына:
жүйелілік пен жан-жақтылық

Объективтілік (шынайылылық) ұстанымы. Шынайылық біз ойлағандай қарапайым және түсінікті емес. Кейбір біз ақиқат деп қабылдайтын дүниелер дұрыс болмауы мүмкін.
Объективтілік ұстанымы таным үдерісіндегі субъект пен объект арасындағы қарым-қатынас сипатын дұрыс түсінуді қамтамасыз етуге негізделген. Одан білім мен танымдық объектінің ұқсастығын, яғни адамның ерік-жігері мен санасына қарамастан, шындықты қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды.
Объективтілік ұстаным зерттеушіні белгілі бір нысанға қалыптасқан, дәстүрлі көзқарастардан бас тарту қажеттілігін ұғынуға бағыттайды.

Объективтілік ұстанымы педагогикалық үдерісті өлшеу барысындағы субъективті әсерлерді азайтуға, осы үдерісте бағдарламалық құралдардың рөлін арттыруға, бағалаудың шарттары мен ережелеріне ортақ стандарттарды қолдануға бағытталады. В. Ф. Шаталов «Эксперимент продолжается» атты еңбегінде объективтіліктің талаптарына қарама-қайшы келетін, қазіргі заманғы білімді бағалау жүйесінің жағымсыз жақтарының пайда болу себептерінің бірі ретінде оқытушы асыра бағалауды атап көрсетті.

Бақылаудағы объективтілік алуан түрлі жолдар арқылы жүзеге асырылады
Бірінші, дәстүрлі жолы - коллегиалы бағалауды қалыптастыру, ол үшін алуан түрлі комиссиялар құрылады, олардың құрамы мен саны атқарылатын істің маңыздылығына байланысты болады.
Объективтілікті арттырудың екінші жолы - бұл стандартты тесттер мен техникалық құралдарды қолдану
Объективтілікті жетілдірудің үшінші жолы -психологиялық болып табылады. Ол тұлғалық факторлармен байланысты.
Себебі әр оқытушы, мұғалім белгілі бір білім алушыға әр түрлі талаптар қояды. Кейбір педагогтар «мейірімді», кейбіреулері «қатал». Осыдан келіп, әрбір оқытушының баға қоюдағы, оған дәлел келтірудегі психологиялық бейімділігін анықтаудың қажеттілігі туындайды

Педагогикалық өлшемдердің білім берумен, оқытумен және тәрбиемен байланысы ұстанымы жалпы оқу-тәрбие үдерісіне үйлесімді енетін өлшемді ұйымдастыруға бағдарлайды, онда тестілер ғана емес, сонымен бірге, тест формасындағы тапсырмалар жүйесі тиімді қолданылуы мүмкін. Бұл ұстаным америкалық мектеп директорлырының ассоциациясының шешімінде қолдауға ие болды: «Тестілеусіз оқыту - мүмкін емес; тестілерді қолданудың қорытындысы бойынша ғана бақылаудан оқытуға деген қажетті кері байланыстың қажеттілігі туралы айтуға болады, сонымен бірге - неге қол жеткізілгені туралы, әрі қарай қандай бағытта жүрудің қажеттілігі туралы білуге болады».

Әділеттілік және жариялылық ұстанымы. Бұл ұстаным сыналушылардың барлығына бірдей талаптар жүйесін, өлшеу үдерісіне қатысушылардың алдында белгілі бір ерекше құқықтар мен басымдылықтардың болмауын, талқылау мен конструктивті сын үшін процедураның ашық болуын, жағымсыз құбылыстардың көріс бермеуін білдіреді.
Мағынасы бойынша объективтілік ұстанымына жақын бақылаудың әділеттілігі мен жариялылығы ұстанымы болып табылады. Бұл жақындықты логикалық түрде былай сипаттауға болады: жариялылық жеткіліксіз болған жерде, әділеттілік пен объективтілік жеткіліксіз болады.

Жариялылық тестілеуді ұйымдастырудың ажырамас элементі болып табылады. Бұл педагогикалық бақылаудың нәтижелерімен таныстырудың жалпы қолжетімділігі мен барлық кезеңдерінің ашықтығын, бақылаудың негізіне алынатын барлық ережелердің айқындығы мен бірдей қолдануын, бақылаудың нәтижелерін қайта тексерудің мүмкіндігін білдіреді.
Әділеттілік ұстанымы мораль мен құқықтық реттеу саласын да қамтиды. Протекционизм (франц. protectionnisme, латын. protectio - бүркеу, қорғау, қамқорлық жасау) , непотизм («тамыр-таныстык») және т. б. орын алған жағдайда құқықтық реттеушілік жүзеге асырылады.

Әділеттілік ұстанымын қолданудың басқа аспектісі моральды сананың кең саласын қамтиды. Білімалушылар тарапынан жоғары баға алу мақсатында көшіріп алу және жауап беруге көмектесу сияқты әрекеттер орын алады. Көп жағдайда бұл әрекеттер жолдастық өзара көмек, топтың ынтымақтастығының көрінісі ретінде қарастырылады.
Оқытушылар жұмысын топтағы орташа баға бойынша және үздіктердің саны бойынша бағалау сияқты қалыптасқан тәжірибесінің этикалық сипаты да бірқатар сынға ұшырап жүр. Объективті педагогикалық тестілеу жүйесі болмаған жағдайда, студенттердің білімін бағалауға жауапты қарайтын оқытушылардан талапты аз қоятын, принципиалды емес оқытушылар жақсы көрінеді.

Жүйелілік пен жан-жақтылық ұстанымы.
Жүйелік идеясы оқу-тәрбие үдерісінің барысын үнемі мониторинг жасаудың маңыздылығын айқындайды. Эпизодтық тексерулермен салыстырғанда, жүйелі түрде тексеру оқыту және тәрбие үдерістерін реттеуге көмек береді, жылдың соңында аса объективті қорытынды бағалауды шығаруға мүмкіндік беретін, бағалардың жеткілікті санын алуға мүмкіндік береді.
Жүйелілік жоспарлаумен тығыз байланысты. Жоспарлау барысында ағымдық, аралық, тақырыптық және қорытынды бақылаудың мақсаттары мен нәтижелерін үйлестірудің қажеттілігі ескеріледі. Жүйелі тексерулер педагогикалық өлшемнің диагностикалық, білім беру, тәрбиелік және ұйымдастырушылық функцияларын жетістікпен жүзеге асыруға ықпал етеді.

Жан-жақтылық бағалауды қамтитын мәселелер ауқымын толыққанды қамтудың қажеттілігіне бағдарланады. Білімді бағалауда, бірінші кезекте негізгі тақырыптар мен бөлімдерді меңгеруіне, талап етілген дағдылар мен біліктерді меңгеру деңгейіне ерекше зейін аударылады. Білімалушылардың дене дайындығын бағалау туралы да айтуға болады. Осы салада күш, жылдамдық, шыдамдылық, қозғалыстардың тепе-теңдігін реттеу қабілеті сияқты физикалық сапалар мен қабілеттерді даму деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін тестілер құрастырылды.

Ғылымилық және тиімділік ұстанымы. Бағалау ғылыми негізде, тәжірибе, интуиция негізінде ұйымдастырылуы мүмкін.
Бұл ұстанымда автоматтандыруға және компьютерлік технологияларды кеңінен пайдалануға бағытталған тест технологиясына тән ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге арналған шығындар деңгейіне, пәнаралық байланыс сипаттамаларына баса назар аударылады. Бұл бүкіл үдерістің тиімділігін арттыру үшін алғышарттар жасайды.
Ғылымилық тиімділікке қол жеткіздуің қажетті шарты ретінде болады, ол ғылымилықтан басқа, бақылауды қолайлы ұйымдастыру мәселелерін, қол жеткізілген нәтиже мен оған жіберілген уақыттың, құралдардың арақатынасын есепке алу мәселелерін қамтиды.

оқыту
диагностикалық
тәрбиелеу
ұйымдастырушылық
Педагогикалық өлшемдердің негізгі қызметтері

Педагогикалық өлшемнің диагностикалық қызметі оның дайындық деңгейі мен құрылымын диагностикалау мүмкіндігінен туындайды.
Анықтау және бағалау әр диагноздың негізі болып табылады. Педагогикалық диагностика педагогикалық бақылаудың ғылыми жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады, ол білімалушылардың білім, білік, дағды және олардың тәрбиелілік деңгейін анықтау үдерісімен, олардың нақты мінез-құлқын бағалаумен, ал ең бастысы-әрбір оқушының оқудағы қиындықтарын анықтаумен тікелей байланысты.
Осы саладағы істердің жағдайын қайта құрусыз бақылаудың диагностикалық қызметін табысты іске асыру мүмкін емес.


Оқыту қызметі: тест тапсырмаларын орындауда алынған білім нақтылау, толықтыру, түсіну арқылы қайталау және шоғырландыру жүзеге асырылады. Бақылау оқу іс-әрекетін ұтымды ұйымдастыруға үйретеді. Әрбір білімалушы басқаларға қарамастан, алдыңғы білімді өз бетінше меңгергеннен кейін жаңа материалды зерттеуге кіріседі.
Тапсырмаға дұрыс жауап бермеген жағдайда ол игерілмеген курс бөлімдерін қайта зерделеуге қайтарылады. Осылайша, оқыту қарқыны дараланады: неғұрлым қабілетті білімалушылар жылдам қозғалады, аз қабілетті білімалушылар пайда болатын қиындықтарды жеңу үшін қосымша күш салуға мәжбүр болады.

Оқыту қызметі бақылаудың басқа дәстүрлі формаларында да іске асырылады. Мектепте әр сабақ барысында, ЖОО-да семинарларда, коллоквиумдарда, сынақтарда тексеру сұрақтарын қою арқылы оқытушы білімалушылардың материалды меңгеру деңгейін нақтылауға, дәлсіздікті анықтауға мүмкіндік береді.
Дұрыс емес немесе даулы жауаптарды талқылаудың оқыту мүмкіндіктері зор. Бір білімалушының кемшіліктерін талдау көптеген басқа да білімалушылар үшін пайдалы.
Оқытушылардың ерекше назары жиі қайталанатын, типтік қателіктерді жоюға, талқылауға аударылады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz