SACERS білім беру жағдайларын бағалау



SACERS білім беру жағдайларын бағалау
Орындаған: БК 4/2 Бауыржанқызы З

Жоспар

Қазақстанда да SACERS шкаласын қолдана отырып білім беру ұйымдарын зерттеу 2020 жылдан бастап қолға алынуда. Шкала бойынша білім беру ұйымдарын бағалау үшін арнайы эксперттер дайындалуы қажет. 2019-2020, оқу жылынан бастап осы мақсатта Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінің 7М011- Педагогика және психология (педагогикалық өлшем) білім беру бағдарламасына «SACERS білім беру жағдайларын бағалау» атты пән енгізіліп, оқытылуда

Пәннің негізгі мақсаты:
Магистранттардың жалпы орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының білім беру ортасын бағалау кезінде SACERS халықаралық шкаласын қолдану біліктері мен дағдыларын игерулеріне ықпал ету.

Магистранттар алған білімдерін тәжірибеде пайдаланып көру мақсатында Талғар қаласындағы Дарын инновациялық мектебіне барып, өздерінің алғашқы зерттеулерін жүргізуге тырысты. Қазіргі кездегі қашықтан білім беру жағдайына сәйкес магистранттар тек «Ішкі кеңістік және жиһаз» шкаласы бойынша жүргізуге тырысты.

«Ішкі кеңістік және жиһаз» шкаласы қамтиды:
Ішкі кеңістікті және үй-жайлардың орналасуын,
Жылжымалы белсенді қызметке арналған кеңістікті,
Оқшаулануға арналған кеңістікті,
Персоналға арналған үйжайларды,
Оқу процесін іске асыруға және демалуға арналған жиһазды
және т. б. бағалау

1. 1 Ішкі кеңістік: - дарын иновациялық мектебі шағын бастауыш мектеп оқушыларына арнайы білім беру 200 оқушыға жасақталған білім ордасы. Дарын иновациялық мектеп ғимараты 3 қабатты, бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескеріп ішкі кеңістіктік жалпы жобасы жақсы ұйымдастырылған, дегенмен мектепте оқушыларды күту залы мен кіре беріс кеңістік аумағы бала санына сәйкес емес.
1. 2 Жылжымалы белсенді қызметке арналған кеңістік: - мектепте парталар орындықтар жылжымалы және оқушыларға ыңғайлы, музыка бөлмесі жылжымалы белсенді жабдықтармен әрлеген.
1. 3 Оқшаулануға арналған кеңістік: - мектепте оқушыға оқшаулануға арналған кеңістік қарастырылмаған
1. 4 Үй-жайлардың орналасуы: - мектепте жихаздардың орналасуы оқушыларға қол жетімді қарастырылған, оқушыларға білім алуға арналған оқу кабинеттері әр сыныптың жас ерекшеліктеріне орай төменнен жоғарыға қарай орналасқан, оқушының білім алуына орай жас ерекшеліктер ескерілген

1. 5 Күнделікті қолдануға арналған жиһаз: - мектепте күнделікті қолдануға арналған жиһаз парталарды оқушының бойына сәйкес ұзартып немесе қысқартуға болады
1. 6 Оқу процесін іске асыруға арналған жиһаз: - мектепте оқу процесіне арналған жабдықтардың аздығы және қол жетімсіздігі байқалды
1. 7 Демалуға және жайлылыққа арналған жиһаз: - мектепте демалуға және жайлылыққа арналған жиһаз қарастырылмаған
1. 8 Белсенді қызметке арналған жиһаз: - белсенді қызметке арналған жиһаз мектепте қарастырылмаған
1. 9 Қосымша білім беру қызметтеріне қол жеткізу: - қосымша білім беру Дарын иновациялқ мектепте қарастырылмаған
1. 10 Мектеп персоналының жеке пайдалануына арналған үй-жайлар: - мұғалімдерге арналған кабинет мектепте қарастырылған, бірақ айтарлықтай талапқа сай емес

Бақылау нәтижесі
Бақылау нәтижесін семинар сабақтарында талқылау барысында магистранттар: Дарын иновациялық мектепте жихаздар жаңа оқушыға білім алуға барлық жағдай жасалған, мектеп құрлысы ішкі кеңістігі балалар үшін қолайлы, щағын мектеп болғандықтан қызметкерлер айтарлықтай көп емес.
Мектептің білім беру ортасын жетілдіруге байланысты:
Копьютерлер мен белсенді тақталар жеткілікті қамтамсыз етілсе;
Ұстаздардың жеке жұмыс жасауына және демалуына жеке кабинеттер болса;
Жиһаздарды әр жылда тесеріп ақауларын реттесе;
Оқушыларға арналған демалыс орны мен дәліздерге жұмсақ жиһаздар қойып демалуға жағдай қарастырылса
жөн болар еді деген төмендегідей қорытындылар мен ұсыныстар жасалынды.

Қорытынды
Қорыта келгенде Қазақстанда SACERS шкаласы білім беру ұйымдарының білім сапасын арттыруға ықпал ететін кадрлық, материалдық-техникалық, ақпараттық-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық, қаржылық жағдайларды бағалаудың сенімді құралы болып табылады және аталған бағыттағы зерттеулер өз жалғасын тауып, нақты эксперименттік нәтижелерін көрсетеді деп ойлаймыз.

Назарларыңызға рақмет!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz