SASERS шкаласын шкаласының пайдалана отырып құрылымы



Педагогикалық өлшемдердің халықаралық құралы: SASERS шкаласы

Жоспары:

SACERS (School-Age Care Environment Rating Scale) - АҚШ - та ата-аналар жұртшылығы тарапынан білім беру ұйымдарының толық күн ішінде жұмыс істеуіне арналған сұраныстарына жауап ретінде және тиісінше мектеп кеңістігінің оқушыларға жайлы болуы, олардың өзара әрекеттесуі, уақытты белсенді өткізуі үшін жағдай жасау мақсатында әзірленген мектептердегі білім беру ортасын бағалау шәкілдері.
Финляндия, Швеция, Дания, Норвегия, Голландия, Австралия және Жаңа Зеландия елдеріндегі жаңа мектептің білім беру ортасының дизайны мен архитектурасы білім алушыларды оқуға шабыттандыратындай, жаңа дағдылар мен білімдерді игеруге тиімді түрде итермелейтінде етіп салынған ғимараттар.

Ғалымдар зерттеу нәтижелері негізінде мектептерді жобалау кезінде оқу процесіне әсер етуі мүмкін маңызды келесі факторларды бөліп көрсетеді:

Осы тәсіл аясында физикалық орта параметрлері мен оқытудың тиімділігі, әлеуметтік өзара әрекеттесу және оқушылардың эмоционалды жайлылығы арасындағы байланысты орнатуға бағытталған зерттеулер жүргізіледі.
Мысалы, Салфорд университетінің «ақылды сыныптар» зерттеуі Британдық мектептердегі сыныптардың физикалық сипаттамалары оқушылардың академиялық үлгеріміне әсерін зерттеуге арналған. Зерттеу нәтижелері бойынша дизайнның жеті негізгі параметрлері (жарық, температура, ауа сапасы, оқшаулану, бейімделу, күрделілік және түс) анықталды, олар оқушылардың үлгеріміндегі айырмашылықтардың 16 пайызын түсіндіреді. Бұл зерттеу байқау әдісі және оқушылардан сауалнама алу арқылы жүргізілген.

Сауалнама білім беру ортасын зерттеу әдісі ретінде Австралиядағы Мельбурн университеті қазіргі білім беру ортасындағы мұғалімдердің жұмысы мен өзара әрекеттесуінің өзгеруін бағалау үшін де қолданылады.

Сарапшылар тиімді оқу ортасы:

Оқытудың сәтті нәтижелеріне ықпал ететін факторларға LEEP бағдарламасы бойынша анықталған 3 параметр кіреді:

Білім беру ортасы үшінші ұстаз болуы мүмкін (Л. Малагуцци) және ол мұғалім мен студенттерге көп көмектесе алады. Алайда, орта, егер мұғалім мен оқушылар білім беру ортасын мақсатқа сай дұрыс пайдаланбаса, ол білім сапасын өздігінен жақсарта алмайды.

2. SACERS шкаласын құру критерийлері:

Мектеп жасындағы білім алушыларды дамытуда орынды мақсат қою критерийлері (Мектеп жасындағы балалардың даму қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін) .
Орынды мақсат қою дегеніміз-мақсаттың маңыздылығына оған жетуге қажетті ресурстардың сәйкестігі.
Біз бәріміз «Пирровтың жеңісі» деген тіркесті білеміз, ол жеңіс оған жіберілген күшке сәйкес келмеген жағдайда қолданылады. Яғни, бұл орынды мақсат емес. Бұл нақыл сөз Пирр патшаның Рим армиясын жеңу үшін, барлық жауынгерлерінен айырылғандығына байланысты туындаған.

Әрекеттің дұрыстығын және мақсаттың орындылығын түсіну үшін критерийлер жиынтығын анықтап алу керек:

Мектеп жасындағы балаларды оқыту сапасының критерийлері

SACERS-ті ECERS-R (Early Children Education Rating Scale) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы білім беру сапасын бағалау шкаласымен салыстыруға болады.
ECERS-R және SACERS шкалалары мектепке дейінгі, бастауыш және негізгі жалпы білім беру сатыларында білім беру сапасын бағалау құралдарының бірыңғай желісін білдіреді.
SACERS мектеп жасындағы білім алушылардың дамуын күшейту критерийлеріне және мектеп жағдайында олардың даму қажеттіліктерін қанағаттандыруға негізделеді.

ББҰ-ғы білім алушылардың денсаулығы мен қалыпты өмір сүру сапасын сақтау жағдайларын
білім беру процесін жүргізу жағдайларын
заманауи білім беру технологиялары мен ақпараттық қамтамасыз етуді енгізу жағдайларын
мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және дамыту жағдайларын
мектеп кеңістігінде қосымша білім беру жағдайларын
білім беру процесінің барлық қатысушылардың өзара әрекеттесулерін бағалайды

Бұл шкалалар 48 көрсеткіш бойынша бағаланады. Әрбір көрсеткіш 7 балдық шкала бойынша бағаланады. 1, 3, 5 және 7 балл үшін сапа деңгейлері сапалық сипаттамалар арқылы жекелеген индикаторлар (бақыланатын іс-қимылдардың немесе объектілердің сипаттамалары) түрінде сипатталған.

SACERS әдістемесі жеті шкаламен ұсынылған: SACERS шкаласының құрылымы
1. Кеңістік және жиһаз:
1. 1. Ішкі кеңістік;
1. 2. Жылжымалы белсенді қызметке арналған кеңістік;
1. 3. Оқшаулануға арналған кеңістік;
1. 4. Үй-жайлардың орналасуы;
1. 5. Күнделікті қолдануға арналған жиһаз;
1. 6. оқу процесін іске асыруға арналған жиһаз;
1. 7. Демалуға және жайлылыққа арналған жиһаз;
1. 8. Белсенді қызметке арналған жиһаз;
1. 9. Қосымша білім беру қызметтеріне қол жеткізу;
1. 10. Мектеп персоналының жеке пайдалануына арналған үй-жайлар;
1. 11. Мектеп персоналының жеке жұмысына арналған үй-жайлар

2. Денсаулық және қауіпсіздік
2. 12. Денсаулық сақтау жөніндегі Нұсқаулық
2. 13. Денсаулығын қорғау
2. 14. Төтенше жағдайлар кезіндегі және денсаулықты қорғау жөніндегі ережелер
2. 15. Қауіпсіздік шаралары
2. 16. Сабаққа қатысу
2. 17. Үйге қайту
2. 18. Тамақтану
2. 19. Жеке гигиена

3. Белсенді іс-әрекет және уақыт өткізу
3. 20. Бейнелеу өнері және технология
3. 21. Музыка және би
3. 22. Құрастыру
3. 23. Театрланған іс-әрекет
3. 24. Қарым-қатынас / Оқу
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz